100
Қазақ өнерінің антологиясы
Тоқсұлу:
Бұрғызғанда шойынжол ауылыңа,
Бір жақсылық болды ма қауымыңа?
Орыспен
ерте дос боп отырсыңдар,
Қарайлас біздей жатақ – кедейлеу, бауырыңа.
Сарышолақ:
Орыс келді, әуелі қала салды Елекке,
Мұжықтары қаба сақал, өлермендеу желөкпе.
Үйренгенше мысық табан жүрісі,
Ал, қазірде, біздің сөз жарамайды керекке.
Тоқсұлу:
Мұңыңды айтып,
әр нәрсені қақсама,
Найза алып, шаптыңдар ғой баста да.
Мен періште болғанменен сөз ұғар,
Барлық билік Петрборда, патшада.
Сарышолақ:
Барармыз ол жаққа да дәм айдаса,
Сіздей қалқа арт жақта қарайласа.
Патша да өз халқын
біздің елге бостырды ғой,
Сөз мәнін терең ойлап, абайласа.
Тоқсұлу:
Түлкіні құтқаратын көп айласы,
Әркімнің ойлағаны – бас пайдасы.
Көңілшек болса, ағалар, сырт басынар,
Айтпай сезер көңілімнің ішкі айнасы.
Сарышолақ:
Қырғи ем
дауылдата жалғыз ұшқан,
Кездестім құба үйрекке қапыл тұстан.
Сөзіме сөздерің сай, теңдесім-ау,
Сен бір жан, Тәңір айдап, жолығысқан.
Тоқсұлу:
Асылдар сөз маржанын түптен терсін,
Аңдамай
сөйлесең, тіліңнен таяқ жерсің.
«Ауылыма сөзім жүреді» дедіңіз ғой,
Бір сұрағаным, Мырзағұл түсіп, атын берсін.