44
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтыста отырасыз аңқылдап-ақ.
Ағайын, алтын арқау сiздерсiздер,
сүр еттей сақтап келген салтын ғажап.
таластың жағасында тамыр жайған,
Алаштың бiр бұтағы алтын дарақ.
Шайырлар таразымнан
шертсе сырды,
Шетiнен жырға жомарт мәрт секiлдi.
тарихта адастырмас темiрқазық,
таразымның түлеуi шарт секiлдi.
ғажайып ғимараттар бой көтердi,
тойға арнап пiсiрiлген торт секiлдi.
Жасарып қалды-ау қалам жүзден асып,
Қайтадан сүт тiсі шыққан қарт секiлдi.
Жүретiн
айтыс десе жортып дәйiм,
томпайған ағам едiң торсықтайын.
Құмға бiткен қарбыздай дәу болсаң да,
сезiнiп шар секiлдi қолтықтайын.
Жаныма пiлдей болып жайғасыпсыз,
тышқандай ендi неге қорқытпайын.
Желкiлдеп жер түбiнен жетiп кепсiз,
Желмаямен жер кезген Қорқыттайын.
сойыл тиiп, сорлап қап жүрмегейсiз,
Iнiнен ұзап шыққан борсықтайын.
Кезiмде
көпке мынау көрiнетiн,
Жөнiм жоқ жарты метр шегiнетiн.
Батыр шатыс ақын ең анашыңыз,
Жерiк болып жедi екен ненiң етiн?
Қарынын сипап қамсыз жатқан байдай,
Айтыста отырасың емiн-еркiн.
сөздерiмдi
шыбын шаққан көрмейсiң ғой,
Борсықтай ұрған сайын семiретiн.
Ермек:
уайым болды-ау саған толықтығым,
деп отсың ба менi қайдан жолықтырдым.
Жәй әншейiн толықтығы болмаса ағаң,
мен де өзiмше орны бар көрiктiмiн.
45
Айтыс VI том
Жетi
атамнан iрiлердiң ұрпағы едiм,
Iрiлiк қай қазаққа болыпты мін.
сөз шығады аузынан бiлiктiнiң,
Бойыңнан көрiнiп тұр жiгiттiгiң.
дүрiлдетiп екеумiз айтысайық,
Қатыстырып мәдениеттiң министрiн.
Бармысың тараз
елi дана туған,
ғимараты биiктеп дара тұрған.
Бұл қазақта тараздан үлкенi жоқ,
тереңнен түп-тамыры таратылған.
Бармысың, таразымның тұрғындары,
етек-жеңi елден кең жаратылған.
толыпты таразыма екі мың жыл,
өнердi тербеп тұрған бесiгiм бұл.
екі
мың жылды есiне бiр алатын,
Бiздiң тарихшыларға кешiрiм қыл.
Шырынбек, айналайын ба, есен бе, iнiм,
Жоқ едi сенiң маған бөтендiгiң.
Аузыңды ашсаң шаң шығып таңдайыңнан,
Көрiнiп-ақ тұр екен шешендiгiң.
Ағаңмен
айтысам деп шығып қалған,
ер жiгiтке аз емес осы ерлiгiң.
Айтысты бiрден бастап жіберейік,
уақытты өткiзбей бекерге iнiм.
Достарыңызбен бөлісу: