Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет155/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181
Ноғайбай мен Зылиқа. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз, Ноғайбай 
ақынның өмірбаяндық деректері ескеріліп, осы басылымға енгізілді. Айтыстың 
шығуы тарихы баяндалғанда, оны Қара Ертіс жағасында, Сарманақ деген жердегі 
Әубәкір бидің үйінде өткен деп айтылады. Ақынның шығармалар жинағы соңғы 
жылдары «Отырар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жарық 
көрген. Антологияға осы орталықтың дайындаған «Ноғайбай Сүлейменұлы» атты 
жинағынан (22–24-б.) алынды. 
*Ескерту: Ақынның жинағын құрастырушылар: «Соңы табылмады. Қабанбай 
батырдың аты аталып, аруақ шақырған соң ел іші бөлініп кетер деп, айтысты 
тоқтатуы да мүмкін»,–деген түсінік берген. 
Ноғайбай мен Айбала. Айтыстың қай жылы болғаны нақты анық емес, бірақ 
ол Шілікті өңіріндегі Бұтабай қажының үйінде болған деп айтылады. Ұсынылып 
отырған мәтін «Ноғайбай Сүлейменұлы» (24 – 28-б.) атты жинақтан алынды. 
Айқын қыз бен Жарылқасын қожа. Жұмбақ айтыс. Айтыс 1880 ж. болған. 
Айтысқа қатысты мәліметтерді 1964 ж. тауып, жариялаған Мардан Байділдаев.
1908 ж. Қазан қаласында Хұсайыновтар баспаханасында 17 беттік кітапша 
болып шыққан. Айтыстың алғы сөзі мен соңғы сөзін өлеңмен жазып, баспаға 
дайындаған Шәймерден Нұрахметұлы Бәйкиев. Оның айтуынша, бұл айтысты ол 
1901 ж. Жарылқасын Сырманұлының өз аузынан жазып алған. Бұл айтыс 1908-
1913 ж. аралығында Қазан қаласында 4 рет жарық көрген. Кеңестік дәуірде айтыс 
жинақтарында (1-том, 1965, 318-325-бб.; 2-том, 1988, 183-194-бб.) жарияланған. 
Соңғы кездегі жарияланып жүрген нұсқа Қазан қаласында жарық көрген 1908 
ж. басылым бойынша берілген. Оны дайындаған тілші ғалым Арынов Тоқтар. 
Антологияға соңғы басылым, яғни «Айтыс» жинағы (2-том, 1988) бойынша 
берілді. Алдыңғы (1965 ж.) басылыммен салыстырғанда, мәтінде кейбір сөздердің 
қолданысында айырмашылықтың бар екендігі анықталды. 
Сарышолақ пен Сәлім. Айтыстың қай жылы болғаны нақты емес. Алайда, 
айтыстың шығу тарихы: «Жағалбайлы Дербісәлі − патшадан полковниктік шен 
алған, бай, ел-жұртына белгілі адам. Оның Лайық, Барлық дейтін балалары болған. 
Лайық Мырзағұл ауылындағы бір малшы қырғыздың келіншегін тартып алып, 
дес бермейді. Қырғызды ортамызға келген қонақ деп сыйлап, Мырзағұл қасына 
Сарышолақты ертіп, Дербісәліге келеді, әлгі келіншекті қайтарып алу үшін. Сол 
жерде, Дербісәлі үйінде оның Сәлім деген ақыны бұларға тиісіп, айтыс бастайды», 
– деп, аңыздалады.
Ақтөбе обл., Шалқар қаласының тұрғыны Оңдасын Үсеновтен филология 
ғылымдарының докторы Ж.Асанов 1997 ж. жазып алған. «Сарышолақ Боранбайұлы. 
Шығармалары» атты жинақтан (276 –279-бб.) алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет