Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет55/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   181
Әкімгерей:
Қажыдай Аллаберген кісің бар ма,
Толтырған Құдай көңілін бас пен малға.
Мал мен бас, абырой, бақ, барды беріп,
Жеткізіп мұратына қойған Алла.
Қызыл жыршы:
Баратын талай қажы біздің елден,
Әр жылда-ақ мыңы барып, жүзі келген.
Қайтып кеп дүниеге араласпай,
Қажының сауабы көп сол жақта өлген.
Сен менің бұл сөзімді жалған десең,
Сұрашы молдалардан кітап көрген.
Әкімгерей:
Еліңнің енді сен айт берекесін,
Әр түрлі той-тамаша берекесін.
Бәріне біздің елдің сын тақтың ғой,
Есітейік сендер қандай ел екенсің.
Көңілің еш адамнан басылмаған,
Басыңда тұрмысың көп неме екенсің.
Сірә, бір осы көптен жасқанбадың,
Сондай бір тәуекелшіл ер екенсің.
Қызыл жыршы:
Айтайын елімізде әулие бар,
Әр түрлі түнеп жатқан аяты мал.
Айтайын еліміздің берекесін,
Аңғарып, Әкімгерей, құлағыңды сал.
Әр жылы мың үй тігіп, ат шаптырар,
Мүкарам қайтыс болса кемпір мен шал.
Халыққа бір ай бұрын хабар беріп,
Той жасап, қыз ұзатар не мырзалар.


151
Айтыс II том
Серкені қырық шақты додаға сап,
Бес-он күн бозбалалар көңіл ашар.
Болса егер аты жақсы, өзі мықты,
Шақырып, сол додадан салым салар.
Дәстүрін біздің елдің көрсең егер,
Қайран қап, көңілің бітіп, мейірің қанар.
Миуаның неше түрлі бәрі сонда,
Болушы еді ішкеніміз шекер мен бал.
Жатып қалған уақытта қонақ барса,
Түрегеп, қол қусырып, қойын шалар.
Жолына бес, он мың сом қаражат қып,
Әр жылда Мәдениге қажы барар.
Олардың қажылығы қабыл болып,
Болмаса бірлі-жарым келмей қалар.
Десең сен қасиетсіз жерімізді,
Ақымақ, әулие атып, аруақ табар.
Кезекті, Әкімгерей, саған бердім,
Әр түрлі елімізден айтып хабар. 
БОЛМАН МЕН НЕСІГҮЛ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет