Ақырет өткелдері


келеді. Әрі Аллаһтың өте Үстем, аса Дана екенін білгейсің», –



Pdf көрінісі
бет11/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   255
келеді. Әрі Аллаһтың өте Үстем, аса Дана екенін білгейсің», – 
деді»
1
, – деп баяндалады. 
6. Аллаһ тағала «Кәһф» сүресінде әңгімеленген үңгірдегі 
жігіттер туралы: «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. 
Сондай-ақ (оған) тоғыз (жыл) қосыңдар»
2
, – деген. 
Яғни діндерін сақтап қалу мақсатында, тура жолдан адасқан 
қауымдарынан қашып келіп, бір үңгірді паналаған жігіттерді 
Аллаһ тағала күн күнтізбесі бойынша үш жүз жыл ұйықтатқан 
(ай күнтізбесіне шаққанда бұған тоғыз жыл қосылады).
Аллаһ тағала Ақырет күніне сенбейтіндердің ақыл-ойына 
түрткі салады 
Адам баласының Аллаһ жаратпастан бұрын биологиялық 
тұрғыда қандай күйде болатынына назар аударайықшы. Ол 
әуеліде бар-жоғы ештеңеге тұрғысыз бір тамшы ұрық суы ғана 
болады. Осы бір тамшы су бірнеше миллиондаған тірі 
жасушалардан тұрады. Адамды осыншалықты көп жасушадан 
біріктіріп, дербес жаратылыс етіп, соңыра оны дүниеге әкеліп, 
ақыл-ой берген Аллаһ тағаланың оны қайта тірілтуге құдіреті 
жетпей ме?! 
Әрине, ақыл иесі болған әрбір адам бұл сөзімізге еш күдіксіз 
толық келісетіні белгілі. Яғни адам баласын бір тамшы судан 
жаратқан Аллаһ, әлбетте, оны қашан, қай жерде өліп, жерленсе 
де, Ақырет күні қайтадан тірілтіп, сұраққа алады. Осы себепті де 
Аллаһ тағала Құран Кәрімде Өзіне қарсы келіп, істеген 
амалдарының сыйын немесе жазасын алатын күннің келетініне 
1
«Бақара» сүресі, 260-аят. 
2
«Кәһф» сүресі, 25-аят. 


15
 
 
сенгісі келмейтіндердің ақыл-ойларына түрткі салатын көптеген 
аяттар келтірген. Енді осы аяттарға тоқталсақ: 
Аллаһ тағала: «Адам баласы өзін бір тамшы судан 
жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қарсылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет