Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет14/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17



Мозаика
Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.
•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.
•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады. (ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)
«Өкіл» әдісі

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды.

(ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



Тыңдап отырған үштік
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады. (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)

Ыстық орындық
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).

ТВ шоу
Мұғалім жүргізуші оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет