Сарышолақ:
Тарының қатығына майың болса,
Біз даяр ондай істер жайың болса.
Ән шырқап, көңіліңді көтеремін,
Істеген қызметіңе көңілім толса.
Тоқсұлу:
Мен емес айтар сөзден бек жаңылар,
Іздесем, көкіректен сөз табылар.
Атыңнан түс, жолаушым, шалқақтамай,
Ниетім қонақжайлық, құп қабыл ал.
Сарышолақ:
Құрады қалың жымға үзбес тұзақ,
Кеттік қой айтыспенен алыс ұзап.
102
Қазақ өнерінің антологиясы
Сұлу қыз шақырғанда шырайменен,
Қонақжайлық – ата салтын кімдер бұзар?
САРЫШОЛАҚ ПЕН БАҚИ СҰЛУ
Сарышолақ:
Қыздардың қызығына біз жараған,
Жақсы сөз желдей есіп, тез тараған.
Сылқылдап, бәрің кербез көрінесің,
О несі түртіншектеп, жұрт қараған?
Бақи:
Ауылдың қонған жері – Тобылғылы,
Келесің ысылдатып сыбызғыны.
Аңдамай, әлдеқалай қолдан тайған,
Сырғамды іздеп жүрмін күн ұзыны.
Сарышолақ:
Ауырды өлшейтұғын безбен еді,
Сырғаңыз күміс пе еді, жез [ден] бе еді?
Құдайым сәтін оңдап тұрғанында,
Бақ орнап, жігіт қызға кез келеді.
Бақи:
Жүрегім бір пәлені сезген еді,
Бар шығар әркімнің де көздегені.
Сұңқылдап тұра қалдың ат-жөні жоқ,
Ел құртқан дәруіш пе, кезбе ме едің?
Сарышолақ:
Жақсыны әрқашан да көз көреді,
Айтар сөз неге ғана өзгереді?
Қалқам-ау, сырғам жоқ, деп жыланасың,
Дүниеден ақылдылар безген еді.
Бақи:
Қаракер атың бар да, өзің сары-ай,
Келесің сыбызғылап, жөнің қалай?
Өзіңді таныстырсайшы сарнағанша,
Дегенше сөйлер сөздің бәрі солай.
103
Айтыс II том
Сарышолақ:
Әлімдегі наз бедеу,
Сұрасаң, болам бел Тілеу,
Жалтума болам содан соң,
Толқынданған боз селеу.
Бақи:
Шежіредей барлығын жіпке тізіп,
Жан екенсіз, өзіңнен сөзің қызық.
Ел кезіп, сендейлердің талайы жүр
Бірі − дұрыс, бірінің ниеті бұзық.
Сарышолақ:
Сұрасаң аты-жөнді, біздің жайды,
Сарышолақпын, баласы − Боранбайдың.
Саралап сөйлегенде өлеңдетіп,
Іші тар сіздей қыздар көре алмайды.
Бақи:
Жекейде толып жатыр нелер сахи,
Сұрасаң, менің атым − сұлу Бақи.
Жау іздеп жүретұғын Тілеу-Қабақ,
Шетінен найза ұстаған кілең ақи.
Сарышолақ:
Керекте найза аламын жауға қарсы,
Домбырамен топқа түсем нелер шаршы.
Әніме салғанымда «Тілеу-Қабақ»
Тыңдаған Кіші жүздің небір арысы.
Бақи:
Әніңді естіп жүрміз «Тілеу-Қабақ»
Көтібар өлді дейді Адай сабап.
Батыр болса, ел-жұртың қайда кеткен,
Қалмаған неге сонша арашалап?
Сарышолақ:
Бар ма еді біздің жақта өшің, кегің,
Қазымыр болар, бәлкім, түпкі тегің!
Мыстандай көпті көрген айтасың сөз,
Көтібар Маманды шапқанда ішінде бар ма едің?
104
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақи:
Үлкендерден болатын қалған нұсқа,
Ән айтып, келіп қапсың біздің тұсқа.
Асаудай бас білмейтін бір езулеу,
Жігітсің-ау, шамасы, алып-ұшпа.
Сарышолақ:
Қыздарға жарасады берік ұстам,
Көңілім сіздейлерге алып ұшқан.
Дариға-ай, арман бар ма, жалғаншыда,
Өзіңді айдалада жеке құшсам?
Бақи:
Өзің сары, көрінер көзің шегір,
Ұқсайсың, саудагерге нағыз жебір.
Сұлудан дәмең бар ғой Бақи-сынды,
Қор болар сендейлермен қандай өмір?
Сарышолақ:
Саудам бар қыздарменен оңашада,
Батар ем оңашада тамашаға.
Кірпідей жиырыласың, түгің шығып,
Сұлуым, бұл өзіңе жараса ма?
Шегір болар жігіттің арыстаны,
Қалушы ед өлең сөзде жарысқаны.
Түніменен дөңбекшіп, іздегеннің,
Жақсы емес пе оңаша табысқаны?
Бақи:
Қалмады-ау, мына Тілеу соңымыздан,
Күн орнына түн туар оңыңыздан.
Сөзіңді естіп қалса ағаларым,
Таспа тілер, шырқыратып жоныңыздан!
Сарышолақ:
Сол ма еді келетіні қолыңыздан,
Таспа емес, арқан шығар қоңымыздан.
Ауылың, қорғаштаса ағаларың,
Қалайша құтылмақшы кәрі қыздан?!
105
Айтыс II том
Бақи:
Не дейді Тілеудің бұл сауысқаны,
Шіркіннің келмей жатып жабысқаны.
Ыза боп тұрғанымда жайым кетіп,
Жақсы еді ғой жағыңның қарысқаны.
Сөзімде болмаушы еді әсте бүкпе,
Жетпей қал салауатты кәрілікке.
Ақынға сен сияқты қарамаймын,
Көңілім алып ұшар ірілікке.
Сарышолақ:_Айналдым_сақинаңның_көздерінен,_Бал_татыр_айтқаныңда_сөздеріңнен._Құралай_секілденіп_мөлдірейсің,_Қалайша_осы_кеште_кез_келіп_ең_Бақи'>Сарышолақ:
Жігіт жоқ өлген қыздың қарғысынан,
Қарғысың артық кемпір алғысынан.
Қарғыспен жайпап салсаң жігіттерді,
Нең артық еді солардың жалпысынан?
Бақи:
Қалып ед осы жақта сырғам түсіп,
Не айтпас кездескенде сендей пысық?
Қыз, қыз деп, зарлап қалдың, о, жырауым,
Тіліңе шықса екен сенің ұшық.
Сарышолақ:
Сырғаңнан, айналайын, айдай болған,
Өзің де жан екенсің, жаңа толған.
Жігітпен ақсүйекке таласып пе ең,
Шығарғансың сырғаңды қалай қолдан?
Бақи:
Жігітпен ақсүйекке таласпадым,
Жұмбақтап, Сарышолағым, әрі аспағын.
Атыңнан айрыларсың ағам келсе,
Жақсы еді біздейменен жарасқаның.
Сарышолақ:
Беріпті, айналайын, саған көрік,
Болады-ау қызда әр кез үйде ерік.
Кеткенде ұзатылып басқа жаққа,
Жүре ме мәңгілікке ағаң еріп?
106
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақи:
Болады маңдайыма өз жазғаны,
Не дейді Тілеудің мына азбаны?
Батырлығым асады сендейлерден,
Жігіттің жаман дейді түп қазғаны.
Сарышолақ:
Соғайын әр кезде де сойылыңды,
Білейін қанағатшыл тойымыңды.
Батыр болсаң, көрсетші «азбаныңа»,
Қос бұлдырық, төстегі мойылыңды.
Бақи:
Қызықсаң төсімдегі анарыма,
Шоқ түссін, күлімдеген жанарыңа.
Қол түгіл, жел тимеген, о, ақыным,
Сақтағам барлығын да барарыма.
Сарышолақ:
Сақтасаң барлығын да барарыңа,
Ақылың болған шығар шамалы да.
Құрбыны қатар білер бірге жүрген,
Тап келдің әлдекімнің амалына.
Барарсың бір күн ұзап песіріңе,
Кезіккенде осындайда кесіріңе.
Сайрап қал бұлбұлдайын, замандасым,
..................................................................
Құрбының қадірін бірге жүрген білмес,
Барлығы бұл жалғанда ойнап-күлмес.
Әзілін қатарыңның түсінбесең,
Көксауың барғаннан соң құлаққа ілмес!
Жеңілген Бақи жылап жібереді. Сарышолаққа алтын сырғасын
ұсынады.
Сарышолақ:
Құрбыда кездеседі қадір білмес,
Кей жаман асыл сөзді құлаққа ілмес.
Жисаң да, қанша алтын қоймалатып,
107
Айтыс II том
Сол байлық ақыретке еріп жүрмес.
Болмаңыз жаман үшін жұртпен күндес,
Жақсымен кезіксеңіз анық тілдес.
Сырғаңнан, айналайын, өзіңе құт,
Емеспіз сырға тағар біз жарымес.
Бақи:
Ағатай, ұялттың-ау топ алдында,
Өзге қыздан сыйлықты көп алдың ба?
Сырғамды ұсынғаным, жырау аға,
Жүрейін дегенім де көз алдыңда.
Бақи қолынан ағытып, гауһар көзді алтын сақинасын береді.
Сарышолақ:
Айналдым сақинаңның көздерінен,
Бал татыр айтқаныңда сөздеріңнен.
Құралай секілденіп мөлдірейсің,
Қалайша осы кеште кез келіп ең?
Бақи:
Қалалық айтыспай-ақ бауыр болып,
Кездесіп осылайша тәуір болып.
Бір ағам өзіңіздей бола алмады-ау,
Көрмеді оларға да көңіл толып.
Сарышолақ:
Жақсының жаман жүрер бағын байлап,
Кездестің қалың кеште Құдай айдап.
Көңілің көншісінші, текті құрбым,
Көшті ірік, жырлайын бір үзбей, сайрап.
Бақи:
Басыңыз қайғы жұтқан жүрегімді,
Ойлама, қарындасың құр егілді.
Ән болса айтатұғын, тыңдар құлақ,
Көш іркілер, орындап тілегіңді.
Қыздың ағасы келіп қалады.
Сарышолақ:
Ассалаумағалайкум, ауылнайым,
Мінезің көл шайқаған дауылдайын.
108
Қазақ өнерінің антологиясы
Өлеңнің желігімен келіп қалдық,
Көрейік, Жекейдің де малды байын.
Оу, аға, құлдық ұрдық пәрменіңе,
Асықпыз әрқашанда жәрдеміңе.
Сән-салтанат, көшіңіз думандатқан,
Мәз болып мен келемін көргеніме.
Сүйреткен ақ құрығың қолыңызда,
Кездестік көш-жөнекей жолыңызда,
Көңілін ел-жұртыңның көтерейін,
Үй тіктір, жайлы жерге қоныңыз да, −
дегенде, ағасы көшті тоқтатады.
САРЫШОЛАҚ ПЕН ТАМА ҚЫЗЫ
Сарышолақ:
Хабарлас, пенде бар ма, бері шығып,
Қорқаудай қалғаны несі бәрі бұғып?
Сұлу қыз, шыға келіп, қайта кірдің,
Бар ма еді жасырғаның бізден тығып?
Тама қыз:
Жаушыдай сырттан келіп, шүйлігесің,
Болмасқа келмей жатып, килігесің,
Несіне аттың басын тіреп тұрсың?
Білмесең, қонар жерде үйдің иесін.
Сарышолақ:
Қазақтың түп атасы бірге туған,
Аулыңа әдет пе еді қонақ қуған.
Ел жақтан мал айдатып жіберейін
Тарығып отырсаңыз ас пен судан.
Тама қыз:
Кім едің байлығың сонша асып жүрген,
Қонатын жерлеріне шашып жүрген,
109
Айтыс II том
Көк атты көлденеңдеп, тұра қалдың
Жақсы екен қонақтың да әлін білген.
Біздің ел жайлады Жемнің бойын,
Қонағым, неде еді сенің ойың?
Құр сөзден мал болмайды айдап салар
Жетеді ауылымда баққан қойым.
Сарышолақ:
Тебетей киіпсіңіз, маржан тағып,
Өштідей сөйлесесің бізбен неғып?
Үйіңде еркек жоқ па хабарласар?
Тұрысың жаман екен есік бағып.
Тама қыз:
Тебетей киіп едім, маржан тағып,
Өлеңге мен де жүйрік тұрған ағып.
Таныспай келе сала қағытасың
Сонасы секілденіп Ор бойының қуа шағып.
Сарышолақ:
Естуің бар ма еді Сарышолақты,
Талайдың талай дуда жынын қақты.
Ұлықұм – қыс қыстауым, Ор – жайлауым,
Мырзағұл ағамыз бар салтанатты.
Тама қыз:
Деп едім дала кезген біреу екен,
Ән қуған Құм бойының Тілеуі екен.
Қарақшы секілденіп бей уақытта
Көңілге келтірдің ғой нелер секем.
Сарышолақ:
Сұлу қыз, сөзің жақсы сыналаған,
Қай жерім өзіңізге ұнамаған?
Тұрғанша қайымдасып, тізгін ұста
Ат байлар жоқ па еді іні-ағаң?
Тама қыз:
Бұл үйге талай келіп, кетті талай,
Қонағым, келмей жатып сөзің қалай?
110
Қазақ өнерінің антологиясы
Атыңды мама ағашқа байлай салғын,
Іні-ағамды қыла алмаспын саған малай.
Сарышолақ:
Бұндай сөз жараспайды қызға тәуір,
Болды ма шылбыр ұстап қолың жауыр.
Қонақтың келгенінен,
Кетпегінің аяғы ауыр.
Қыз сөзден тосылыпты. Сөйтсе, аяғы ауыр, жүкті екен. Бәрін
естіп отырған ағасы Сарышолақты қасындағыларымен аттан түсіріп,
қонақ етіп, ертеңіне ат-шапан айыбын тартып, аттандырыпты.
САРЫШОЛАҚ ПЕН ҚҰЛЫЙ
Сарышолақ:
Зергер сатар өнерін,
Жақсы адам жұтпайд жегенін.
Алып жатқан көп жылқы,
«Сүтті көлдің» кемерін.
Жақсылықтың белгісі,
Ағайынға бұлдамайды әрқашан да берерін.
Көп жылқышы ішінде,
Мырзасынған пішінде,
Толықсып, толып ісуде,
Өзінше біреу бар екен,
Есенқұл-Бабай дауысты,
Есенқұл емес Мөңке екен,
Сыр-сипатын санасам,
Жақсыларға баласам,
Айналдырып қарасам,
Мал жігіттің көркі екен.
Көп жылқының ішінде,
Қой бастаған серке екен.
Ақылын бұның кім білген?
Шалдуырлау ерке екен,
Өзінше былай сән қуып,
Кигенде тоны келте екен.
111
Айтыс II том
Сыртына киіп тай жақы,
Басындағы әлеміш,
Тотанның қалған бөркі екен.
Мінезіне қарасам,
Қара тастан салмақты.
Көп жылқышы ішінде,
Жалғыз ұлдан ардақты.
Сөйлеген сөзі малжанды,
Жігіттей-ақ жан-жақты.
Алып келді қосына,
Шәугім ілді мосыға,
Сапырулы сары қымыз.
Бәрекелді, масына!
Ат сұрай келген құрбыңа,
Көкке қарап сөйлейсің,
Өй дейсің де, бүй дейсің,
Әбу, құрдас, тасыма,
Мақтаныш деген осы ма?
Жазғытұрым болған соң,
Басыңа тағдыр салған соң,
Тотан жылқысын алған соң,
Қаңғырған қудай қаларсың,
Айтқан сөзге нанарсың,
Өткен істі шаларсың,
Шалқақтаған бұл басың,
Ісінген қазір, құрдасым,
Еңкейіп барып, күн туса,
Пұшпағын местің жаларсың.
Не болды деп бұл күнге,
Есіңнен сонда танарсың,
Әлпештеген жұртыңды,
Елді есіңе аларсың.
Айтқан сөзге нанарсың,
Бармақты тістеп белінен,
Гөй-гөйіңе саларсың.
Жақсы адам әсте бұлдамас,
Кем-кетікке берерін.
Терең сайлар құрғамас,
Суға толар тереңім.
112
Қазақ өнерінің антологиясы
Атадан қалған алтын жоқ.
Өмір болса көрермін,
Бостан босқа тасыма,
Бір күнгі ішкен асыңа.
Бағың таяр күн туса,
Жан жуымас қасыңа.
Бұрыннан қалған сөз бар еді:
Құдай қарсы – асыға,
Ілгері кейін күн болса,
Қаларсың сөзден тосыла.
Іркіт бермей сары тоқал
Шөмішпен ұрар басыңа.
Барар жерің қысқарып,
Ақ соғар сақал-шашыңа.
Көптен бері естімей,
Жүрген де сөзің осы да.
Содан Әбу, қайтсе де, Сарышолақ шайырды жеңбек болып,
аулының оқыған ақыны Құлыйға бір жылқы беріп, айтысқа қосады:
Құлый:
Сұрасаң, әкем аты − молда Жолай,
Жақсылар өткен екен елде талай.
Дәулетім асып-тасып жатпаса да,
Мен сорлы болғаным жоқ Боранбайдай.
Біз білген Бестоқалда ерлер көп ед,
Дүниеден өткен әкең, сол − Боранбай,
Көрінген алысынан бізге дара-ай.
Сарышолақ, сол көбінің бірі едің,
Өзім бір санап жүрген мыңға балай.
Туралап, сөз айтайын Сарышолаққа,
Шолағың сөз бастады Әбу жаққа,
Жүгіртіп не бір ойын әрбір жаққа,
Шіркіннің дәмесі бар әрбір сақта.
Бәрін де бес Тілеудің өзіңдей көр,
Білместі табан жерде сөзге шашпа.
Жел сөзді ұялмасам мен де айтамын,
Сыйынып, бір Құдай мен әруаққа.
Арқасын Шолағымның күн шалыпты,
113
Айтыс II том
Жинаған той-думанда,
Тоқты-торым, ешкі-лаққа.
Сарышолақ:
Барғаның дұғай сәлем айт,
Тінәлі мен Молдаға,
Қызықпасын мәрттеніп,
Әркімнен алған олжаға.
Жақсыға тиер залалы,
Жаманды жаудан қорғама.
Шабысы аз жабыны,
Топқа қосып, зорлама.
Батыр шабар ар үшін,
Түсі суық найзаға.
Хас әдіскер салады,
Неше түрлі айлаға.
Шешен сөйлеп, тіл безер,
Хандар тіккен ордада.
Шорағай бөгет болар ма,
Еділ менен Ақ Жайық,
Қосылып аққан арнаға.
Шіркей бөгет болар ма,
Құлази аққан дарияға.
Жортақ жолдас болар ма,
Теңселе басқан жорғаға.
Хас жүйріктің баласын,
Басыңа күн туса да,
Сала көрме арбаға.
Сұңқар жолдас бола ма,
Сауысқан мен қарғаға.
Тілеудің ұлы Жалтума,
Шалқыған өзен секілді,
Басқалар қонған айнала,
Айырдың күші пар келмес,
Аруанадан туған түс нарға,
Біз секілді алтынды,
Қор қылмаңдар мыстарға.
Айызыңды қандырам,
Жетпей де жүрсең құштарға.
114
Қазақ өнерінің антологиясы
Қаз ілетін қаршыға,
Салмаңыздар тышқанға.
Тіресетін алыппен,
Әбуіңде күш бар ма?
Айқайға қосып сүренді,
Сескенетін тыс бар ма?
Таз бала түсіп жүр ме екен,
Өлең деген жоспарға.
Әлі де болса, кейін қайт,
Түсінерсің астарға.
Әулекілеу сөзге еріп,
Бостан-босқа мастанба,
Ағаңның сөзін сынап көр,
Қиырдағы дұшпанға.
Атырау мен Аралдың,
Арасына оқ жетпес,
Шетінен ұшқан құба үйрек,
Қанаты талып қонады,
Тәңір берсе сананы,
Бұл сөзіме түсінед,
Әлімнің жақсы адамы.
Таппай айтқан жаманның,
Халқына тиер залалы.
Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай шабады.
Боқпен сыбап нетесің,
Тас кесетін араны.
Таз бала неғып бөгейді,
Жетеден құйған сағаны.
Жорғаңды сүрдір, айқында,
Болаттан соғып тағаны.
Көп ішінде білерсің,
Бізге қойған бағаны.
Түсінерсің сол сәтте,
Шарық пенен шаманы.
Басыңа күн туғанда,
Еске аларсың алдыңдағы ағаны.
Қанша көлгір болғанмен,
Белгілі және түсінсең,
115
Айтыс II том
Артқа ерген қарамы.
Топқа салар туралап,
Тереңнен сілтер дараны.
Шу дегенде белгілі,
Жеңер сөзді қаралы,
Бала күннен сезілер,
Сөзінің болса орамы.
Басыңа бір бақ қонса,
Ешкім төкпес шараны.
Орайлы жерде сөз алар
Кеңдеу болса орамы.
Батырлар да шалықтар,
Туып тұрса оралы.
Барымташы мал алар,
Тәуекелшіл талабы.
Айналайын, Құлыйжан,
Айналдырсаң нетеді,
Бізден соңғы баланы?
Әбудікі айтақ қой,
Жан-жағыңды байқап қой.
Оны тағы түсінсең,
Адам емес саналы,
Ақыл, ойы шамалы,
Менімен тірессе,
Кесілер алған талабы.
Жеңілгенін білгенде,
Жасқа толар жанары.
Тартынып неден сасамын,
Кімнен бұғып қашамын,
Болған соң әбден болары.
Нағыз өртке қосты ғой,
Бықси жанған шаланы.
Боларсың әлі, Әбуім,
Айықпастай жалалы.
Құлый:
Жағдайсыз сөз естідім Сарышолақтан,
Өзіңді билеп алған қандай мақтан?!
Күпсініп, сөз сөйлейсің әлдеқалай,
Жігітке жақсы емес пе аузын баққан?
116
Қазақ өнерінің антологиясы
Шежіре қартымдай-ақ көп білетін,
Сөйлейсің шалғай орап әр тараптан.
Тұғырдай құр жіберген көбеңсисің,
Шалқарға жаққан екен қымыз сатқан.
Тұқымың кедей еді бұрынғыдан,
Жарымай жүретұғын ішер ақтан.
Сыйынып Мөңке атама өлең айтам,
Сендей құл қорықпай ма әруақтан?
Ескі бидей сөз айтасың алмағайып,
Қолыңнан келсе егер сөзден сақтан.
Білерменсіп сөйлейсің күпінгеннен,
Аяғыңды аңдап бас, қара қаптал.
Қайтадан шығуыңа қиын соғар,
Мен өзім бой жетпейтін терең шатқал.
Кешегі қаңғып жүрген Шолақ едің,
Толысып қалғансың ба мал мен бастан?
Паралап айтатұғын сөздерім бар,
Мен емес қалың топта сенен қашқан.
Жыныңды қағып алам дұғалықпен,
Талайдың ісін қозғап, көзін ашқан.
Өзіңше еліресің жұрт алдында,
Екеуге тең емес пе ашық аспан?
Мен тағы әруақтанып кеткенімде,
Сен секілді бейбақтар тұра қашқан.
Сарышолақ:
Тілеудің ұлы Мөңке еді,
Алты Әлімге бас болған.
Қара мойын серке еді,
Ақылы зерек әулие,
Қияға көңіл сілтеді.
Ағарып атқан таңымдай,
Шөлді жерге бұлт еді.
Онан туған Қыстаубай,
Алтыны кетіп, мыс қалды-ай.
Мен – Жалтума, сен – Мөңке,
Жарамайсың нұсқауға-ай.
Бұлдырықтай бойы бар,
Сұңқардан ұшқыр құс бар ма-ай?
117
Айтыс II том
Сөз ұғатын баласың,
Түсінерсің тұспалды-ай.
Мен қаршыға бүретін,
Шын желігім қысқанда-ай.
Жолайдан туған таз бала,
Ақылың сенің аз ғана,
Жусап тұрған жайынның,
Құйрығын басып, қозғама.
Мен – бір жайын, сен – шабақ,
Өзім бастан қозғайын,
Барлығын құртқан қу тамақ.
Мен – Жалтума, сен – Мөңке,
Сенен неғып озбайын?
Сыйынған әруақ ортақ-ты,
Атаңның атын айтпайын,
Әруағынан жазбайын.
Тай туласа, үзілмейд,
Шаптан тартқан қос айыл.
Кірісі мықты сарыжа,
Тартқан сайын қайқаяр.
Тоғай сүзген бүркіттей,
Қанат қомдап қалқайын.
Тоқпақ жалды торы атпен,
Дәмең болса, жалпы айыр.
Төзімің жетсе, тірескін,
Жиғаныңды сарқайын.
Айтысар болсаң, дерек айт,
Сөзіңді естіп, айтайын.
Қопаңдайсың құр бекер,
Шабысыңды байқайын.
Тура сөйлеп дұрыстап,
Мен несіне тайқайын?
Дауылдатып құйындап,
Аз миыңды шайқайын.
Құлый:
Бекіре едім мен өрге жүзген,
Іркіліп қалғаным жоқ айтар сөзден.
118
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақадай шөлде қалған домаланып,
Көңілі Шолағымның нені сезген?
Сарышолақ өлең айтса, есіреді,
Жабыдай жалғыз шапқан көсіледі.
...............................................................
Күнәсін бұрын айтып, кешіреді.
Жалтума бұрын мөрін басқанменен,
Торшаңыз Әйтпенбеттің жесірі еді.
Сөз келед бұрынғыдан созбақталып,
Шолақтың іздегені кесір еді.
Ақымын, жұртта қалған тайлақтайын,
Өкшеңіз маған ерсең тесіледі.
Жақсының атын айтып неғыласың,
Бұйырған Шолағыңа несібе еді.
Пайдадан босқа келген айрыларсың,
Тілегің айтпастан-ақ кесіледі.
Сарышолақ:
Әулие болып өткен атаң Мөңке,
Әлімге болған екен көсем серке.
Бізбенен арғы жағың бір туғанмен,
Тұғырдай жал-құйрығың болды келте.
Пақырсың таста ойнаған құмырсқадай,
Сені біз өсіріппіз, қылып ерке.
Қабақтың қосын тігіп, кетіп едің,
Ел қылған өз алдыңа сол Мырзеке.
Жарқырап жердің жүзін алып жатқан
Көлшікке пар келмейді ағынды өлке.
Аңдап бас аяғыңды, тазша бала,
Ағаңның сенен, сірә, сөзі төте.
Алдымды орағыштап қайқаңдайсың,
Менімен айтыспағың әлі ерте.
Сүйреген өрге қарай жампозыңмын,
Сол болады жанамада сынбас терте.
Құлый:
Баласы Боранбайдың сенсің – Шолақ,
Ақылың болған екен мұнша молақ,
Күпініп, сөз бермейсің,
Сені ақын деп жүрген жұртың дорақ.
119
Айтыс II том
У беріп, өз ағаңды өлтіріпсің,
Үйіңде көрген екен қонған қонақ.
Келгенше жиырма беске қатын алмай,
Сорлы едің Бәйінбеттің артын баққан.
Өлгені Бәйінбеттің саған жаққан.
Есіңнен кетпей жүр ме сол күндерің,
Кірме боп талайлардың асын татқан.
Сарышолақ:
Ылдидан Құлый келді есек мініп,
Мұны мен айтпай жүрмін, өсек біліп.
Қуырып, әйелдерге бидай сатып,
Келеді жазғытұрым жүнін жиып.
Тотанның асқақ дәулет арқасында,
Сен, Мөңке, не қыласың мінге күліп?
Мырзағұл, біле білсең, біздің ағай,
Мөңкесің дөңгеленген алдың тұйық.
Ел болдың өз алдыңа жерді алып,
Әйтпесе, артқы жағың болған сұйық.
Мөңкені не қыласың тіліңе тиек қылып?
Сенсіз де тұрған жоқ па жұрттан биік?
Жаманның өресі тар шермендедей,
Кетеді осындайда тілің тиіп.
Жалтума – ең үлкені Тілеуімнің,
Жататын ұлы өзенге өзі құйып.
Үлкенді сыйламаған бетің қара,
Жүрмессің бұ қылықпен елге сыйып.
Жанып кет шаладайын бықсығанша,
Отырса, айтқан сөзге ішің күйіп.
Құлый:
Өз айтқаның дұрыс деп,
Бөдене борбай, шүріш көт,
Кезбедейін елеуреп,
Бүріскен табан, бұрыш бет.
Әкеңнің атын сұрасаң,
Құдай соққан Әйтпенбет,
Шалап ішкен көнектен,
Ас ұсынған шелекпен,
Ақыретке кетіпті,
120
Қазақ өнерінің антологиясы
Жарымаған қорекпен.
Екі ноғай, төрт орыс,
Параға беріп бешпетін,
Уақпай көпір аузында,
Қызыңды зорлад кезекпен.
Соларды қорғап алмаған,
Айырмаң қайсы көжектен?
Қатеден бір Жаңғылыш өле қалып,
Ауылыңды құмға қарай сүйрегенсің.
Ішінен Құлекеңнің қашып келдің,
Артыңды шанышқымен түйрегенсің.
Қопасор қондың-дағы адам болдың,
Қолтықтан Қабақ-Тілеу сүйегенсің.
Достарыңызбен бөлісу: |