Айбек қалиев


Төбе ақын боласыз дегенде айтылған сөз



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата28.12.2016
өлшемі2,1 Mb.
#669
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
Төбе ақын боласыз дегенде айтылған сөз 
Сөйле деп халқым қалай сөз бергенде, 
Құлпырып жаңа дәуір өзгергенде
Ағылтып асыл жырды аңыратайын, 
Думанды мерекеге кез келгенде. 
Партия – жеңіс жолы ұранымыз, 
Партия – өмір тірек құралымыз, 
Арқаға Алатаудай пана етіп, 
Саясат саясында тұрамыз біз. 
Шарықтай шалқи өрлеп өскен халқым, 
Шаттықтың шадманында жүзі жарқын, 
Еске алып компартия көсемдерін 
Ескеріп, елеген-ді елдің салтын. 
Саңлақтар келіпті елден, самғайтұғын, 
Қалаулы сөз татымын талғайтұғын 
Тұлпардай томаға көз ұрандаған, 
Шапса да күн ұзаққа талмайтұғын. 
Ақынның темір қанат түлектері, 
Қобалжып жырдан қайтпас  жүректері, 
Нұрхандай ұстазының жолын қуып, 
Бет алған ұлы жырды үдеткелі. 
Ақтанкер атағы бар Нұрхан өткен, 
Суырылып, топты жарып, шықты көптен. 
Елінің ұл-қызына өсиет етіп, 
Жемісті  жеңіс астай жырын төккен. 
 
Жас ақын сендердің зор келешегің, 
Борышқор тәтті жырға берешегің, 
Қалаулы халықұ ішінде ақындардың, 
Күн болды бүгін қадам теңесетін. 
 
Әйгілі болып, аталып ақын даңқың, 
Үміткер күтіп отыр болып халқың 
Елеулеп ел құлағың тіккенінде, 
Беріңдер сомдай соғып сөзден алтын. 
 
Жырлаңдар елдің еткен еңбек жырын, 
Айшықтап, әшекейлеп сөздің түрін, 
Торғайдың тарабынан ақындар көп, 
Айтыста болмағандар мұнан бұрын. 
 
Түскенше топқа қызып, ынтығып тұр, 
Асаудай арда өскен  бұлқынып тұр 
Жеңемін бұл айтыста, жеңемін деп, 
Сулығын қаршылдатып, жұлқынып тұр. 

 
283 
 
Ел көрсін жүйріктердің шабыстарын, 
Белдесіп, балуандардың алысқанын, 
Елітіп  ел мейірін қанып қалсын, 
Еңбекпен ерде қандай табыс барын. 
 
Жарыста той томалақ келіп жүрген, 
Таңбалы тасқа сөздер беріп жүрген, 
Ел көрсін сол ақынын тыңдап бүгін, 
Орғыған ақ бөкендей желіп жүрген. 
 
Ғаббастың  жырағырақ қадамы бар, 
Тұлғалы жырға құмар қаламы бар, 
Тас түлек алғыр көзді, ұшқыр қыран, 
Жеткіншек, жеделдердің талабы бар.  
 
Тұрғынбек және Серік, Кеңшілікті, 
Сөзінде көрмей жүрміз кемшілікті, 
Түсуге көп алдында осы айтысқа, 
Шақырып оларды да келтіріпті. 
 
Ақынның бірі мықты Әбдіхалық, 
Мұның да атағына халқы қанық, 
Қазіргі ән мен жырды қабыт айтып, 
Құбылтып жырлайды ол топты жарып. 
 
Жас ақын жалындаған жаңа тілек, 
Бірінен бірі асып тұрған үдеп, 
 Айтайын қай бірінің атын атап, 
Құрыш қол ақындар бар болат тілек. 
 
Көрсін ел ақындардың құдіретін
Қадамы қанша жерге жүгіретін, 
Албырт жас ала қашып, арындап тұр, 
Көрінбейді ұлы шаңда мүдірері. 
 
Ал енді ағазыңдар тілдің майын, 
Туғызып сөздің жұлдыз, күн мен айын, 
Табысты тасқандаған елестетіп, 
Естісін ел еңбегін елдің жайын. 
 
Бас қосқан осы ақынның мен ағасы, 
Қазіргі жанды архив-кен ағасы, 
Осында төбе ақындеп атап отыр, 
Бірдей деп бәріне де тең ағасы. 
 
Тірлікте дем бітпеген уақытымда, 
Алдында мен бір тұрған бел ағасы, 
Әндетіп домбырамен соза бермей, 
Кезек бер енді тоқтап,  сен ағасы. 
 
 

 
284 
Ахметханның өзіне 
Ақыл көңіл адам едім аңқылдаған  
Ақ жарқын адам едім жарқылдаған  
Бас қосып мәжілісте отырғанда  
 Қырындай желді күнге сыңқылдаған  
Өзіммен өрен барда қорғалған   
Кідіріп кібіжіктемей тартынбаған  
 Ұлысқан сөткесіне нөсердей ақ 
Аңгіме айтар көптен сырқылмаған  
Айтар ау кейбіреулер мақтанғой деп  
Десем мен өзгеге күн артылмаған  
Бір жүрген үлкен кіші құрбыларға  
Жерім жоқ жүз жыртысып барқыладаған  
Көретін күнделікті етең жанға  
Жөн жұмыс істеп тападым дарқылдаған  
Солақай санамаған сезімдінің 
Ширығып шатырлаған, шартылдаған  
 
Неге мырза 
Адамзат біріншіден жанға мырза  
Орынсыз ойға қанға мырза  
Өзі беріп сахилық еткенменнен  
Дүние мен алдындағы мырза  
 
 
Мен нені сүйемін? 
Бірлескен берік іргелі елді сүйем, 
Кең дәулет, ризық берген жерді сүйем, 
Бел шешіп белдесердей еңбек еткен  
Елеулі еңбек еткен ерді сүйем. 
Адамның адыр  келмей адыраңдаған  
Ашуын ашпайтұғын кеңге сүйеп, 
Жарымды жағдай туып немді сүйем  
сүйгіштер қайтер еді арды сүйсе 
қанағат қамындағы барды сүйсе  
сағынып сағат сайын семьясын  
баянды баласымен жарды сүйсе  
саны жоқ сапасы жоқ сансыз сүю  
ғашық болып өртеніп жану күю  
Ләйлі  Мәжнүн секілді қосылғандар  
ұзамай боп жатады ию қию 
 сондай соқан сөз сүю бір бұзылмай  
қор боп кетті бүгінде қайран сүю 
 
                                   
Права 
Үкімет дейді адамды праволы, 
Меніңше дауысқа ие праволы, 
Жергілікті үлкендер арасында,  
Олар кілт, басын гайка бұрамалы.  
 
Мен айтым, болу керек дейді солай, 

 
285 
Амадлың жоқ көнетін емес  
Қалай өзіңе жөн болғанымен оған жөнсіз, 
Бастырып ісіңді оңға оңай  
 
Ауыз айтсаң не жазсаң қағазға арыз, 
Жауап бермейді түнеріп жалғыз ләбіз, 
Мазалаған кісі болып жек көрінішті  
Сүйкімсіз сенен өтпейді жөнсіз нағыз.  
 
Ауырлайды жөнді айтып әрі барсаң,  
Үндемеуге дөп келіп кулсең жансаң  
Уа шіркіннің псықси қалғаны  
Күн көрісіңді әуре етеді әуре сарсаң 
 
Қор қылады еңбегіңді шөгемін деп
 Айыңа он күн тәбіл беремін деп, 
Себеп айтып,  сырт беріп тауып көрсең, 
Сонда сенің күшіңді көрейін деп  
 
Бұл күніңді өзіңе көп қылармын деп, 
Ол жағынан өзімен сенемін деп  
Көкке ұшсаңда жерге шым батсаңдағы, 
Шұқып қойяды кеудеңді жеңемін деп, 
Кінәңді мойныңа ал қаталық деп 
Уәдеңді бер, не етесің көнемін деп  

 
286 
 
Ой 
Тапқан адам бар ма екен айдың түбін  
Айсыз өткен не болмақ көрген күнің  
Ой ойланбай жол тауып жүріп көрші 
Дерек қылмас орныңда, белгі жұғып. 
 
Ой ойлауға әу баста ақыл керек  
Кәдегі аспақ ойды ақыл тұрса жебеп, 
Қорғасындай салмақпен қортындылап  
Бәрін жөнге асырады ақыл зерек. 
 
Нәпсі 
Нәпсі тұрса көргенге ала бұрып  
Жұла қашса көргенге ынта құрып  
Жанып жаслын секілді ол күйдіреді  
Тоқтатпаса ақылың төбеге ұрып  
 
Ақиқатта ол жауыз тірі жанға  
Тым болмаса қарамас мойынын бұра  
Алса нәпсі өзіне бағындырып  
Құтылы алмай қалғанын үзіп жұлып  
Біткенін сол түйте болып дымың құрып  
Бар ықласа өзінен өзгені ұту  
Қайда барып түзелмек мінез құлық  
Алдамшыға  алданып жүргеніңде  
Солар бір күн мойныңа салар құрық 
 
Жігіттерге 
Айтайын аздап жігіт әңгімесін  
Әуре боп демесеңдер жазған несін  
Болайық шақтап шама төгіскендей  
Таңдайтын барма ағаңның қолында есім 
 
Сұңқардай сұлу сырлы сыңқыладаған  
Дауылдай желді күнгі бұрқылдаған  
Мамыра жаз айындай майда шуақ  
Арқансыз асауды ұстап құр құрлаған  
Ішінде естігенің шықпай сыртқа  
Өзінен өзгеге айтып жыр қылмаған   
 
Өнері өсек өтірік сұрқиялық  
Сынаптай жігіттер бар жылтылдаған  
Сырт беріп сылаң қағып кей бір жігіт  
Болымсыз болмашыға бұлтылдаған  
Кей жігіт абыройлы боламын деп  
Сүйкімсіз сөзге әуес сымпылдаған  
 
Кей жігіт жағамын деп жалпаң қағып  
Майшының қалағындай жалпылдаған  
Кей жігіт адам сынып ісіп кеуіп  
Пысықсып әңгіме айтып тыңқылдаған  

 
287 
Кей жігіт өзін өзі дәуге санап  
Бурадай буырқанып,бұрқылдаған, 
Кей жігіт адуындай аттаймын деп, 
қадамыжетпес жерге тыртыңдаған. 
Кей жігіт ойын-шынды айыра алмай, 
Шишадай су тигенде шыртылдаған, 
Кей жігіт кеп-кеңесті ұғатындай, 
Ұстам жоқ, құлап босқа құртаңдаған, 
Кей жігіт қарны өскенге мәз болып жүр, 
Торсиған торсығана ыңқылдаған. 
 
Туған жерім 
Торғай өзен, туған сары Тосыным
Жалаң аяқ құмыңда ойнап жасыдым. 
Суың балдай, топырағың шүйгіндей, 
Мекендеуге Жәкең тартқан қосынын. 
 
Көріп талай өтті өмір басымнан, 
Аймағыңда туып-өстім жасымнан, 
Тар кезеңнің талай күні серпіліп, 
Соққан боран, сұрапылдар басылған. 
Шалшығың мен батпағыңда батпақтап, 
Сары ылайға ақ көйлекті сатпақтап, 
Қозы қуып, құрық салып, құр-құрлай, 
Құртқа шөптен ноқта өріп шатпақтап. 
 
Көрдім күннің неше талай тарлығын, 
Айтып болмас өткен күннің зарлығын, 
Ұлы өктебір шұғыла шашты жарық қып, 
Ұмыт етті сол кұндердің барлығын. 
 
Алматы мен Тәшкен арасында 
Шаттанам елімнің зор табысына, 
Қарамай жердің жақын-алысына, 
Алады алты айлықты алты-ақ аттай, 
Тұлпардың тояттаймын шабысына. 
 
Ертеде Тәшкен-Бұқар барады екен, 
Жыл тәулік оралғанша болады екен, 
Қазіргі жағдайменен салыстырсаң, 
Тартқаны таудан биік азап екен, 
              
Ақындарға 
Иә, сен ақын болдың жазатұғын, 
Қырандай самғап қанат қағатұғын, 
Тұңғиық түпсіз жерден табатұғын, 
Татымды сөздің барма жазатұғын. 
 
Тұлпардай томаға көз арындаған,  
Қадамың барма ұзаққа шабатұғын. 
Жаздың ба қызғылықты кеп-кенесті, 
Сусындай мейірімің қанатұғын. 

 
288 
 
Өлеңнің өрге жүзген өктемімен, 
Туғызып сөз тұқымын көктемінен, 
Мен өзім ақын болып көрмесем де, 
Ұйқасын талай жырдың көп көріп ем. 
 
Болсын жыр жүректерді жібіткендей, 
Көмілтіп, көзге жасты іріккендей, 
Шілденің жер күйдірген аптабында, 
Аңсаған тәңір нұрын бүріккендей. 
 
Ұйқасы ауызға дәм алдырғандай, 
Ынтыққан ынтығыңды қандырғандай, 
Жыр қайда жылытатын тұлға бойды, 
Маздатып мазалы отты жандырғандай. 
 
Қайда осы ақындардың дүлей жыры, 
Есінен естігенде тандырғандай, 
Жыртық жең, жырым балақ сөздер құрып, 
Бөсиді қымбат дүние қалдырғандай, 
 
Тұлпар сөз шашау шықпай, шешілмесе, 
Жарлы ұйқас екі жолдан кесілмесе, 
Шатысып, шалап шайқап несіне әуре
Қиырдан қиысын тауып көсілмесе. 
 
Солайша жазбаған соң керегі не, 
Бұлайша айтуымның себебі не, 
Болмадым шатты-бұтты өлеңге әуре, 
Келтіріп жазбаған соң кемеліне. 
Дәмі жоқ, татымы жоқ, тартымы жоқ, 
Мендейдің кім қарамақ өлеңіне. 
 
Мен ақын болсам 
Дыбысым болса күндей күркіреген, 
Жаңбырдай нөсерлетіп күркіреген, 
Сығалап қарағанда сымдай болып, 
Аларлық мін таппаса түрпіменен. 
 
Жан батпай арыстандай айбатыма, 
Тамсанса таңырқанып қайратыма, 
Асырып бірер сөзді құрай салмай, 
Десе екен паһ сабаздың бойласын-ай. 
 
Нұрхан туралы толғау 
Жарысып жайдақ таймен бала жастан, 
Ол өмір өтті қазір қарамастан, 
Жыл сайын жылыстаймыз алға қарай, 
Сырғыған су секілді қара тастан, 
Ірікпей әлім келіп жаза алсам мен, 
Тамаша таң қалғандай қалың дастан. 
Көргеннің көлеңкесі көңілімднгі, 

 
289 
Кезім жоқ ақиқаттан қиыс басқан. 
Жалаң бас, жалаң аяқ жарысамыз, 
Жақын жер, өзен-көлге барысамыз, 
Сылдырап толқындаған су басында, 
Құмға аунап, күнге күліп алысамыз. 
Жүгендеп арқан тағып,тоқым тартып, 
Үйретіп асау тайға жабысамыз. 
Іңірдің қараңғысы түскеннен соң, 
Ақ сүйек, айлы түнде табысамыз. 
Бірге өстім, бір дәуірде Нүрекеңмен, 
Көбейіп, айтарым аз, орап кеңнен, 
Ойыннан жоғары ашқан енші алмай-ақ, 
Нұрханның жетім қалып, әкесі өлген. 
Келген кез тоғыз-онға жас шамасы, 
Бар тірек сүйеніші жан анасы. 
Артынан әкесінің жедел кетті, 
Кенжебай,Қарабектей екі ағасы. 
Тілегі жас балада анасының, 
Ойлаған ойы жеткен санасының, 
Шарқ ұрып шаршы топта сайра –дейді, 
Қуаныш, кқздің нұры қарашығым. 
Мектепке берді анасы он бір жаста, 
Не тілек болсын онда мұнан басқа. 
Зулатып қиссаларды болды оқитын, 
Толғанда бала Нұрхан мүшел жасқа. 
Сырғытып сырғалы жыр, домбыра алып, 
Ойласты ерсіл-қарсыл шекті шалып, 
Асқақтап шырқағанда таза дауыс, 
Кеткендей өткірлігі құлақ жарып. 
Он бесте ел аузына тарап болды, 
Әрі әнші, әрі ақын деген дақпырт. 
                  
Нұрхан аяқ қолдан, тілден 
айырылып жатқанда 
Шипалы болсын сырқауың,  
Қазақтың ұлы Нұрханы, 
Иса айтқан  «топ жарған», 
Қиырдан қиып жол салған, 
Ұлы шаңның тұлпары, 
Аспанмен ұшқан қалықтай,  
Аралас бұлтпен шарықтай, 
Ұлы шаңның тұлпары. 
Саған түскен салмақты 
Үлесіп халқың алмақшы, 
Ой, гөзелім тұр кәне. 
 
Қолды жайып әмин деп, 
Көтереміз білек, 
Шипасын бер деп еліңнің, 
Тулай соғып жүрек, 
Келсе қолдан егерде, 
Тастар еді қардай күреп. 

 
290 
 
Нұрхан қайтқанда қабір басында 
Тірі тұрған Нұрханның мынау елі, 
Мәңгі есінде ұмытпайды, сақтайды сені
Ортамыздан кеттің бе ол дүниеге, 
Жыр дүлейі, елімнің асқар белі. 
 
Шабыста шалдырмайтын ел дүлдүлі,  
Ерекше ерке туған сен бұлбұлы, 
Мейірімсіз мекеніңе аттандың ба, 
Жез таңдай, қызыл тілге кен бұлбұлы. 
 
Торғайдың топтан озған тұлпары едің, 
Киелі өлең-жырдың бұрқаны едің , 
Соиеттің салтанатты сарайында, 
Сайраған сен сандуғаш Нұрхан едің. 
 
Келіп тұр қоштасқалы мынау халқың, 
Өлместей ат аталып, қалды даңқың, 
Енді сен бізбен келіп тілдеспейсің, 
Қайырлы ұрпағыңа болсын артың. 
 
 
 
елінің ұл қызына өсиет етіп  
жемісті жеңсік астай жырын төкен 
жас ақын сендердің зор келешегің  
борышқор тәтті жырға берешегің  
қалаулы халық ішінде ақындардың  
күн болды бүгін қадам теңесетін  
әйгілі болып аталып ақындығың 
үміткер күтіп отыр болып халқым  
елеулеп ел құлағым тікеннінде  
беріңдер сондай соған сөздей алтын  
жырлаңдар елдің еткен еңбек жырын  
айшықтап әшекейлеп сөздің түрін  
торғайдың тарабыннан ақындар көп  
айтыста болмағандар мұнан бұрын  
түскенше топқа қызып ынтығып тұр  
асаудай арда өскен бұлқынып тұр  
жеңемін бұл айтыста жеңемін деп 
суылығын қаршылдатып жұлқынып тұр  
ел көрсін жүйріктердің шабыстарын  
 белдесіп бауландардың алысқанын  
елітіп ел мейірін қанып қалсын  
еңбек пен ерде қандай табыс барын  
жарыста той томалақ келіп жүрген  
ел көрсін сол ақының тыңдап бүгін  
орғыған ақ бөкендей желіп жүрген  
Ғаббастың жырағырақ қадамы бар  
тұлғалы жырға құмар қаламы бар 
тастүлек алығыр көзді ұшқыр қыран  

 
291 
жеткіншек жеделдердің талабы бар  
тұрғынбек және серік кеңшілікті  
сөзінде көрмей жүрміз кемшілікті   
түсуге көп алдында осы айтысқа  
шақырып оларды да келтіріпті  
ақының бірі мықты Әбдіхалық  
мұның да атағына халқы қанық  
қазірігі ән мен жырды қабат айтып  
құбылтып жырлайды ол топты жарып  
жас ақындар жалындаған жаңа тілек  
бірінен бірі асып тұрған үдеп  
айтайын қай бірінің атын атап  
құрышқол ақындар бар болат  тілек  
көрсін ел ақындардың құдыретін  
қадамы қанша жерге жүгіретін  
Альберт жас ала қашып арындап тұр  
көрінбейді ұлы шаңда мүдіргері  
ал енді ағызыңдар тілдің майын  
туғызып жұлдыз күн мен айын  
табысты тасқындаған елестетіп  
естісін ер еңбегін елдің жайын  
бас қосақан осы ақының мен ағасы   
қазіргі жанды архив кен ағасы  
осындай төбе ақын деп атап отыр  
бірдей деп бәріне де тең ағасы  
тірлікте де бітпеген уақытымда  
алдында мен тұрған бел ағасы  
әндетіп домбыра мен соза бермей  
керек бер енді тоқтап сен ағасы. 
 
Нұрхан ұлы Мәлікзадаға 
Еңбекшіжұртым ел халқым  
Елеулі еткен ел салтын 
Тұрғасында сақтаған 
Қағидалы ел қалпын 
Қуаныш келсе қуанған  
Шаттыққа жүзін суарған  
Ауырлық келсе адамға  
Бүгіліп белі бұралған  
Тағдырлы жұмыс кез болса  
Ақылмен шешіп жұбанған  
Айрлып тұрмыз біз қазір, 
Шыңға біткен шыардан  
Жан - жақты туған жан еді 
Шын асылдан құралған  
Шеткері шықпас жан еді  
Ақындық атақ ұраннан. 
Шалқар қазір шалшық боп  
Болғандай болып тұр саулған  
Ойлаған жерге жете алмай, 
Қамалып қайда кете алмай  
Еркі кетіп елің тұр. 

 
292 
Мең-зоң болып мүұнардан. 
Қайғырып, халқың қамығып  
Қаралы туды жамылып  
Саулыңа тірлікте  
Тіледі тілек шағынып  
Мезгілсіз келген ажалға  
Ете алмай айла тарығып  
Өксімеген адам жоқ  
Көзінің жасын  ағызып, 
Ағайын жұртың жүдеп тұр, 
Еңсесі түсіп жабығып  
Болмады қабыл тілектер  
Таусылса айтқан зарғып  
Құтылған емес ешбір жан  
Рахымсыз ажал келгенде  
Аламын деп шабынып  
Топжарғаннан туып еді  
Атаның жолын қуып еді  
Мирасқорлыққа ой бөліп  
Белсене белін буып еді 
Он бір жасқа толғанда  
Астанаға барғанды   
Келешек күннің келісті  
Атанды алытн ардағы  
Сол Мәлікті ортадан  
Өмірін қиып қолқадан  
Айырып бізден әкетті  
Ажалдың айыр қарамағы  
Он сегіз мың ғаламның  
Жаралған  барлық адамның  
Қара жер - ана қойнына  
Жалғансыз анық бармағы  
Домбыра алса қолына   
Бармақтан балын тамызған  
Қалам алып сермесе  
Жыр бұлағын ағызған  
Жетелі қылыш семсердей  
Жаралған жан еді нағыздан  
Айбынды айтыс келгенде  
Қарсыласып қағысқан  
Өмірінде өзінің  
Өткізді талай жарысты  
Ән менен күйге асқындық 
Үдете түсті шабысты  
Ие болып жүлдеге  
Бермеді қолдан намысты  
Абырой -атақ Торғайға  
Келтіред сөзбен табысты  
Кәмелетке толғанда  
Ақыл қамал болғанда  
Жазылмаған жаман дерт  
Тағдыр болып жабысты  

 
293 
Адалдық ақтық жүректен  
Ендігі сөззі халқының 
Топырағы, торқа боп 
Қайырын берсін артыңның  
 
 
Атасы мен анасы өсірген баласы 
Жан болып туған соң  
Ата -ан өсірді  
Бөбегін атады  
Сүйікті есімді  
Олардың жандары  
Бала үшін парманы  
Тілейді, сұрайды  
Сау бол деп зарлана  
Өңінен өзгермей  
Ерте -кеш тілегі  
Емірене елжіреп  
Ата - ана жүрегі  
Бұлжымай бұл беттен  
Әрқашан қалыпта  
Айтпаса да ол айқын  
Жер шары халыққа  
Ақылды мінезі  
Ендігі арманы  
Шарықтап алқыды  
 Ой ұшы самғады  
Шықтыма ойынан  
Деме еткен баласы  
Әлпештеп өсірген  
Көзінің ақ - қарасы  
 Балаға бір күні  
Әке ұрсын жекірді  
Айналып артынша  
Ұзамай кешірді  
Ұмытты ата -ана  
Кек тұтты баласы  
Әдеттен бұрынғы  
Салқын көз қарасы  
Жақындық жағдай ды  
Аздырды жүдетті  
Осылайша жүргенде  
Жаз өтіп күз келді  
Береке батырып  
Болмады тым онда  
Жігерлі жетілген  
Бұқтырар үй ішін  
Айбарлы айбаты  
Кемпір шал өлмеді  
Бағуға сор болды  
Құтылмай масыладан  
Жігітте қор болды 

 
294 
Батырдың ащу 
Бір сәтсіз келгендей  
Ақылын сабаздың 
Дулылық жеңгендей  
Ата мен анаға  
Қаһарымен ақырды  
Жеңіске ие боп  
Тойтарды жапырды 
Қанағат етпеді  
Бұл еткен ісіне  
Өзі ырза болғандай  
Зор алып ісіне 
Қас жауға шапқандай  
Қарасаң түсіне  
Таяқпен ұрыпты ау  
Таңбаны түсіре 
Аузынан шықан сөз  
Сандалма оттама  
Аузынан шығар сөз  
Тәйт пен жоқ қана 
Балам бар деп ондай, 
Атама ата-ана 
Бүгінде қыршын жас, 
Табысқа күнде мас 
 Ата-ана оған керек пе? 
Жігітім ойла ұятты, 
Істерің жөнсіз сияқты, 
Табысыңа мақтанба, 
Күпілдеме бекерге, 
Әділет, шапқат, инабат, 
Талаптан соған жетерге, 
Сөзің болса құр ыржаң, 
Тұрақсыз ісің жүр бұлғаң. 
Ауызбен айтып, 
Істеуден қайтып, 
Кеуде керіп мақтанба, 
Құр айғай, көкірек,  
Өзіңді алдап  шаттанба. 
Істелген ісің бір күнгі 
Қарауға болсын үлгілі. 
 
Нағашысы Фазылханға 
(өте аласа адам) 
Кең кеуде, алып тұлға, ұзын бойлы, 
Тұңғиық көз жеткісіз ақыл ойлы, 
Шой желке, дүлей қабақ жазық маңдай, 
Көзедей көзге түскен жұмыр мойны. 
 
Секілді сойған қасқыр жықпыл шеке, 
Сақал-мұрт орналасқан жалпақ, жеке, 
Сүмбідей сүйегінде бір міні жоқ, 
Ұқсаған қарауылдағы бөкен теке. 

 
295 
 
Көзінің қанды шашып қарасынан, 
Қарасаң зәрең ұшар аласынан, 
Атты адам шауып өтіп кететіндей, 
Ай қабақ екі көздің арасынан. 
 
Кісіден кездеспейтін шоңғал мұрын, 
Баяндап тілің жетпес біткен нұрын, 
Біткенін бір адамға орналасып, 
Кім көрген қияпатты мұндай бұрын. 
 
 
Төлеуханның Совхозбегі қайтқанда 
Аттанған түп мекенге 
Көңілдің бұзғандай болып қорған шебін, 
Татқызып аз ғана күн шырын дәмін, 
Керек деп  бұлсыз беріп, алды тегін. 
Түсірген көкірекке  ауыр жара, 
Шипасын, күш иесі берсін емін. 
Аяулы, аяулы деп үлкен-кіші, 
Көз жасқа бұлады ғой аққан селін, 
Адамға қандай ауыр жүк болса да,  
Жырылып, жартылмайды бүтін терің 
Жан болса дүниеге жаралғанға, 
Белгісіз ерте-кеште бар ғой өлім. 
 
Ауырып келдік ауданға 
Ауырып келдік ауданға, 
Үй ішінде аз қалып сау, 
Жәрдем талап еткенде, 
Емшіге тиді үлкен дау. 
 
Қайта әкелдім ертеңге, 
Ауырып, қатын-балам да, 
Сырқат болған жандардың, 
Жақсы емес күні жарамды, 
Көшені зыр жүгіріп, 
Болдырып табан суырып, 
Өлдім-талдым дегенде, 
Балниске алып қарайды, 
Егер ауру болмаса, 
Қаратпақ түгіл дәрігерге, 
Көрсетпес едім қарамды. 
Төтелеп ажал келгенде
Кісінің жетпес көмегі, 
Ешқандай айла таба алмас, 
Білімге дәрігер тереңі, 
Бейнеттің  бетін қайтарар, 
Ондайда себеп керегі. 
Дәрігерге адам келеді-ау, 
Ауырған жағдай, әлекпен, 
Аулақ болса артық па? 

 
296 
Жұғымсыз, жөнсіз әдеттен. 
 
Омыртқасы өскен қарындасқа 
Шырағым, ыңыршақты қарындасым, 
Тынысың ашу кернеп тарылмасын, 
Керек деп мұнда бір күн жатқызбайды, 
Білемін, жібереді жазылған соң, 
Хал-жөнін, ахуалын сұрап тұрмын, 
Сәбиі емшектегі сағынған соң. 
Болатбек сегіз айлық үйде жылап, 
Сондықтан қарындасым тұрмын сұрап, 
Емшектегі оны бағу ауыр соғып, 
Қайтейін, бар ма амалым, жүрмін шыдап. 
Қарындас, ашулансаң, қорықтым, қойдым, 
Қатігез, жарасымды емес бірақ. 
Тырсылдап, тымырайып тыңқылдамай,  
Күдері жұмсақтыққа келеді шырақ. 
 
Түсінбес қандай жансың, деп сөгесің, 
Қолыңнан келсе егер қайта құрап. 
Кездестірсең осы күні ұл мен қыздан, 
Білімге болдым деген қайнар бұлақ. 
 
Советтен салтанатты тәрбие алып, 
Бойына сыйғыза алмай адамсымақ. 
Терең ой, текті қиял көрінбейді, 
Кісімсіп кімге кие белді қынап. 
 
Білекке бір сағатты байлап алып, 
Бұранды шықырлатып әлсін бұрап, 
Сөзінің, не ісінің тұрағы жоқ, 
Жүгірген кесе ішінде ұқсап сынап. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет