Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет82/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   181
Мәулімбай:
Дейсің бе өгіз өлді, арба сынды,
Арбаға кім үйретті жармасуды?
Ноғайдың арбасына мініп алып,
Кетпексің адастырып андасымды.
Қораны тышқақ қойдай былғасаң да,
Байқадым шоқырақтан танбасыңды.
Көпеске тоқал болсаң, отырмассың,
Төрінде құрып алып малдасыңды.


209
Айтыс II том
Жүрерсің отын жағып, суын құйып,
Жығылып, сары ала ғып жамбасыңды.
Келтіріп тәубә-тәупиықты ауызыңа,
Күң қылар бәйбішелер хан басыңды.
Мұғлипа, түспес жолға түсіпсің ғой,
А, Құдай, аман қылсын мал-басыңды.
Мұғлипа:
Андасты сүймегенім, сүйгенім не,
Ноғайға тимегенім, тигенім не?
Араз боп андас, мырза шабысса да,
Күшіктің арадағы күйгені не?
Алқынып, арыныңмен тойға кепсің,
Өсекті қатын құсап сүйредің де.
Айтысып, ерегісіп, қызда нең бар?
Құдайың қуат берсін үйдегіңе.
Тәуір-ақ андас сөзін сөйлеп бақтың,
Қу сөзбен өй дедің де, бүй дедің де.
Мәулеке, мұндай сөзге барыспаушы ең,
Бір пәле түртіп келді-ау бүйрегіңде.
Мәулімбай:
Бәле жоқ саған деген бүйрегімде,
Бар ма еді сенің өшің үйдегімде?
Көпестің байлығына көзді тіктің,
Шешеңді әкеңмен [ен] биледің де.
Қышуы екі қолдың қанбаған соң,
Пұшпағын кәрі терінің иледің бе?
Өзеуреп, Мұғлипа, обықпағың,
Мені де лай суға тоғытпағын.
Арасын Андас, Мырза шу ғып жүрсің,
Құдайдан жақсы шығар қорыққаның.
Жалғыз үй кәрі көпесті арқа тұтып,
Екі елдің әруағына жолықпағың.
Алғандай алтын тауып арындадың,
Күйдіріп, әркімдерді жалындадың.


210
Қазақ өнерінің антологиясы
Қояды әркім теке өз лағын
Қыстырып әйелімді не ғылғаның?
Сұлусың, Мұғлипа, маған ти деп,
Дәл саған жерім жоқ қой шағынғаным.
Несіне кәрі байға қызығасың,
Жемейсің оның, бәрібір, қалыңмалын.
Әкең жүр бір басыңды саудаға сап,
Әйтеуір, көбейтсем деп алым жағын.
Көкпарға тартылатын лақ құсап,
Екі елдің додасына салынбағын.
Туардай келер жылы бала көпес,
Жуандап қалған екен қарын жағың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет