Айтыс II том
Аталық атастырған жұртың еді,
Үзесің не себепті күдеріңді?
Жаңылдық:
Әуел айым, дегенде әуел айым,
Сіздерден аямайын тілдің майын.
Аталық, күдер үзбей, мен қайтемін,
Бұрынғы атастырған өлген байым.
Құдайберген:
Байың өлсе, мұрасы бар емес пе,
Ол да саған, қарағым, зар емес пе?
Аталық атастырған жұртың еді,
Кетем деген өзіңе ар емес пе?
Жаңылдық:
Рас-ау, кетем деген ар емес пе,
Қолыма жетектеген нар емес пе?
Аталық, мен қатарлың құрып қап па ед,
Таңғаның маған бүгін шал емес пе?
Құдайберген:_Ағамды_дұшпандықпен_кәрі_дейсің,_Көзі_көк,_сақалы_жоқ_сары_дейсің._Нәсіп_болып,_қолына_тие_қалсаң,_Кәрі_емес,_мұның_өзі_дәрі_дейсің._Жаңылдық'>Құдайберген:
Ағамды дұшпандықпен кәрі дейсің,
Көзі көк, сақалы жоқ сары дейсің.
Нәсіп болып, қолына тие қалсаң,
Кәрі емес, мұның өзі дәрі дейсің.
Жаңылдық:
Күрең ала дегенде күрең ала
Әркімге медет берер Алла тағала.
Қу шандыр, қу ағаңды мақтай берме,
Сүйретіп, не қылайын ағашты ала?
Құдайберген:_Жаңылдық,_бір_қоймадың_айтқаныңды,_Білмей_қалып_жүрмеңіз_қайтқаныңды._Кісінің_ширек_мінін_сөз_қыласың,_Өзіңнің_қоя_тұрып_батпаныңды._Жаңылдық'>Құдайберген:
Ағама сөйтіп қана тиіскейсің,
Ол жайын жүре-жүре біліскейсің.
Қолына оңашада түсе қалсаң,
Астынан тамағының иіскейсің.
Жаңылдық:
Бақыбай, Қуанышпен алдың қоныс,
Көп күліп, ыржаңдайды ана Толыш.
294
Қазақ өнерінің антологиясы
Намысқой, ондай жесір жібермесең,
Қатыныңды неғып алды Бапал орыс?
Құдайберген:
Жаңылдық, бір қоймадың айтқаныңды,
Білмей қалып жүрмеңіз қайтқаныңды.
Кісінің ширек мінін сөз қыласың,
Өзіңнің қоя тұрып батпаныңды.
Жаңылдық:
Қара керім, дегенде қаракерім,
Еті бар қаракердің алым-берім.
Өзің ширек, біздерді батпан қылдың,
Сол батпанның мәнісін айтып берің.
Құдайберген:
Өлең қылып берейін аймағыңды,
Пайда қылма, Жаңылдық, жайғаныңды.
Екі қызы орысқа бірдей тиген,
Қайтесің бөлек тілеу Шайманыңды?
Жаңылдық:
Мен тұрған осы күні піскен алма,
Құдеке, білгеніңнен айтпай қалма.
Екі қызы орысқа тиген дейсің,
Олардың қайынжұрты бар ма сонда?
Құдайберген:
Біреуі Шуылдақтың қатыны еді,
Ол, байғұс, қатынынан қапыл еді.
Дінін бұзып, орысқа тигеннен соң,
Соттасып, осы уақытта жатыр еді.
Жаңылдық:
Базардан алып келген қызыл алма,
Құдеке, білгеніңнен қапы қалма.
Әшейін жала сөзді көп айтасың,
Мән-жайын білетұғын куәң бар ма?
295
Достарыңызбен бөлісу: |