Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет160/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   181
Мәулімбай мен Балаты. Қыз бен жігіт айтысы. Антологияға «Ақтөбе-шұрық 
мекенім» атты жинақтан (164-167-б.) алынды.
Кәрібай мен Әсет. Айтыс 1916 ж. болған. Айтыстың шығу тарихы: сол жылы 
тамыз айында Қаракерей түселіндегі (Көктұма сиязы) кезінде болған. Айтыс 3 күнге 
созылған. Сол кезде Жайсаңға қарасты Саты, Сайболат, Жұмық, Тәуке руларының 
болысы, руы Ақнайман Кәкім көзіқарақты адам болғандықтан, екі ақынның айтқан 
сөзін түгел жазып отыруға адамдар тағайындаған. Бірақ съезд біткен кезде жазған 
адамдар тарап кетіп, бас-аяғы түгел жиналмай, ел арасында үлкенді-кішілі бірнеше 


376
Қазақ өнерінің антологиясы
түрде, яғни толық емес күйінде тараған. Бейсенғали нұсқасы көлемдірек, оны 
1943 ж. Кәрібай ақынның үлкен ұлы Құнапияның жатқа айтуынан жазып алған. 
Әріпжан ақынның үшінші ұлы Сапиолла 1974 ж. жатқа айтып, қағазға түскен. 
1996 ж. Шатабай Кенжебайұлының айтуынан жазылған тағы бір шағын мәтін бол-
ды. Алтай өңіріне тараған мәтінді Асқар Татанайұлы 1960 ж. халық ақыны Бол-
мас Төлемісұлынан жазып алып, оны «Мұра» журналында (1983, №3) жариялаған. 
Және 1985 ж. Шыңжаң «Жастар» баспасынан шыққан «Қазақтың байырғы айтыста-
ры» атты кітапқа енген.
Бұған қарағанда, көлемі шағындау, бірақ екі ақынның өз руын асыра мақтап, 
екінші жақтқа және қарсыластың жекебасына тиісу жағынан мазмұны ұқсас нұсқа 
«Айтыс» жинағына (1-том, 1988, 163 – 165-бб.) енген, бірақ ол ұсынылып отырған 
айтыс мәтінін қайталамайды. Антологияға ақынның «Арман да, арман, шын арман» 
атты жинағынан (158-189-б.) алынды. 
*Ескерту: Кітапта «Күнін кес, мына дауды тез бітір - деп» берілген. Әңгіме 
құн кесу туралы болып отыр, бірақ кітапқа сүйеніп, осы жолды қалдырдық. 
Мансұр мен Дәме. Айтыс 1910 ж. болған. Қазақстанда кеңестік дәуірде 3 рет 
жарияланған. Сондай-ақ бір нұсқасы Қарақалпақстанда, 1995 ж. Ә.Пахратдинов, 
Х.Өтемұратова авторлығымен «ХIХ ғасырдың соңы − ХХ ғасырдың басындағы 
қарақалпақ әдебиеті тарихы» атты хрестоматияда жарық көрген. Тағы бір нұсқасы 
Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімі Ғылыми кітапханасының қолжазбалар 
қорында сақтаулы. Ұсынылып отырған айтыс мәтіні «Айтыс» жинағынан (2-том, 
1965, 303−325-бб.) алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет