Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет158/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181
Болман мен Несігүл. Айтыс 1905 ж. өткен. Айтыстың орын алу тарихы ОҒК 
(237-бума, 5-д.) және ӘӨИ қолжазба қорларына (244-бума) Болман Қожабайұлы 
арқылы жеткен мәліметтерден белгілі болады. Атап айтқанда: ОҒК қолжазба 
қорына айтыс мәтінін 1946 ж. Болман ақынның өзі тапсырған. Ал ӘӨИ қолжазба 
қорындағы осы тақырыппен сақталған мәтін екеу болғанымен, негізі − бір, ол 1940 
ж. Болман Қожабайұлының айтуынан жазылып алынған. Оның айтуынша, айтыс 
Оспан тауында, руы Найман Толысбай байдың тойында өткен. Несігүл сол кезде 
өзінің сіңлісінің күйеуімен қашып келе жатқан екен. Сол жиында Болман Қожабаев 
пен Несігүл қыз айтысады. 
Алғаш рет Ақылбек Шайхы құрастырған «Ақын Болман» атты жинағында 
жарық көрген. Кейін «Айтыс» жинағында (1988, 1-том) жарық көрді. Антологияға 
Қожабай Тоқсанбайұлы мен Болман Қожабайұлының шығармаларына арналған 
«Бізге де сөйлер кез келер...» атты жинақтан (93-97; 373-бб.) алынды.
Болман мен Тайжан. Айтыс, Болман ақынның айтуынша, 1914 ж. болған. 1965 ж. 
«Айтыс» жинағында тұңғыш рет жарияланған (2-том, 427-432-бб.). Осы басы-
лымды негізге алып, «Бізге де сөйлер кез келді...» жинағында жарияланды. Кейбір 
сөздердің берілуінде өзгеріс қана болмаса, мәтін − біреу. Антологияға кейінгі 
түзетілген мәтін бойынша Қожабай Тоқсанбайұлы мен Болман Қожабайұлының 
шығармаларына арналған «Бізге де сөйлер кез келер...» атты жинақтан (107-111- 
бб.) алынды. 
Иманжан мен Бибіғали қыз. Айтыс, Иманжан ақынның айтуынша, 1916 ж. 
шамасында болған. Айтыс мәтінін ақынның өзі ӘӨИ қолжазба қорына 1964 ж. 
тапсырған. Алғаш рет «Айтыс» жинағында 1965 ж. жарық көрген, осы басылымда 


375
Айтыс II том
мәтін соңында 1910 деген мәліметтің тұруы қолжазбаны баспаға дайындау бары-
сында байқаусызда кеткен қате болуы керек. Осы жинақ басшылыққа алынды (2 
-том, 433-442-бб.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет