96
Қазақ өнерінің антологиясы
Сарышолақ:
Көнбеспін, Тоқсұлуым, ыңғайыңа,
Батармын аша майдай шымбайыңа.
Сөздерің
ақ көжектей құмнан қашқан,
Мінің жоқ, қарап тұрсам, тал бойыңда.
Тоқсұлу:
Айтылған сөздерімді деме бекер,
Көп қарама бойыма, көзің өтер.
Сөздерің ұрысқақтың сөздеріндей,
Түбіңе зарылдаған тілің жетер.
Сарышолақ:
Секілді
айтқан сөзің маған шекер,
Деген бар, жастығыңда көңіл көтер.
Бір түнді меніменен өткізсеңіз,
Көңілің алып ұшып, әрмен кетер.
Тоқсұлу:
Сарышолақ, белгілі ғой көңіл құртың,
Ақ шалып, қырауланған сақал-мұртың.
Ботадай
керуенге ілесетін,
Жүрем бе өзіңменен, ой-бой, шіркін?!
Сарышолақ:
Сарышолақ сұлу қыздың жайын білер,
Кезің ғой жақсыменен ойнап-күлер.
Сұлудың тарпаңдары толып жатыр,
Мен − қырғи, бабындағы аққу ілер.
Тоқсұлу:
Тілеулер
қойын айдап, қыр жайлаған,
Біз едік егін үшін су бойлаған.
Малыңды мақтан тұта, шіренерсің,
Жүресің
ұшыр сұрап, сор қайнаған.
Сарышолақ:
Жоқшылық не істетпейді таршылықта,
Әркім шіреп сөйлейді баршылыққа.
Малыңды жау алды ма, жұт алды ма?
Күнің осылай өте ме жалшылықта?