Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет154/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181
Ешнияз Жөнелдікұлы (1834, Қызылорда обл., Қармақшы ауд. – 1902, сонда) – 
Сыр өңіріндегі салдық, күйшілік өнердің көрнекті өкілдерінің бірі. 


371
Айтыс II том
АЙТЫСТАР ТУРАЛЫ 
ТҮСІНІКТЕР
Жамбыл мен Айкүміс. Бұл айтыс 1872 ж. болған. Жаз айында Ақтасты жай-
лауында Есқожа ауылына Жамбыл ақын келген. Осы тойда сұлу қыз Айкүміспен 
кездескен. Жастар өлең айтып, алтыбақан теуіп, тарасқан. Антологияға Жамбыл 
Жабаевтың екі томдық шығармалар жинағынан (2010, 44-46-б.) алынды.
Жамбыл мен Сарбас. Айтыс 1885 ж. өткен. Верный (Алматы) қаласындағы 
Қожамберді байдың үйінде Жетісудың атқамінер болыс-билері, елдің игі жақсылары 
бас қосқан думанды жиын өткен. Осы топта Сарбас ақын ешкімге дес бермей оты-
рады. Осыған байланысты шапыраштылар: − Бұл өзі Жамбылмен шайқасып көрді 
ме екен? Шын ақын атанса, абыройын Жамбылдың алдында сынап көрсін, − деп, 
ұсыныс тастайды. Дереу Ұзынағашқа кісі жіберіп, Жамбылды алдыртқан. 
Ұсынылып отырған мәтін Жамбыл Жабаевтың екі томдық шығармалар 
жинағынан (2010, 79 − 114-б.) алынды.
*Ескерту: Айтыста «Байдабек» деген кісі аты кездеседі, бұл ақынның өзіндік 
сөз қолданысы болуы мүмкін деген оймен осылай қалдырдық.
Жамбыл мен Досмағамбет. С.Мұқановтың анықтауынша, бұл айтыс 1902 ж., 
ал кейінгі зерттеушілер (С.Садырбаев) 1907 ж. болған деп санайды. Айтыстың 
орын алу тарихы: Жалайыр елінің молда ақыны Досмағамбет Үйсіндегі нағашысы 
Көбісбайдікіне келеді. Оның ауылы Іле өзенінің солтүстігіндегі Арқарлы тауын ме-
кендеген. Осы ауылдағы отырыстың үстінен түскен Жамбыл мен Досмағамбет екеуі 
айтысады. Ұсынылып отырған мәтін Жамбыл Жабаевтың екі томдық шығармалар 
жинағынан (2010, 115-137-б.) алынды. 
Құлмамбет пен Жамбыл. Айтыс, С.Мұқановтың анықтауынша, 1881 ж., ал 
кейінгі зерттеушілер (С.Садырбаев) 1897 ж. болған деп санайды. Айтыстың шығу 
тарихы: Ұзынкөпір деген жерде бүкіл Жетісу аймағының билері мен болыстары 
жиналған. Сол жерде Жамбылды шақырып, Құлмамбетпен айтыстырған Есқожа 
руының Құдайберген деген кісісі (болысы). 
Ұсынылып отырған нұсқа филология ғылымдарының кандидаты Т.Әлібектің 
«Құланаян Құлмамбет және оның ақындық ортасы» атты монографиясындағы 
қосымша ретінде берілген «Текстологиялық саралаудан өткен мәтіндер» бөлімінен 
(228−240-б.) алынды. Оған ОҒК қолжазбалар қорындағы 317-бумада сақтаулы 
Ү.Кәрібаевтың нұсқасы негіз болған.


372
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет