211
Айтыс II том
Екі
елге араша боп не ғыласың,
Сорлыға шоқпар тиер қағысқанда.
Таз елі дақпырт қылып құр мақтапты,
Мен сені теңеп жүрсем данышпанға.
Дұшпаны тура беттеп,
тап бермесе,
Жөніне кетед дейді арыстан да.
Дауымның басындағы мәнін ұқпай,
Қиғаштап, жүйрікпін деп, шалыстанба!
Мәулімбай:
Айтпайын десем-дағы,
болмадың ғой,
Кедей деп, өз теңіңді қорладың ғой.
Кедейден ажырасып, байға барып,
Үшінші
тоқал болсаң, сорладың ғой.
Шекеңді кәрі күйеу қыздырмайды,
Анық-ақ оған тисең, оңбадың ғой.
Құда
деп ат тартпаймын Қашағанға,
Не жетсін тыныш жүрсең, бас аманға.
Менен де сенің нәпсің үлкен екен,
Құмартып, ғашық бопсың жасамалға.
Жасты тастап, кәрі байға қатын болсаң,
Қазысын кекірерсің асағанда.
Болмаса, сенің мыйың ашыған ба,
Айтатын
сөзімді айтпай, жасырам ба?
Бетіңе іздеп барып, түкірермін,
Көпестің жүн сирағын қасығанда.
Сөзімнің ойымдағы барын айттым,
Әзірше қанағат қыл осыған да!
Достарыңызбен бөлісу: