Айбек қалиев



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата28.12.2016
өлшемі2,1 Mb.
#669
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Сомтемірдің  Ғалымына 
 
Жүрсің бе сау сәлемет Ғалым жігіт, 
Сөйлесе сөзі отты, жалын жігіт
Әкеңе дүңкілдеген даусың ұқсас, 
Қалған екен сол ғана сарын жігіт. 
 
Кешқұрым екеуіміз кездескенде, 
Ағыздың арақ-шалап бәрін жігіт, 
Қаңғып кеп ауызыңа қайдан түсті, 
Келместі орындауға әлің жігіт. 
 
Сен маған ауыр сөзге барсаң дағы, 
Ақ шабдар есептеймін қанық жігіт. 
Әрқашан ризық, міндет жаратқанда, 
Сенімің болар оған кәміл жігіт. 
Жабысып айрылмайды деп ойлама, 
Ол жайым өзіңе де мәлім жігіт. 
Әкеңнің әкесін де көзім көрген, 

 
297 
Деуге аузым бармайды сені залым жігіт. 
 
Игілік Абдуллинге 
(деректірге) 
 
Игілік сынып жатқан мен бір шалмын, 
Жоқ жерде мүгедек боп қалған жанмын, 
Тап беріп тар кезеңде ұстап алды, 
Ортасына аунатып бейнет шаңның. 
Ойда-жоқта опыр-топыр орнап қалып, 
Айта алмай еш нәрсені қалдым даң-дұң. 
Белгісіз бейнет шіркін ұстап алды, 
Бүркіттей басып қалған сыртын аңның 
Үйіме жеткізуге жағдай қара, 
Еске алып арызын Ахметханның. 
 
 
 
Гүлшираға 
 
Гүлшира, главврач қарындасқа, 
Бейнетті адам тілеп сағынбасқа, 
Көмекке сіздер еткен алғыс айтам, 
Жаңадан кездесуге жазым басқа. 
 
Біреуге тауқыметің түскенне соң, 
Шараң жоқ семьяңды сағынбасқа, 
 Ауылға жеткізудің мүмкіндігі, 
Сіздерден ондай жағдай табылмас па? 
 
Еңбек бар да, ақша жоқ 
 
Төрт ай өтті құрғақ еңбек, 
Қолға тиген ақша жоқ, 
Қағылды қалта, әмиян, 
Тиыннан түгел ақта боп. 
 
Хат арқылы мұны жазсақ, 
Редакция, газетке, 
Ұят болып жүрер ме екен, 
Қазақшылық әдетке. 
Еңбек ет те алма деген, 
Жоқ шығар заң советте. 
 
Әкелеміз банкіден деп, 
Бұғалтыр, кассир шабуда, 
Ақша тимей аңтарылып, 
Жұмыскерлер қажуда. 
 
Әлсін-әлсін оқталады, 
Ауданға арыз жазуға, 
Бола берсе осылай қалып, 

 
298 
Күнде ертеңге жүрсек нанып, 
Жағдайда тұр азуға. 
 
Елу тоғыз, алпысыңның, 
Және алпыс бір жылдары, 
Істеп жатыр ерте-кеште, 
Еңбекші қыз-ұлдары. 
Демалыстан еш хабар жоқ
Ол суалып құрғаны. 
 
Қыста қарды, 
Жазда желді, 
Жұтып тамақ болар ма, 
Ауаменен қорек етіп, 
Жағдай сірә, оңар ма? 
 
Арапша танымаймын, бір балаға 
жаздырып беріңіз дейді 
 
Сыпайы сызатын, жазатын бала таппадым, 
Болса да ауыр оқуға өзім болды тапқаным. 
Егделеген ағаңның порым әріп шотбағын. 
Жас алпысқа келгенше ешкімге жала жаппадым. 
 
Халық біледі жәйімді, Ешкімді тілмен шақпадым, 
Түсіруге біреуді, құрылған емес қақпаным. 
Келгеніңе жыл толды, кімнің қалай екенін, 
Боларсың білген ақпарын. 
Көтермеймін бірақ та, төзе алмаймын шыдап та, 
Кісімсіген батпаның. 
 
Жазықты тілім 
 
Біткенің неге маған сорға тілім, 
Болмадың майда жұмсақ, жорға тілім, 
Жылпылдап, жылмаң қағып жағымпазсып, 
Өтпейсің ел ішінде зорға тілім. 
 
Не пайда айтқырлықтан таптың тілім, 
Дей алман ащы тілмен шақтың тілім, 
Қаралап қағаз жазып не куә болып, 
Дей алман жанға жала жаптың тілім. 
Ауылда құлқын құмар болғандарға, 
Айта алман еш уақытта жақтың тілім. 
 
Қылыштай қынаптағы өткір тілім, 
Алмастай шыны тілер кескір тілім, 
Жөн екен мына сөзің деген бар ма, 
Ендігі қойған жерде тек тұр тілім. 
 
Бір құрдасыма 
 

 
299 
Жаратқан сені құдай құрдас етіп, 
Несіне туғызды екен жолдас етіп, 
Жылдық па, тоқсандық па, адам кем болып, 
Сондықтан есепке алған бір бас етіп. 
 
Жалқау мен еңбек 
ртерек тұрып бір күні, 
Тысқа шығып жалқау, 
Ерініп аяқ басуға, 
Жүріп келеді салқау. 
 
Көріп қалып еңбекті, 
Уа, кімсің, бері кел депті. 
Сонда айтыпты еңбек, 
Шақырасың кел деп, 
 
Уақытым жоқ баруға, 
Жұмысымды жатырмын жөндеп, 
Жолымнан шақырма, 
Бекерге уақыт алдырма. 
 
Оу, тілдесейік шырақ
Менде көп сан сұрақ, 
Айтқанға толық жауап бер, 
Ашуланба бірақ. 
 
Білмейтін кісің мен емес, 
Ешкімнен тіпті кем емес, 
Дұрыстап тілдесейік, 
Түсінісіп, бірлесейік. 
 
Көніңіз айтқан ақылға, 
Бұрын да сізді көріп ем. 
Үлкен деп сәлем беріп ем, 
Мұндай емес ол кезде, 
 
Шіреніп басар керік ең, 
Кежегең кейін тартып, 
Аузыңа түскенді тантып, 
Қолыңды бір сілтеп кетіп ең. 
 
Танымадым расы, 
Адам сиқың кетіпті, 
Кері тартқан жалқаулық, 
Түбіңе тонап жетіпті. 
 
Алдамшы өмір 
 
Өтіп жатқан белгісі жоқ өмірдің, 
Жайнап ұшқан күлі құсап көмірдің, 
Желді күнгі толқындағы қайықтай, 
Тұрақтайтын мекені бар ма көңілдің... 

 
300 
 
Белгісі жоқ өткен күннің бірі де, 
Өтіп жатыр талай уақыт тіріде, 
Келсе аларман жағдайыңа қарамас, 
Тұра тұршы дегеніңе кідіре. 
 
Сонда алысқа қош айтысып кетпексің, 
Ойнап, күліп, сөз сөйлеуден өшпексің. 
Жанашырдың көз жасына қарамай, 
Жетегіне оның жүрмей не етпексің? 
 
Қайнекей ауырып қалғанда 
Айнымас ағаң әр кез тілегіңде, 
Саялы сақтаулысың жүрегімде. 
Әрқашан амандықта болып әркез, 
Сәламат саулықтың бол тірегінде. 
Шығанда шегі болмас адамда аррман, 
Берер деп үміткерміз тілекті алдан, 
Жаратқан жазылуға себепкер боп, 
Шаттықта кездесуге етсін дәрмен. 
Теңізге көз жеткісіз тілекті айдын, 
Телміріп тесе қарап қызыл жардан, 
Көңілдің көлеңкесі айнадағы, 
Жерім жоқ жетімсіз жол алып қалған. 
 
 
Қараман Әбіқаев әскерге алынғанда жазған хаты 
 
Сәлем айтып хат жаздым көкем саған, 
Кездесуге пұрсат жоқ уақыттарың, 
Он тоғыздан бір ата, бір анадан, 
Алды- артында мен ғана жалғыз қараң. 
 
Амандықпен әрқашан жолығайық, 
Жел жақтағы арқамда асқар панам,  
Кешіріңіз кемістік ісім болса, 
Дақ түсірген көңіліңе болса жарам. 
 
Өзім үшін келгем жоқ бұл дүниеге, 
Отанымды қорғауға кетіп барам, 
Көппен көрген ұлы той қандай қызық, 
Уайым етпеіңіз ешбір алаң. 
 
Қараманның хатын алғанда 
 
Хабар алдым хат жазған қалқам сенен, 
Өтінесің ғафулық жаным менен,  
Қанат құйрық көзімнің қарашығы, 
Бұзды асқар тау көңілді көкем деген. 
 
Еш уақытта көңіліме сақтамаймын, 
Анау-мынау еркелік болса деген, 

 
301 
Абыройлы әрқашан амандықта, 
Сәламат саулықта мүше-денең. 
 
Аманат жан ұяда аман болса, 
Тәрбие қалып келердей оған сенем. 
Екі жүзді қылышым нар кескендей,  
Қайтпайтұғын қалқашым асыл, терең. 
 
Ақ сүтімен анасы баққандай-ақ, 
Ширатылып шынығар қыран денең. 
Жаратылыс жағдайың бар болатын,  
Еш нәрседен қорықпайтын етіп елең. 
 
Алып қалмай алаңсыз тілекті айтып
Құтты болсын айтуға енді келем.  
Құтты болсын армия сапрыңыз 
Бақытты бол бәріңде қатарыңыз 
Еңбекші ел геройы атаныңыз. 
 
Елуге 
 
Дәл биыл келіп тұрмын елу жасқа, 
Таппадым татыма бар өнер басқа, 
Таңдамай таңдайыңа татып дәмін, 
Тигендей тоқырадың тағаң басқа. 
 
Жастықтың топырлаған дәулетінде, 
Өзекті бола алмапты сенде баста. 
 Ермектік келсе қолдан бірер ауыз, 
Кейінгі балаларға жазып таста. 
 
Қызықты ел ішінде елеулідей, 
Ән салдың домбыра алып он үш жаста. 
Шілделік, тартыс және той дегеннена , 
Қалмадық маңайында болса аста. 
 
Күмпиіп көтерілдік пәлі десе, 
Па сабаз, жігіт-ақ қой әні десе, 
Жаттама өлең-жырды төпеп бердік, 
Естиік жіберші енді кәне десе. 
 
Ісің тазы, мылтық жастай сүйген, 
Ол жағы ұзамай-ақ табылды үйден, 
 Сымбатты сұлу тазы, түзу мылтық, 
Жерің қолқа қолға тимей аузың күйген. 
 
Құлаштап жетсе тазың жұмарланып, 
Алдыңда алтайы жүрсе бұраң қағып. 
Көңілің де көтеріңкі күлкі сонда, 
Қызықтап қызығына құмарланып. 
 
Па шіркін, бұл іс қолға түспей жүрген, 

 
302 
Ғұмырым болса алда күдер үзбен. 
Ақ иық, мұз балақты ұстарма еді, 
Аң қағып, аспанды өрлей қанат сүзген. 
Топшысын қомдай түсіп басып жатса, 
Ит алған ол қызық-ау бірі жүзден. 
 
Алпыс беске 
Келгенді аңдамаппын алпыс беске, 
Уақыттың ауған кезін түстен кешке, 
Қайтерсің ұяты жоқ арсыз көңіл,  
Тұрғандай бал дәурен кешгі есте. 
 
Бір кезде секілді едім жігіт-сері, 
Жоқтай еді қай жағымнан ешбір кемі. 
Жан-жақты жігіт болған екен-ау деп, 
Айтқандай осы күні кімдер мені. 
 
Тақтайдай сырт сүйектің сын кетті, 
Киімнің секілдімін жыртық жеңі. 
Самай-мұрт қырау басып, аға жеңіп, 
Әжім бар айғыз – айғыз сызық тері. 
Шапата қайрат болды шапыр- шұпыр, 
Күресте жығып жүрдік қапыл-құпыл, 
Ән салып, мылтық атып, ит жүгіртіп, 
Ақ қарда ат тұяғы шықыр-шықыр. 
Ырзамын бергеніңе жаратқаным, 
Соларды бердің маған, еттім шүкір. 
 
Табылған сөздің таңбасы 
Ақын мен шешен табады, 
Сөйлем сөздің мүсінін. 
Дәл кигізіп қойғандай, 
Келтіріп тонның пішінін. 
 
Шымбайыңа шым батып, 
Қандырар айызын кісінің, 
Әділеті адамның  
Шапқаты болар ісінің. 
 
 
 
Ойда жоқта 
 
Кез болып қалар кездер бар
Жылжыған жылмаң сөздер бар,\ 
Тауары тәуір деп жүрсең, 
Бояима шығар бөздер бар. 
Дос болып бүгін, ертеңге, 
Ажарсыз ала көздер бар, 
Сенімді кісі саналып, 
Үстіңнен өсек таратып, 
Сырғыма сырлы сөздер бар... 

 
303 
 
Көп қараймыз 
Көп қараймыз ауылда, 
Ажар менен беделге, 
Құтыламыз біз қашан, 
Осындай жігіт көп елде. 
 
Қарамаймыз қайырылып, 
Өзіңнен өзге төменге. 
Бригадир болса да, 
Санаймыз оны еренге. 
 
Өзгені жөндеп санамай, 
Жаратылыс көлемге, 
Өйтіп асар жерің жоқ, 
Саналар адам кезің жоқ, 
Сөйтіп жүріп бір күні, 
Дем біткен күні өлемде, 
Ауылдан шығып кете алмай, 
Арманда болып жете алмай, 
Жүргенде сөйтіп өлемде. 
 
Бір оправқа 
 
Қарағым, өтірікке ұялмадың, 
Барма еді мұндай сөзден сый алғаның, 
Осынау құрғақ күлкі түпкілікті, 
Өнердейт еш уақытта тыя алмадың. 
 
Шімірігіп өтіріктен жеркенбейсің, 
Өзіңше жұрттан артық білгендейсің, 
Түймедей көрсең – дағы біреу мінін, 
Басыңда түйедейді бір көрмейсің. 
 
Семірме күнделікті тапқаныңа, 
Түрткісіз тұнық елде жатқаныңа,  
Осындай жағдаймен жүре берсең, 
Түсерсің бір құлқың қақпанына. 
 
Ажарың алтайы деп көрер көзге, 
Жайдары жігіт-ақсың жаннан өзге, 
Тең түскен төрт аяғың бірдей жорға, 
Байлаусыз баяны жоқ жалған сөзге. 
 
Керегі саған адам сағатында, 
Естесің айтқаныңа баратын да. 
Артынан он тиындық қажеті жоқ, 
Қаласа да жеті қат жер қабатында. 
 
Сұмдық сұйықтыққа адам өтпес, 
Істеген істерің бар саған көктес. 
Көрмедім ес білгелі сендей жанды, 

 
304 
Түбіне өтіріктің адам жетпес. 
 
 
Қазиханның жалғыз баласы армиядан келгенде... 
Жеңісің құтты болсын келісімен, 
Оралсын ақ жағдайға кеңісімен, 
Шартарап шаруашылық шалғай болмас, 
Биігі таудан ассын ерігіңмен. 
Жеріңнен өз ойлаған артық болып, 
Құдайдың құтыла алма берісінен. 
 
 
Қарттыққа келер ме қайтып жас дәурен 
Болғанмен серпінді ашып, көңіл ояу, 
Қатарда қалып барады селдір-сояу. 
Арынды ағын алып кетіре алмас, 
Сақал-мұрт, сақал шашта аппақ бояу. 
 
Білмеймін бұлар бұрын қайда кеткен, 
Өткен іс елестеп тұр кешегі кеткен. 
Талайға табысты кет, ай бауырымдап 
Сағынып жүрген болар сірә көптен. 
 
Мирастай жұмыс болып келгенде деп, 
Менің де бұған айтар жоқтай өкпем. 
Келер ме қайта айналып, жастық шіркін, 
Жеткендей жыл айналып жазға көктем. 
 
Келдің бе мінекейін қайран қарттық, 
Етектен ұстадың да мықтап қарпып, 
Құтылу енді сенен болмас оңай, 
Байладың желі қағып арқан тартып. 
 
Па, шіркін, сенің біткен келбетіңе, 
Парақтай ұстадың ба жер бетінде, 
Қараша қарсы келген кім де болса, 
Қараған шал дегіздің ел бетіне. 
 
Айтысып, шал болмасқа амал барма, 
Тіл келмейді сені даттап жамандарға. 
Жеңімпаз атағың бар ертеден-ақ, 
Күресіп күрсін асыр бар ма шама. 
 
Жас дәурен қайта оралмас жыласаң да, 
Қиынға, қияға өрлеп бұласаң да. 
Қайтарып оны ешкім ала алған жоқ, 
Бермейді саған қанша сұрасаң да. 
 
Хабарсыз қапылыста жау жетер, 
Кім-кімде бұл сөздерді демес бекер. 
Күлкі-ойын, сауық-сайран бәрі бітіп, 
Жарық күн жаққан шамдай сөнер- кетер. 

 
305 
 
Уақытша дем бітпеген жүрген жәй бар, 
Азықсыз өтті- кетті жылдар –ойлар. 
Қарны ашқа қанағатты өзі берсін, 
Дәулет кем алға басып ол жаққа айдар. 
 
«Яуза» магнитофонын алғанда 
 
Ән салып бастайыншы аздап кеңес, 
Көргендер онша артық, бөтен демес. 
Жүйріктей өрге шапқан шамырқанып, 
Дауысын сілтеуші еді асып белес. 
 
Бүл уақыт көзім болды тартқан тарлан, 
Таусылмас адамзатқа айтып арман. 
Өтермін дүниеден менде бір күн, 
Аларман алатұғын келсе парам. 
 
Сол күні кетермін мен елден жырақ, 
Тірліктен тебіренген сөнер шырақ. 
Жоғалып жоқ боп жүдә құрымаса, 
Балаларым, әкең дауысы тұрар бірақ. 
 
Әкеңнің дауысы өалар азынаған, 
Ол – бұлсыз келген дүние қазынадан, 
Апырау солай болған жан екен деп. 
Ой бөлер ой көзі бар сазына адам. 
 
Сөйлесіп мен өлгендеүйде осы, 
Жиналар дәл осы күні дұшпан –досы. 
Қадірмен қатар құрбы, замандастың, 
Болмасын суық салқын ажар күйде. 
 
Кабірден қайтқан жандар кіріп үйге, 
Бір кіріп, біреу шығып үйме жұмыс. 
Қайғырып қабақ жауып салбыраңқы, 
Болмасын суық салқын ажар күйде. 
 
Күркіреп көк жарғандай үн де қалар, 
Опарып ойын күлкі мұнда қалар. 
Батырған жиын топты мерекеге, 
Атрында сондай болған күндер қалар. 
 
Әуелде адам оттан жаралғаны, 
Пенде болып есепке алып саналғаны. 
Құранда күнфаякүн аяты бар, 
Ғалам боп он сегіз мың таралғаны. 
 
Тоқтасын ұзатпайын мұны жалғап, 
Салалап айта берсек көп кой тармақ. 
Он саусақ өрмелеші ән мен күйге, 
Түсейін сендерге де енді аяңдап. 

 
306 
 
Аз сөзі ағайынға ахметханның, 
Білмейді не боларыналда халың. 
Дұғадан еске алуын үміт етем, 
Баласы болған мүмин мұсылманның. 
 
Торғайым 
 
Жырлайды ақын туған, өскен жерінен
Татымы бар тәрбие алған елінен. 
Болмасам да күшті ақын олардай, 
Туған ұлмын менде Торғай белінен. 
 
Жер болып су аққалы аты Торғай, 
Салмағы, сапасы бар бейне қорғай. 
Қай кезде, қай уақытта салыстырсаң, 
Бұл Торғай қалған емес тариз болмай. 
 
Аты Торғай болғанымен ісі қыран, 
Секілді қара ішінде жалғыз қылаң, 
Кешегі он алтыншы жыл болғанда , 
Айқайлап азаттыққа салған ұран. 
Бұғауда босануға қам жасаған. 
Құртуға ахжаһаны улы жылан. 
 
Кез болды тілегіне совет елі, 
Ойына орындалды алған жері, 
Еңіреген еңбекшіге қосылды кеп, 
Әліби Жанкелдіұлы туған ері. 
 
Лениннің сонда халық естіді атын,  
Елге әкеліп таныстырды жазған хатын, 
Еңбекші ұмытпайды өлгенінше, 
Өмірдің Ленин берген салтанатын. 
 
Азған ауылға 
 
Бір кезде күрлеуіттей гүрілдеді, 
Өрт тиген қау көдедей дүрілдеді, 
Түшкірсе сыба 
йластар әмин деп,  
Ылдидан шапса өрге сүрінбеді. 
 
Биледі ол совхозды жалғыз өзі, 
Не айтса қабыл болды басшы сөзі 
Жан болса бірлі-жарым ербеңдеген 
Қадалды қарғысымен оты көзі. 
 
Талайды талмайсытып шарпып өтті, 
Істеді кемелді ойға азды-көпті, 
Тұзаққа көгершінді іліктіріп, 
Сып етіп  сым сарайдан өтіп кетті. 
 

 
307 
Мен 
Жан емес ие болған гонорарға, 
Күш қайда ақын атақ саналарға, 
Ұлы күш дүлей дарын болмағанмен, 
Кейінгі керекке асар балаларға. 
Шатысып шапқандай-ақ айға арыстан 
Өз әлін адам біліп шамалар ма? 
Мынау шал тантырапты дей салсаңдар
Тұрарлық оған қарсы шама бар ма? 
Анаңа барып түссе азғана сөз,  
Белгісіз не айтылар қарағанда. 
 
Көп жазсам балаларым, шырақтарым, 
Өлеңге жеткілікті сынақтарым. 
Менде жоқ лирикалы лебізді тіл, 
Қазақша қалпы өзімдей бір-ақ сарын. 
 
Шал сақа бойдақтарға 
Қыз тегін,осы күнде кемпір қымбат, 
Тіпті оны тауыса алмайсың алты ай жырлап. 
Алды елу, отыз бес пен қырықтағылар, 
Әлі жүр бойдак болып  бес-он жылдап. 
 
Бұлар жүр сақырлаған сақа бойдақ, 
Түбіне жете алмай жүр айдан ойлап, 
Табылу ел ішінен қиын боп жүр, 
Аспаса бөтен жұртқа манғұл-ойрат. 
 
Балалық шақ 
Балалық шақ, 
Алтыннан қымбат шақ, 
Ешнәрсе ойда, 
Көңіл сондай пәк. 
Апырмау сол күндерден, 
Бір белгі қалсайшы уақ. 
Қайырылып қанша іздесем,   
Таппадым сендей бақ. 
Ол қайтып саған келмесіңді, 
Қайырылып көмек бермесіңді, 
Мейілім қаппай шап. 
   
Есейіп өсіп, ер жеттім, 
Өмірге шықтым жел беттің,  
Уайым-қайғы болмады, 
Қанбады ойын толғағы, 
Дүниенің ұжмағы, 
Балалық дәуір солдағы, 
Шыбықты мініп шәужаулап, 
Тайпалтқаны жорғаны, 
Ойсырап жатыр орыны,  
Балалық дәуір қорғаны 
 

 
308 
Інім Бауыржанға 
Алпыс жас құтты болсын жан бауырым, 
Тілектес тәтті өміріңе бар қауымың, 
Тірлікте баса-көктей жаншып-жайпап, 
Кешірсін рахаттың кең сауырын. 
 
Күрестің кек жолында ажал өтпес, 
Толассыз араласқан жермен-көкпен, 
Жеткенше мақсұдқа, ойға алған, 
Дем алып басылмады өктем өкпең. 
 
Мамырлап майданда да майырылмадың, 
Қиындыққа қамығып, қайғырмадың, 
Улы жылан ордасын қақыратып, 
Халыққа көңіліңді жәй қылғаның. 
 
Жасай бер, жалындай бер елдің ері
Келмесін екі елуден жасың бері, 
Екі жүзді нар кескен ақ балдақтай, 
Мәдениеттің болдыңыз қаламгері. 
 
Жетпістегі қарағым, мен бір ағаң, 
Азсынбассың шырығым, осы-ақ шамам. 
Қанатымен су шашқан қарлығаштай, 
Аз ғана жол атыңа сыздым қалам. 
 
Бастықтарға  
  
Бастықтар жұмыс істетсе тілін тауып, 
Кетпесе шамырқанып, қатты шауып, 
Қасында қара болып жүргендерге, 
Жылы рай беріп қойса ауық-ауық. 
Керегі бар халықтың, қараның да, 
Ішінде бар жақсысы, жаманы да, 
Үзенгілес жүрмесе өзіменен, 
Қармайтын жағдай бар шамалыға. 
 
Бастықтар айтатыны әкең аузы, 
Санаспас естушіге жеңіл-ауыры, 
Праволы адамдар боқтасып деп, 
Бекітіп алдырған ба олар қаулы. 
 
Ал сонда қайда дейміз мәдениет, 
Боқтауды жөн дейміз бе қағып иек. 
Өзім түгіл өзгеге жеткен боқтық, 
Жаныңа жара салып ауыр тиет. 
 
Елу жылға 
Жарты ғасыр құтты болсын халқыма,  
Жыр бұлағы таудан асып сарқыра , 
Мерекесі ұлы Отанның октәбір,  
Жер жүзіне шұғыланды шаш, жарқыра. 

 
309 
 
Домбыраны қолға алып , ән салып 
Алатаудан аса даусын арқыра,  
Маркспенен және Энгельс, Лениннің , 
Мәңгі өшпейтін салған жолы ортаңы .  
 
Октябрь деп бар адамзат жырлайды
Ескен жел де октябрь деп тынбайды, 
Жердің жүзін әдлетке шақырып, 
Атой беріб аспанға қол бұлғайды. 
 
Жүз жылға 
 
Ғасырдың жеттік бүгін толуына, 
Маужыраған мейрам күннің болуына. 
Ойдағы бір арманды жайғастырып, 
Тілек бар құтты қоныс қонуына. 
Жүз жылға толды бүгін көсеміміз, 
Данышпан жер жүзінде шешеніңіз, 
Келетін келешекке біз тірілер, 
Кетікке қаланатын кесегіміз. 
 
Жасасын ұлы көсем салған жолы, 
Теңемес жер шарында ешкім оны 
Лениннің алып асқан қаратымен, 
Сөгілді еңбекшінің темір торы. 
 
Қазіргі өмір көрмеген ұйқы-түсте, 
Арман  еткен іс еді-ау бұл бір іште. 
Бұл өмірде орнатқан шексіз ақыл, 
Алғыс айттық жүректен осы күшке.  
 
Байзақов Исаға 
Исаның ақындығы тасқын бұлақ, 
Жарықты жарқыратқан жырдан шырақ, 
Долданған дүлей жатқан ол Днепр, 
Алғандай анық жөнін кімдер сұрап. 
 
Еш адам тірісінде тең келмеген,  
Басқа ақын ойламаған деңгей кемел, 
Ұрасын аспан жердің қапсырғандай, 
От шашып аузымен шеңгелдеген. 
 
Жыр мен сыр айтқан сайын үдеп кеткен,  
Шеңберден шектен шыға шіріп кеткен, 
Шаңдатқан шабысынан байып көрмей, 
Көрсетпей тозаңын да сүмектеткен. 
 
Кезінде келе алмаған ешкім теңдес, 
Исадай жырды төгу қолдан келмес, 
Туыптыжеке дара не деген жан,  
Меніңше таба алмаспын оған теңдес. 

 
310 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
 Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 340 б. 
2
 
 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 250 б. 
3
 
 Бектемісов Н. Ахмет ұшқан алтын ұя. – Астана: Елорда,    2001. – 200 б. 
4
 
 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 
5
 
 Байтұрсынов А. Жоқтау. – Алматы: Жазушы, 1993. –  180 б. 
6
 
 Мәуленов С. Сыр мен жыр. – Алматы: Жалын, 1991. – 260 б. 
7
 
 Оспанов С. Ахметтің өскен ортасы // Қостанай таңы. 2002, 21 маусым. 
8
 
 Ахметбеков Н. Жұмабай ақын // Большевиктік жол. 1947, 12 сентябрь. 
9
 
 Егеубаев А. Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 272 б. 
10
 
Жыр-дария. – Ақтау, 1995. – 594 б. 
11
 
Нысанбай жырау Кенесары – Наурызбай // Қазақ әдебиеті, 1991, №3. 
12
 
Тарихи жырлар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 300 б. 
13
 
Әлмағамбетов Б. Таңат Сейдахмет ақын // Торғай таңы. 1993, 6 наурыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет