Әжек:
Біздің ел астық салмай, өліп жүр ме?
Қаңлы көпке бидай беріп жүр ме?
Қыласың жазы-қысы бірдей бейнет,
Сонда да қызық өмір көріп жүр ме?
Жантайың еліңдегі жақсы дейтін,
Неге ұшырай береді мұндай күйге?
ҚАЗАҚБАЙ МЕН НҰРПЕЙІС
Қазақбай:
Қанатым талмас қаршыға –
Жайнап дәурен сүргенім.
Шеңгелім қайтпас шын болат
Шын күйіме түскенде,
Қиядан көзім шалған-ды
Не болса да, ілгенмін.
Жасым жеткен арыстан,
Дүбірден әлі қалыспан.
Екіталай жер болса,
Таптап жерге жанышқам.
Әркімдер әуес сыртымнан
Қазақбай деген дабыстан.
Жүйріктің жайы көрінер
Алқалы дуда шабыстан.
Тауым қайтып көрген жоқ
Жақын менен алыстан.
Алқалы топта айтыссам,
Бергенім жоқ намыстан
Қамал бұзған қайратты
281
Айтыс II том
Қызыл тілім ерікті.
Тарлан тартқан Қазақбай
Қиялап шауып, желікті.
Жырдан дауыл тұрғызам,
Көмейден басып көрікті.
Шын желденіп желгенде
Өзгеге бермен ерікті.
Жас жыршыны көрген соң
Желігер жерім келіпті.
Қиядан жарды ұрармын,
Екпініме шыдар кім?
Егескенде егеулі
Жар қылышын шығардым.
Құрлыққа шыққан шынармын,
Айтысуға құмармын.
Азу тісім сақылдап,
Қандай жүйрік болса да,
Қос өкпеден сығармын.
Тұяғым болат тұлпармын,
Дуда неғып шыдармын?!
Руымды сұрасаң,
Мен – Майлыбай Кетемін.
Қашқан жерде құтылып,
Қуғаныма жетемін.
Осы отырған, жамағат,
Жаңа талап балаға
Домбырамды қолдағы
Енді ұсыныс етемін.
Нұрпейіс:
Жырыңды байқап қарасам,
Ешбір жоқ сенің ғапылың.
Жаңа өспірім бала деп,
Жетіспеген шала деп
Толмады ма тақымың?
Өзіңді сонша зорайтып,
Мұнша неге тасыдың?
Түлектен шыққан шынығып,
Балапан бүркіт мен болам,
Құлағыңды сал, сұңқарым.
282
Қазақ өнерінің антологиясы
Тұяғым тастан қайтпайтын,
Жарауым түскен тұлпармын.
Бәйгелі жерге қосқанда
Жер танабын құртармын.
Қазақбай ақын келед деп
Сәрсенғали, Құлназар
Ат жіберіп шақырды.
Қанша бала көрсең де,
Толтырармын тақымды.
Өзіңді зорға санайсың,
Мені кімге балайсың?
Ар жақ пенен бер жағын
Алыстан орап қарайсың.
Қарағанмен, Қазеке,
Сен – бір гүлсіз қу ағаш,
Миуалы – мен – балдырған.
Сүйексіз қызыл тілімді
Жаңылдырман, талдырман.
Тарлан тартқан көкжалға
Жастығымнан шалдырман.
Қырқып, қиып желісін,
Ағыным бөгеп өрісін,
Кілтсіз кісен салдырған.
Естуімше сыртыңнан,
Жырдың ағыс көзі едің,
Айтулының өзі едің.
Сіздей жүйрік шежіре
Іздеген менің керегім.
Аңсағанда алдымнан
Тілегенім табылған.
Тарлан тартқан жүйріксің
Талай топта шабылған.
Екпінің күшті көрінді
Тас аунатқан ағыннан.
Айрылмасам бағымнан,
Кесілмесем қарымнан,
«Сөйле», – деп, кезек бергенде
Айтарымнан жаңылман.
Тас кесетін алмастай
Жыр күштісі табылған.
283
Айтыс II том
Алшысында ақ алмас
Сенен қорқып, тарылман.
Даңқыңды естіп сыртыңнан,
Бір кездессем деп едім.
Дүбірің алып тыншымды,
Жанымды жастай жеп едің.
Әр мысалдан жыр жырлап, –
Домбыраны беремін.
Жасы үлкен қарт аға,
Қазекең алсын кезегін.
Қазақбай:
Домбыраға үн қоссам,
Әнге жырым жарасқан.
Алпысқа жасым келсе де,
Жерім жоқ бұрын адасқан.
Шүреннен шыққан жас бала
Меніменен таласқан.
Талай айтқыш егесіп,
Тозаңымнан адасқан.
Жыр қанаты қомдалған,
Жыр қымбаты таңдалған.
Етектен бала алды деп,
Арланбан да, шамданбан.
Дуа тиген Майлыбай,
Енді бастап сөйлейін
Ожырай, Кете елімнен,
Елімде өткен бай менен
Қайтпайтын жаудан ерімнен.
Дау дегенде желіккен,
Кілең мықты серімнен,
Дербісәлі, Сүлекең,
Кетенің биі – данасы,
Халқымның қорған, панасы.
Әулие өткен жан еді,
Үлгі болған халқыма
Керемет үгіт, санасы.
Ел бастаған ер еді,
Ерлер мен биім көп еді.
Ежелден-ақ Майлыбай
284
Қазақ өнерінің антологиясы
Мақтауыма сиятын,
Аузыма толы сөз еді.
Ақынды айтсам мақтанам:
Ожырай, Кете – астанам
Жастілеу мен Бақберген
Тасыған судай қаптаған,
Майлыбайдай ерім көп,
Елді берік сақтаған.
Білімі артық биім көп
Екіталай жерлерде
Елдің сөзін бастаған.
Малы өріске сыймаған
Сан жетпейді байларым.
Ақсүйектің ұлындай
Елден озған паңдарым,
Таршылықта жол тауып,
Орындаған арманын.
Осынымның бәрі рас,
Айтпаймын сөздің жалғанын.
Көпті көрген көнемін,
Біраз жерден қармадым.
Екіталай кезеңде
Қабады жайын қармағым,
Ежелден ақын үлгілі,
Мен – Майлыбайдың бұлбұлы,
Басады, балам, салмағым.
Қартайып, жасым жетсе де,
Батпай кетпес бармағым.
Жыршының сөз табады тіл мен жағы,
Майлыбай, Бақтыбайдың артық бағы.
Ерегіс екіталай сөз болған соң
Қартыңның айдын көлдей шалқыр шағы.
Аяма барың болса, қимылдап қал,
Жас бала, кезегіңді бердім тағы.
Нұрпейіс:
Ақылмен ойлап, сөз табар
Адамзаттың данасы.
Өзіңе аян, Қазеке,
Әлімнің алты баласы:
285
Айтыс II том
Біреуі – Кете Майлыбай,
Терістаңбалы Ожырай.
Ән мен жырым сайма-сай,
Ата тектен жырласаң,
Бола алмассың, маған сай.
Ерлерімді екшесем,
Сонда менің көңілім жай.
Біз – баласы Әлімнің,
Өзімнің атам – Жаманақ,
Жыр жырлаймын саралап,
Жөн білмейтін олақтай,
Сөз айтпаймын қаралап.
Қаймығып, кімнен қорқайын,
Кім қымбат та, кім арзан,
Атадан бастап айтайын.
Тұқым, текте кемім жоқ,
Айтыстан неге қашайын?
Орыстан өрген үш бала:
Есенәлі, Айдарбек,
Есенәлі баласы,
Жетеу екен шамасы.
Шектінің шексіз ерлігіне
Болмаған ешкім таласы.
Құрманай мен Құттық,
Жиеншора, Жолшор,
Асан, Үсен, Кішкене –
Осылар туған баласы.
Өзімнің атам – Бөлек-ті,
Бөлектен туған кім десең,
Шамаң келсе, Қазеке,
Айта бер бетке мінімді.
Тіл найзаңды салып көр,
Аяма жас деп ініңді.
Сендерді жерге қаратсам,
Сұрама, жұртым, құнымды,
Тілеу-Қабақ мың айдап,
Қай жауынан сүрінді?
Оқпен атып шіркейді
Мергендігі білінді.
Алысқанмен алысып,
286
Қазақ өнерінің антологиясы
Әділдікке жүгінді.
Сөзбен егеп, Қазеке,
Шығарма сыртқа түгіңді.
Тілеуімнің ішінде
Әулие өткен Мөңке би,
Дәулет пен баққа асқандар,
Қайырын судай шашқан бар.
Халқыма жаққан бар,
Халықты қорғап, баққан бар,
Түрлентіп салған әнім бар,
Әнде көркем сәнім бар.
Өркешті туған нарым бар,
Ұзынсақал, Қарақұл,
Батақтан туған Сарым бар...
Жайнап туған жас жанмын,
Аруағым бар ар, намыстан,
Айтуыма сыймай ма,
Көтібар мен Арыстан?!
Шектінің туын шыңға ұстап,
Талай жаумен алысқан.
Дұшпанын жерге жанышқан,
Ерегескен жерінде,
Табан тіреп қарысқан
Жауды көрсе, ақырған,
Ұрысқа елін шақырған,
Егескен жауын қашырған.
Қарсыласқан қалың жау,
Аяғына бас ұрған,
Сол секілді ерлерді
Халыққа айтпай, жасырман.
Көтібардың алты ұлы
Алтауы да – берен ер,
Дұшпанын басып, жеген ер
Бәрі айтулы кемеңгер,
Ерінген күнде би болып,
Еріккен күнде ер болып
«Жау табылса» деген ер.
Есет ер елде бас болған,
Ерлігіне елі мас болған.
287
Айтыс II том
Хандарменен қас болған
Хан алдына келгенде,
Қаймықпас қара тас болған,
Есет емей кім еді,
Ақсүйекті жылатқан
Айқайлап салған ұраны,
Кетпейді әлі құлақтан.
Тоғыс арыс Назарым,
Назарымды жырласам,
Кіреді сонда ажарым.
Өлең – жырдың, Қазеке
Қыздырамын базарын.
Бес Шүреннің ішінде
Елубай, Жарас ерім бар.
Туғаннан туға таласқан,
Туы күнге жанасқан,
Ешкім мықты болған жоқ,
Елубай мен Жарастан.
Айтысардан бұрын, Қазеке,
Көзіңді сал еліңе.
Қаратаңды мақтама
Қоңсы қонған жеріне,
Қатынымен екеуі,
Жылап барған кешегі,
Дәрібай, Есет еріме.
Батырлары Есеттің
Ат жаратып, баптаған,
Қарағай найза саптаған.
Елге келген қонақ деп,
Дәрібай, Есет ерлерім
Қаратауды сүйген ер,
Талай жерді кезген ер,
Талай жауын езген ер.
Сол ерлерді кемітпей
Тарлан тартқан, Қазеке,
Тіліңізді тарта көр.
Қазақбай:
Білікті кем болмайды болса дана,
Сөзімді менің айтқан тыңда, бала.
288
Қазақ өнерінің антологиясы
Майлыбай Бақтыбаймен бөтен емес,
Қарағым, ойға салып, ойлап қара.
Екі елдің жігін ашып, таласпайық,
Ішінде Тама, Табын адаспайық.
Айтыстың алды, арты осы болсын,
Бұл сөзді бөтен жерге таратпайық.
Жаңа өспірім баласың,
Дауылдап өрттей жанасың.
Балалықтың жөнінен
Қатты кетіп барасың.
Қарт ағаңды сыйламай
Найзадай тілді саласың.
Біздің Арыс, Кетеде
Байқошқар мен Құттық-ай,
Бәрі тегіс, бәрі бай.
Малы жонға сыймаған.
Есмағамбет, Өмірбай,
Байлықпен озды Көздібай.
Көздібайдың Бітені
Болып өтті қонақжай.
Мал мен бағы сайма-сай,
Байыңды айтшы расындай?
Мақсатқа мақтау сиятын
Байқошқарда Оразбай.
Қайсыбірін айтамын,
Біздің Кете – бәрі бай.
Ағып жатқан аппақ май,
Дәулеті мен бағы тең.
Қайнатулы қызыл шай.
Шалқып жатқан жерім кең.
Теңгерісіп айтыссақ,
Майлыбайдан елің кем.
Өте алмассың, шырағым.
Қиыннан өткел салармын.
Қазулы ор сен болсаң,
Өткел бермес дариядай
Алдыңнан орап ағармын.
Жеңемін десең жырымның
Қиынын келтір желімдеп.
289
Айтыс II том
Айтып өттің бірталай
Шектімде көп ерім деп.
Мен – Майлыбай Ақкете,
Сүйегім қызып, желігіп,
Өзіме-өзім сенемін,
Дуды көрсем, желемін.
Байың менен еріңнің
Қалдырмай айт дерегін.
Жалын атқан жас бала,
Жастығына мас бала,
Кезегіңді ал, беремін.
Нұрпейіс:
Қазақбай, білдім жайыңды,
Болдың ба айтып байыңды?
Мен білмейтін байың жоқ,
Қайыры жоқ малынан,
Зекеті жоқ жанынан,
Байдың несін мақтайсың?
Құдайы қонақ келмеген,
Бір аяқ ас бермеген,
Бөтен түгіл, өздері
Мал рақатын көрмеген.
Табындар отыр арада,
Екеумізді сынаған.
Ұят та болса, айтайын,
Бір сөзің жоқ ұнаған.
Қайыры жоқ байларың
Бір мал өлсе, жылаған.
Шеберлікпен, Қазақбай,
Жоқтан барды құраған.
Жасы жеткен ақсақал,
Алыстан айтып, орадың.
Бейсенғали, Құлназар,
Екеуміз де – қонағың.
Бұл Қазекең мақтайды
Құнсыз болыс – Оразын.
Әдеттенген кісі екен
Айтысқанда әр жерде
Ақынның тауын қайырған.
290
Қазақ өнерінің антологиясы
Құрыш болат – мен – алмас
Тасқа салса, қайтпайтын.
Бәрін айтып нетейін,
Білдіріп қана өтейін.
Егізімнің сыңары
Тілеу-Қабақ, ауылым,
Бірге тума бауырым.
Айтпен, Бұжыр дейді жұрт
Кіші жүздің сауырын...
Күркіреген Көтібар,
Қаймығып жолдан таймаған,
Қалың қолды көргенде,
Жігері тасып, қайнаған.
Халықтың қамын ойлаған,
Жолдастарын қорғаған.
Қарақұлдай ерім бар
Қарағай найза толғаған,
Талай-талай жауларға
Аттанысқан аламан
Ханмен, баймен қас болып
Талайын жұлып, талаған.
Өтірік десең, көзіме айт,
Дәрібай менен Қарақұл
Бар ма еді жауды санаған?
Ерлігіме мақтанам
Дұшпанын қылған қара қан...
Жауға бүлік салған ер,
Беттеген жауын алған ер,
Бұл дүниеде опа жоқ –
Соларды да алды қара жер.
Сен – қараңғы тұмансың,
Мен – жайнаған панармын,
Қиыннан өткел табармын.
Шындықпенен шідерлеп,
Аяғыңнан шалармын.
Жырмен болат суарып,
Алдыңа бөгет салармын.
Өтірікті өнер көрмеңіз,
Негізін іздеп табармын.
291
Айтыс II том
Бала екен деп, басынба!
Жасың үлкен болса да,
Қасқайып, кезек алармын.
Бай, мырзаға жалбақтап
Бағынасың сонша тым,
Ар емес пе өзіңе?!
Айтқаным достық көзіңе
Емес пе, жұртым, мұным шын?!
ЖАҢЫЛДЫҚ ПЕН ҚҰДАЙБЕРГЕН
Құдайберген:_Тоқсан_түссе,_қарайды_мұз_алғанға,_Күйеу_деп_көп_ойнайды_қыз_алғанға._Егер_де_бөріктіден_қаша_қойсаң,_Мен_сендей_қарамаймын_қызарғанға._Жаңылдық'>Құдайберген:_Қарағым,_менде_де_бар_елу_өлең,_Көңіліңді_толтырармын_елуменен._Асықпын_деп_өзіңді_көтермегін,_Алу_сенен_болғанда,_беру_менен._Жаңылдық'>Құдайберген:_Біз_келдік_Әйтпенбет_бай_базарына,_Көріндің_сен_базардан_назарыма._Өзіңді_көрмесек_те,_естуші_едік,_Сыртыңнан_құмар_болып_ғазалыңа._Жаңылдық'>Құдайберген:
Өлеңде бісміллә айтпақ, бұйырық жоқ,
Азырақ өлең айтсам, көңіліме тоқ.
Алайын амандасып Жаңылдықпен,
Біздерге рұқсат берсең, жиылған топ.
Ал енді, байдың қызы, жүрсің бе аман?
Сарғайып ашығылықтан болдым саған.
Аулыңа үлкен-кіші мейман келді,
Күтіп ал, мейманыңды келсе, шамаң.
Жаңылдық:_Сиыр_сұлу_көрінер_тұқымымен,_Қыздар_сұлу_көрінер_мықынымен._Бірің_ақсақ_болғанда,_бірің_–_соқыр,_Қисайтып,_ұрған_екен_тұқымыңмен._Құдайберген'>Жаңылдық:_Күрең_ала_дегенде_күрең_ала_Әркімге_медет_берер_Алла_тағала._Қу_шандыр,_қу_ағаңды_мақтай_берме,_Сүйретіп,_не_қылайын_ағашты_ала_Құдайберген'>Жаңылдық:_Рас-ау,_кетем_деген_ар_емес_пе,_Қолыма_жетектеген_нар_емес_пе_Аталық,_мен_қатарлың_құрып_қап_па_ед,_Таңғаның_маған_бүгін_шал_емес_пе_Құдайберген'>Жаңылдық:_Әуел_айым,_дегенде_әуел_айым,_Сіздерден_аямайын_тілдің_майын._Аталық,_күдер_үзбей,_мен_қайтемін,_Бұрынғы_атастырған_өлген_байым._Құдайберген'>Жаңылдық:_Құдеке,_көп_қуандым_келгеніңе,_Лұқпандай_мың_жасадым_көргеніме._Әдейі_арнап,_маған_келген_болсаң,_Жарармын_бір_күн,_бір_түн_ермегіңе._Құдайберген'>Жаңылдық:
Құдеке, көп қуандым келгеніңе,
Лұқпандай мың жасадым көргеніме.
Әдейі арнап, маған келген болсаң,
Жарармын бір күн, бір түн ермегіңе.
Құдайберген:
Біз келдік Әйтпенбет бай ауылына,
Істің жеңіл көруші ем ауырын да.
Аулына Әйтпенбеттің барамыз деп,
Кемпірдің* мәслихат қылдық бауырында.
Жаңылдық:
Кемпірдің мәслихат қыпсың бауырында,
Белгісі шұбар аттың сауырында.
Әдейі арнап, саған келдік дейсің,
Бар еді не жұмысың ауылымда?
292
Қазақ өнерінің антологиясы
Құдайберген:
Біз келдік Әйтпенбет бай базарына,
Көріндің сен базардан назарыма.
Өзіңді көрмесек те, естуші едік,
Сыртыңнан құмар болып ғазалыңа.
Жаңылдық:
Қай өлең, мына өлең жиырма өлең,
Шығады жиырмадан бұйырма өлең.
Тығармын екі аяқты бір етікке,
Апырмай, жұтамаса биылғы өлең.
Құдайберген:
Қарағым, менде де бар елу өлең,
Көңіліңді толтырармын елуменен.
Асықпын деп өзіңді көтермегін,
Алу сенен болғанда, беру менен.
Жаңылдық:
Ауылым көшіп барады Өліктіге,
Жаяу жолдас болмайды көліктіге.
Аталық*, еркексініп, сөз сөйлеме,
Мен сендей қарамаймын бөріктіге.
Құдайберген:
Тоқсан түссе, қарайды мұз алғанға,
Күйеу деп көп ойнайды қыз алғанға.
Егер де бөріктіден қаша қойсаң,
Мен сендей қарамаймын қызарғанға.
Жаңылдық:
Өлеңге жас күнімнен өзім тоқпын,
Сілтеген қараңғыда жалғыз оқпын.
Қалай айтсаң, олай айт, Құдайберген,
Мал құдайы қылсаң да, саған жоқпын.
Құдайберген:
Өлеңге мен білемін үдеріңді,
Мен саған қайдан білдің не дерімді?
293
Айтыс II том
Аталық атастырған жұртың еді,
Үзесің не себепті күдеріңді?
Жаңылдық:
Әуел айым, дегенде әуел айым,
Сіздерден аямайын тілдің майын.
Аталық, күдер үзбей, мен қайтемін,
Бұрынғы атастырған өлген байым.
Құдайберген:
Байың өлсе, мұрасы бар емес пе,
Ол да саған, қарағым, зар емес пе?
Аталық атастырған жұртың еді,
Кетем деген өзіңе ар емес пе?
Жаңылдық:
Рас-ау, кетем деген ар емес пе,
Қолыма жетектеген нар емес пе?
Аталық, мен қатарлың құрып қап па ед,
Таңғаның маған бүгін шал емес пе?
Құдайберген:
Ағамды дұшпандықпен кәрі дейсің,
Көзі көк, сақалы жоқ сары дейсің.
Нәсіп болып, қолына тие қалсаң,
Кәрі емес, мұның өзі дәрі дейсің.
Жаңылдық:
Күрең ала дегенде күрең ала
Әркімге медет берер Алла тағала.
Қу шандыр, қу ағаңды мақтай берме,
Сүйретіп, не қылайын ағашты ала?
Құдайберген:
Ағама сөйтіп қана тиіскейсің,
Ол жайын жүре-жүре біліскейсің.
Қолына оңашада түсе қалсаң,
Астынан тамағының иіскейсің.
Жаңылдық:
Бақыбай, Қуанышпен алдың қоныс,
Көп күліп, ыржаңдайды ана Толыш.
294
Қазақ өнерінің антологиясы
Намысқой, ондай жесір жібермесең,
Қатыныңды неғып алды Бапал орыс?
Құдайберген:
Жаңылдық, бір қоймадың айтқаныңды,
Білмей қалып жүрмеңіз қайтқаныңды.
Кісінің ширек мінін сөз қыласың,
Өзіңнің қоя тұрып батпаныңды.
Жаңылдық:
Қара керім, дегенде қаракерім,
Еті бар қаракердің алым-берім.
Өзің ширек, біздерді батпан қылдың,
Сол батпанның мәнісін айтып берің.
Құдайберген:
Өлең қылып берейін аймағыңды,
Пайда қылма, Жаңылдық, жайғаныңды.
Екі қызы орысқа бірдей тиген,
Қайтесің бөлек тілеу Шайманыңды?
Жаңылдық:
Мен тұрған осы күні піскен алма,
Құдеке, білгеніңнен айтпай қалма.
Екі қызы орысқа тиген дейсің,
Олардың қайынжұрты бар ма сонда?
Құдайберген:
Біреуі Шуылдақтың қатыны еді,
Ол, байғұс, қатынынан қапыл еді.
Дінін бұзып, орысқа тигеннен соң,
Соттасып, осы уақытта жатыр еді.
Жаңылдық:
Базардан алып келген қызыл алма,
Құдеке, білгеніңнен қапы қалма.
Әшейін жала сөзді көп айтасың,
Мән-жайын білетұғын куәң бар ма?
295
Айтыс II том
Құдайберген:
Салайық айтқан сөзді осы көпке,
Шығам дейсің, қарағым, өзің шетке.
Сенің ағаң, Зәуірбек, мынау отыр,
Куәма өткіземін Зәуірбекті.
Жаңылдық:
Сиыр сұлу көрінер тұқымымен,
Қыздар сұлу көрінер мықынымен.
Бірің ақсақ болғанда, бірің – соқыр,
Қисайтып, ұрған екен тұқымыңмен.
Құдайберген:
Қыз іздеген жігітке сұлу керек,
Сылай төс, қырлауырақ мұрын керек.
Әттең, сені замандас демеген соң,
Шал да болса, біреумен құру керек.
Жаңылдық:
Ағаңыз мені алатын Құрманәлі,
Қандай ед айтып бергін оның қалы?
Алам деп иектерің қышымасын,
Он шақырым аулақ жүр менен әрі...
Құдайберген:
Жаңылдық, келіп едім сені мақтап,
Төрт арыс ауылыңа келді қаптап.
Бармасаң, ағамызға бармассың сен,
Ауылыңда жүруші еді қойшың жақтап.
БАҚТЫБАЙ МЕН МӘЙКЕ ҚЫЗ
Бақтыбай:
Кітапқа қисса болар жазған өлең,
Шерменде пенде, сірә, бар ма менен?
Жатқанда бидай орып орақпенен,
Айтыстым Мәйке қызбен іздеп келген.
Шұбарға салдым бидай, біраз тары,
Адамның дұшпан екен алған жары.
296
Қазақ өнерінің антологиясы
Найманға жолаушылап кеткенімде
Жеп қойды егінімді елдің малы.
Сол жерде қайғы түсті батырыңа,
Еш нәрсе тиянақсыз ақылымда.
Мазамды келген жерден кетірген соң,
Еркексіп, қоқаңдадым қатыныма.
Сол жерде бәйбішемнен кетті мазам,
Өзіме азар болды қылған жазам.
Бидайды асарлатып орғызбаққа,
Істедім бидай көже екі қазан.
Үстіме шоқай етік, кидім шекпен,
Қолыма орыс орақ, алдым кетпен.
Әулігіп, ел қыдырып жүремін деп,
Оратын бидайдың да уағы өткен.
Бидайды орайын деп икемдедім,
Қолыма орақ алып, түйтеңдедім.
Төбесі кезден ұзын қалпағым бар,
Міндім де, бір сиырға тепеңдедім.
Бидайдың өзі піскен аса шөлдеп,
Болып тұр мойны сынып, қирап өлмек.
Шаруамды төкпей, жинап алайын деп,
Сиыр мініп шықтым үйден күйбелеңдеп,
Артыма екі қарын көже теңдеп.
Бидайға сәске түсте жетіп бардым,
Бардым да, «Пысмылда» деп, орақ салдым.
Отыз бау түске дейін байлап қойып,
Басында бір қырманның демімді алдым.
Жаратты Бақтыбай ғып Хақ Тағала,
Үйдегі не демейді қатын-бала.
Көз салып, ауыл жаққа қарап тұрсам,
Келеді тура жүріп жалғыз қара.
Қасыма ер Меңдібай жетіп келді,
Келді де, Бақтыбай деп, жауап берді.
297
Айтыс II том
Секілді қортық қошқар, жазғаным-ай,
«Басыңды бермен қарай көтер», – деді.
– Ауылға Сыпатайдан бір қыз келді,
Өнері сенен артық екен, – деді.
Ол сенің ақындығың бекер дейді.
Басыңнан кісілігің кетер дейді.
Бақтыбай, барың болса, қамданып қал,
Ажалың осы қыздан жетер, – дейді.
Хабаршыға айтқан Бақтыбайдың сөзі:
Ертіске ел қонғанға түсер кеме,
Мақтадың, ей, Меңдібай, мұнша неге?
Алдыма адам ұлы түскен емес,
Қашырма дегбірімді, жаман неме.
Ауылдан бір топ адам шыға келді,
Екпіні самалданған соққан жел-ді.
Қолында сырлап қойған сары домбыра,
Түрленген тоты құстай бір қыз келді.
Жан екен сыны түзу сырлы аяқтай,
Бақаңның жерде тұрып көзі көрді.
Қыз екен қызылсары, бойы сұңғақ,
Қолына сары домбыра алған сырлап.
Аққудай желді күнгі аспанға өрлеп,
Толқытып шығарып тұр әннен ырғақ.
Қызығып, қыз сөзіне бойы балқып,
Еңкейіп тұра берді Бақаң тыңдап.
Көрген соң Бақтыбайды олқысынып,
Төрт ауыз өлең айтты Мәйке жырлап.
Мәйке:
Бақтыбай топтан шыққан ақын еді,
Ақынға ақын адам жақын еді.
Есітіп Алатаудай атағыңды,
Көңілім көлеңкеңе балқып еді.
298
Қазақ өнерінің антологиясы
Жаралып топырақтан Адам ата,
Әйелден еркек заты артық еді.
Ұмыттың Адам ата әуел жолын,
Қадірлеп, үйден күтіп жатыр едім.
Жалайыр, көп мақтаған ісіңізді,
Өнер мен тілге біткен күшіңізді
Көрген соң көңілім жасып, қатты ұялдым,
Күйкиген күн қақтаған түсіңізді.
Бақтыбай:
Көңілім осы күні басылып жүр,
Әркім-ақ дәулеттіге бас ұрып жүр.
Үстімде шолақ шекпен, шоқай етік,
Кедейлік берекемді қашырып жүр.
Бұтымда жеті жылғы қатқан шалбар,
Әр жерден әбүйірім ашылып жүр.
Бақтыбай тау суындай қылтылдап жүр,
Буыным бидай орсам, сыртылдап жүр.
Бір сиыр әрі көлік, әрі сауын,
Жоқшылық мені сынап, сыр тыңдап жүр.
Жасымнан сөйлеп жүрген сөзім еді,
Бидайға келіп тұрған кезім еді.
Тұрмысың қорашсынып, қарындасым,
Бақтыбай – тақыр кедей өзім едім.
Мәйке:
Абылай аты шыққан үш төре боп,
Көк шығар көктемеде тістеме боп.
Аруағың Жалайырдан асып еді,
Жәкетай, не ғып тудың кішкене боп?
Ертіске ел қонғанда түсер кеме,
Жаны бар, бұл сөзді де бекер деме.
Даңқыңыз Жалайырдан асқанменен,
Қортық боп тудың, сорлы-ау, мұнша неге?
Бақтыбай:
Қарашы шамасына мыс пен қола,
Шырағым, өкпелеме бойға бола.
299
Айтыс II том
Болғанмен бойым тапал, ойым – биік,
Кеудемде шірімейтін алтын тола.
Өмірі Бақтыбайдың осы деме,
Келіп ем шаруам үшін бидай ора.
Көктегі мен ақ тұйғын
Көлден аққу ілетін.
Таудағы жүрген ақиық
Бақаң бүркіт емес пе,
Сайдан түлкі бүретін?
Нарқымды білсең, Мәйке қыз,
Жөнің емес күлетін.
Сары тоғайда қырғауыл
Мәйкетай сіз емес пе?
Кәрі тарлан қаршыға,
Үйрек пенен тоты құс,
Қанша жарлы болса да,
Алқымында жүретін.
Достарыңызбен бөлісу: |