Несігүл:
Аққошқар Сайдалым бар бақыты асқан,
Салдырған күйдірген үй таран тастан.
Олардың салтанатын айта берсем,
Тамаша таң қалғандай мың бір дастан.
Бұларға қандай адам шақ келеді,
Артуға түйе, кедейге ат береді.
Өзі бай, өзі батыр, өзі сақы,
Халықты әділдікпен меңгереді.
Найманда тап келетін бұған кім бар?
Ақшолақ Жанайдар мен Батырхан бар.
Алмастай екі жүзді тас кесетін,
Қайтпайтын қайсар туған Мейрамым бар.
Қақ жарған қара қылды әділдікпен,
Болманым, тауып берші осыған пар?
Болман:
Несігүл, артық сөйлеп мақтанасың,
Құр мақтанып, өзіңе-өзің дақ саласың.
154
Қазақ өнерінің антологиясы
Сөзіңнің жүзден бірі бәрі – өтірік,
Сен қалай осы істен ақталасың?
Батыр деп және айтасың Қамбарыңды,
Түйедей бойға сенген заңғарыңды.
Елдегі бұзық пенен ұрыңды айтып,
Көрсетпей қасиетті ұлдарыңды.
Найманның бір баласы – Бағаналы,
Алты мың жылқы біткен сары алалы.
Егесі сол қыдырдың Ибескі бай,
Тоғыз жүз нар байлаған тоғаналы.
Жылына құлындайды екі мың тай,
Байлыққа кім тең келеді бұларға сай?
Жазғытұры қоздайды он мың саулық,
Ыңырсып, малға толад сала мен сай.
Мәйгелді халық білед қуатымды.
Артылған Орта жүзден мұратымды.
Арғыннан бес жүз үй боп көшіп келген,
Ашып ед сол нашарға суатымды.
Несігүл, өтірікпен сандаласың,
Бөрідей басып жеген өз баласын.
Еліңнің басын дауға кеттің салып,
Зарлатқан, Несігүл, сен ата-анасын.
Несігүл:
Сөйлесін Болман ақын асып-тасып,
Ер сасқан уағыңды етек басып.
Шабам деп Кенесары келгенінде,
Ағыбай шапқызбаған ақылдасып.
Қаперден Ағыбайға сын тағасың,
Жақсылығын ұмыттың ба қара басып?!
Арғынсыз Найман сенің күнің бар ма,
Шығатын менсіз жерде үнің бар ма?
Сарамен айтысқанда Біржан сері,
Арғынның топтан озған ақтанкері.
155
Айтыс II том
Найманнан өзіне серік тең таба алмай,
Жығылып осы емес пе ед қайтқан жері?!
Ақыным, аса алмассың менен өзің,
Жаныма қатты батты әрбір сөзің.
Атағы алты алашқа мағлұм болған
Қайда жүр Сарыбайды көрмей көзің?
Болман:
Несігүл, жауап берші өз басыңнан,
Айрылдың не себепті жолдасыңнан?
Өзіңнің сіңліңді зар жылатып,
Қорықпадың соның қалай көз жасынан?
Өзіңе бай етіпсің сіңлің байын,
Көп алдында масқараңды шығарайын.
Ешкімге опа бермес, Несігүл қыз,
Алмаңыз көңіліңе, ер Құсайын.
Несігүлді, Құсайын, сен алып қашқан,
Тұлпардың құлын едің ізін басқан.
Тіл алсаң, Несігүлді қайтар, жаным.
Жері осы Несігүлді қара басқан.
* * *
Бұзаудың тура келді Ыбырайы,
Белгілі болды деді Несігүл жайы.
Несігүл, жеңілдің сен, шапан жап, – деп,
Халықтың қабылдады жарлы-байы.
Сынастық сөзімізді көпке салып,
Сөздерін екі ақынның көрді халық.
Аузымнан шыққан сөзді кешіріңіз деп,
Несігүл шапан жапты, қолымды алып.
Мен-дағы кештім дедім сосын тұрып,
Жан-жаққа жүрген кезім құлашты ұрып.
Тарқады жұрттың көбі бата беріп,
Осындай сайран еттік, дүкен құрып.
156
Қазақ өнерінің антологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |