Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет13/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   255
өту үшін сендерді (ұйқыдан) қайта тірілтеді. Кейін қайтып 
барар жерлерің – Сол жақ. Содан кейін Ол істегендеріңнің 
хабарын береді»
1
, – деген. 
Ақыретке сенудің пайдасы 
Бүгінде адамдар дүниелік қам-қарекеттерін барынша жасап, 
оларды мүмкіндігінше пайдаланып қалуға ұмтылуда. Бірақ 
пенденің Ақыретті де естен шығармағаны жөн. Ақыретпен 
шұғылдану дегеніміз – дүниелік істерді бір шетке ысырып қою 
мағынасында емес. Керісінше, бұл Аллаһ тағала бұйырғандай, 
Оның бергендерімен Ақырет мекенін іздеуімізді, Раббымыздың 
иман 
келтірген 
құлдарына 
уәде 
еткен 
жаннаттарына 
ұмтылуымызды, 
сондай-ақ, 
дүниедегі 
несібемізді 
де 
ұмытпауымызды, осылай екі өмірдің де бақытына жетуімізді 
білдіреді. Ендеше, Ақыретті танып-білуден біздің алар пайдамыз 
мол. Атап айтсақ: 
1. Ақырет күніне сену – ақиданың негізгі тіректерінің бірі. 
Ақырет күніне сенбесек, біз иман келтірушілердің санатына 
жатпаймыз. Ал имансыз тіршіліктің баяны қандай болмақ?! 
Аллаһтың азабы келгенде, күніміз не болмақ?!. Әрі Ақыретке 
сену – иманның бір тірегі, тақуалықтың шарты. Олай дейтініміз, 
Аллаһ тағала Құранда тақуа пенделерін сипаттап: «Сондай 
ғайыпқа иман келтіргендер, намаз оқығандар және Біздің 
бергендерімізден (мал-дүние) жұмсағандар. Сондай-ақ саған 
түсірілгенге (Құранға) және сенен бұрын түсірілген 
(кітаптарға) иман келтіргендер. Олар Ақыретке анық сенеді»
2

– деген. 
1
«Әнғам» сүресі, 60-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 3-4 аяттар. 


17
 
 
2. Ақырет күніне сену мұсылман адамды жақсылыққа, ізгі 
амалдар жасауға талпындырады. Ал ол күн болмаса, мұндай ізгі 
амалдарды істеудің қаншалықты қажеті бар?! Өлім адам өмірінің 
ең соңғы шегі болатын болса, сауапты амалдарды жасаудың 
керегі қанша?!. Демек, Ақыретті танып-білу мүміндерді өздерінің 
істеген жақсы іс-амалдары үшін сауап алатындарына сенімдерін 
арттырып, игілікке үгіттейді. Бұл игіліктің нәтижесі жайлы Аллаһ 
тағала: «Сосын әркімнің еңбегі толық беріледі де, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет