Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том ОҢҒАР МЕН ЫРЫСТЫ ҚЫЗ



Pdf көрінісі
бет49/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181
Айтыс II том
ОҢҒАР МЕН ЫРЫСТЫ ҚЫЗ
Оңғар: 
Етікші етік тігер бізіменен, 
Бізден соң, ине жүрер ізіменен. 
Түрленіп, түспес қолға дүние, шіркін, 
Сағымдай алдап жұртты жүзіменен. 
Қызылдың қиясынан көмір айдап, 
Бір жылша кіре салдым күзіменен. 
Басынан Қаратаудың көшкен күні, 
Қалыпты бір ат дорба тұзыменен. 
Сол тұздың түсіп қалған себебінен, 
Айтыстым бір Төбеттің қызыменен.
Атыңды мен білмеймін, қарағым, қыз, 
Келе жатқан ұзақ жолдан жолаушымыз. 
Ағаңның арнап келген жұмысы бар, 
Қайырға болар ма екен бір салым тұз?
Ырысты қыз:
Сұрасаң, менің атым – Ырысты қыз, 
Айтайын, керек болса, ат-есіміміз. 
«Тұз» деген қажетіңді жеңгем білед, 
Болмаса, одан өзге жұмысыңыз? 
Көмірші кіре айдаған толып жатыр, 
Өзің де айт аты-жөнің, кім боласыз?
Оңғар:
Баласы ата-ананың жатжұрттық – қыз, 
Кететін бөтен елге, айдап дәм-тұз. 
Білмесең, атымды Оңғар деп айтады, 
Бозғұлда Қаратамыр, аты-жөніміз. 
Жұмысым тұздан да өзге толып жатыр, 
Айтайын, қарындасым, бітірсеңіз.
Ырысты қыз:
Базардан алып келген қызыл керсен, 
Керсеннен кім дәм татпас, тегін берсең. 
Қажетің иә табылар, иә табылмас, 
Мән-жәйін білер едік, айтып көрсең.


140
Қазақ өнерінің антологиясы
Оңғар:
Адамзат қайда жүрмес, айдаса – тұз, 
Талпиды әр тарапқа көңіліміз. 
Айтайын «Айт» десең, мен жұмысымды, 
Өзіңдей іздегенім – бір сұлу қыз.
Ырысты қыз:
«Бір салым – іздегенім – тұз» деп едің, 
«Жолаушы, шын мүсәпір – біз», – деп едің. 
Сөзіңнің алғауы көп жан екенсің, 
Қаруы қайтпайтындай ештеңенің. 
Жолыңнан қалмай-ақ қой, дәмеленіп, 
Алдыңнан шыға берсін іздегенің.
Оңғар:
Керуен күн-түн қатар сүргін болып, 
Көңілімде қалды айтқаның, кірбің болып.
Істерсің, істемессің айтқанымды, 
Үйіңе кетсем қайтед бір күн қонып!
Ырысты қыз:
Үйімді қызғанбаймын, «Қонам» десең, 
«Жай жатып, жақсы қонақ болам» десең. 
Кісідей ұстамалы ауруы бар, 
Орныңнан түнде тұрып елірмесең?
Оңғар: 
Кей-кейде әдетім бар елеурейтін, 
«Бітір, – деп, – қажетімді!» жеделдейтін. 
Күтініп, кең салып жат төсегіңді, 
Қонақтан дәмең болса, «Келер» дейтін. 
Қалмасын қатарыңның көңілі ренжіп, 
Нәрсе жоқ өзгеріліп, «көнермейтін».
Ырысты қыз:
Күте бер, олай десең, «көнергенше», 
Тілеуқор болып сырттан өле-өлгенше. 
Болмаса, адал жолмен ізденсейші, 
Қол жайып көрінгенге, тіленгенше.


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет