Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет85/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181
МӘУЛІМБАЙ МЕН БАЛАТЫ
Мәулімбай:
Атақты сұлу келіншек Балатысың
Бұхардың дүрия мақпал манатысың.
Бағаңа бағаласам, жан жетпейді,
Құндызсың, судың сусар жанатысың.
Желғабыз жезтаңдайлы қаусырма жақ,
Сұқсырдың сусылдаған қанатысың.
Тартасың магниттей бозбаланы,
Құдайдың мінсіз қылып жаратысын.
Өзіңмен айтыспаққа құмар едім,
Ежелгі ақындардың санаты үшін.
Балаты:
Мәулімбай, таудың тағы қыранысың
Халқыңның бәйтерегі, шынарысың.
Ойлайтын ердің қамын, елдің қамын,
Көзі ашық ел-жұртыңның шырағысың.
Ақынсың алды-артыңды байқайтұғын,
Көреген сұлуларға қырағысың.


214
Қазақ өнерінің антологиясы
Асылды асыл тартып алатындай,
Менің де жақын тартып тұрады ішім.
Бұрыннан өзіңізге құмар едім,
Сөйлесіп, бір мәслихат қылар үшін.
Мәулімбай:
Балаты, тәуір көрдім сөзіңді енді,
Сыртыңнан естуші едім көзім көрді.
Базарда сүйген жанға сәлем берер,
Қаладым осы топта өзіңді енді.
Іздеген сұрағанға дегендейін,
Келтірдім, міне, бүгін кезімді енді.
Жүрегім сізге қарай аласұрар,
Құрбы деп жөн білетін сезімді енді.
Күмісті дәнекерлеп, жапсырып қой,
Кетпегің жерге тастап сөзімді енді.
Балаты:
Мәулімбай, бар іс қандай, жоқ іс қандай,
Қандайлық мұң-мұдаң бар болысқандай?
Белгілі сен де ақынсың, мен де ақынмын,
Болса да көңіл жақын қоныс шалғай.
Жаттық болмас жақсыда демеушімед,
Аспанда Ай мен Үркер тоғысқанда.
Мәулімбай:
Біріміз білмеуші едік бірімізді,
Болдық қой ұғысқандай сырымызды.
Торсаңдап жаман байың жүрмес пе екен,
Айтысқан ерсі көріп мұнымызды.
Соныңды шын жүрекпен сүйемісің,
Айтсаңшы сырласқанда шыныңызды.
Бір сөзге түйін тастап, белгілеп айт,
Алыстан шырға деймін мұныңызды.
Түлкідей қызыл алтай бұлаң қағып,
Білдірмей кетіп жүрме жымыңызды. 
Балаты:
Мәулімбай, бұл сөзіңе мен не дейін,
Өзіңдей жақсыларға мен де бейім.


215
Айтыс II том
Ақсақ қойдай маңырап түстен кейін,
Атадан бұрын туып, қалдың кейін.
Қажыдан тумай кеткір жаман болыс,
Жүр едің не бітіріп бұған дейін?
Кигенім аяғыма көк етігім,
Әйтеуір, жаман-жақсы өз етігім.
Болса да, ерім жаман, елім жақсы,
Жетілер соныменен кем-кетігім.
Мәулімбай, келуші еді бір кеңескім,
Сөйлестім сеніменен, бір теңестім.
Әкеңе мінез-құлқың түк тартпаған,
Мәулеке-ай, шыныңды айтшы, кімнен өстің?
Сенің де сырттарыңнан мен де естігем,
Жеткізші пайымына бұл кеңестің?!
Мәулімбай:
Балаты, жас шағымнан дүр боп өстім,
Ел үшін ән менен күй, жыр боп өстім.
Мен сенің сауалыңа түсінемін,
Пернені ұғынбайтын жынды емеспін.
Болса да, әкем – шеңгел, шешем – тікен,
Солардың арасынан гүл боп өстім.
Әкемді кім десе де, о десін жұрт,
Өз басым халқын сүйер ұл боп өстім.
Сен мені қағыттың ғой өлеңменен,
Дарынды бойыңдағы өнерменен.
Халқыма әділдікпен қызмет етіп,
Жорғалап жүре берем төбемменен.
Балаты, саған берер жауабым сол,
Кімсің деп сұрасаңыз егер менен.
Ойымда үш ұйықтасам жоқ ед менің,
Балаты өлеңменен сөгер деген.
Есіңе ал халқымыздың салтында жоқ
Құрбыдан күдер үзіп, өлер деген.


216
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет