Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет161/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181
Әжек пен Шәріпжамал. Айтыс 1913 жылдың жазында Бақай елінде, қазіргі 
Алматы облысының Шелек өңірінде өткен. Бақай тауының етегін жайлаған Қаңлы 
Құнанбай деген кісінің Шәріпжамал атты қызының атағы елге жайылған. Сұлу 
қыздың айтыстағы алғырлығын Әжек те естіп, бақ сынау үшін арнайы Қарқарадан 
іздеп барған. Бұл кезде Шәріпжамалдың Жәмила дейтін рулас сіңлісінің ұзату 
тойында екеуі болған, сонда жүздесіп, айтысқан. Айтыс әжуа, қалжың, мысқыл 
сөздермен басталған, қыза-қыза әлеуметтік жағдайларға ойысқан. 
Шәріпжамал мен Әжек айтысының куәгері болған Әдия әжей (ол кісі өткен 
ғасырдың 60-жылдарында қайтыс болған) жарияланып жүрген мәтін өмірде болған 
айтыстың үштен біріндей ғана көлемін қамтиды (Нұрпейісов К. Заманның бір 
әуреге салғаны-ай. //Ана тілі газеті, 1992, 18-қазан) деп ескерткен.
Айтыс 1942 ж. бастап академиялық жинақтардың бәрінде жарық көрген, бірақ 
кейінгі басылымдарды шығарушылар жеке сөздерді өзгертіп, басқа жолдар қосқаны 
анықталды. 
Антологияға «Айтыс» жинағынан (1942, 65 –74-б.) алынды. 
Қазақбай мен Нұрпейіс. Бұл айтыс Нұрпейістің 22 жасында, яғни 1882 жыл-
дары өткен. ОҒК қолжазба қорында 120-бумада, айтыстың машинкаға басылған 
екі нұсқасы сақталған. Айтысты 1941 ж. Нұрпейіс Байғаниннен хатшысы Ахмет 
Ескендіров жазып алған. Алғашқы нұсқаның көлемі – 587 жол, екіншісінің көлемі 
2000-ға жуық. Екі нұсқа да кейінгі буын адамдар тарапынан өңделген. Сондықтан 
айтыстың алғашқы нұсқасы ұсынылды. 
Н.Байғаниннің 1991 ж. шыққан жинағында айтыстың көп жері қысқарып қалған. 
Толық нұсқасы Алматыдағы мұрағатта сақтаулы. 


377
Айтыс II том
Антологияға «Нұрпейіс Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалары» атты 
жинақтан (296 – 306-б.) алынды. 
Жаңылдық пен Құдайберген. Құдайберген Қайырлапұлының сөзі бойынша, 
ол Жаңылдық Әйтімбетқызымен екі рет − 1916 жылы және 1918 жылдың жазында 
айтысқан. Антологияға ұсынылып отырған айтыс біріншісі болуы керек. Айтыс фи-
лология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбековтың жеке мұрағатынан 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет