Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет12/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қолтырауын» ойыны
Әр топқа әртүрлі суреттер беріледі. Топ мүшелерінің біреуі сол суретте не бейнелегенін басқаларға қимылмен көрсетеді. Олар оның қимылына қарап суретте не бейнеленгенін табады. Қай топ бірінші тапса, сол топ ұпай алады.
Сыныптан бір оқушы қорапшада жасырынған суреттердің бірін суырып, қимылмен көрсету арқылы да ойнатуға болады.
Түсін мені» ойыны

Оқушылардың бірі қорапшадағы етістіктер жазылған сөздердің біреуін алады, сол сөзді сөзбен емес, іс-әрекетпен көрсетеді, қалған оқушылар қандай етістік екенін айтады. Оқушылар жылдам 20 секунд ішінде дұрыс жауапты табуы керек.


Секіру, қуану, жылау, айту, жүгіру, атпен шабу, жүру, айқайлау, шаңғы тебу, сырғанау, отыру, қарау, жазу, оқу,жаттығу жасау, т.б.

«Аквариум» ойыны
Ішкі шеңберді балықтар, сыртқы шеңберді бақылаушылар құрайды. Ішкі шеңбердегілер бірінші мәтін мазмұны бойынша полилогке қатысып, ой бөліседі. Бақылаушылар «балықтардың» жауабын бағалайды. Оқушылардың рөлі ауысып, ойын екінші мәтін бойынша жалғасады.

«INSERT» стратегиясы

«v» -білемін

«+»-мен үшін жаңалық

«-»-мен үшін жаңалық емес











Әңгімені оқи отырып, кестенің «v» -білемін, «+»-мен үшін жаңалық, «-»-мен үшін жаңалық емес бөліктерін толтырады.

«Ішкі және сыртқы» кестесі

Ішкі

Сыртқы









Әңгіме мазмұны бойынша, кестенің «Ішкі» бөлігіне оқушының өзі келісетін, ұнаған тұстары, «сыртқы» бөлігіне өзіне ұнамаған, қарсы пікірі жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет