46
Қазақ өнерінің антологиясы
мұхаммед пайғамбардың хадисiнде,
мұсылман мұсылманның айнасы едi.
Бiр тәңiр бар деп бiлiп бабаларым,
иманын сақтаған ғой бойда тегi.
сол бабалар сенбесе бiр Аллаға,
Қожаларды қыдыртып қоймас едi.
таразым
болмаса да меккеге тең,
Былайша-ақ жырлауыма жетедi екен.
Әулиеатада тұрсам деп әрбiр пенде,
өмірден өкiнiшпен өтедi екен.
таяқ ұстап келгенге тай мiнгiзген,
Бұл жердi жыр ғып аңыз етедi екен.
мысалға ендi қамшыңды қадап кетсең,
Бiр түнде бүршiк атып кетедi екен.
Қараусыз
қара жердi қалып қойса,
Қара темiр гүлдейтiн мекен екен.
титтей де тигiзбесе игi әсерiн,
Құлаққа жағымды жыр құймас едiм.
таразым көненiң бiр көзiндей боп,
Қазаққа қалып кеткен мирас едiң.
таңдайды қақтырардай тағылымды,
тарихыңды тоқыдым миға сенiң.
таразым тiптi түйiр тасыңды да,
Ат басындай алтынға қимас едiм.
ер
құны екі сөзбен жатса тынып,
Жеңiстi шықтым айтыс мақсаты ғып.
Айтыстың табиғаты алыс-жұлыс,
сөзбенен ойнату ғой басқа сырық.
Қылатын сөздi сусын, ақылды азық,
Алмайық ағайынды аш қатырып.
ермек
аға ермек қып қалжың сөздi,
Басымызды отырсыз бос қатырып.
Қолыңнан екi келсе бiрiн қылып,
Жонымнан алшы ал қане, таспа тiлiп.
Ермек:
Айналайын әдемi «үй-үйiңнен»,
Ботадай бөлек қалған үйiрiнен.
47
Айтыс VI том
«үй-үйiң» тым көңiлдi екен сенiң,
Жырыммен сипалайын бүйiрiңнен.
Алатаудай
бұл ағаң аман болса,
Әлi-ақ тайлақ боларсың күйi кірген.
Бабалары бiлiмдi көрiнедi,
серiктей құзырлы елдiң биi жүрген.
отырмыз дүйiм жұрттың ортасында-ай,
Ақын болдық осы елдің арқасында-ай.
осындай ел алдында отырғанда,
өр көңiл өрге тартпай қорқасыңба-ай.
Қасыңа «дутый»
ағаң келiп қалды,
мерседестiң ең соңғы маркасындай.
сен де iнiм әлсiздiк танытпассың,
тараздың көпiрiнiң балкасындай.
Достарыңызбен бөлісу: