Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет86/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   181
КӘРІБАЙ МЕН ӘСЕТ
Кәрібай:
Алланың бір – Бісмілла – есімі, заты,
Пенденің Хаққа міндет ниғыматы.
Сөйлейін саясаттан біразырақ,
Бар болса, тыңдаушының иқуаты.
Сыпырған томағасын қыран құстай,
Жақсының көпке жеткен шарапаты.
Қызыл тіл қалай тартсаң – солай кетсе,
Жастықтың сол емес пе талап аты?!
Ал, енді, шіркін, көмей бипыңдасын,
Сөзімді дәмсіз айтқан кім тыңдасын?!
Қынаптан суырып алған наркескендей,
Қызыл тіл отыз тістен жылтыңдасын.
Қалмасын жаңа сөзім ескідей боп,
Орғиын күрең төбел бестідей боп.
Халайық, мені көрсе, бір таңырқар,
Бау көрген ақсабанда ешкідей боп.
Атадан Хақ бұйрығы бізге тумақ,
Атаның жұртқа мирас жолын қумақ.
Жылмиып жай отырсам, кім сыр білер,
Кетейін арғымақтай серпе зулап.
Ыңғайлы қанат – қолым сап алуға,
Жақсының жуық едім жамалына.
Азырақ жастан қалған бұл қыйқуым,
Үйренген ғадет қылып қамалымда.
Сөзімнің қала берсін ұмытылғаны,
Құп тыңда, мәжілісте елдің отырғаны.
Сөйлейін саясаттан білгенімді,
Демесең, қай Мұрынның құтырғаны.
Әуелі сыйынамын патша, құдай,
Шайтанның шариғаттан жолы былай.


217
Айтыс II том
Жеріне тоқты сойып, топыр қылған,
Бұлбұлы Орта жүздің мен – Кәрібай.
Біздің ел өсіп-өнген Қалба жайлап,
Сонылап, ел үдерер малын айдап.
«Тамызда Көктұмада сияз бар», – деп,
Бұл істен хабар тапты түгел аймақ
Бойында Көкпектінің көк шалғында,
Отырған Әуелекең бие байлап.
Сол кезде жиырманың төртіндемін,
Асыр сап жүрген кезім, құлынша ойнап.
Жетекте жас тайлақша жүрген кезім,
Кете қойған жоқ едім шығып бойлап.
Жайсаңға біздің болыс қарайтұғын,
Ояз деп он бесінші санайтұғын.
Десетін Нарын елі – Жанболатты,
Хабарасу болысын жанайтұғын.
Молайып, Байжігіттің өскен кезі,
Өзінен екі болыс тарайтұғын.
Жарымы – Байжігіттің арғы бетте,
Қытайға екі үкірдай қарайтұғын.
Осылай үлкендерден ұғуымша,
Санатқа кезім емес жарайтұғын.
Сиязға жүрмек болды болыс, билер,
Әр жерге дайындық қып тігілді үйлер.
Бәрінде тамашашы, әнші, күйші,
Әр жерде сыбызғы мен тартқан күйлер.
Көктұма жалғас екен Еміл, Бақты,
Жігітке жердің жөнін білген жақсы.
Қытаймен шекаралас орын – дейді,
Мәлімсіз сияз күні қанша, уақыты.
Байжігіт араласып Мұрынменен,
Санасып ерлер жағы білімменен.
Жүруге бір жүз кісі дайындалды,
Біреуден біреу естіп, білуменен.


218
Қазақ өнерінің антологиясы
Жүз кісі тәуекел деп түстік жолға,
Кейі аяң, кейі мінген кекек жорға.
Жүйріктен тұлпар шауып, бәйге алатын,
Будақтатып шығарған кез шаңды аспанға.
Жаңадан жүрген кезім өлең дарып,
Қолыма екі ішекті домбыра алып.
Атақты Көктұманың сиязына,
Дәм тартып, мен де бірге қалдым барып.
Көргенім сиязды осы қадам басып,
Именіп көрмеп едім, көңілім жасып.
Жылында мың сегіз жүз жетпіс екі,
Келіппін дүниеге есік ашып.
Келгенде он жетіге өлең айтып,
Үн қостым, домбыраға перне басып.
Ел жайын, ата жөнін, халық салтын,
Үйретті көп өнеге ақылдасып.
Алаңдап, бойым қызып тоқтамаймын,
Тұрғандай бір керемет жақындасып.
Келіпті Әсет деген ақын жігіт,
Мүмкін, – деп, – айтысуың болса нәсіп.
Барып ем Тоқжігіттің қасына еріп,
Атын баптап күтемін, бағып беріп.
Қажеті кезегінде боп қалар, – деп,
Үйреткен ата жөнін маған теріп.
Қазақша дәл тамыздың он бесінде,
Бойына Көктұманың түстік келіп.
Қатарлап тігілген үй, қайысқан қол,
Қарасаң, таңғажайып көз жіберіп. 
Найманның өскен жері – Қаракерей,
Дұшпанның көңілін басқан теңдік бермей.
Бәйгеге Найман баптап сан қосқанда,
Жері жоқ Кәрібайдың қалған келмей.
Болғанда атам – Байыс, анам – Мұрын,
Жеті атам Жолымбетке құйған нұрын.


219


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет