91
бөлшекке мүшелеп тастауға болмайды. Композицияны талдап тану одан
әлдеқайда күрделi де қызықты. Өйткенi аталған бөлшектер өзара алмасып
келуi де, ара-жiгi бiлiнбей, тұтасып келуi де мүмкiн. Шығармадағы әрекет
дамуы түрлi композициялық ырғақта (баяу, жедел) көрiнiс тауып, шарықтау
шегi бiрнеше тұста ұшырасуы да ықтимал. Тiптi шарықтау шегi мен шешiм
ұштасып кетуi де мүмкiн. Мысалы, “Ревизордағы” мылқау сахна.
Композиция – шығарманың сюжеттiк-баяндаушылық жағымен қоса,
оның образдық бiтiмiн, характерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби
қаһарман белгiлi бiр дәрежеде өзге кейiпкерлермен композициялық
салыстырулар жасау арқылы да ашылады.
Әдебиеттiң түрлi тектерi мен түрлерiне қатысты композиция
заңдарының айырмашылықтары болуы да тосын жәйт емес. Мәселен,
поэзиялық шығармаларда
композиция бөлшектерiнiң қатарына
өлең, шумақ
та жатады. Драматургияда басты роль диалогқа тиесiлi болады да, сипаттау
мен мiнездеулер қысқа ремаркаларға сыйғызылады. Сондай-ақ романның
фабулалық желiсi әңгiмеден әлдеқайда күрделi болатыны түсiнiктi. Бiрақ,
қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туындыда шынайы көркемдiк
тереңдiк композиция құрылымына
сөз араласқанда ғана игерiлмек. Ал
Достарыңызбен бөлісу: