Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет18/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162
Шырынбек:
сөзiнiң майлы сүттей қаймағы көп,
тиетiн ақын едiң ойлары дөп.
мәйегi шыққан мәндi ой толғашы,
Көргенде кiлкiгендей майға жүрек.
ойпырмай аға сiздi ойламаппын,
Құлаған көпiр жайлы айтады деп.
Жақсылы-жаманды өз жұртымызды,
Береке бiз таппаспыз тойда мiнеп.
Ауызыңды қу шөппен сүрте бермей,
Азуыңды сөйлешi айға бiлеп.
Бойда күш, жүрегiмде жалын барда,
тартайын базаршыдай барымды алға.
Желкiлдеген жеткiншек жас ұрпақты,
Жетелейiн тарихи танымдарға.
таразым опа-далап отаны боп,
Ауыздарға ұқсайды алынғанға.
теппе төстi, сықпа бел сұлулары,
Қадiрлi болған дейдi ханымнан да.
Құлпырған қала бопты құлақ түрсек,
тарихтан талып жеткен сарындарға.
тәж-маhал да жоқ екен жер бетiнде,
Айшаның сағанасы салынғанда.


48
Қазақ өнерінің антологиясы
Жауымен болған тараз бастан әлек,
өнетiн өңiр екен тасқа дәнек.
Бағы жанған шағында шартарапқа,
тараздан таралыпты бастама көп.
Бағзы бiр замандарда аталыпты,
Батыс пен шығысқа ортақ бас қала деп.
Калумб теңiз жолын таппағанда,
Құрлыққа қалар едi астана боп.
соқпаққа салып тiрi жан баспаған,
осынау шабысынан танбас балаң.
тартармыз әлi талай әлеуметке,
Жасап жыр бас табағын жамбас саған.
осыменен тұралық орнымыздан,
Аяқтап бұл айтысты мен бастаған.
оңайлықпен қозғалар түрiң жоқ қой,
сиырдай сәске түсте жамбастаған.
Ермек:
мен сенiң қорықпаймын iнiм «үй-үйiңнен»,
талай өнер үйренгем кигiз үйден.
таразға мықты ақын болғаныңмен,
мен үшiн ұршықтайсың иiрiлген.
ортекедей қоймасаң ойнақтауды,
мүштек жасап аламын мүйiзiңнен.
Пошымыңа қарасам қол басындай,
Жетi қырдан қайтпайтын жауды асырмай.
мақамыңа қарасам бір міні жоқ,
төлеген ерттеп мiнген жорғасындай.
мiнезiңе қарасам салмақты екен,
малдас құрған түрiкпеннiң молдасындай.
Бет жүзiңе қарасам сап-сары екен,
сарттардың сақтап сатқан алмасындай.
сенiң сары болуың тегiн емес,
Шешең қауын жеп пе едi қалжасына-ай.
түркістан жақын-тиіп тұрғаннан соң,
Әкең тиеп келе берген ғой арбасына-ай.
Байқасам жаралғандай нұрдан ғалам,
Iнiм-ау сен емессiң шыңдалмаған.


49
Айтыс VI том
Бет-жүзiңнен iнiшек айналайын,
Жүрегiң шаңнан да аман, кiрден де аман.
Жылдар бойы көрмеген танысымдай,
Жылы ұшырай көрiндiң бiрден маған.
тағы да әңгiмеңдi айта отырғын,
Будақтатып болса егер бiзге арнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет