Академия государственного управления при президенте республики казахстан


Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата22.02.2017
өлшемі6,12 Mb.
#4665
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі
1  Қaзaқстaн  Республикaсының  Конституциясы.  Өзгертулер  мен  толықтырулaр 
енгiзiлген.  Aстaнa.  Елордa.  2008. 
2  Гилманова  Д. М. Мемлекеттік  тіл:  мәртебесі  және  заңнамада  құқықтық  реттелуі.  
http://www.zakon.kz/4610685-memlekettk-tl-m1241rtebes-zh1241ne.html.

80
3  Қaзaқстaн  Республикaсындaғы  Тiл  турaлы  1997  ж.  11  шiлдедегi  №  151-I  Қaзaқстaн 
Республикaсының  Зaңы (2008  жылғы  21  қарашадағы  өзгертулермен).
4  Қaзaқстaн  Республикaсы  Конституциялық  Кеңесiнiң  1997  жылғы  8  мaмырдaғы 
№  10/2 қaулысынa түсiндiрме  беру  турaлы»  Қaзaқстaн  Республикaсы  Конституциялық 
Кеңесiнiң  2007  ж.  23  aқпaндaғы  №  3  қосымшa  қaулысы.
5  Назарбаев  Н.  Ә.  Қaзaқстaн  Республикaсының  Президентi  Н.Ә.Нaзaрбaевтың  
2014  жылғы  17  қaңтaрдaғы  «Қaзaқстaн    2050»  Бiр  мaқсaт,  бiр  мүдде,  бiр  болaшaқ» 
aтты  Жолдaуы.

81
 
 
 
Көшербаев  С.  Б.,
М. Х.  Дулати  атындағы  Тараз 
мемлекеттік  университеті,
Жамбыл  облысы  әкімдігі  жанындағы 
мемлекеттік  қызметшілердің  біліктілігін 
арттыру  және  қайта  даярлау 
орталығының  дәріскері, 
Аға  оқытушы,  юриспруденция  магистрі
«ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   
КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ  ЖӘНЕ  ҰЛТАРАЛЫҚ  САЯСАТ»
Конституциядағы  көрсетілген  құқықтық  мемлекетте  басты  мақсат  адам  мен 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. 
Мемлекеттің  қызметіндегі  әрбір  жасалынып  жатқан  әрекет  құқыққа  бағынышты  болып, 
соның  шеңберінде  жүзеге  асуы  тиіс.  Қазіргі  күнделікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарынан 
естіп,  көріп  жүрген  мемлекеттік  қызметшілердің  заңды  белінен  басып  өте  салуы,  заңды 
айналып  өте  беруі,  сыбайлас  жемқорлыққа  белшесінен  батып  отыруы  болмау  керек. 
Соңғы  кездегі  Медиацианың  енуі,  Алқа  билер  сотының  енуі,  судьялардың  тәуелсіз 
жұмыс  істеуі  құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуына  зор  әсер  етеді.  Бұрынғы  кезеңдегі 
қазақтың  билері  бір  ауыз  сөзбен  алдына  келген  дауласушы  тараптарды  риза  етіп, 
татуластырып,  достастырып  жіберетін  болған.  Ал  қазір  қарап  отырсақ,  сотқа  келген 
тараптар  мәселесін  шеше  алмай,  сол  дауласып  келген  күйі  дауласып  кетіп  жатады, 
Жоғарғы  Сотқа  шағымданып  жатқандардың  саны  қаншама?  Ол  заңдардың  кемшілігі, 
судьлардың  сауатсыздығы  т.б.  кесірінен  болып  отыр  деп  ойлаймыз.  Судьялар  да 
мемлекеттің  белгілі  бір  белді  мемлекеттік  лауазымды  қызметшілері  болып  табылады. 
Соттардың  мамандануы,  сауатты  да,  әділ  болуы  құқықтық  мемлекет  құрушы  еліміз 
үшін  өте  қажет. 
Конституцияның  7  бабына  сәйкес  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  тiл – 
қазақ  тiлi.  Мемлекеттiк  ұйымдарда  және  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарында 
орыс  тiлi  ресми  түрде  қазақ  тiлiмен  тең  қолданылады».  Осы  Конституцияның  
34–38  баптарында  барша  қазақстандықтарға  7  міндет  жүктелген,  яғни  азаматтар 
мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  Конституция  мен  заңдарды  сақтап,  басқа  
адамдардың  құқықтарын  құрметтеуге,  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қамқорлыққа  алуға 
т.б.  міндетті  делінген.  Осы  жерге  Қазақстан  Республикасының  әр  бір  азаматы  мемлекеттік 
тілді  «білуге  міндетті»  деп  болмаса  да,  «құрметтеуге  міндетті»  деген  норманы  қосу 
қажет  деп  санаймын.  Өйткені  ол  да  ертеден  келе  жатқан  қазақ  халқын  басқалардан 
ерекшелеп  тұратын  негізгі  белгісі.  Конституциядан  ресми  тіл  орыс  тілін  алып  тастап, 
тек  мемлекеттік  тіл  қазақ  тілін  қалдыру  идеясы  дұрыс,  бірақ,  оған  еліміз  әзірге  дайын 
емес,  ол  үшін  уақыт  керек.  «Мемлекеттік  тілдің  тағдырына  келсек,  оның  өміршеңдігі 
мен  жауапкершілігі  тікелей  қазақтарға  байланысты.  Оны  өзіміз  қасиеттеп,  қадірлеуіміз 
керек.  Тұрмыста,  жұмыста,  оқуда  т.б.  көпшілік  жерде  оның  қолданыс  аясын  кеңейте 
беруге  міндеттіміз.  Болашақта  бүкіл  халық  мемлекеттік  тілді  білетін  болады,  заман, 
заң  осыған  өзі  алып  келеді»  деп  Президент  өзінің  жолдауында  айтқан.  Мемлекеттік 
қызметке  алғанда  қазақ  тілінен  емтихан  тапсыру  керек  деп  ойлаймын,  сонда  қазақ 
тіліне  деген  қажеттілік  туындайды. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  9  бабында:  «Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  рәміздері  –  Туы,  Елтаңбасы  және  Гимні  бар»  делінген.  Осындағы  «Гимн» 
сөзін  «Әнұран»  деп  өзгерту  керек  деп  ойлаймын.  Өйткені,  елімізде  барлық  құжаттар  мен 
әдебиеттердің  көпшілігі  «әнұран»  деген  сөзді  қолданады.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік 
негізгі  заңдағы  барлық  сөздер  қазақша  болғаны  дұрыс. 

82
Сондай  –  ақ,  Қазақстан  Республикасы  халқы  жергілікті  облыстық,  қалалық,  аудандық 
мәслихат  депутаттарын  тікелей  сайлайды,  ал  мәслихат  депутаттары  барлық  халық  атынан 
Парламенттің  жоғарғы  палатасы  Сенат  депутаттарын  сайлайды,  халық  тікелей  Сенат 
депутаттарын  сайлауға  қатыспайды,  бұл  тәсіл  дұрыс  па,  әлде  мұнда  да  халық  тікелей 
Сенат  депутаттарын  сайлау  керек  пе?  Мәслихат  депутаттары  халықтың  билікті  сайлау 
құқығын  иеленгені  дұрыс  па?  Халық  мәслихат  депутаттарының  жасаған  таңдауына 
қосыла  ма?  Оларға  халық  мұндай  құқықты  берді  ме?  Бұл  да  халық  арасында  кейде 
сынға  ұшырап  жүрген  талқыланып,  шешілуі  тиіс  мәселелердің  бірі.
Конституцияның  33  бабының  2  тармағында  «Республика  азаматтарының  мемлекеттiк 
органдар  мен  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарын  сайлауға  және  оларға  сайлануға, 
сондай-ақ  республикалық  референдумға  қатысуға  құқығы  бар»  ал,  3тармақта  «Сот 
iс-әрекетке  қабiлетсiз  деп  таныған,  сондай-ақ  сот  үкiмi  бойынша  бас  бостандығынан 
айыру  орындарында  отырған  азаматтардың  сайлауға  және  сайлануға,  республикалық 
референдумға  қатысуға  құқығы  жоқ»  деп  көрсетілген.  Ал  бізде  Парламент  Мәжілісіне 
депутаттарды  сайлау  кезінде  депутаттыққа  кандидат  саяси  партия  атынан  ғана  шыға 
алады,  ал  партияда  жоқ  жеке  азамат  өзін  –  өзі  ұсына  алмайтындығы  жоғарыда  аталған 
нормадағы  азаматтардың  мемлекеттік  билік  органдарына  сайлану  құқығын  шектейді  деп 
санаймым.  Халық  өздері  сенетін,  таңдау  жасаған  жеке  азаматқа  емес,  партияға  дауыс 
береді.  Ал  депутаттыққа  кімді  шығарғысы  келсе  соны  партия  өз  ішіндегі  жиналыста 
талқылап,  шығарады.  Ал  халық  Парламентте  өздері  танымайтын,  қаламаған  депутатын 
емес,  өз  қалаулысын,  сенім  артқан,  ертең  мұң  –  мұқтажын  билікке  жеткізіп,  оны 
шешуге  көмектесетін  азаматын  көргісі  келеді.  Тұтас  бір  партияға  емес,  демократиялық 
мемлекет  болғандықтан,  бәсекелесті  түрде  сайлауға  түскен  жеке  тұлғаға  дауыс  берген 
дұрыс  деп  санаймыз.  Қазіргі  кезде  бұл  мәселе  де  өз  шешімін  табу  қажет.  Құқықтық 
мемлекет  орнатамыз  деп  бірақ,  негізгі  заңымыз  Конституцияға  биліктің  өзі  қарсы 
әрекет  етуде.  Жоғарыда  аталған  барлық  мәселелер  мемлекеттік  қызметке  қатысы  бар 
деп  ойлаймын.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясына  сәйкес,  Қазақстан  халқы  жалғыз  және 
бөлiнбейтiн  елiмiздегi  билiктiң  субъектiсi  болып  табылады.  Әрине,  кез  –  келген  ұлт 
Республикада  тұрып  жатқан  өздерiнiң  еркiмен  ұлттық  қызығушылығын,  мүддесiн  жүзеге 
асыра  алады,  бiрақ  жоғарғы  тұрған  Конституцияға  сәйкес  болуы  керек. 
Қазақ  ұлтының  егемендікке  ие  болғалы  бері  өзінің  жаңғыру  белесі  басталды. 
Ұлт  өзінің  ұмытылып  бара  жатқан  сонау  ерте  кездегі  төл  мәдениетіне,  салт-дәстүрі 
мен  әдет-ғұрпына,  қасиетті  болмысына  ие  бола  бастады.  Елімізде  тұрып  жатқан  әр 
түрлі  ұлт  өкілдерінің  келісімі,  татулығы  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болды.  Ақтабан  – 
шұбырындыға  ұшырап,  көрші  елдерге  ауып  кеткен  халық  Отанына  орала  бастады.  Біз 
тәуелсіздік  заманында  бұрынғы  империялық  идеологиядан  құтылып,  ұлттық  толыққанды 
мәдениет  шыңына  көтерілуіміз  керек.  Қазіргі  кезеңде  дүниежүзінде  бірнеше  ұлттар  бар. 
Олар  бірінен-бірі  озып,  тарих  сахнасында  жарқырап  көрінгісі  келеді.  Ол  үшін  кейбір 
мемлекеттер  күш  қолданып  соғысып  жатса,  екінші  біреулері  тып-тыныш  ақпараттық 
құралдар,  ғылым  мен  білім,  технологиясы  арқылы  келесі  мемлекетке  өз  ықпалын 
жүргізуде.  Соңғы  кездері  айтылып  жүрген  жаћандану  дәуірінде  өз  ұлтымыздың  бітім 
болмысын  сақтап  қалуға  тырысуымыз  керек.  Ол  үшін  келесі  ұрпаққа  және  бүгінгі 
ұрпаққа  өз  елінің  өткен  тарихын  санасына  сіңіруіміз  қажет.  Қазақстан  Республикасында 
тәуелсіздік  пен  егемендік  кепілдіктері  болғанымен  оның  іргетасын  бекітіп,  баянды  ету 
үшін  әлі  көп  шаруалар  жасауымыз  керек.  Біріншіден,  ұлттық  сананы,  ұлттық  намысты 
ояту,  екіншіден,  Республикамыздағы  өзге  ұлт  өкілдерін  соңымыздан  ерте  алу,  ол  үшін 
саптың  алдында  болып,  оларға  үлгі-өнеге  көрсету.  Үшіншіден,  жаћандану  процесіндегі 
халықаралық  ақпарат  пен  қаржы  жүйелерінің  мүмкіндігін  өз  мүддемізге  барынша 
тиімді  пайдалану,  саясат  пен  экономиканы  өз  орындарында  қолдану.  Осы  шараларды 
тек  халықтың  бәрі  жаппай  қолдап,  өздері  тікелей  қатысқанда  ғана  жүзеге  асырылады.
Қазір  елімізде  130-ға  жуық  ұлт  өкілдерінің  топтары  тұрады.  Бұл  әрине  жақсы. 
Адам  адаммен  араласса,  ұлт-ұлтпен  араласса,  олардың  дәстүр-салтының,  әдет-ғұрып, 
рухани-мәдениеттерінің  ең  озықтары  бір-біріне  көп  пайда  әкеліп,  әсер  тигізеді.  Бірақ, 
ол  байырғы  ұлт  қазақ  халқына  зияндық  келтіре  отырып,  қысым  жасау  арқылы  жүзеге 
асырылмауы  қажет.  Ата  Заңымызда:  «Біз,  Ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген  Қазақстан 

83
халқы,  ....өзіміздің  егемендік  құқығымызды  негізге  ала  отырып,  осы  Конситуцияны 
қабылдаймыз»  [1,  3-б.]  –  делінген.  «Қазақстан  халқы»  деген  сөздің  ішінде  еліміздегі 
тұрып  жатқан  олардың  тіліне,  дініне,  нәсіліне,  т.б.  қарамастан  барлық  азаматтар 
кіреді.  Қазір  мемлекетімізді  әлем  таныды,  экономикалық  жағынан  да  нығайып  келеміз. 
Ұлтаралық  татулық  пен  келісім  шынайы  сипат  алды.  Егеменді  Қазақстан  әлемдік 
қоғамдастықтың  толық  құқықты  мүшесіне  айналды.  Қазақстанның  тұрғындарының 
басым  көпшілігі  қазақтар  әрі  байырғы  тұрғыны  болғандықтан  ұлттық  бағдарлама 
жасалып,  онда  қазақ  ұлтының  мүддесі  жоғары  қойылатын  мезгіл  жетті.  Әрине,  ұлттық 
мүдде  өзге  ұлт  өкілдеріне  зиян  тиізбеуі  тиіс.  Алдымен  қазақ  халқының  өз  арасында 
ұлттық  намыс,  ұлттық  тәрбие,  ұлттық  тіл  қалыптастырған  абзал.  Сонда  қазақ  халқы 
өзгелерге  үлгі  -  өнеге    болып,  тәуелсіздігіміздің  туын  жоғары  ұстайды.  Кез  –  келген 
мемлекет  ең  алдымен  өздеріне  қызмет  етеді. 
Кеңес  өкіметі  қазақ  халқының  басына  оған  дейінгі  болған  нәубеттен  де  ауыр 
күйзелістер  әкелді.  1916  жылы  жүргізілген  санақ  бойынша  қазақтар  5  млн.  
650  мың  болса,  кеңес  өкіметі  билік  еткен  1917–1922  жылдары  1  млн.  қазақтар  шетінеді.  
1929–1933  жылдары  қолдан  жасалған  ашаршылық  пен  әртүрлі  қуғын-сүргін  нәтижесінде 
қалғандарының  тең  жартысы  қырылды,  1  млн-ға  жуықтары  өз  Отанын  тастап  шетелге 
ауып  кетті.  1933  жылы  Отанында  небәрі  2  млн.  493  мың  қазақтар  қалды.  Ал  жеке 
адамға  табыну  мен  Ұлы  Отан  соғысы  құрбандарынан  кейін  1  млн.  500  мыңдай-ақ  қазақ 
қалды.  Оның  есесіне  1,6  млн.  қарашекпендерді  қоспағанда,  жерімізге  1917–1926  жылдары 
1  млн.-дай  1930–1940  жылдары  509  мыңдай,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  350  мыңдай 
халық  қоныс  аударып,  2,5  млн.  неміс,  жапон  тұтқындары  т.б.  халықтар  мәжбүрлеп 
Қазақстанға  әкелінді.  Тың  және  тыңайған  жерді  игеру  деген  желеумен  2  млн.  адам 
Қазақстаннан  орын  тепті.  Нәтижеде  байырғы  Қазақстан  тұрғындары  –  қазақтар  күрт 
азайып,  рухы  жаншылып,  жері  тозды,  елі  азды.  [2,  4-б.]
ҚР  Президенті  Н. Ә.  Назарбаев  «Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы 
мен  дамуы  стратегиясында»:  «Қазақстан  егемендігінің  күрделі  этносаяси  әрі  құқықтық 
табиғаты  бар.  Көп  ұлтты  халықтың  әлеуметтік  тұрақтылығы  мен  мүдделерінің  серпінді 
тепе-теңдігі  біздің  мемлекеттің  қалыптасу  және  даму  процессін  әрқашанда  айқындайтын 
болады.  Осыны  айқын  сезіне  отырып  Қазақстанның  гүлденуі  үшін  Республиканың 
барлық  халықтарының  ынтымақтасуына  әр  адамның  бақыты  мен  бостандығына  барлық 
азаматтардың  материалдық  және  рухани  мәдениетін  көтеруге  қамқорлық  жасау  керек. 
Мен  қазақ  халқының  татулықта  тұра  білетін  дәстүрлі  салиқалылығына,  олардың 
табиғи  кеңпейілдігі  мен  көршілерінің  мүддесіне  терең  құрмет  көрсететіндігіне  сүйене 
отырып  осыған  жететіндігімізге  сенімдімін»  [3,  9-б.]  – деуі,  Қазақстан  Республикасының 
біртұтастығын,  тәуелсіздігін  нығайтуда  Қазақстанда  тұратын  халықтардың  ауызбірлік 
сақтаулары  қажеттілігін  ескертті.  Ұлттық  идеология  төңірегінде  өзге  ұлт  өкілдері 
бірігіп,  қоғамды  гүлдендіруге  ат  салысады.  Ол  үшін  алдымен  қазақ  халқының  ұлттық 
идеологиясын  қалыптастырып,  озық  демократиялық  сипаттарын  өзгелерге  үлгі  етіп 
көрсете  білгеніміз  дұрыс.  Ұлттық  идеология  саяси,  рухани,  әлеуметтік  теңдіктермен 
безендірілуі,  өзгелерден  өгейсімей,  қайта  ризалықпен  қабылдауларына  жол  ашып  беруі 
керек.  Әрбір  халық,  ұлт  өзінің  тілін,  мәдениетін,  өзге  де  құндылықтарын  құрметтейді, 
әрі  оны  өз  отандарында  дамытып  отыр.  Ал,  көп  ұлтты  мемлекет  құрамындағы  өзге  ұлт 
өкілдері  сол  мемлекетті  құрып  отырған  ұлтты,  оның  тілін,  мәдениетін,  құндылықтарын 
құрметтеулері  тиіс.  Үш  ғасырға  жуық  уақыт  бойы  отаршылдықтың  тауқыметін  тартып, 
этнос  ретінде  шалажансар  халге  түскен  қазақ  халқын  ел  етіп,  ТМД  елдерінің 
аясындағы  ең  көп  тілді,  көп  конфессиялы  Қазақстанның  еңсесін  көтеріп,  тәуелсіздік 
жолымен  алып  жүру  міндеті  Нұрсұлтан  Әбішұлының  маңдайына  жазылды.  Бұл  жолда 
ол  тәуелсіздікті  тәу  ететін,  шынайы  демократияға  ұмтылған,  ұлтаралық  түсіністік  пен 
достықты  өмір  салты  еткен,  болашағына  нық  қадам  басқан  қазақстандықтардың  зор 
сеніміне  ие  болды.  Бүкілхалық  сайлаған  Президент:  «Ұлт  мәселесін  бірден  –  біржолата 
шешіп  тастау  еш  мүмкін  емес.  Оны  көсегесі  көгерген  демократиялық  елдердің  өздері  де 
жүзеге  асыра  алмай  келеді.  Осыған  байланысты  бізге  ұлт  мәселесін  біржола  түпкілікті 
шешіп  тастауға  тырысушылықтан  бас  тартып,  түбегейлі  түрде  басқа  бір  стратегияға 
көшуге  тура  келеді.  Біздің  стратегиямыз  қайшылықтардың  алдын-алып,  оның  қантөгісті 
тайталастарға  ұласып  кетпеуіне  қам  жасауға  бағышталуы  тиіс.»  [4,  33-б.]  –  деп,  атап 

84
көрсеткен  еді.  Қоғамды  жаңарту  процесінде  әр  түрлі  ұлт  топтары  өкілдерінен  жаңа 
саяси  қайраткерлер  қызметке  ұсынылуы  керек.  Көп  ұлтты  қазақ  қоғамы,  егер,  онда 
барлық  үлкен  және  аз  ұлт  топтарының  мүдделерінің  тепе-теңдігі  сақталынбаса,  тұрақты 
бола  алмайды.  Мемлекет  Қазақстан  азаматтарының  бәріне  бірдей  қамқорлық  жасауға 
міндетті.  Қазақстанның  көп  ұлттық  факторы  тұрақты  түрде  ұлт  мәселесіне  көңіл 
аударып  отыруды  талап  етеді,  өйткені,  республикада  тұратын  халықтар  арасындағы 
ұлтаралық  келісім  мен  бейбітшілікті  сақтау  дәл  осы  мәселеге  байланысты.  Ұлттар 
мен  ұлыстардың  өздеріне  тән  сұраныстарын  зерттеу  мен  конституциялық  нормаларды 
қамтамасыз  ету  бойынша  белгілі  бір  жұмыстар  атқарылды,  ал  бұл  азаматтардың  тегі 
мен  қай  ұлтқа  жататындығына  қарамастан,  олардың  құқықтары  мен  бостандықтарының 
тепе-теңдігіне  кепілдік  беру  мен  кез-келген  қысым  жасауға  тыйым  салуды  қамтамасыз 
етуге  жол  ашады. 
Қазақстан  өз  алдына  қойған  негізгі  мақсаты  –  бейбіт  өмір,  келісімді  қоғам, 
ынтымақтастық  пен  бірігу  екенін  дәлелдеді.  1995  жылдың  наурыз  айында  ҚР  Президенті 
жанынан  кеңесші  орган  ретінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылды.  Сол  жылдан 
бастап  Ассамблея  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  ұлттық  саясатты 
жүзеге  асырушы  маңызды  институт  ретінде  бағаланып,  елімізді  мекендейтін  барлық 
этностардың  өзара  қарым  –  қатынасын  қамтамасыз  етуде  тиімді  құралға  айналды. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  тиімді  әрі  жемісті  іс  –  әрекетінің  арқасында  еліміздегі 
этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар  саласында  бейбітшілік  пен  келісім  үлгісі 
сақталды.  Асссамблея  құрамына  130-дан  астам  этностың  жиналуы  аталған  ұйымның 
«кіші  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы»  деп  аталуына  себеп  болды.  Қазақстанды  мекендеп 
отырған  этностардың  мәдениетін,  тілі  мен  дәстүрін  дамытуға  барлық  жағдайлар  жасалған. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдар  ішінде  біз  үшін  ғана  емес,  бүкіл  әлем  үшін 
тыныштықтың,  ұлтаралық  келісімнің,  қоғамдық  тұрақтылықтың  қымбат  екенін  сезіндік. 
20  жыл  ішінде  біздің  ең  үлкен  байлығымыз  да  осы  –  ұлтаралық  келісім,  қоғамдық 
татулық.  Осы  байлықты  көздің  қарашығындай  сақтай  білейік.  Елімізде  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  арқылы  ұлттық  саясатты,  этносаралық  және  дінаралық  үнқатысуды  жүзеге 
асырудың  бірегей  әрі  тиімді  тетігі  құрылған.  Мемлекет  басшысымен  құрылған  Ассамблея 
этносаралық  қатынастардағы  жарасымдылықтың  орталық  буыны  болып  табылады  және 
саяси  тұрақтылықты  орнықтыруда,  қоғамдық  келісім  мен  тыныштықты  нығайтуда 
маңызды  рөл  атқарады.  Еліміз  бойынша  800-ге  жуық  этномәдени  бірлестік  жұмыс 
істейді.  Оның  28-і  республикалық  бірлестіктер.  Жалпы,  республикамызда  тұратын 
этностардың  50-ге  жуығы  өздерінің  орталықтарын  құрған.  Осы  этномәдени  орталықтар 
мен  бірлестіктерді  мемлекет  тарапынан  қолдауға  келетін  болсақ,  бұл  мәселеде  аса 
ауқымды  жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Бүгінде  республикалық  орыс,  ұйғыр,  өзбек,  неміс, 
корей  театрлары  жұмыс  істейді,  олардың  жалпы  саны  –  14.  бұл  өнер  шаңырақтарының 
барлығы  мемлекеттен  қаржыландырылады.  Елімізде  этностардың  өз  ана  тілін  дамытуда 
да  бірқатар  жұмыстар  атқарылуда.  Мәселен,  100-ден  астам  мектепте  22  этностың  тілінде 
олардың  ана  тілі  жеке  пән  ретінде  оқытылады.  Сонымен  бірге,  90-ға  жуық  мектепте 
оқу  үдерістерінің  барлығы  өзбек,  ұйғыр,  тәжік,  украин  тілінде  жүргізіледі.  Мұның 
сыртында  200-ге  тарта  жексенбілік  этнолингвистикалық  орталықтар  тағыда  жұмыс 
істейді.  11  тілде  40-тан  астам  газет  –  журналдар  жарық  көреді.  [5]
Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі
1  ҚР  Конституциясы.  1995  ж.  30  тамыз.  2-бап,  2-тармақ.  //  Алматы.  2001  ж. 
40  б. 
2  Қозыбаев  М.  Тәуелсіздік  даңғылы  №4  //  2001  ж.  журнал  Ақиқат. 
3  Назарбаев  Н.  Ә.  Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
дамуы. //  Дәуір  баспасы,  1992  ж.  Алматы.  56  бет.
4  Назарбаев  Н. Ә.  Ғасырлар  тоғысында.  //  Алматы.  Атамұра  баспасы,  2003  ж. 
256  б.
5  Халмұрадов  Р.  Бір  күн  жанжал  болған  үйден  қырық  күн  береке  кетеді  //  Егемен 
Қазақстан,  13  сәуір  2012  ж. 

85
 
 
 
Көшербаев  С.  Б.,
М. Х. Дулати атындағы Тараз 
мемлекеттік университеті,
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау
орталығының дәріскері, 
Аға оқытушы, юриспруденция магистрі
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖАСТАРДЫҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК  –  ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚОРҒАЛУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа.  Берілген  мақалада  қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасындағы  жастардың 
әлеуметтік  –  құқықтық  қорғалуы,  қоғамдағы  орны  мен  саяси  өмірдегі  рөлі  туралы 
мәселелер  қарастырылады.  Жастардың  патриоттық,  отансүйгіштік  тәрбиесі,  олардың 
рухани-мәдени  дамуын  жетілдіру  жолдары  айтылады.  Сонымен  қатар,  ел  жастарының 
құқықтық  тәрбиесі  де  беріледі.
Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  социально-правовой  защиты, 
место  в  обществе  и  их  роль  в  политической  жизни  молодежи  Республики  Казахстан. 
Рассказыватся  о  патриотическом  воспитании,  пути  совершенствования  духовно-культурного 
развития.  А  также  раскрывается  правовое  воспитание  молодежи  страны.
Abstract.  In  that  article  considered  problems  of  socio  –  legal  protection,  place  in  society 
and  its  role  in  political  life  of  youth  of  the  Republic  of  Kazakhstan.  Said  about  patriotic 
upbringing,  wais  of  modernization  of  inner  –  cultural  development.  Also  opens  legal  upbringing 
of  young  people  of  country.
Бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасының  егеменді  ел  болып,  төл  шаңырағының  астына 
көптеген  ұлт  өкілдерін  біріктіріп,  өркениетті  даму  жолына  түскеніне  де  жиырма  жылдан 
асты.  Әрине,  қазіргі  жағдайына  ғасырлап  жеткен  өзге  дамыған  елдерге  қарағанда  бұл 
тым  аз  уақыт.  Бірақ,  осыған  қарамастан  бәсекелес  жолына  бірге  шыққан  көршілерінен 
оқ  бойы  озық  келе  жатқан  Қазақстан  Республикасының  бүгінгі  экономикалық,  әлеуметтік 
және  саяси  салаларда  осы  жылдар  ішінде  жеткен  жетістіктері  аз  емес.
Дегенімен,  елдің  дамуы  мен  өркениеттке  жетуі  тек  оның  экономикалық  жетістіктерімен 
ғана  айқындалмайды.  Өйткені,  ұлт  пен  ұлыстың,  жалпы  біртұтас  елдің  табиғи  дамуында 
бірден-бір  қажеттілік  –  рухани,  мәдени  және  діни  т.б.  салаларда  қоса  жүретіндігі 
белгілі.  Әрине,  Қазақ  халқы  өткен  күнде  де,  бүгін  де  рухани,  мәдени  байлықтан  кенде 
емес,  керісінше  адамгершілік  пен  ізгілік  сезімдері  басқадан  артық  болмаса,  кем  емес 
екендігі  бәрімізге  мәлім.  Алайда,  дәл  қазіргі  әлемдегі  жаһандық  саяси-экономикалық  және 
әлеуметтік-мәдени  жағдай  біздің  елімізден  өркениеттер  тоғысында  жасырынып  қалмай, 
халықаралық  қатынаста  өз  орнын  тезірек  айқындауды  талап  етеді.  Шын  мәнінде,  әлемдік 
жаһандану  үдерісінің  үдей  түсуі  енді  ғана  еңсесін  көтеріп  келе  жатқан  қазақ  халқы 
үшін  соққы  болып  тимей,  төл  мәдениетіміз  бен  рухани  болмысымызды,  дәстүріміз  бен 
өнерімізді  тығырыққа  тіремейтініне  кім  кепіл?!
Осы  орайда,  алпауыт  елдердің  соғыссыз-ақ  ақпарат  пен  технологиялық  жетістіктерімен 
жауалап  алу  тығырығынан  шығудың  көзін  табуда  болашақ  ұрпақ,  қазіргі  жас  буынды 
өз  еліне,  ұлттына,  салт-дәстүріне  деген  патриоттық  сезімін  арттырып,  осы  бағытта 
тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының 
басты  кепілдерінің  бірі  –  қазіргі  жастармен  әлеуметтік-құқықтық  жұмыс  жүргізіп,  олардың 
аяғынан  нық  тұрып  кетуіне  қолдау  көрсетіп,  шынайы  отансүйгіштік  сезімін  нығайту 
болып  табылады.
Тарихи  оқиғалардан  білетініміз,  шынайы  патриотизм,  елінің  дамуына  шын  жаны 
ашитын  азаматтары  бар  қоғам  мемлекеттің  әлеуметтік  құрылымының  негізі,  рухани  тірегі 
болып  табылады.

86
Соңғы  кезде  жастармен  әлеуметтік-құқықтық  жұмыс  жүргізуде  мемлекет  тарапынан 
атқарылып  жатқан  істер  аз  емес.  ҚР  Президенті  Н. Ә.  Назарбаев  өзінің  жыл  сайынғы 
дәстүрлі  халыққа  жолдауларында  міндетті  түрде  бір  бөлімін  немесе  Үкіметке  берген 
тапсырмаларының  бірін  жастарға  арнайды.  Дегенімен,  әлеуметтік  жұмыс  сияқты  күрделі 
істі  атқару  үшін  еліміздің  экономикалық  жағдайының  артуының  үстіне  бүкіл  қоғамдық 
белсенділік  қажет  және  де  бұл  белсенділік  тұтас  бір  арнада  өрбіп,  нақты  нәтижелер 
беруі  шарт.
Бүгінгі  күні  жастармен  әлеуметтік  –  құқықтық  жұмыс  жүргізу,  олардың  болашаққа 
деген  сенімін  нығайту,  патриотизм  тәрбиесі,  жалпы  отансүйгіштік  қасиеті  туралы  айту 
да,  жазу  да  күрделі  мәселеге  айналып  отыр.  Өйткені  қазіргі  жастарды  бұрынғы  жастармен 
салыстыруға  мүлдем  келмейді.  Қазіргі  заманның  ағымы  да,  қоғамның  құрылысы  да, 
отбасылық  жағадай  да  басқа. 
Еліміздің  болашақ  дамуы  туралы  сөз  еткенде,  ең  алдымен  жастар  мәселесі,  олармен 
құқықтық,  тәрбиелік,  әлеуметтік  жұмыс  жүргізу  туралы  айту  керек.  Өйткені,  жастар 
жай  ғана  қоғамдағы  саналы  адамдардың  бір  тобы  ғана  емес,  олар  –  жаңа  қуаттың, 
еңбек  көзінің,  тың  идеялар  мен  ұсыныстардың  бастамашысы,  қоғамдағы  қозғаушы  күш, 
халықтың  ең  белсенді  тобы.  Сондықтан  да  жастар  мәселесі  –  елдің  болашағы  туралы 
мәселе.  Осы  орайда  жастармен  әлеуметтік-құқықтық  жұмыс  жүргізу  жайы  маңызды 
болып  табылады.
Қазіргі  кезде  жастардың  әлеуметтік  мәселелерін  шешуде  әртүрлі  бағдарламалар 
қабылдаған  және  іс-шаралар  жоспарын  жасаған  орынды.  Елімізде  жалпы  ондай 
бағдарламалар  толып-ақ  жатыр,  бірақ  олардың  жүзеге  асуы  мардымсыз  дер  едім  немесе 
көзбояушылықпен  «орындалады»  деген  есеппен  жүргізілуде.  Жастарға  әлеуметтік  салада 
кезеңдік  және  үйлестіруші  іс-әрекеттер  мынадай  негізгі  бағыттар  бойынша  көзделу 
тиіс,  мысалы,  жастардың  экономикалық  дамуы,  еңбек  және  жұмыспен  қамту  саласында 
жағдайлар  жасау,  өңірлерде  жастар  саясатын  іске  асыру,  білім  және  ғылым  саласында 
жастардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қамтамасыз  ету,  жастар  саясатын  ақпараттық 
қамтамасыз ету, жас таланттарды дамыту мен қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, 
жастар  қоғамдық  бірлестіктерінің  қызметі  үшін  жағдайлар  жасау,  халықаралық  жастар 
ынтымақтастығын  дамыту,  Қазақстандық  жастардың  азаматтылығы  мен  патриотизмін 
дамыту  және  мемлекеттік  жастар  саясатының  нормативтік-құқықтық  базасын  дамыту  т.б.
Бағдарламалар  жастардың  еліміздің  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық 
өміріне  қатысуы  және  белсенді  ат  салысуына,  өз  таланты  мен  қабілетін  жүзеге  асыруға 
көмектесетіндей  болуы  тиіс.  Бірақ-та,  жастардың  өзін-өзі  дамыту  үшін  тиісті  жағдайлардың 
барлығы  мемлекет  тарапынан  қамқорлықтың  болуына  дағдыланып  кетуіне  жол  бермеу 
керек,  олар  өздері  іздену  мен  еңбектің,  ақылы  мен  қабілеті  арқылы  мемлекеттік  жастар 
саясатын  жүзеге  асыруға  қатысуы  керек.
Саяси  тұрғыдан  алғанда,  Қазақстан  жастарының  бүгінгі  демографиялық  жағдайы 
олардың  саяси  аренада  ықпалды  субъект  болу  мүмкіндігін  арттырады.  Мәселен,  сайлау 
науқаны  сияқты  саяси  үрдістерде  жастар  санаты  жалпы  халық  арасындағы  көпшілікті 
құрағандықтан  тұрақты  электорат  болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  оларға  деген    билік 
өкілдерінің  ерекше  назарын  тудырады.  Кейде  жастар,  әсіресе  жоғарғы  оқу  орнының 
студенттері  сайлау  науқаны  кезінде  биліктің  қолжаулығына  айналады.  Басқа  кезде  төбе 
көрсетпейтін  кейбір  азаматтарымыз  өздерінің  жеке  бас  пайдасы  үшін  студенттермен 
кездесуші,  олардың  мәселесін  шешуші,  оларға  жаны  ашушы,  оларды  әлеуметтік,  құқықтық 
жағынан  қорғаушыға  айналады. 
Мұндай  жағдайда  жастар  мен  билік  арасындағы  қарым-қатынастың  дұрыс  немесе  бұрыс 
дамуы  жастардың  билікке  жақындауына  немесе  олардың  биліктен  алшақтауына  алып 
келеді.  Жалпы,  жастардың  мемлекеттік  идеологияны  қолдауы  да,  қолдамауы  да  биліктің 
қолында.  Ал  бұл  болса  жас  түлектер  арасындағы  патриоттық  сезімнің  қалыптасуына 
тікелей  әсер  етеді. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  жастары  үшін  жас  ұрпақ  өкілдерінің  толық  сенімін  туғызатын 
мемлекеттік,  әлеуметтік,  экономикалық,  қоғамдық  немесе  саяси  тұлғалар  аз.  Ал  сенім 
болмаған  жерде  қандай  патриотизм  туралы  айтуға  болады.

87
Жастар  мен  билік  арасындағы  қарым-қатынас  деңгейін  анықтайтын  факторлардың  
бірі  –  жастардың  саяси  шешімдерді  қабылдау  үрдісіне  қатысуы.
Жастардың  саяси  мәртебесі  олардың  саяси  күш  ретінде  қалыптасуы,  өзара  әрекет  немесе 
келісімпаздық  шараларын  құра  білуі,  саяси  билікке  қол  жеткізу  мәселесі  бойынша  өзінің 
алдына  мақсат  қоя  білуі  және  оны  іске  асыра  алу  мүмкіндіктерімен  анықталады.  Демек, 
демократиялық  қоғам  дамуының  көрсеткіші  ретінде  тек  қоғамдағы  жастар  санасының 
сол  қоғамда  орын  алған  саяси  шындыққа  әсері  ғана  емес,  сонымен  қатар,  оның  саяси 
өміріне  тікелей  қатысуы  мен  белсенділігін  де  жатқызамыз. 
Бұған  қарамастан  еліміздегі  жастар  демократиялық  қоғам  қағидаларын  қолдана  отырып, 
осы  қоғамды  басқаруға  қатысу  үшін  өз  құқықтарын  іске  асыруға  тырысуда.  Мысалыға, 
еліміздің  азаматы  ретінде  жастар  сайлау  үрдісіне  қатысып  өз  кандидаттарын  ұсына 
алады.  Сол  арқылы  жастар  мәселесін  жоғарғы  мемлекеттік  билік  органдарында  көтеріп 
өз  құқықтары  мен  міндеттерін  қорғауға  жол  ашады.
Алайда,  бұл  мәселенің  толық  шешімі  табылды  деген  сөз  емес.  Өйткені,  өз  мәселесін 
билік  органдарына  хат  жолдау  арқылы,  бұқаралық  апарат  құралдары  арқылы,  тікелей 
басшылардың  қабылдауына  барып  жеткізу  бір  басқа  да,  оның  қаралуы,  оған  қаржының 
бөлінуі  және  ол  жастар  мәселесін  шешуге  мақсатты  бағытталуы  мен  пайдалануы  бір 
басқа.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –  мемлекетімізде  жастардың  патриоттық  сезімін  дұрыс 
арнада  реттейтін,  отансүйгіштік,  патриоттық  рухты  көтеретін  толыққанды  жалпы  ұлттық 
идеологияның  әлі  де  жетіспейтіндігі. 
Сонымен  бірге,  жастарымыздың  құқықтық  сана-сезімінің  төмендігі,  өздерінің 
құқықтарын  барынша  пайдалана  алмауы  олардың  кей  жағдайда  қылмыстық 
топтардың  құрығына  түсуіне  жағдай  туғызуда.  Осындай  жағдайда  мемлекеттің  негізгі  
міндеті  –  жастарға  еліміздің  еркін  азаматтары  ретінде  кепіл  болуы.  1995  жылы  30 
тамызда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  Республикамыздың 
жастарының  білім,  денсаулық,  еңбек  ж.т.б.  құқықтары  мен  міндеттерін  айқындап  берген.  
Жастарды  құқықтық  тұрғыда  қорғау  мәселесі  де  бірқатар  нормативтік  актілермен 
бекітілген.  Мысалыға,  Қазақстан  Республикасының  Президентінің    №73  жарлығымен  
1999  жылдың  28-ші  тамызында  «Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік  жастар  
саясаты»  туралы  тұжырымдама  бекітіліп  көпке  дейін  жастар  мәселесін  шешетін  негізгі  
құжат болып келді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы тұжырымдаманы 
жүзеге  асыруда  2001–2002  жылдарға  «Қазақстан  жастары»  атты  бағдарлама  қабылданған 
болатын.  Басым  бағыттарға  ең  бірінші  азаматтылық  пен  патриотизмді  дамытуға, 
жастардың  рухани-адамгершілік  қасиеттерін  жоғарылатуға  көп  орын  берілген.  Одан 
кейін  ҚР  Президентінің  №1118  жарлығымен  2010  жылғы  7  желтоқсанда  «Білім  беруді 
дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»,  2004  жылы  
7  шілдеде  №581  «Мемлекеттік  жастар  саясаты»  ҚР  заңы,  2007  жылы  27  шілдеде  «Білім 
туралы»  №319  ҚР  заңы,  2011  жылы  18  ақпанда  «Ғылым  туралы»  №407  ҚР  заңдары 
ж.т.б.  қабылданды.  Бұл  аталған  құжаттардың  барлығы  жастар  тобын  әлеуметтік-құқықтық 
қорғау  мен  рухани-мәдени  жетілдіру  үшін  жасалған  іс-шаралар. 
Нарықтық  қатынастарға  көшкен  еліміздің  экономикасында  айтарлықтай  болған 
өзгерістер  жұмысқа  орналасу  мен  еңбек  ету  тәртібіне  де  өз  әсерін  тигізді.  Соның  ішінде 
жаңа  ғана  оқу  бітірген  жас  мамандардың  жұмысқа  орналасуы  қиындықтар  туғызуда. 
Себебі  кез-келген  кәсіпорын,  мекеме  басшылығы  үшін  жастардан  гөрі  білімі,  тәжірибесі 
мол  маманды  алған  әлде  қайда  тиімді. 
ҚР  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  нарықтық  қоғам  құру  барысында  жастар,  әсіресе, 
олардың  ата-аналары  көбінесе  балаларын  заңгер,  банкир,  экономист,  қаржыгер  сияқты 
мамандыққа  оқытуға  тырысты.  Өйткені  қазіргі  қоғамда  тасы  өрге  домалап,  ауқатты  өмір 
сүретіндер  осы  маман  иелері  болуы  оларға  түрткі  болуда.  Соның  салдарынан  ауыл 
шаруашылығы,  техника  мен  технология,  орта  кәсіп  мамандары  жетіспей  жатқан  жерлері 
бар.  Бірақ  та  соңғы  кездегі  мемлекеттің  демократиялық  құндылықтары  өзгеріп,  азаматтық 
қоғам  құруда  жастардың  мамандық  таңдауы  да  айтарлықтай  өзгерді.
Жастар  арасында  көбінесе  демократиялық  бағдар  бой  көтерген.  Жастардың  едәуір 
бөлігі  азаматтардың  жоғары  әлеуметтік  қорғалуы,  еркін  бостандықтағы  кәсіпкерлік  пен 

88
жеке  меншіктілікке  қол  жеткізген  капиталистік  елдердің  жолын  жалғастыру  идеясын 
қолдайды.  Осындай  үлеске  жуық  жастар  бөлігі  мемлекеттік  реттілік  пен  нарықтың 
үйлесімдік  байланыстарын  қолдауға  даяр.
Әлеуметтік саланың салалық органдары жастардың қалыптасуы мен дамуына мемлекеттік 
қолдау  жүйесін  қалыптастыруға  белсенді  ат  салысуда.  «Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  Заңда,  мемлекеттік  және  қалалық  жастар  саясаты 
туралы  бағдарламаларда  жастар  проблемаларының  ерекшеліктері  ескеріліп  отыр.  Алайда, 
жастар  басқа  әлеуметтік  топтардан  тек  жасымен  ғана  емес,  сонымен  бірге  дүниеге 
көзқарасымен,  ұрпақ  жалғастырушы  белсенді  топ  ретінде  де  ерекшеленеді.  Әлеуметтік 
саланың  дәстүрлі  салаларына  жетекшілік  ететін  органдар  жастардың  өз  рольдерін 
орындауын  толықтай  қамтамасыз  етуге  шарасыз.  Сондықтан  елімізде  жастар  ісімен 
айналысатын  арнайы  комитет  не  болмаса  жастар  ісі  жөніндегі  мемлекеттік  агенттік 
ашылып,  еліміздегі  жастарға  қатысты  мәселелерді  бір  орталықтан  қадағалап,  шешіп,  реттеп 
отырса,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Ел  боламын  деген  кез  келген  мемлекет  жастарына 
жағдай  жасайды.  Халықтың  осы  күнгі  жастарының  тұрмыс  деңгейіне,  санасына,  саяси 
бағдарына,  ғылыми-біліктілік  әлеуетіне  қарап,  елдің  10–15  жылдан  кейінгі  тағдырын  көз 
алдыңызға  елестете  беруіңізге  болады.  Сондықтан  да  бұл  мәселеге  келгенде  ешқандай 
да  енжарлыққа  жол  берілмеуі  керек. 
Жастарды  жұмыспен  қамту  мәселесін  шешуде  олардың  біліктілігін  арттыру,  кәсіптік 
училищелерде  оқуын  ұйымдастыру,  жалпы  шетелдерге  жіберіп,  сапалы  білім  алуына 
жағдай  жасау  өте  маңызды  міндет  болып  табылады.  Бұл  бәсекеге  қабілетті  ел  болуымыз 
үшін  де  қажет  стратегиялық  маңызды  мәселе.  Сондықтан  да  жастар  мәселесін,  олардың 
әлеуметтік  жағдайы  мен  білім  алуы,  жұмыспен  қамтылуы  Елбасы  Н.  Назарбаевтың 
назарынан  ешуақытта  тыс  қалмай  келеді. 
Тоталитарлық  жүйенің  «қылышынан  қан  тамып»  тұрған  заманда  жастармен  әлеуметтік 
жұмыс  жүргізу  бір  ғана  мақсатқа  бағындырылды.  Олардың  патриоттық  тәрбиесі,  мен 
рухын  көтеру  мәселелері  тек  жоғарыдан  ұйымдастырылғаны  белгілі.  Бүгінгі  таңда 
тәуелсіздік  туын  желбіретіп,  өзіміздің  ішкі  және  сыртқы  саясатымызды  қолға  ала  бастаған 
шағымызда  аталмыш  мәселе  бойынша  да  дербес  саясат  қалыптастыру  үстіндеміз.  Әрине 
осы  жылдар  аралығында  тәуелсіз  мемлекетіміздің  негізі  нығайып,  әлеуметтік-экономикалық 
жетістіктерге  қол  жеткізіп  әлемдік  қауымдастықта  берік  орын  алдық.  Алайда,  жастардың 
рухани  дамуы,  тәуелсіз  демократиялық  мемлекеттің  патриот  азаматы  болып  қалыптасу 
үшін  істелген  шаралар  жеткіліксіз  екенін  мойындағанымыз  дұрыс. 
Сондықтан  демократиялық  ашық  қоғам  құруға  бет  алған  бүгінгі  Қазақстан 
Республикасының  алдында  мемлекетіміздің  болашағы  жастармен  әлеуметтік  жұмыстар 
жүргізу,  олардың  патриоттық  тәрбиесі  маңызды  орынға  шығуы  заңдылық.  Әрине, 
патриоттық  тәрбие  нарықтық  экономика  жағдайында  өте  күределі  мәселе  болып  табылады. 
Осы  уақытқа  дейінгі  жастар  саясатында  орын  алған  кемшіліктер  мен  олқылықтар  осыны 
айғақтаса  керек.
Өткен  жылдары  жиналған  тәжірибе  көрсеткендей,  отансүйгіштік,  ұлтжандылық 
феномені,  бірінші  кезекте,  саяси  санада  қалыптасады.  Сонымен  бірге,  патриоттық  сезімнің 
өмірдегі  әлеуметтік  құбылыстар,  қоғамдық  қатынастар,  мәдениет  ерекшеліктері,  тіпті, 
табиғи  орта  жағдайларында  қалыптасатыны  белгілі.  Ал  оны  сақтап,  жетілдіру  қоғамдық 
санаға  ықпал  ету  арқылы,  яғни,  саяси  тәсілдер  көмегімен  іске  асады.
Әрине,  қазіргі  Қазақстан  қоғамы  көп  ұлтты,  көп  дінді,  жалпылай  айтқанда  көп 
құрамды  қоғам.  Қазақстанда  халықтардың  ұлтаралық  татулығымен  бірлігін  қамтамасыз 
ету  мәселесі  мемлекеттілікті  дамыту  аясында  ерекше  маңызға  ие.  Мұның  өзі  ең  алдымен, 
ұлтына қарамастан, республиканың барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын 
қамтамасыз  етуді  шарттайды.  Өмірдің  шындығы  көрсеткендей,  біздің  республикамызда 
қоғамдық  өмірдің  жаңаруы  нәтижесінде  ғылыми-техникалық  төңкерістің  екпінді  ықпалы 
арқасында  адамдардың  сана-сезімімен  ойлау  машығында  жалпы  Қазақстандық  мақтаныш 
қалыптасып,  кең  өріс  алып,  өз  табиғатында  жаңа  мазмұн  мен  толық  та,  терең  ұғым 
ретінде  бой  көрсетіп  отыр.  Жаңа  жағдайда  бел  алушы  осы  мақтаныш  сезімі  Қазақстан 
Республикасының  мекендеуші  әр  халықтың  саяси  сана-сезіміне  терең  бойлай  бастады. 

89
Бұл  мақтаныш  сезім  қайдағы  бір  сыртқы  құбылыс  әсерінен  немесе  нендей  бір  әрекет 
есебінен  емес,  республика  халқының  жанқиярлық  еңбегі,  демократиялық  қоғам  құру 
мақсатындағы  іскерлігі  арқылы  өріс  жайған  мақтаныш  сезімі. 
Бұл  сезім,  өз  кезегінде,  біздің  республикамызда  жаңа  азаматтық  қатынастар  құрылуына 
жол ашты. Бұл қатынастардың негізіне теңдік, өзара түсініктік және мемлекеттік рәміздерге 
сыйлы  көзқарас  сияқты  принциптер  кіреді.  Біз  басты  міндет  пен  мақсаттарды    қоғамдағы 
саяси  тұрақтылыққа,  құқықты  демократиялық  қоғам  орнатуға  және  бейбітшілікке 
бағытталған  сыртқы  саяси  қатынастар  жасауға  бағыттауымыз  қажет. 
Сонымен  мәселені  жан-жақты  қарастыру  нәтижесінде  мынадай  қорытындыны 
алға  тартамыз  –  яғни,  «өткенсіз  болашақ  жоқ»  деген  аталы  сөзді  ескерсек,  қазіргі 
жаһандану,  әрі  әлемдік  тұрақсыздық  жағдайында  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз, 
дербес,  әрі  демократиялық  мемлекет  ретінде  ұлттық  егемендігін  дамытқысы  келсе,  жас 
буын  санасында  жалпыадамзаттық  құндылықтармен  қатар,  өз  елімізге  тән  дәстүрлерге 
негізделген  патриоттық  құндылықтарды  шебер,  әрі  тиімді  ұштастыру  тиіс.  Бұл  бағытта 
анық  басымдылық  төл  мәдениетіміз  жағында  болуы  шарт.  Себебі,  төл  мәдениетімізге  тән 
емес  бас-аяғы  жоқ  күмәнді  батыстық  құндылықтарға  аса  мән  беру,  еліміздің  дәстүрлі 
арнадағы  дамуын  тоқтатып,  «үшінші  елдер»  әлемінің  белгісіз  бір  мемлекетіне  айналдыру 
қаупі  бар.     
Сол  сияқты  жастармен  әлеуметтік  жұмыс  жүргізуде  отандық  ерекшеліктерге  бейімдей 
отырып  шетелдік  озық  технологияларды  пайдаланудың  еш  артықтығы  жоқ  екендігін 
жадымызда  ұстаған  жөн.  Жастарға  арналған  ақпарат  орталығы,  Кәмелетке  толмағандарды 
және  түрмеден  босанып  шыққандарды  қайта  әлеуметтендіру  орталығы,  Жасөспірімдер 
мен  жастарға  арналған  консультациялық  орталық  және  жастар  ұйымдарына  арналған 
ресурстық  орталықтар  секілді  мекемелер  қатарын  көбейтіп,  бюджеттен  бөлінетін  мақсатты 
қаражатты  осындай  нәтижелі  істерге  жұмсаған  дұрыс. 
Қиын  кезеңдерде  ұлттың  өзін-өзі  сақтауының  бір  жолы  –  ұлттың  рухани  әлеуеті 
мен  достық,  татулық,  бірлік  идеяларының  сақталуы  болып  табылады.  Оны  Елбасы  
Н. Ә. Назарбаев  өзінің  барлық  сөйлеген  сөздерінде  келтіріп  отырады.  Біздің  жас  егеменді 
мемлекетіміздің  стратегиялық  дамуының  негізгі  факторы  халықтың  рухани  байлығы, 
оның  әскери  күші,  адамгершілік  құндылықтары,  білімі,  патриотизмі,  елдің  тұтастығы 
болып  табылады.

90

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет