136
Қазақ өнерінің антологиясы
Тобықты естіп пе едің Құнанбайым,
Ол болған заманында бұландайын.
Меккеден сауап үшін бір үй салды,
Қадиша, асылың бар ма осылардайын?
Мұндайын
сауапты ерді таппадың ғой,
Еліңнің құр санайсың құлын-тайын.
Қадиша, осынау күнде болды Қасен,
Елімнің құтын санап, мауқым басам.
Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,
Қадиша,
апрықтың деп, неге сасам?
Қаракесек, қаздауысты Қазыбегім,
Бақ қонған тірлігінде Исламбегім.
Затында Алтай бөрі Қазанқабым,
О-дағы болып өткен қаракөгім.
Сөзімді тыңдап отыр жұртым біліп,
Жылмиған жорғадайын кетем жылжып.
Исадан
Бердалының Қабыш боп тұр,
Қабыш тұр қанша жұртты қарына іліп.
Жақсының әр атаға шығар даңқы,
Сөзімнің қисық сөйлеп, келмес мәні.
Патшаға тоқсан өгіз сый беріп тұр,
Қайсыңнан кем болып тұр Темірғалы?
Әр
ата бір адамның айтсам затын,
Сөзімді келісімді жұрт тыңдасын.
Жантөбет өзі қажы, өзі молда,
Бақ қонған тірлігінде Ілиясым.
Ақыпта, Жолабада янды Домақ,
Жүз кісі сіздің елден болса қонақ.
Татқандай
зәмзәм суын Мекке барып,
Келеді күнде арбамен жолаушылап.
Арғында Тәкен, Жансар ол Боқсары,
Солардай болмады ғой жұрттың бәрі.
137
Айтыс II том
Шортанбай Орта жүздің ордасы еді,
Сұршаға айтса батар сөз ызғары.
Әлмүсірә – әрі қажы,
әрі указ,
Бұл кезде Мұқаммедияр указ болды.
Кереметпен құс боп ұшып Мекке барып,
Бағдаттың намазында қайта айналды.
Құтымның әрқайсысын айтсам керек,
Санаған құр құлын-тай неге керек?!
Құтымды жоғарыда айтып өттім,
Қадиша,
сен сөйлеші, бердім кезек.
Қадиша:
Сиынып сөз сөйлейін құдіретке,
Сұршада шығып кетті сонау шетке.
Жылында жүз кісіні айдатады,
Мырза деп бекер айттың Исламбекті.
Керейде тек Текеде Бүртебайым,
Парақор Ташмұқаммет білдім жайын.
Қасен де қартайғанша пара жейді,
Еске алып, ойламайды бір Құдайын.
Достарыңызбен бөлісу: