Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)


«Керемет пікірталас» әдісі



бет11/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
«Керемет пікірталас» әдісі
Сынып оқушылары бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Әрқайсысы қиынды қағаздардағы тапсырманың бірін суырып, ондағы сұрақты өзінің тобымен бірге талқылайды, баға береді, қосымша сұрақтарға жауап береді.


«Қар үйіндісі» әдісі

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбымен ақылдасып, өздерінің екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.


Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.
Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.
Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.

«Тыңдалым триадасы» әдісі

Оқушылар үш-үштен топтарға бөлінеді, олардың екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрады (шешен, тілші), үшіншісі (хатшы) бөлек тұрып сыртынан бақылап тұрады. Шешен – мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді немесе комментарий айтады. Тілші – сұрақ қойып, түсінгісі келеді. Хатшы – әңгімені тыңдау барысында белгілеп отырады, әңгіме аяқталысымен баяндама ұсынады. Оқушылар рөлдерін ауыстырып, жалғастыра алады.


«Үш қадамды сұхбат» әдісі
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөледі: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

«Екі шындық, бір өтірік» әдісі


Екі оқушы жұптасып отырады, екеуі бір- біріне 2 шын, бір өтірікті құрап айтады. Жұбының айтқанының қайсысы шындық, қайсысы өтірік екенін анықтауы қажет.
Оқушылар оқыған шығармаларымен байланыстырып, 2 өтірік , бір шын құрауларына болады. Сонда оқушының шығарманы қаншалықты түсінгені байқалады.

«Ұйқы ашар» әдісі



  • 18:00 үйге қайтып бара жатқан, сондағы кейіпіңізді көрсетіңіз:

  • Жазғы демалыстан кейін әріптестеріңізбен (сыныптастарыңызбен) қалай кездесесіз соны бейнелеңіз:

  • Сол демалыста тамақтануға байланысты не өзгеріс болғанын әңгімелеңіз.

«1 минут» әдісі

1.Әдістің атына сәйкес оқушылар, «1 минуттың» ішінде оқыған шығармасы туралы не білетіндігі және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірлерін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.


2.Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.
3.Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуы тиіс.
4.Экранда таймер қосылып, аралас жұптар қайта бастайды.
5.Осылайша 5 минут уақыттың ішінде 5 түрлі жұп аралас байланыс орнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет