116
айналуы мүмкiн. Ал шынайы өнер туындылары қай кезеңде жасалса да, қатар
жасай бермек.
Өнер
туындыларының
озық
үлгiлерiнiң
мәңгiлiк
маңызын
жоғалтпауының бiрнеше шарты (мәнi) бар.
Бiрiншiден, белгiлi бiр кезеңдегi
ақиқат өмiрдiң және сол кезеңдегi нақты бiр көркем туындыда көрiнiс
тапқан
адам санасы деңгейiнiң өзiндiк ерекшелiгi; екiншiден, уақыт жағынан
айырмасына қарамастан,
адам дамуының ортақтығы, яғни төменнен
жоғарыға қарай өсу ерекшелiгi.
Әрбiр тарихи дәуiрдiң қайталанбас өзiндiк ерекшелiгi болатыны сияқты,
белгiлi бiр кезеңге тән адамдардың ой-сезiмдерi де тура сол сипатта, сол
қалпында ешқашанда қайталанбайды. Жеке адам болмысы да сондай.
Сондықтан да әрбiр саналы адам баласы адамзаттың тарихынан маңызды
орын алған барлық рухани игiлiктердi өз бойына сiңiруге ұмтылады.
Сұрақ. Әр
ұрпақ өзiнен бұрынғы бiлiмдi, тәжiрибенi игеру арқылы
дамиды. Соған орай, адамзат дамуындағы сабақтастық әдебиетке де тән
құбылыс десек, жаңылмаймыз ба?
Жауап. Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретiн жәйттер бар.
Мәселен, әдебиеттегi
идеялардың, көркем бейне – типтер мен
бейнелеу
құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда,
олардың өзiндiк
ерекшелiктерiн айыра бiлу қажет. Нақтылай айтқанда,
идея сабақтастығын
көзқарастары жағынан бiр-бiрiне жақын қаламгерлерден байқасақ,
бейнелеу
құралдарының сабақтастығын түрлi идеялық бағыттағы қаламгерлерден де
аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсiлдерiнiң
дамуындағы iшкi заңдылықтарға байланысты. Себебi – көркемдiк құрал-
тәсiлдер (мысалы, тiл) түрлi идеялық мақсаттарға бiрдей қызмет ете бередi.
Идея сабақтастығы әлеуметтiк күштердiң дамуындағы жалғастық
көрiнiсi болып табылады. Бұл дегенiмiз жаңа дәуiрде бұрынғы ой-
идеялардың қаз-қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа
түр иеленiп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екенi түсiнiктi болса
керек.
Қаһармандардың белгiлi бiр типi қоршаған дүниедегi шындықтан келiп
шығады. Бiр-бiрiмен тығыз байланысып, бiр-бiрiнен туындап, өрбiп жататын
әдеби типтердi кез келген ұлт әдебиетiнен көре аламыз.
Мысал ретiнде
барлық халықтың әдебиетiнде кездесетiн күрескер қаһармандар немесе түрлi
кейiптегi ұнамсыз бейнелердi айтуға болады. Қандай сипатта болса да, әдеби
қаһарманның жаңа типi өзiнен бұрын жасалған бейнелердiң бойындағы
маңызды белгiлердi, қоғамдық мәндi қасиеттердi өз бойына дарыту, дамыту
арқылы туады. Бұл көп жағдайда әдебиет дамуына ықпал еттi.
Идея сабақтастығы үздiксiз жалғасатын болса, әдеби типтер
сабақтастығы кей тұстарда үзiлiп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да
мүмкiн. Белгiлi бiр тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмiр
өзгерген тұстарда көркемдiк сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуi ықтимал.
Көркемдiк
бейнелеу құралдары сабақтастығының
дамуында да өзiндiк
ерекшелiктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында
117
сан алуан тiлдiк тәсiлдердi қолданады. Олардың идеядан басты бiр
айырмашылығы
түрлi
қоғамдық
позиция
ұстанған
қаламгерлер
туындыларында бiрдей қолданыла беруiнен шығады. Мыс., Абай –
Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл
ақынның өзi өзiнен бұрынғы қаламгерлер қол жеткiзген тәсiлдердi игеру
арқылы дамиды. Шығарманың көркемдiк бөлшектерiне де осы сипат ортақ.
Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды
бiрдей пайдаланады. Оның мәнiсi ұлттық мәдениеттiң ортақтығына
байланысты. Оған дәлел ретiнде барлық халықтың өлең үлгiсiн алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесi әрбiр
қаламгердiң қоғамдық қажеттiлiктер
арасынан өзi аса мәндi, маңызды,
дәуiрмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбидi. Нағыз өнер
туындыларында бұрын қолданылған көркемдiк бейнелеу құралдары өткенге
оралу мақсатында емес, өз дәуiрiне, келешек игiлiгiне пайдалану үшiн
қызмет етедi.
Достарыңызбен бөлісу: