Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет162/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181
Бақтыбай мен Мәйке қыз. Айтыс 1870 ж. болған. Шығу тарихы: Мәйкенің 
айттырып қойған жігіті бар екен. Бірақ айтыс үстінде Бақтыбай мен Мәйке бір-бірін 
ұнатып қалып, екеуін қосу мақсатында ел ағасы Жәлменде ауылдан 50 тиыннан 
салық жинап, Мәйкенің атастырған жерінен қалыңмалын қайтарып, қыздың басына 
бостандық алып берген. Солайша екеуі қосылған.
Айтыс 1965 ж. жарияланған. Қолжазбасы ОҒК 19-бумада сақтаулы.
Антологияға «Айтыс» (2-том, 1988, 128-143-б.) жинағынан алынды.
Бақтыбай мен Бәйімбет. Айтысқа қатысты мәліметтер әзірше белгісіз. 
Айтыстың нұсқасын ӘӨИ қолжазба қорына (360-бума) тапсырған Ақжолтаев. 
Қадырбай мен Байтоқ. Қай жылы болғаны белгісіз. Айтысты Тоқыш Қиданбеков 
тапқан, ӘӨИ қолжазба қорында сақтаулы (327-бума). «Айтыс» жинағында (1-том, 
1988, 255-б.) жарияланған. Антологияға осы басылым бойынша берілді. 
Қараішік пен Қубала. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз. Айтысты 1957 
ж. Гурьев (Атырау) экспедициясы кезінде Төлеген Бадырақовтан жазып алып
ӘӨИ қолжазба қорына (312-бума) тапсырған Б.Адамбаев пен Ә.Омаров. «Айтыс» 
жинағында (1-том, 1988, 166-168-б.) жарияланған. Осы басылым басшылыққа 
алынды.
Заман мен Ұмсын. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз, бірақ жазып алу-
шы – М.-Ж.Көпейұлы. Ол 1915 ж. желтоқсан айында Айдабол, Тайкелтір Байба-
тыр абыздың баласы Шалқарбай қажыдан жазып алған. Айтыстың шығу тарихына 
байланысты мәлімет ретінде М.-Ж.Көпейұлы берген ескертпе: «Ұлы жүз Үйсіннен 
шыққан ақын Ұмсын қыз бен Заман қожаның айтысқаны. Қыз айтыпты:
Бұл қожамен айтысқанда, үш түрлі сауал сұраймын. Екеуіне жауап берер
біреуіне келгенде, тоқталар. Егер оған тоқтаса, шын қожа болғаны, онда пірлікке 
жарайды. Егер шешендікке салып, оған да жауап беремін деп далбасаласа, өтірік 
қожа болғаны. «Әділ биде ата жоқ, тура биде туған жоқ; туғанына бұрған биде иман 
жоқ!» – деген. Көп жиылған әлеуметтің ішінде қыз айтысады деген ойында жоқ 
қожа өлең соқты». 
Антологияға М.-Ж.Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том, 
250-257-бб.) алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет