Торғай көктемі
Бұлғыр тау биік асқардан,
Торғай өзен басталған.
Тауды тесіп бұлағы,
Қақ айырып тас жарған.
Тепкілі бұлақ телегей,
Ағады сол тау-тастардан.
Өзеннің байтақ бойында,
Сай-саланың нешесі.
Торғайға жете тартылған,
Барлығының көшесі.
Қуат алып күштенер,
Торғайдың бұлар мүшесі.
Сәлемге жылда бір келер,
Секілді Торғай шешесі.
Келерінде үн беріп,
Келеміз деп тіл беріп.
Бір емес ылғи жыл келіп.
Торғай өзен – анасы
Келгенде барлық баласы
Баласы – сай-саласы
Толықсыр Торғай түрленіп,
Қанадан шығып іріленіп.
Шалқар шалқып бой керіп,
Күрпілдеп сөйлер күңіреніп.
Көшкен елдей шуылдап,
Семіре түсіп суылдап.
Екпіні дауыл зуылдап,
Құлашын жаза шалқалап,
Барлық жүгін арқалап
Суды сүзіп сүйрелеп,
Көкпар ілер шартарап.
Жөңкіле сеңдер шұбырып,
Тіркеген тізбек вагондай.
Жарыса қатар жүгіріп,
Алдыңғы жағы төмендей.
Тоқтар болса кідіріп,
Арт жағы жүр, жүр дегендей.
Бұлтарма бұраң иіннен,
Қамалса қойдай иірген.
Кейінгі сеңдер соққылап,
Ұрып жатар бүйірден.
Сеңменен сең сіресіп,
Бірімен-бірі тіресіп.
Арпалысып, алысып,
269
Төбелесіп, күресіп,
Бірін-бірі батырып,
Біреуінен бірі өсіп.
Сең соғысып сатырлап,
Мұз жарылып шатырлап.
Қабырға сынып қабысып,
Бөлектеніп бытырлап.
Әлсіздері ойнақтап,
Жоғары-төмен тыпырлап.
Бірін-бірі соққанда
Шыдай алмай сықырлап.
Бірін-бірі көтеріп,
Көбік құсып жөтеліп,
Бір кезде бұлар келісіп,
Жүріңдер десіп, кетелік,
Семірген тау жал толқынмен,
Толқындар тулап қарқынмен.
Жайлы отырып жадырап,
Тағы да тулап тартар сең.
Толқыннан толқын семіз боп,
Түбектер толып теңіз боп.
Өзен туып өзеннен
Қатарласар егіз боп.
Өлкесін қаптап өзеннің,
Жайылған сулар жалтырап.
Торғайдың төбе шашағы,
Дір-дір етіп қалтырап.
Толқынға мінген сең мөңкіп,
Жазыққа қарай су жөңкіп,
Жүрістен жүріс артылар,
Өріс алар ой іздеп,
Жан-жаққа су шарқ ұрар.
Тасқынына Торғайдың,
Таңданып қарап қаншама ел.
Шақырады алдынан
Сағынып тұрған қанша жер.
Көлемді өлке, кең алап,
Бөлек-бөлек сансыз көл,
Күлімдейді қарсы алып,
Құттықтайды кел деп кел.
Сенсіз бізде тірлік жоқ,
Түрлендір, тойдыр, сәулет бер.
Деп жатқан қанша жерлерді
Қанасынан шығарып,
Айналдырып шалқарға,
Көлдерді жатқан қуарып.
Тоқымдай құрғақ қалдырмай,
Түгел қамтып суарып.
Жойқын күшпен жөнеліп
Жұлқына тартқан Торғайға
Інісі келіп қосылар
Айғайды қосып айғайға.
270
Белінен келе құшақтап,
Мен жүрер деп жер қайда?
Бұл інісі Жалдама,
Үш өзен бастық жүз сайға.
Қалдың дейді кідіріп,
Келуге ерте болмай ма?
Деседағы разы боп,
Бір сүйіп сипап маңдайға.
Өзі білер енді алдан
Қанша ұзақ барад қай жайға?
Жан жолатпай маңына
Шұқанақ, жыра, шұңқырлар
Тұңғиық тереңге айналып,
Суға толып лақылдар.
Тоң боп қатқан қара жер,
Тұла бойы дымқылдар.
Еміреніп қарт ана
Бар денесі былқылдар.
Асығып шығып бәйшешек,
Көрініп басы қылтылдар.
Күн күйеуі аймалап,
Құшқанда жер балқиды.
Сүйісе сұлу екі жар,
Енді бір уақыт кезеңде
Қарасаң Торғай өзенге.
Суы тұнып құбылып,
Тәртіпке түскен бұрылып.
Ақ көбігі бұрқылдап,
Су жиегі жуылып.
Күміс киген балығы,
Айдаған қойдай шұбырып.
Қорқа ма, үркіп қаша ма,
Зымырап, зулап жүгіріп,
Тығылып сүңгіп тереңге,
Сасқалақтап сығылып.
Су мықтысы шортандар,
Әлсізге қожа талтаңдар.
Қомағай қауып қармаққа,
Жүре алмай жүзіп жан-жаққа.
Аузынан тұрар ілініп
Секіріп, шоршып ақ балық,
Сумаңдап, сырғып, сақтанып.
Жан-жағына жалтаңдар.
Бір өзінен басқаның
Бәрі жау бұған өзен тар.
Тағы бір кезең күндерде,
Белгілі бұл әркімдерге.
Жағасында Торғайдың
Жасыл құрақ судырап.
Маржан құмды күміс су,
Сырғанап ағып сылдырап.
Тастарды сүйіп аймалап,
271
Сылқ-сылқ күліп сыңғырлап.
Кей жерлерде шымырлап,
Кей жерлері жалпайып,
Кей жерлері шалқайып,
Кей жерлері қайқайып,
Кей жерлері бұлдырап,
Кей жерлері иреңдеп,
Кей жерлерде сүйреңдеп,
Кей жерлерде күйбеңдеп,
Кей жерлерде тұнжырап.
Құм төсекті күміс су,
Батпақ жоқ жатқан былжырап.
Өлкесі түгел түрленіп,
Алуан түсті түрге еніп.
Өсімдік біткен ұзарып
Жағынып жұпар гүлденіп.
Аялап сипап аймалап,
Жібектей жұмсақ жел келіп.
Құшағы кең қарт ана,
Бұрқырап буы еміреніп.
Шын тері шып-шып шыққанда
Бвлқыды дене бой еріп.
Желбіреп желек жамылып,
Тоғайлар алқа тағынып
Өн бойына өрмелеп,
Күміс жапырақ жамылып.
Қарасаң Торғай көркіне
Көз таңданып сүйінген.
Мақпал, мауыт, беренмен
Сұлу қыздай киінген.
Інжу-маржан моншақты
Орманды сәндей жиі ілген.
Ойы-қырын Торғайдың
Мәнерлеп мінсіз түрменен.
Бүлдірген, шие, қызғалдақ,
Безендіріп гүлменен.
Қызыл-жасыл, сары ала
Оюменен түрленген.
Шытырма шашақ, күміс шоқ
Әшекейлеп зерменен.
Хош иісті тән сүйер
Көкірекке еніп кернеген.
Қия алмайсың кетуге,
Белінен басып көлденең.
Бұралған әнге артистей.
Үкілері желкілдеп,
Желпіндіре жел келсе,
Қосылып билер селкілдеп.
Майысып төмен бұралып,
Бір кезде бойын шығарып,
Еркелер Торғайға еркелеп.
Дүние сарайы жер жиһан,
272
Барлығы түгел нұрланып,
Көк бұйра орман көркімен,
Артықша Торғай ырғалып.
Балауса майса шөбімен,
Майы шығып, бал тамып.
Таулар құрып шымылдық,
Тастар да сәнмен сырланып.
Алты ай қыс бойы сағынған,
Құстар да лек-лек ағылған.
Келдік деп шулап ән салып,
Бойынан Торғай табылған.
Ақ марал, бөкен, құралай,
Ақ ниетті сүйікті аң.
Баласын ертіп баурайда,
Қайтып жатқан мың-мың сан.
Тал төбесінде ұялап,
Жағы тынбай шағала,
Күн бойы күліп шаңқылдап.
Көк еркесі қоңыр қаз,
Айнала ұшып қаңқылдап.
Көркем аққу аспанда,
Қанаттары жарқылдап.
Суында торғай таранып,
Жан-жағына қаранып,
Самалында салқындап.
Мен де құс деп қанатты,
Жапалақ жүр жалпылдап.
Қырғидан қорқып көп торғай,
Жалтаңдап қарап шұқынып,
Дүркірей қашып барлығы,
Жауынан келген жұтынып.
Өлерін білед жауыздан.
Қолында қалса тұтылып,
Жазықсыз әлсіз жан сақтар,
Тоғайға кірсе құтылып.
Қалың жыныс қара орман,
Мекені жатар күтініп.
Ескерткішің міне тұр
Аманкелді айбатты,
Жау жүрек қайтпас ер еді.
Қаһарманым қайратты,
Халықтың асқар белі еді.
Екпіні күшті еді зорланып,
Қырандай қанат қаққанда.
Көк сүңгіні қолға алып,
Айғайлап жауға шапқанда.
Жауына өлім, досқа өмір,
Жарағы ел мұның асынған.
Адал жүрек, ақ көңіл,
Тірегі еді елдің асылған.
273
Құрыш шеңгел ақ иық,
Қағалмай қанат талды ғой.
Кездесіп жерге тұңғиық,
Қапыда қолда қалды ғой.
Балдағы алтын ақ алмас,
Өзі жоқ қалды қынабы.
Артында қалған көп жолдас,
Қайғырмай қалай тұрады.
* * *
Алдық жаудан кегіңді,
Сен үшін жасап қан майдан.
Достарың қалған сенімді,
Талқандап салды жауға ойран.
Аманкелді тірісің,
Өлді деуге болмайд бұл.
Айнымаған тұр, мүсін,
Ескерткішің мынау тұр.
Нұрхан Ахметбековке
Құрметті, ардақты інім, Нұрханым-ай,
Ән түрін неше алуан шырқадың-ай.
Бәйге алған ұлы жиын, айтыстарда,
Суырылып топтан озған тұлпарым-ай.
Алтындай айтқан асыл сөзің мәнді,
Таңдатып таңырқаттың барлық жанды.
Халқымның Қазақстан ақын ұлы,
Артында өлмейтіндей сөзің қалды.
Ақынның болдың озық маңдайалды,
Қия алмай қайғыңа ортақ халқың қалды.
Сенімен енді ақырғы қоштасайын,
Жарық нұр болсын жатар, жерің мәңгі.
Асқар тау биігіндей өрлеп артта,
Болмаған абыройдан алдың орта.
Алымды, терең ойлы, көркем сөзді,
Қош, Нұрхан, топырағың болсын торқа!
Жайлау
«Талдысай», «Тасоба» мен «Тайлақатқан»,
Өн бойын суы үзілмей бойлап аққан.
«Тереңсай», «Дәрмен сайы», «Мөшен сайы»,
Көк шалғын кең алқапты шөбі жапқан.
Көңілді көтереді «Дәкен» сайы,
Қызғалдақ көз сүйініп жапырақтан.
Емес пе жер шұрайы шөп асылы,
274
Береке байлық алған табиғаттан.
Биігі «Жанқасқаның» бұлтқа жетіп,
Алыстан көк мұнар боп көзді тартқан.
Кен бар деп ең астында, ьереңінде,
Инженер қалған сөз бар Тәжі қарттан.
«Ақ құдықтың» қара оты май емес пе,
Баянды қылатұғын мұны мақтан.
«Үш отаудың» маңайын үш ай жеген,
Май шайлап қалатұғын малы баққан.
Қыстауы қабақта тұр Шойынбайдың,
Бұлағы суы күміс сыңғыр қаққан.
Қой қалай семірмейді жағы болса,
Шөбін жеп, сол жерлердің суын татқан.
Өрлесең одан әрі Қарашоқы,
Қалың ну, қайың тоғай көк мұнартқан.
Көп күшпен «Қылқалы» елі қылған қоныс,
Аямай бәрін беріп, ас пен аттан.
Хан Нияз тартып алып жайлаймын деп,
Айқаста екі жағы қанға батқан.
Айкісі, Көлдей, Құты, Тасемен де,
Сойылын оңды-солды жарқылдатқан.
Бәрінің қортынды аты «Қарынсалды»,
Қарынға қаймақ-майдың қорын салды.
Үлкендер ол кездегі дұрыс айтқан,
Майға орап өсіреді жеген малды.
«Тамаша», «Бодақ», «Құрсай», «Ақмолалы»,
«Тастыға» қараған бет жақ болады.
«Шеңберге» ағып жатқан жоғарыдан,
Керемет мұртты балық көп болады.
Болғанда жыл аяғы жиналыста,
Тексеретін Соцжарыс шақ болады.
Сол кезде абырой атақ еңбегінен,
Омырауға Орден, өзіңе бақ қонады.
275
АХМЕТҚАН ӘБІҚАЙҰЛЫ (1904-1986)
Ахметқан Әбіқайұлы 1904 жылы бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданындағы
«Шилі» ауылында туған. Әкесі Әбіқай ақын Торғай ақындық мектебінің ұстаздарының бірі.
Жасынан Нұрқанмен қатар өскен Ахметқан да өлең шығарумен ерте айналысқанымен оның
көп шағармалары сақталмаған. Ахметқан ақын, жырау, сері, әнші, күйші, шежіреші, атпаз,
аңшы, шешен, актер, ойынпаз кісі болған.
Әдебиетте Ахметқан айтыс ақыны ретінде көріне білді. Ол аудандық, облыстық,
республикалық айтыстарға бірнеше рет қатысып жүлде алды. Нұрқанмен, Сәтпен, Әлимен
т.б. айтысқа түсті. Ахметқанның айтыстары мектеп оқулығына, «Айтыс» (1965), «Ақындар
шықты айтысқа» (1960) жинақтарында жарық көрді.
Өлеңдер
Арнау
Арнадым бұл дәптерді аз сөзіме,
Ұнай ма, ұнамай ма мас көзіне,
Қарны тоқ, қаса надан қажет етпес,
Көрінер кей біреудің аш көзіне.
Әйтеуір жыр ма, өлең бе, жазайыншы,
Қарамай ұйқас, маңыз, бас-көзіне.
Әбіқай жыр дүлейі болғанменен,
Қарным аш, сөз құраудан тап өзіме.
Өзіне тірі жанның бәрі ырза,
Біткендей тұрпат, тіл-жақ нақ өзіне.
Жазайын бір азғантай шағын шумақ,
Енші алып, тәннен жан да кетер зулап.
Өр толқын өршеленіп өрге ұрғандай,
Сенде жоқ дүлей дарын жатқан тулап.
Ақылды шешен білгір сөз өлмейді,
Қабырда қалғанда да сүйек қурап,
Топ жарған топтан озған тұлпарлардың,
Шалқыған шаңың жатыр будақ будақ.
Амангелді ауданындағы ақындардың колхоз аралық айтысы
Ахметхан мен Құтжанның айтысы
Әбдіқаев Ахметхан
(«Жаңа тұрмыс» колхозының ақыны)
Тыңдасын дауысымды мың сан құлақ,
276
Тәтті әуез тамылжыған кетсін жырақ,
Айғайы айға ұласып, аймақты орап,
Тамылжым жерге жетсін көнбей құлап.
Әнімнің әлеуметке айнасы,
Жырымның жұртқа жеміс пайдасы бар,
Халқымның қаһармандық күшін қозғап
Жүрекке жылы тиіп майда шығар.
Күш керек, өнер керек, білім керек,
Білерсің мұны ақыным болсаң зерек,
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Не себеп білінбейді сізден дерек?
Көктемде бір күн кетіп қоя салдың,
Көрсеттің көпшілікке қандай көмек?
-
«Жау қашты, жер тазарды жұмыс бітті»,
Жарамас жай жаталық бізде демек.
Қас дұшпан зар болып тұр бір күніне,
Жолықты қанды қашқын сүргініне,
Суырдай судан қашқан жан таласып,
Өзінің қайта барып кірді ініне.
Бұл күнде құты қашты дұшпан азып,
Түртпесең тыныстамақ бойын жазып,
Алпыс екі айлалы түлкіні де,
Оңай ма ұстай алмақ іннен қазып.
Қарлығаш қанытымен су сепкендей,
Майданға әлі керек көмек азық.
Жатырсың не себептен ұйқыңды ашпай,
Жан тыныш жай жүрмісің ұйқың қашпай.
Осындай игі жақсы бас қосқанда,
Тек тарау лайық па сөз тыңдаспай.
Қанжығалин Құтжан
(Чапаев атындағы колхоздың ақыны)
Домбыра қолға алалық осындайда,
Ән шырқап, шертсем күйге қосылмай ма?
Бақшада бұлбұл сайрап, таңдай қақса,
Қызыл гүл шешек қағып ашылмай ма?
Айғайлап алабұртып мені көрсен,
Мақсатың салғаласпақ осындайда,
Ең дәулет байлығымды баяндасам,
Асыққан ақын көңілің басылмай ма?!
Сен маған жай жатасың неме күліп,
Жатырсыз хал біліспей неге күліп,
Өрбітіп өөндірістің қазынасын
Жатырмын жауды дәлдеп, төбеге ұрып.
Сен қалай білмей жүрсің дерегімді,
Беремін сөзден қолқа керегіңді,
277
Үлгі алсаң мысал етіп Қарлығаштан
Майданға көп беріпсің көмегіңді?!
Табысым Днепрдей тасқындайтын,
Менімен ешбір колхоз бәс қылмағын.
Чанайдың шандырмайтын шандыаяғы ем
Өзімнен оздырып жан бастырмайтын.
Тағы да болдың сан қаяғымнан,
Жармасып жаздай тарттың балағымнан
Әуелі өз жайымнан айту міндет
... келіп аэяғыңнан.
Ахметхан
Сен неге сөйлер сөзге араласасың
Адамға әзілмен сын жан-жарасын,
Айып па хал сұрасып, сын сынасқан
Тидің деп аяғыңмен шамданасың
Жайыңды жалпақ жатқан жұрт біледі
Айтпақ болып ақын неңді қамданасың?
Ақтарсам хазинамның абдырасын
Ақыным аузыңды ашып таңданасың.
Қыстауым батпақ қара жағасында,
Жер еді атамекен о басында,
Күзегім құла айғырдың қумағында
Бұйра құм қоңыр бұйра арасында
Ақсуды айнала жұрт жайнайтұғын
Жазылып жазда бие байлайтұғын,
Жарылып жылқы жоннан, қой құйсықтан
Жүре алмай семіздіктен шайлайтұғын.
Жарқалдап ойда орақ, қырда кетпек,
Ежелден елім менің еңбек етпек,
Жер еді құт құйылып ырыс қонған
Арты жүз, алды шұбан мыңға жеткен.
Қарасаң колхозшымның бәрі малды,
Көрмейсіз малға мұқтаж жлғыз эжарлы,
Тұрмысқа төңіректеп озып блып
Атандым, «Жаңа тұрмыс»аудан алды
Жұмысқа қара дұрсін киінеді
Көрген жан қайратына сұйінеді
Қызыулы қыз – келіншек жігіттерім,
Қаңтарды қарсы білек түрінеді
Орындап айлық істі аптасына
Көздері күн тәулікте ілінеді.
Күн сайын моншаға жуынады,
Қыздары белді қынай буынады,
Киініп атылас, торғын жұпар сеуіп,
278
Кешкілік сауық кешке жиылады
Әндед добырамен күйлер шертіп
Бір –бірін қошаметпен жүрер желпіп,
Шаттанып «ой,пәле»деп бой көтеріп,
Колхозшы шал-кемпірлер тыңдыйды елітіп.
Силайды кіші үлкенді кесіп өтпей
Біледі бастаушысын қасиеттей,
Екі етпей тапсырманы орындайды
Баспайды өтірікке басы кетпей.
Құрметтеп алдындағы ата-анасын
Жемейді бір-бірінің сыбағасын,
Барсаң да қай үйіме қадір тұтып
Береді тәрбиелеп қонақ асын.
Құтжан
Сыр шығар талайлардан сынасқанда
Тексеріп бірін-бірі сұрасқандай,
Ақыным алды-артыңа қарап сөйле
Көтермей өзіңді-өзіңді тым аспанға.
Мекенім Шақпақ көлдің алабында
Жайлауым Жыланшықтың қабағында
Салдырып күзек үйді көл құдықтан
Мал жайдым қабырғаның тарауында.
Жыланшық жаз жайлайтын жерім еді,
Ағын су дертке шипа беріп еді
Ішінде балық ойнап, бақа шулап
Түбінде жалғыз ине көрінеді.
-
Атымды бір қандырып шомылдырам – деп
Жер үсті жыланшыққа жерік еді.
Қоныстың ие болдым берігіне
Бір ауыз малдың тыныш көлігіне
Қырғауыл құр шақырып, ойнақ салған
Қоянмен көз сүрінер елігіне.
Көп жылқым көлге түсіп шұбырады,
Шойрылып семіздіктен жылығады,
Жылтырап малдың түгі жауһарланып,
Құндыздай көзге тұрмай құбылады.
Жабағым, бойы биік енесінен
Азбанның тоқтым қарар төбесінен
Бұғыдай бұзауларын бұзаулайды
Қалмайды малым қысыр келесінен
Сенің де кейбір сөзің емес жалған
Мен едім барлығына үлгі салған
Аптада бір айлықты орындамақ
Сендерге мирас болып менен қалған.
Ауылым астананың қаласындай
Біреуі ата, біреуі анасындай,
Секілді бір туысқан бауырымшыл
Бірінің бірі туған баласындай.
279
Біреуі аға болғанда, бірі жеңге,
Білместігін білері салар жөнге,
Мәдени сән-салтанат, үлгі-өнеге
Сыйласу қадірмендік бәрімен де.
Не өшіп, не киейін дейтін жан жоқ
Көргем жоқ дүниеге зар болып пенде
Қонаққа қошеметпен бәрің келсең,
Ішкізіп, тойғызамын бір үйден де.
Салмағым өле жатсам сенен артық,
Менімен не қыласың түсіп теңге.
Ахметхан
Ендеше мен де жатпай ойланайын,
Балаша қалжыңдасып ойнамайын,
Шешіліп шындық пенен байлығымды,
Мадақтап, бастан аяқ баяндайынү
Сиырым сыймай жатқан сегіз табын,
Мен көрдім түкті туылып, майдың қабын
Ісінен Нұрғожаның таң қаларсың
Біледі мың бір түрлі малдың бабын.
Малымның салмағы ауыр қорғасындай,
Кескіні Нілдің...сындай,
Бордақта бұзауларын семіріп тұр,
Арқардың арша мүйіз құлжасындай.
Жасқандым
Жасқандым, жалтаңдадым, жаза алмадым,
Қорғалап, қолға қалам ала алмадым,
Болмашы болғандай еді жыр бұлағы
Кезінде кезеп көзін аша алмадым.
Жетеді енді, қорғалама сілте қалам,
Жөн болмас жөн ашықта қамалғаның
Сілте сен қорғаламай қаламыңды
Шығарар шыңға жеттің талабыңды.
Төрт жағың түске енбеген құтың болып,
Туғызды ұлы өктәбір заманыңды.
Тарланды алпыс бесте қосып көрші
Ел көрсін аяғы алыс қадамыңды
Ардақты, әділетті елің барда,
Кім білер, ашар алда дталантыңды
Бар ма осы сірә сенде қалған белгі
Болғанмен сырлы жылға әкең белді,
Жырыңды ұната ма, ұнатпай ма?
Құрап көр, жатпа қарап сенде енді
Қап таулы партиядай қамалың барп
Жау суық, ыстық алмай жарағың бар,
Жер жүзін адамзаттың аңсаттырған,
280
Алтын тақ өктәбірдей заманың бар.
Асыл адам
Біліп тұрып білдім деп тасымаған
Атын естіп көруге асық адам,
Ауызбенен суреттеп, тілің жетпес,
Кішіпейіл мкімге де ашық адам.
Ақыл менен ойыңа сыймайтұғын,
Жаннан өзге жаралған басым адам,
Жүздескенде жүрегі дұшпанның да,
Бола алмаған қарсы келіп қашық адам.
Санасымен салмағы салған жолы,
Болат қайнар отқа да жасымаған
Қалдырған із артына өшпей-тұғын
Ойға алғаны орындалған асыл адам.
Айнала кеп ажал тор қамағанда,
Сескенбеген сезініп батыр адам,
Қараңғылық пердесі басқан күнде
Жарық еткен сол ғана ашып адам.
Бір өзіне сияқты орналасып,
Туа бермес мұнан еш асып адам,
Кім екені көрініп тұрған жоқ па?
Тек қана Ленин ғой асыл адам.
Тұманды түнде кім туды?
Түнекті тұман басқанда,
Шалдығып, шаршап қамығып,
Жөн таба алмай зарығып,
Әлсіреп тәннен әл кетіп,
Өмірден тірлік сән кетіп,
Тұрғанда сорлап, тарығып
Не істерін білмей сасқанда,
Жеті басты жалмауыз,
Жиіркенішті қандыауыз,
Ысқырып зәрін шашқанда
Тұтқасы аспан тіреген
Шеңберін жердің шіреген
Маңайыма келші деп,
Қылышын тасқа білеген.
Кернеген үнмен нұр шықты
Ауызға бұрын тимеген,
Ешбір жан сезіп білмеген,
Үлгілі кеңес жыр туды
Түшіркенген түсінікті,
Ерекше өрен тіл туды.
Жасыған көңіл жадырап,
Жай тауып жаны маужырап,
Албыртып алға ұмтылды,
Таудан, қырдан жоғары,
Еңсесі биік құз тауды,
281
Жадырап жайсаң жаз болған,
Қуанышқа бөленіп,
Масайрап адам мәз болған,
Қаңқылдап күні жаз болған,
Қайырлы күні жаз болған,
Қайырлы қамсыз жыл туды,
Әділеттен шапағат,
Етерліктей қанағат,
Жүректі жара қуантып,
Өксіген жанды жұбантып,
Егіз болып бір туды.
Ғасырлар бұрын жасаған,
Дажалдай жалмап асаған,
Темір тор да қырқылды,
Бұл жағдайға келтірген,
Өлшеусіз біткен санасы,
Адам шыққан данасы,
Ақыл-ой ділмар шешендік,
Бірге біткен өзімен,
Еңбекші елдің жүрегі,
Бір ғасырдың арасы,
Келешек күннің бабасы,
Ленин деген ұл туды.
Өмірден көргенім
Қырық жылдың ар жағында едім бала,
Елестеп тұрғандай-ақ алда жаңа,
Көз көрген көлеңкесі қалды есімде,
Білген кез бөтен емес, есті шала.
Сақал мен шашы ағарып, жетпіс асып
Кәдімгі шал болыппын мына қара.
Көрініп көзге куә тұрсадағы,
Қарттықты мойындағым келмейт жәна.
Не көрдің өміріңде айтшы қане,
Өткіздің өз басыңнан қандай сәнә.
Әр кімдер айтар кеңес, көрген кепті,
Шындыққа басын шұлғыр, қағып иекті,
Жымитып, жымдастырып тастайтындар,
Табылар сөзге шебер, тілге епті.
Меңіреу қара тұман бір кездерде
Деуге болды қара тұман басып кетті.
Халықтың қамыққаны қалды есімде,
Бірталай оғандағы күндер өтті.
Тіледі, жұрт жылады шыныменен,
Һәм көңіл, һәм ықлас тіліменен.
Жарқ етіп рауан шашты күн жадырай,
Шеңберден шыққан дабыл үніменен.
Ат қойып, жыл басына айдар тағып,
Айтуға тілім жетпес түріменен.
282
Мәз-майрам шаттықта жұрт маужыраған,
Өктем іс өзімшілдік қаңыраған,
Құшақтасып, қуанышпен досын танып,
Туғандай бір анадан жамыраған.
Не ішеді, не киеді мұқтажы жоқ,
Көрмейсің ешбір жанды жарымаған.
Достарыңызбен бөлісу: |