Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том Құдайберген



Pdf көрінісі
бет117/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   181
Айтыс II том
Құдайберген:
Салайық айтқан сөзді осы көпке,
Шығам дейсің, қарағым, өзің шетке.
Сенің ағаң, Зәуірбек, мынау отыр,
Куәма өткіземін Зәуірбекті.
Жаңылдық:
Сиыр сұлу көрінер тұқымымен,
Қыздар сұлу көрінер мықынымен.
Бірің ақсақ болғанда, бірің – соқыр,
Қисайтып, ұрған екен тұқымыңмен.
Құдайберген:
Қыз іздеген жігітке сұлу керек,
Сылай төс, қырлауырақ мұрын керек.
Әттең, сені замандас демеген соң,
Шал да болса, біреумен құру керек.
Жаңылдық:
Ағаңыз мені алатын Құрманәлі,
Қандай ед айтып бергін оның қалы?
Алам деп иектерің қышымасын,
Он шақырым аулақ жүр менен әрі...
Құдайберген:
Жаңылдық, келіп едім сені мақтап,
Төрт арыс ауылыңа келді қаптап.
Бармасаң, ағамызға бармассың сен,
Ауылыңда жүруші еді қойшың жақтап.
БАҚТЫБАЙ МЕН МӘЙКЕ ҚЫЗ
Бақтыбай:
Кітапқа қисса болар жазған өлең,
Шерменде пенде, сірә, бар ма менен?
Жатқанда бидай орып орақпенен,
Айтыстым Мәйке қызбен іздеп келген.
Шұбарға салдым бидай, біраз тары,
Адамның дұшпан екен алған жары.


296
Қазақ өнерінің антологиясы
Найманға жолаушылап кеткенімде
Жеп қойды егінімді елдің малы.
Сол жерде қайғы түсті батырыңа,
Еш нәрсе тиянақсыз ақылымда.
Мазамды келген жерден кетірген соң,
Еркексіп, қоқаңдадым қатыныма.
Сол жерде бәйбішемнен кетті мазам,
Өзіме азар болды қылған жазам.
Бидайды асарлатып орғызбаққа,
Істедім бидай көже екі қазан.
Үстіме шоқай етік, кидім шекпен,
Қолыма орыс орақ, алдым кетпен.
Әулігіп, ел қыдырып жүремін деп,
Оратын бидайдың да уағы өткен.
Бидайды орайын деп икемдедім,
Қолыма орақ алып, түйтеңдедім.
Төбесі кезден ұзын қалпағым бар,
Міндім де, бір сиырға тепеңдедім.
Бидайдың өзі піскен аса шөлдеп,
Болып тұр мойны сынып, қирап өлмек.
Шаруамды төкпей, жинап алайын деп,
Сиыр мініп шықтым үйден күйбелеңдеп,
Артыма екі қарын көже теңдеп.
Бидайға сәске түсте жетіп бардым,
Бардым да, «Пысмылда» деп, орақ салдым.
Отыз бау түске дейін байлап қойып,
Басында бір қырманның демімді алдым.
Жаратты Бақтыбай ғып Хақ Тағала,
Үйдегі не демейді қатын-бала.
Көз салып, ауыл жаққа қарап тұрсам,
Келеді тура жүріп жалғыз қара.
Қасыма ер Меңдібай жетіп келді,
Келді де, Бақтыбай деп, жауап берді.


297
Айтыс II том
Секілді қортық қошқар, жазғаным-ай,
«Басыңды бермен қарай көтер», – деді.
– Ауылға Сыпатайдан бір қыз келді,
Өнері сенен артық екен, – деді.
Ол сенің ақындығың бекер дейді.
Басыңнан кісілігің кетер дейді.
Бақтыбай, барың болса, қамданып қал,
Ажалың осы қыздан жетер, – дейді.
Хабаршыға айтқан Бақтыбайдың сөзі:
Ертіске ел қонғанға түсер кеме,
Мақтадың, ей, Меңдібай, мұнша неге?
Алдыма адам ұлы түскен емес,
Қашырма дегбірімді, жаман неме.
Ауылдан бір топ адам шыға келді,
Екпіні самалданған соққан жел-ді.
Қолында сырлап қойған сары домбыра,
Түрленген тоты құстай бір қыз келді.
Жан екен сыны түзу сырлы аяқтай,
Бақаңның жерде тұрып көзі көрді.
Қыз екен қызылсары, бойы сұңғақ,
Қолына сары домбыра алған сырлап.
Аққудай желді күнгі аспанға өрлеп,
Толқытып шығарып тұр әннен ырғақ.
Қызығып, қыз сөзіне бойы балқып,
Еңкейіп тұра берді Бақаң тыңдап.
Көрген соң Бақтыбайды олқысынып,
Төрт ауыз өлең айтты Мәйке жырлап.
Мәйке:
Бақтыбай топтан шыққан ақын еді,
Ақынға ақын адам жақын еді.
Есітіп Алатаудай атағыңды,
Көңілім көлеңкеңе балқып еді.


298
Қазақ өнерінің антологиясы
Жаралып топырақтан Адам ата,
Әйелден еркек заты артық еді.
Ұмыттың Адам ата әуел жолын,
Қадірлеп, үйден күтіп жатыр едім.
Жалайыр, көп мақтаған ісіңізді,
Өнер мен тілге біткен күшіңізді
Көрген соң көңілім жасып, қатты ұялдым,
Күйкиген күн қақтаған түсіңізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет