Ақырет өткелдері


дейін қиратылған ауыл үстінен өткен кісіні көрмедің бе? Ол



Pdf көрінісі
бет10/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   255
дейін қиратылған ауыл үстінен өткен кісіні көрмедің бе? Ол: 
«Аллаһ мұны өлгенінен кейін қалай тірілтер екен?» – деді. 
Сонда Аллаһ оны жүз жыл өлі күйінде қалдырып, кейін 
қайта тірілтті де: «Қанша уақыт жаттың?» – деді. Ол: «Бір 
күн немесе күннің бір бөлігіндей жаттым», – деді. (Аллаһ)
«Олай емес, сен онда жүз жыл жаттың. Тамағың мен 
сусыныңа қарашы, мүлдем бұзылмаған. Сондай-ақ есегіңе 
қара, біз сені адамдарға аят-белгі қылу үшін осылай еттік. Ал 
енді сүйектерге қара, оны қалай құрастырып, кейін (қайтіп) 
ет қаптайтынымызға?! Оған жағдай айқындалған кезде: 
«Сөзсіз, мен Аллаһтың әр нәрсеге Құдіретті екенін білемін», – 
деп айтты»
2
, – дейді. 
Яғни сонымен қатар Аллаһ тағала оның шіріген сүйекке 
айналған есегін көз алдында қайта тірілткен. 
5. Ибраһим (аләйһис-сәләм) Раббысынан өліктерді қалай 
тірілтетінін көрсетуді сұраған. Аллаһ тағала оған төрт құсты 
сойып, боршалап, араластырып, оны төртке бөліп, төрт тауға 
апарып қоюды бұйырды. Сонан соң Раббысының әмірімен 
Ибраһим оларды шақырғанда құстардың боршаланған дене 
мүшелері пайғамбардың көз алдында бірігіп, қайта тіріліп келген. 
Бұл жайында Құранда: «Ибраһим: «Уа, Раббым! Өлілерді 
қалай тірілтетініңді маған көрсетші», – деп айтқанын есіңе 
ал. (Аллаһ): «Сенбейсің бе?» – деді. (Ибраһим): «Әрине, 
(сенемін). Бірақ жүрегім орнығуы үшін», – деді. (Аллаһ)
«Олай болса, құстардың төртеуін ұста да, оларды (сойып 
1
«Бақара» сүресі, 243-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 259-аят. 


14
 
 
боршалап) алдыңа жиып қой. Сосын бөлшектерін әр таудың 
төбесіне қой да, оларды шақыр, сол бойда алдыңа жетіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет