Айтыс II том



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата16.02.2017
өлшемі0,96 Mb.
#4186
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

ОҢҒАР МЕН ЫРЫСТЫ ҚЫЗ
Оңғар: 
Етікші етік тігер бізіменен
Бізден соң, ине жүрер ізіменен. 
Түрленіп, түспес қолға дүние, шіркін, 
Сағымдай алдап жұртты жүзіменен. 
Қызылдың қиясынан көмір айдап, 
Бір жылша кіре салдым күзіменен. 
Басынан Қаратаудың көшкен күні, 
Қалыпты бір ат дорба тұзыменен. 
Сол тұздың түсіп қалған себебінен, 
Айтыстым бір Төбеттің қызыменен.
Атыңды мен білмеймін, қарағым, қыз, 
Келе жатқан ұзақ жолдан жолаушымыз. 
Ағаңның арнап келген жұмысы бар, 
Қайырға болар ма екен бір салым тұз?
Ырысты қыз:
Сұрасаң, менің атым – Ырысты қыз, 
Айтайын, керек болса, ат-есіміміз. 
«Тұз» деген қажетіңді жеңгем білед, 
Болмаса, одан өзге жұмысыңыз? 
Көмірші кіре айдаған толып жатыр, 
Өзің де айт аты-жөнің, кім боласыз?
Оңғар:
Баласы ата-ананың жатжұрттық – қыз, 
Кететін бөтен елге, айдап дәм-тұз. 
Білмесең, атымды Оңғар деп айтады, 
Бозғұлда Қаратамыр, аты-жөніміз. 
Жұмысым тұздан да өзге толып жатыр, 
Айтайын, қарындасым, бітірсеңіз.
Ырысты қыз:
Базардан алып келген қызыл керсен, 
Керсеннен кім дәм татпас, тегін берсең. 
Қажетің иә табылар, иә табылмас, 
Мән-жәйін білер едік, айтып көрсең.

140
Қазақ өнерінің антологиясы
Оңғар:
Адамзат қайда жүрмес, айдаса – тұз, 
Талпиды әр тарапқа көңіліміз. 
Айтайын «Айт» десең, мен жұмысымды, 
Өзіңдей іздегенім – бір сұлу қыз.
Ырысты қыз:
«Бір салым – іздегенім – тұз» деп едің, 
«Жолаушы, шын мүсәпір – біз», – деп едің. 
Сөзіңнің алғауы көп жан екенсің, 
Қаруы қайтпайтындай ештеңенің. 
Жолыңнан қалмай-ақ қой, дәмеленіп, 
Алдыңнан шыға берсін іздегенің.
Оңғар:
Керуен күн-түн қатар сүргін болып, 
Көңілімде қалды айтқаның, кірбің болып.
Істерсің, істемессің айтқанымды, 
Үйіңе кетсем қайтед бір күн қонып!
Ырысты қыз:
Үйімді қызғанбаймын, «Қонам» десең, 
«Жай жатып, жақсы қонақ болам» десең. 
Кісідей ұстамалы ауруы бар, 
Орныңнан түнде тұрып елірмесең?
Оңғар: 
Кей-кейде әдетім бар елеурейтін, 
«Бітір, – деп, – қажетімді!» жеделдейтін. 
Күтініп, кең салып жат төсегіңді, 
Қонақтан дәмең болса, «Келер» дейтін. 
Қалмасын қатарыңның көңілі ренжіп, 
Нәрсе жоқ өзгеріліп, «көнермейтін».
Ырысты қыз:
Күте бер, олай десең, «көнергенше», 
Тілеуқор болып сырттан өле-өлгенше. 
Болмаса, адал жолмен ізденсейші, 
Қол жайып көрінгенге, тіленгенше.

141
Айтыс II том
Оңғар:
Көбейер, күз басталса, жел менен құз, 
Кеткен соң қырық күн шілде, сарша-тамыз. 
Секілді олжа малы – қардың суы, 
Қашаннан жұртқа жеңсік қыз бен қымыз. 
Несіне білмейтіндей бұрмалайсың, 
Болмап па ед атаң жігіт, анаңыз – қыз?
Ырысты қыз:
Алты айдың үшеуі – жаз, үшеуі – күз, 
Екі елу – ердің жасы болады жүз. 
Кездестің келе жатып көш жөнекей, 
Отырсаң, үй тіккенше кідіріңіз.
Оңғар: 
Болғанда үш ай тоқсан, қатады мұз, 
Қар жауып, қара жерде болады сыз. 
Үйің тік, олай десең, малыңды сой, 
Бір қоста, жолдасым бар, он кісіміз.
Ырысты қыз:
Шаруаның қар жалаған малы семіз, 
Туады, мал семірсе, төлдеп егіз. 
Қонаққа қойымыз жоқ соятұғын, 
Шұбыртып сонша бәрін біздің неміз?
Оңғар:
Қолыма, «Жырла» десең, домбыра бер, 
Мейманға назарыңды оң бұра бер. 
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деген сөз бар, 
Он түгіл, жүз де болса, қондыра бер.
Ырысты қыз:
Қыс болса, түлкі, қарсақ жортар саймен, 
Санаспас, білмеген жат, жай-жағдаймен. 
Күніне жүз кісіні сыйлайтұғын, 
Жомарт бар деп пе едің тең Атымтаймен?
Оңғар: 
Қашаннан хан мен төре – ел ағасы, 
Шығады жоғарыдан су сағасы. 

142
Қазақ өнерінің антологиясы
Жомарттық етпесең де Атымтайдай, 
Ағаңа бермеймісің қонақасы?
Ырысты қыз:
Бұл кезде, би мен болыс – төр ағасы, 
Жылқының көзге қораш көк аласы. 
Қыс болса, шаруаның жайы мәлім, 
Көп болмас, көңіл-қоштық ырадасы. 
Қар жауып, үй тігілмей жатқанында, 
Қой, жаным, қонақасы сұрамашы.
Оңғар: 
Дау болды-ау қонақасы арамызда
Бар болса, түсінер ең санаңызда. 
Еншіміз қонақасы айрылмаған, 
Айрылып, көре тұра қаламыз ба? 
Құдайым қайдан бізді кез келтірді, 
Кескенде, қан тамбайтын сараң қызға?
Ырысты қыз:
Қонағым, ақырында, қас болдың ба? 
Білместей жай-жағдайды жас болдың ба? 
Мен саған «Жөн сілте» деп тұрғаным жоқ, 
Айта бер ақылыңды басқа орныңда! 
Аузыңа келген сөзді қайтармайсың, 
Базаршым, тентіреген, мас болдың ба?
Оңғар: 
Ау, жаным, мынау сөзің тиді жаман, 
Айтасың ашындырып қалай маған? 
Кемді күн қыз да – қонақ, біз секілді, 
Бұтына ошағының болмас таған. 
Сөгесің неге бізді жүрген түзде, 
Далаға шықпайтын ба ед сенің ағаң?
Ырысты қыз: 
Қолында құсбегінің биялай-ды, 
Атады мерген тосып құралайды. 
Айтылған ишаратқа түсінеді, 
Жақсы адам жайды білген, сынамайды. 

143
Айтыс II том
Далаға менің ағам шықса-дағы, 
Тентіреп, қонақасы сұрамайды.
Оңғар: 
Болмады айтпасқа сөз саған тағы, 
Шымшыған тиді тілің маған тағы. 
«Атаңнан мейман ұлық» деген қайда? 
Білмесең, ол – кемістік, шалаң тағы. 
«Қайырды – қабаған ит байлар» деген, 
Ауылды сен билесең, қараң-дағы. 
«Тентіреп, қонақасы сұрадың» деп, 
Тек жапқан сылтауратып жалаң-дағы. 
Бетіңше кеткеніңе қайырусыз, 
Жеңгең мен жақсы ат алмас ана-дағы. 
Бола алмай ауылға ие, әйелге – ер, 
Ойлап көр, не болғаны ағаң-дағы?
Қыдырып, қонақасы іше алмаса, 
Атаң да бір нәсілсіз жаман-дағы. 
Осымен тоқталарсың, тілімді алсаң, 
Болмаса, бұдан да өзге табам тағы.
* * *
Сол жерде қыз жауаптан кідіріпті 
Деп айтқан: «Аға тілін алам-дағы». 
Қоштасып, тарасыпты жөн-жөніне, 
«Сау бол, – деп, – көріскенше аман-дағы». 
Оңғардың Ырыстымен айтысының 
Аяғы осыменен тамам-дағы.
ҚЫЗЫЛ ЖЫРШЫ МЕН ӘКІМГЕРЕЙ
Қызыл жыршы:
Құдая, әлі жабы – біз – бір пендең,
Болмайды кемшілігі елдің елден.
Қай түрлі құрмет қылсаң жарасады,
Еліңе мүсәпірміз біз бір келген.
Сыйысып, іштеріңе кетіп жатыр,
Қазалы келген адам Түркістаннан.
Бақтияр, Данияр мен Құдияр боп,
Бір туып, бір емшектің сүтін емген. 

144
Қазақ өнерінің антологиясы
Атасы үшеуінің Анас екен,
Үшеуі Анас байдың баласы екен.
Данияр мен Құдияр – кішілері,
Бақтияр екеуінің ағасы екен.
Данияр – ортаншысы – менің бабам,
Есігі Бақтиярға жалғас екен.
Құдияр – ең кішісі – сенің бабаң,
Үш үйден үш жұрт қылған қадір Аллам.
Енші алып, үй ішінен отау тіккен,
Білсеңіз, хисрат болып сонан қалған.
Анастан арғы жері екен Ысқақ,
Сөзбенен көрсетейін саған нұсқап.
Жіберіп екі үлкенін енші беріп,
Қолына Құдиярды қалған ұстап.
Біз, жырау, жақсыларды базар еткен.
Дүниеден көшіп жатыр қаза жеткен.
Үш жүз [дің] кенжесінің баласы еңдер,
Басынан бабаңызға дұға кеткен.
Арымас дұғалы құл деген сөз бар.
Отырсың қонысыңда сол себептен.
Атаңнан атам үлкен, өзіңнен – мен,
Қол алып, көріспедің Мырзабекпен.
Менмендік осыншама қылатұғын,
Сен қандай ақын едің менен өткен?
Әкімгерей:_Сөйлейсің_қалай-қалай_сөзді,_қасқа,_Әлі_тиген_жоқ_па_еді_басың_тасқа_Өмірінше_тозғындаған_халықсың_ғой,_Тимеген_ауыздарың_өмір_асқа._Қызыл_жыршы'>Әкімгерей:_Еш_адам_бай_болмайды_сараңдықпен,_Мақсатқа_әкім_жетпес_арамдықпен._Есебін_еш_нәрсенің_біле_алмай,_Халықсың_тозып_кеткен_жамандықпен._Қызыл_жыршы'>Әкімгерей:_Жыршы_боп_жүр_екенсің_мен_жоғымда,_Шыр_болып_түлкі,_қарсақ_ел_жоғында._Қаңғырып_Қазалыдан_келген,_қасқа_Бұл_жерде_кім_қарайды_аш-тоғыңа_Қызыл_жыршы'>Әкімгерей:
Жыршы боп жүр екенсің мен жоғымда,
Шыр болып түлкі, қарсақ ел жоғында.
Қаңғырып Қазалыдан келген, қасқа?
Бұл жерде кім қарайды аш-тоғыңа?
Қызыл жыршы:
Жан ба едің жайын өскен қысым көрмей,
Бұл сөздің халық айырсын алтын, мысын.
Қоқиып келген жерден мұны айттың ба?
Алтын десем, әншейін мыс екенсің.
Бендесі әр қиырда жүргенменен,
Ақымақ, Алла берер ризықысын.

145
Айтыс II том
Әкімгерей:
Айттың ба тойғаннан соң бүгін мұны,
Әркімнің бұл сөзіңе келер жыны.
Несіне тойғаныңа мас боласың,
Қаңғырып ішкен, қасқа, жуындыны.
Бұл жерде әулеті жоқ, тумасы жоқ,
Осының өлсе түсер кімге құны?!
Қызыл жыршы:
Еш жерге жете алмайсың бұл ойменен,
Кей жаман жүрген жерін лайлаған.
Ақымақ алды-артын болжамайды,
Өз сөзін өзі мақтап, шырайлаған.
Қаһары келсе, фишрат таптырады,
Жүргенде ойының келіп Құдайменен.
Әкімгерей:
Еш адам бай болмайды сараңдықпен,
Мақсатқа әкім жетпес арамдықпен.
Есебін еш нәрсенің біле алмай,
Халықсың тозып кеткен жамандықпен.
Қызыл жыршы:
Еш адам бай болмайды есеппенен
Дүние тең суға еріген кесекпенен.
Бұл нәубәт өз басыңа кеп қалмасын,
Дүние ешкімге опа көрсетпеген.
Әуелі Құдай, әулие жар бола гөр,
Ұстастық бір ақырған есекпенен.
Әкімгерей:
Сөйлейсің қалай-қалай сөзді, қасқа,
Әлі тиген жоқ па еді басың тасқа?
Өмірінше тозғындаған халықсың ғой,
Тимеген ауыздарың өмір асқа.
Қызыл жыршы:
Артық па біздің елден қызықтарың?
Еліңе ел екен деп қызықпадым.
Тозғында, дуана боп жүрсе халқым,

146
Қазақ өнерінің антологиясы
Тағдырдың көрген шығар сызықтарын.
Атаусыз өлгендерің қалып жатыр,
Кірмейді құлағыма быжықтарың
Інісі ағасының қызын алған,
Көп екен елдеріңде бұзықтарың.
Әкімгерей:
Ақтайсың бұзықтықпен бұзылғанды,
Маңдайға қайдан білдің сызылғанды?
Бес жасар, он жасардан ұстап беріп,
Бірталай біздің халық қызыңды алды.
Қызыл жыршы:
Қарашы айуанның ауызына,
Мас болып бес-алты пұт азығына.
Қыз бенен қой қай жерге кетпеуші еді,
Қартайған қыз көрдің бе қазығында?
Тағдырдың қууымен қылсаң, жазығы не?
Өзіңнің қыз, қатының талақ болды,
Қарыған қаз көріп пе ең қаз ішінде?
Әкімгерей:
Ай, қасқа, тарта сөйле тіліңізді,
Сандалдың, бірің көрмей біріңізді.
Әуелі келген кезде біздің елге
Көрген жан шошушы еді түріңізді.
Жерлеріңде қасиет болмаған соң,
Көре алмай сандалдыңыз күніңізді.
Қызыл жыршы:
Ақымақ, жамандама елімізді,
Жылан кеп, үзіп кетті белімізді.
Өзіңнің бар қатының талақ болды,
Қасиетсіз деп айттың жерімізді.
Бет алдыңа ақырған есексің ғой,
Білмейтін ата мен тегіңізді.
Білмейсің Қожа Ахмет Иассауиды,
Қой енді былшылдаған кебіңізді.
Шайқысылам, осыны өзің ап келдің бе,
Айтысып, ап берер деп кегімізді?

147
Айтыс II том
Әкімгерей:
Сөйлейсің қалай-қалай, қасқа кедей?
Ауызы жарымаған асқа кедей.
Асымды ішіп, халқымды жамандайсың,
Ақыры, сазға отырарсың саспа, кедей.
Жыршы боп жүр екенсің, мен жоғымда,
Ізімді бұдан былай баспа, кедей.
Қызыл жыршы:
Артық па бізден сіздің ішкеніңіз?
Қуырылған құр шаймен іштеріңіз.
Асына асып жатқан кел демейтін,
Сай емес мұсылманға істеріңіз.
Тағы да ұнамайды ит мінезің,
Келгенді талайтұғын күштеріңіз.
Мұрттарың басылмаған, шашың өскен,
Секілді мұжық орыс түстеріңіз.
Құдайды – бір, пайғамбарды хақ білетін,
Сіздерден біз хақ дінге ішкеріміз.
Әкімгерей:
Ай, қасқа, байқап сөйле, Қазалың жоқ,
Үстіңде үй, бауырыңда қазаның жоқ.
Қарашы, жан-жағыңда жігіттерді,
Қалмағай қапелімде ажалың боп.
Сөйлейсің кімге сеніп үстем-үстем,
Есен мен Ахметкерейдей адамың жоқ.
Қызыл жыршы:
Қайтеді Ахметкерей, Есен деген,
Мен ондай қорқа алмаймын есерлерден.
Ораза, намазбенен жұмысы жоқ,
Баланың ісін қылған еленбеген.
Осыларды алдына танау қылсам,
Ойың ғой үні сонда өшер деген.
Елімнің берекелі уақытында,
Болғанмын мен де жолдас талай ермен.
Ахметкерей, Есенді мықты десең,
Апаңа жүгіртіп ал қатыныңды.

148
Қазақ өнерінің антологиясы
Әкімгерей:
Ай, қасқа, байқап сөйле, есірмегін, 
Басыңа жетіп кетер кесірлерің.
Көңіліме менің бүйтіп тие берсең,
Басыңның білмей қалма кесілгенін.
Қолыңнан қыздарыңды қойдай сатып,
Қашып кеп, тиіп жатыр жесірлерің. 
Қызыл жыршы:
Күлкіңді біздей болсаң, тыя алмайсың,
Біздей боп ешбір жерге сыя алмайсың.
Көргенін біздің елдің көрсең егер,
Өмірі естеріңді жия алмайсың.
Қыз түгіл, еркегің [де] жүрісті боп,
Теріс қылық жасауға ұялмассың.
Әкімгерей:
Болса да, аямассың келсе күшің,
Елімнің ішкен, қасқа, жуындысын.
Қарашы жан-жағыңа, жігіттерге,
Қалмасын опырылып отыз тісің.
Қызыл жыршы:
Жаратқан жалынамын жан иеге,
Тоқтарсың келсе егер сөз жүйеге.
Әкеліп неміс арба сыйғызбап ең,
Кесірің артса, сыймас бір түйеге.
Көп қой деп сен сенесің адамыңа,
Құдаймен мен де сендім әулиеге.
Әкімгерей:
Әулие деп жүргенің адам шығар,
Деп жүрген оны әулие надан шығар.
Осындай сыйынғанда қолдайтұғын,
Әулие тірлігіне болса-дағы,
Құл болып өлгеннен соң қалған шығар.
Қызыл жыршы:
Әулие өлген емес, тірі ғайып,
Шын ақымақ болмасаң, мұның айып.

149
Айтыс II том
Көресің әулиенің кереметін,
Табаның бұл жалғаннан кетсе тайып.
Құдайды – бір, пайғамбарды хақ білмейтін,
Тұқымын не қылады мұның жайып?
Әкімгерей:
Ешкімнен тоқталмаған Әкімгерей,
Түзелмес жігіт адам зәкүн көрмей.
Қаңғырып, Қазалы өтіп келдің неғып,
Бар болса, әулиенің нәпін көрмей.
Сөйлейсің кімге тиісіп үстем-үстем,
Қонысың осы арада жақын жердей.
Қызыл жыршы:
Сырттан сол әулие оңдайтұғын,
Пендесі Құдай сүйген тоймайтұғын
Иланбай әулиенің барлығына,
Неме екенсің соры бар қайнайтұғын.
Білмесең Қожа Ахмет Иассауиді,
Неме екенсің тұқымын жаймайтұғын.
Құдайы – екі соғым бердің жәдігөйсіп,
Қоянсың орда өстіп жан сақтайтын.
Әкімгерей:
Еліңде байың бар ма Шәді молдамдай,
Бола ма тәуір жігіт Байқадамдай?
Қобдада Әбіш деген бір бай жатыр,
Жылқысын көптігінен қайтара алмай.
Келгелі біздің елге үш жыл болды,
Болыпсың сырын алып байқағандай.
Қызыл жыршы:
Мақтарлық Әбіш байың кісі ме еді,
Бар ма деп оның несін ісінеді.
Еліңнің айтулысы Әбіш болса,
Сенің де сәл-ақ болды күшің енді.
Тыңдасаң, құлақ салып, Әкімгерей,
Ақшалы отыр ....................  мына кедей.

150
Қазақ өнерінің антологиясы
Төрт адам кешқұрымда барып едік,
Үйіне қонақ қылып, түсірмеді.
Күн суық, ұйқы-тұйқы боран боп тұр,
Сәл кідірсек, тұрмыз енді үсігелі.
Мақтама малы бар деп Әбішіңді,
Айтпасаң, қайыры бар кісілерді.
Әкімгерей:
Қажыдай Аллаберген кісің бар ма,
Толтырған Құдай көңілін бас пен малға.
Мал мен бас, абырой, бақ, барды беріп,
Жеткізіп мұратына қойған Алла.
Қызыл жыршы:
Баратын талай қажы біздің елден,
Әр жылда-ақ мыңы барып, жүзі келген.
Қайтып кеп дүниеге араласпай,
Қажының сауабы көп сол жақта өлген.
Сен менің бұл сөзімді жалған десең,
Сұрашы молдалардан кітап көрген.
Әкімгерей:
Еліңнің енді сен айт берекесін,
Әр түрлі той-тамаша берекесін.
Бәріне біздің елдің сын тақтың ғой,
Есітейік сендер қандай ел екенсің.
Көңілің еш адамнан басылмаған,
Басыңда тұрмысың көп неме екенсің.
Сірә, бір осы көптен жасқанбадың,
Сондай бір тәуекелшіл ер екенсің.
Қызыл жыршы:
Айтайын елімізде әулие бар,
Әр түрлі түнеп жатқан аяты мал.
Айтайын еліміздің берекесін,
Аңғарып, Әкімгерей, құлағыңды сал.
Әр жылы мың үй тігіп, ат шаптырар,
Мүкарам қайтыс болса кемпір мен шал.
Халыққа бір ай бұрын хабар беріп,
Той жасап, қыз ұзатар не мырзалар.

151
Айтыс II том
Серкені қырық шақты додаға сап,
Бес-он күн бозбалалар көңіл ашар.
Болса егер аты жақсы, өзі мықты,
Шақырып, сол додадан салым салар.
Дәстүрін біздің елдің көрсең егер,
Қайран қап, көңілің бітіп, мейірің қанар.
Миуаның неше түрлі бәрі сонда,
Болушы еді ішкеніміз шекер мен бал.
Жатып қалған уақытта қонақ барса,
Түрегеп, қол қусырып, қойын шалар.
Жолына бес, он мың сом қаражат қып,
Әр жылда Мәдениге қажы барар.
Олардың қажылығы қабыл болып,
Болмаса бірлі-жарым келмей қалар.
Десең сен қасиетсіз жерімізді,
Ақымақ, әулие атып, аруақ табар.
Кезекті, Әкімгерей, саған бердім,
Әр түрлі елімізден айтып хабар. 
БОЛМАН МЕН НЕСІГҮЛ 
Несігүл:
Атамыз бірге туған Арғын, Найман, 
Нәсілім Қарақожа Қаптағайдан.
Арғынның ноқта ағасы жүйрігімін,
Сан топта озып жүрген екі ұдайдан.
Сөйле деп, жол бергенде халқым маған,
Мен едім айтар сөзден тартынбаған.
Арғынның екі жүзді алмасымын,
Болаттай тас кесетін жарқылдаған.
Еліңнің жақсыларын айтып берші,
Найманның белгілі еді қалпы маған.
Баянда сұрағыма жауап беріп,
Сөз бердім енді кезек, Болман, саған.
Болман:
Найманның деп сөйледің қалпы маған,
Найманнан Арғын, тіпті, артылмаған.

152
Қазақ өнерінің антологиясы
Байлыққа, батырлыққа бірдей туған,
Дариядай көлемі көз сарқылмаған. 
«Елді сөкпе, кенді төкпе» деген сөз бар,
Қызына жақсы қайда тыю салған?!
Несігүл, аса сөйлеп, арындадың,
Ақын деп ем, айтқан жерден табылмадың.
Еліме келген жерден тіл тигізіп,
Тәңір алғыр, не себепті жаңылғаның?
Батасын екі жердің бірдей бұзып,
Әуреге басың шатып, сабылғаның.
Тарақты әуейі екен жүрген мақтап,
Осы ма ділмар қызың жүрген баптап?
Орныңнан тұра алмассың, қыз Несігүл,
Құйылса, терең жырым екі жақтап.
Кеше кеп Жәнібекті жау шапқанда,
Малды айырып, Ерден батыр қалған сақтап.
Арғынның бекер демес кәрі-жасы,
Аулыңның шаң болғанда айналасы.
Малыңды жаныңменен алып қалған,
Төлек, Тулақ, Сандыбайдың ер баласы.
Несігүл:
Ақыным, мінің сол ма маған таққан?
Арғыннан батыр Шақшақ шыққан ақтан.
Жантөре, білемісің Жәнібекті,
Барақ көлінде аулыңды барып шапқан.
Ерденің Жантөремен ұстасам деп,
Омбының қаласында қаза тапқан.
Сұраусыз осыменен Ерден кеткен,
Ер болсаң, қайда жүрсің, қолың жеткен?
Ағыбай, Алтынсары, Абай, Қунақ –
Теңдікті сіздің елге бермей кеткен.
Болман:
Мақтайсың Жантөре мен Ағыбайды,
Ерліктен сол мінезі табылмайды.

153
Айтыс II том
Қырғызбен Алатауда шабысқанда,
Тастап қашқан Кенесары, Наурызбайды.
Жантөре орыспенен ақыл қосып,
Ерденге жамандықты жүрген тосып.
Улаған Ерден жатқан үйін келіп,
Сонымен Ерден өтті, ажал құшып.
Жантөре өзі тартты қайғы сана,
Сандыбай Орта жүзге болған пана.
Орысқа бақыт үшін ақыл қосқан,
Жантөре екі дүниеде жүзі қара.
Демейді бұл сөзімді ешкім жалған,
Ерден ер Орта жүзде ұрандалған.
Үш жүздің жақсылары бас қосқанда,
Батыр деп Сары Ерденді ауызға алған.
Несігүл:
Аққошқар Сайдалым бар бақыты асқан,
Салдырған күйдірген үй таран тастан.
Олардың салтанатын айта берсем,
Тамаша таң қалғандай мың бір дастан.
Бұларға қандай адам шақ келеді,
Артуға түйе, кедейге ат береді.
Өзі бай, өзі батыр, өзі сақы,
Халықты әділдікпен меңгереді.
Найманда тап келетін бұған кім бар?
Ақшолақ Жанайдар мен Батырхан бар.
Алмастай екі жүзді тас кесетін,
Қайтпайтын қайсар туған Мейрамым бар.
Қақ жарған қара қылды әділдікпен,
Болманым, тауып берші осыған пар?
Болман:
Несігүл, артық сөйлеп мақтанасың,
Құр мақтанып, өзіңе-өзің дақ саласың.

154
Қазақ өнерінің антологиясы
Сөзіңнің жүзден бірі бәрі – өтірік,
Сен қалай осы істен ақталасың?
Батыр деп және айтасың Қамбарыңды,
Түйедей бойға сенген заңғарыңды.
Елдегі бұзық пенен ұрыңды айтып,
Көрсетпей қасиетті ұлдарыңды.
Найманның бір баласы – Бағаналы,
Алты мың жылқы біткен сары алалы.
Егесі сол қыдырдың Ибескі бай,
Тоғыз жүз нар байлаған тоғаналы.
Жылына құлындайды екі мың тай,
Байлыққа кім тең келеді бұларға сай?
Жазғытұры қоздайды он мың саулық,
Ыңырсып, малға толад сала мен сай.
Мәйгелді халық білед қуатымды.
Артылған Орта жүзден мұратымды.
Арғыннан бес жүз үй боп көшіп келген,
Ашып ед сол нашарға суатымды.
Несігүл, өтірікпен сандаласың,
Бөрідей басып жеген өз баласын.
Еліңнің басын дауға кеттің салып,
Зарлатқан, Несігүл, сен ата-анасын.
Несігүл:
Сөйлесін Болман ақын асып-тасып,
Ер сасқан уағыңды етек басып.
Шабам деп Кенесары келгенінде,
Ағыбай шапқызбаған ақылдасып.
Қаперден Ағыбайға сын тағасың,
Жақсылығын ұмыттың ба қара басып?!
Арғынсыз Найман сенің күнің бар ма,
Шығатын менсіз жерде үнің бар ма?
Сарамен айтысқанда Біржан сері,
Арғынның топтан озған ақтанкері.

155
Айтыс II том
Найманнан өзіне серік тең таба алмай,
Жығылып осы емес пе ед қайтқан жері?!
Ақыным, аса алмассың менен өзің,
Жаныма қатты батты әрбір сөзің.
Атағы алты алашқа мағлұм болған
Қайда жүр Сарыбайды көрмей көзің?
Болман:
Несігүл, жауап берші өз басыңнан,
Айрылдың не себепті жолдасыңнан?
Өзіңнің сіңліңді зар жылатып,
Қорықпадың соның қалай көз жасынан?
Өзіңе бай етіпсің сіңлің байын,
Көп алдында масқараңды шығарайын.
Ешкімге опа бермес, Несігүл қыз,
Алмаңыз көңіліңе, ер Құсайын.
Несігүлді, Құсайын, сен алып қашқан,
Тұлпардың құлын едің ізін басқан.
Тіл алсаң, Несігүлді қайтар, жаным.
Жері осы Несігүлді қара басқан.
 * * *
Бұзаудың тура келді Ыбырайы,
Белгілі болды деді Несігүл жайы.
Несігүл, жеңілдің сен, шапан жап, – деп,
Халықтың қабылдады жарлы-байы.
Сынастық сөзімізді көпке салып,
Сөздерін екі ақынның көрді халық.
Аузымнан шыққан сөзді кешіріңіз деп,
Несігүл шапан жапты, қолымды алып.
Мен-дағы кештім дедім сосын тұрып,
Жан-жаққа жүрген кезім құлашты ұрып.
Тарқады жұрттың көбі бата беріп,
Осындай сайран еттік, дүкен құрып.

156
Қазақ өнерінің антологиясы
БОЛМАН МЕН ТАЙЖАН
Тайжан:
Жақсының таныс болдым баласына,
Ән салдым Сарыарқаның даласында.
Домбыра ап, Болман інім келіп отыр, 
Жармасып қалайын деп ағасына.
Бұл ағаң бой бермейді, күш бермейді,
Көрген жоқ жан жармасып жағасына.
Әкеңіз кеңес сөздің дариясы,
Сөз десе, қайтқан емес ықыласы.
Ағаңа мен сияқты жармасам деп,
Болманым, болып жүрме Аллаға асы.
Мен-дағы Ұлытаудың сұңқарымын
Сөзбенен даяр отыр сыбағасы.
Қиядан бөрі келсе, шап беремін,
Басынан сыпырғанда томағасы.
Су ішкен алмауытпын биік өрден.
Халыққа сөзім анық Құдай берген.
Қожасты қолдан бағып, бөлгем енші
Сондағы менің атам бата берген.
Именбей, ағаңа сен жармасасың,
Кісідей жаңа туып, көктен келген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет