6. Тұжырымдаманы жүзеге асыруға арналған нормативтік
құқықтық актілер тізбесі
Бұл міндеттерге келесі нормативтік-құқықтық актілерді пай-
даланып қол жеткізу болжамдалады:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III
«Білім туралы» Заңы (13.01.2015 ж. күйі бойынша өзгерістерімен
және толықтыруларымен);
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 жел-
тоқсандағы №1118 «Қазақстан Республикасында Білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдар-
ламасын бекіту туралы» Жарлығы;
Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы-
ның 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына
білім беру деңгейін анықтау бөлігіне түзету енгізіп, педагогикалық
колледждерді жоғары білім берудің бірінші сатысы деп есептеу
және олардың түлектеріне бакалавр дәрежесін беру талап етіледі.
25
Қазақстан Республикасында
Жалпы орта білім беру
сапасын арттырудың
2015–2029 жылдарға арналған
КЕШЕНДІ БА
Ғ
ДАРЛАМАСЫ
26
ҚЫСҚАРТУЛАР
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен;
ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы;
ПШО – НЗМ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖШС;
НЗМ – Назарбаев Зияткерлік мектептері;
«Өрлеу» – ҚР ҒБМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы;
ЖОӘК – жаңартпашыл оқу-әдістемелік кешен;
ШКМ – шағын комплектілі мектеп;
ҰБСБО – ҚР БҒМ «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау
орталығы» РМҚК;
«Оқулық» – ҚР БҒМ «Республикалық «Оқулық» ғылыми-
практикалық орталығы» РМҚК;
ҰБА – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы;
ҰАО – «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ;
ЖОБ – жалпы орта білім;
МББС – Мемлекеттік білім беру стандарты.
27
1 БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Бағдарлама атауы
Қазақстан
Республикасында
Жал-
пы орта білім беру сапасын арттырудың
2015
–
2029 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы ұсынысы
Дайындау үшін
негіздеме
Педагогикалық Ғылымдар Академи-
ясы Президиумы шешімі (№6 хаттама,
26.11.2014 ж.)
Бағдарламаны
дайындаған
Дайындаушылар тобының жетекшісі –
Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, педаго-
гика ғылымдарының докторы, профессор,
академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты
Мақсаты
жалпы орта білім беру сапасын артты-
ру, жоғары білімдік әлеуеті бар, бәсекеге
қабілетті және рухани бай жеке тұлғаны
дайындауды қамтамасыз ету үшін жүйелі
іс-шаралар әзірлеу.
Міндеттері
– оқу әдебиеті сапасын арттыру;
– педагог кадрлар мәртебесін және
олардың кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру;
– білім беру сапасын бағалаудың ұлттық
жүйесін дамыту;
– жеке тұлғаның рухани-адамгершілік
тәрбиесінің және зияткерлік дамуының
жолдарын анықтау;
– білім беру саласындағы ғылыми-зерт-
теулерді қаржыландыру көлемін, тиімділігі
мен нәтижелілігін арттыру;
– білім беру сапасын арттыру бойын-
ша жүйелі шараларды жүзеге асыруды
басқарудың тиімді жүйесін құру.
28
Жүзеге асы-
ру мерзімдері
(кезеңдері)
2015–2029 жылдар аралығында.
І кезең: 2015
–
2017 жылдар;
ІІ кезең: 2017
–
2029 жылдар.
Мақсаттық инди-
каторлар
– педагог кадрларды дайындауды
жүзеге асыратын оқу орындары 100% ат-
тестациядан өтті; жоғары оқу орындары
мен колледждердің педагогикалық ма-
мандықтары 100% аккредитациядан өтті;
– Мемлекеттік жалпыға міндетті бас-
тауыш білім беру, негізгі білім беру,
гуманитарлық, жаратылыстану-математи-
калық және технологиялық бағыттар бо-
йынша және халықаралық талаптарға
жауап беретін оқытудың дуалдық жүйесі
бойынша жалпы орта білім берудің жаңа
стандарттары 100% әзірленді;
– бастауыш, негізгі, жалпы орта білім
берудің оқу бағдарламалары 100%
әзірленді;
– жеке тұлғаның рухани-адамгершілік
және зияткерлік қасиеттерін қалыптас-
тыруға әсер ететін компоненттер стандарт-
тар мен бағдарламаларға 100% енгізілді;
– мұғалімдерді 12 жылдық білім берудің
жаңа мазмұны бойынша жұмыс жасауға
дайындау үшін стандарттар мен оқу бағдар-
ламалары 100% әзірленді (өңделді);
– мұғалімдерді 12 жылдық білім берудің
жаңа мазмұны бойынша жұмыс жасауға
дайындау үшін оқулықтар мен ОӘК 80
–
90%
әзірленді;
– өткізілетін сабақтар сапасын артты-
ру үшін бастауыш және орта білім беру
мұғалімдерімен жұмыс жасайтын коучер-
лер 80
–
90% дайындалды;
29
– 12 жылдық білім берудің жаңа стан-
дарттары бойынша оқитын барлық сы-
ныптарда 2017
–
2018 оқу жылынан бастап
жұмыс істейтін мұғалімдердің 80
–
90%-ы
жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан
өтті;
– білім беру сапасын арттыру үшін іргелі
және қолданбалы ҒЗЖ жүргізілді;
– 12 жылдық мектептің барлық сы-
ныптары үшін негізгі пәндер бойынша
мультимедиялық құралдары мен ОӘК бар
оқулықтар 80
–
90% әзірленді;
– бастауыш және орта білім беру
үшін жаңа стандарттар мен оқу бағдар-
ламаларына сәйкес барлық пәндер бойын-
ша оқу-әдістемелік материалдар мен оқу
бағдарламалары 80
–
90% әзірленді;
– негізгі пәндер бойынша бастауыш және
орта білім беру оқушыларының білім са-
пасы мониторингін жүргізу үшін бірыңғай
құралдар 70
–
80% әзірленді;
– оқу әдебиеті сапасы мониторингі 80
–
90% жүргізілді;
– 3 жоғары оқу орны «Педагогикалық
өлшемдер» мамандығы бойынша кадрлар
дайындайды;
– 100% Астана және Алматы қалалары
мен облыстардың білім беру мен оқыту
сапасын бағалау және оларды көтеру үшін
қажетті шараларды анықтау мақсатында
Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау
орталығы филиалдары жұмыс істейді;
– жалпы орта білім берудің бүкіл жүйе-
сіне арналған барлық оқу әдебиетінде
100% шығармашыл, бірегей ойлайтын,
үйлесімді және рухани бай жеке тұлғаның
рухани-адамгершілік құндылықтары, пат-
риоттық қасиеттері мен дамуын қалып-
тастыруға бағытталған материалдар бар;
30
– бастауыш білім берудің оқу жос-
парындағы оқу жүктемесінің 50%-ға
жуығы оқушылардың рухани-адамгер-
шілік құндылықтары мен дене қасиет-
терін қалыптастыратын пәндерді оқып-
үйренуге бөлінген;
– мектеп директорларының 80
–
90%-ы
мектептерде жұмыс жасап мол тәжірибе
жинаған немесе жоғары кәсіби деңгейге ие;
– мұғалімдерге арналған төрт лауазым
кезең-кезеңімен енгізілген: мұғалім; аға
мұғалім; коучер (әдіскер), жетекші мұғалім;
– ПШО және «Өрлеу» өткізетін білік-
тілікті арттыру курстарының III, II және I
модулдерін аяқтауы бойынша мұғалімдерге
қазіргі уақытта төленетін қаражат есебінен
аға мұғалімдерге – базалық еңбекақының
30% мөлшерінде, коучерлерге – 70%
мөлшерінде, жетекші мұғалімдерге 100%
мөлшерінде үстемеақы белгіленген;
– PISA – оқушылардың бағасы және
білігінің халықаралық бағдарламасының
нәтижелері бойынша 15 жастағы қазақ-
стандық оқушылар 30
–
35 орындарды
иеленеді;
– TIMSS зерттеулері нәтижелері бой-
ынша математика және жаратылыстану
пәндерінен 4-сыныптағы қазақстандық
оқушылар 15
–
20 орындарды иеленеді;
– TIMSS зерттеулері нәтижелері бойынша
жаратылыстану пәндерінен 8-сыныптағы
қазақстандық оқушылар 15
–
20 орындарды
иеленеді;
– ҚР Білім және ғылым министрлігінен
арнайы департамент – «Жалпы орта білім
беру сапасын арттырудың 2015
–
2029 жыл-
дарға арналған кешенді бағдарламасы
департаменті» (ОБСАБД) құрылды.
31
Қаржыландыру
көздері мен
көлемі
Бағдарламаның 1-ші және 2-ші кезең-
дерін қаржыландыру көлемі республи-
калық бюджеттен ҚР БҒМ-не бөлінетін қа-
ражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама іс-шараларын жергілікті
бюджеттен қаржыландыру жыл сайын сәй-
кесінше жергілікті бюджеттен білім беру
жүйесін дамытуға бөлінетін, қарастырыл-
ған қаражат шегінде жүзеге асырылатын
болады.
32
2 КІРІСПЕ
«Қазақстан – 2050» стратегиясы Қазақстан халқына жолдауында
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан әлемнің 30 бәсекеге
қабілетті елдері қатарына 2050 жылға дейін енуі тиіс». «Мен білім
беру жүйесіндегі жағдайдың түбегейлі өзгеруін стратегиялық
міндет деп есептеймін», «Білімді дамыта алмаған ел ХХІ ғасырда
тығырыққа тіреледі», – деп атап көрсетті.
Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бағытында келелі
істер жүргізілуде. 2007 жылы қабылданған ҚР «Білім туралы»
Заңының мақсаты бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін дамыту
болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасында Білім
беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның басты
мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, эконо-
миканы тұрақты түрде дамыту үшін сапалы білім берудің қол
жетімділігін қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамы-
ту. Басқа да заңнамалық актілер қабылданды, білім беру сапа-
сын арттыру үшін реформалар жүргізілуде, білім беру жүйесінің
материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту мен
мұғалім кадрлар біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмыстар жа-
салуда.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықаралық және
ішкі зерттеулер көрсеткеніндей, Қазақстандағы жалпы орта білім
беру сапасы көтерілген жоқ, қайта керісінше, кейбір көрсеткіштер
бойынша төмендеп отыр. Білімдері нашар мектеп түлектері
жоғары оқу орындары мен колледждерде сапалы білім ала ал-
майды. Сондықтан да жоғары оқу орындары мен колледждер
түлектерінің кәсіби біліктілік деңгейі төмендеп келеді. Әлемдік
үздік іс-тәжірибені және отандық білім беру жүйесінің бүкіл
әлеуетін пайдалана отырып бұл жағымсыз үрдісті тоқтату қажет,
ол үшін оны арттыруға арналған іс-шаралардың толық кешені жа-
салып, қабылдануы керек.
Білім беру сапасын арттыру және жоғары білім беру
нәтижелеріне жету, басым біліктілік көзқарасты жеке басқа
бағдарланған парадигмаға ауысуды жүзеге асыру, жоғары
33
адамгершілік және патриоттық қасиеттері бар шығармашыл,
бірегей ойлайтын, үйлесімді және рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу
үшін жаңа көзқарас ұсынылады.
Жалпы орта білім беру саласындағы Мемлекеттік саясатты
жүзеге асырудың ұйымдық құрылымы қазақстандық білім беруді
жетілдірудің жалғасын табуын қамтамасыз ететін Қазақстан Ре-
спубликасында Жалпы орта білім беру сапасын арттырудың
2015
–
2029 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы (әрі қарай
– Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама жалпы орта білім беру саласындағы Мемлекеттік
саясаттың ұйымдық негізі ретінде оқыту мен тәрбиелеу құрылымы,
мазмұны мен технологиясындағы, жаңа жаңартпашылық оқу-
әдістемелік кешендерді жасау жүйесіндегі, мұғалім кадрлар
дайындығы мен біліктілігін арттырудағы, білім беру, ғылыми-
зерттеу және эксперименттік жұмыстар сапасы мониторингі
жүйесіндегі, басқару және қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістерді
қамтитын, ресурстары мен мерзімдері бойынша өзара байла-
нысты шаралар кешені болып табылады.
3 АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Түрлі елдердегі білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде әр
нұсқалы. Білім беру сапасын арттыру мақсатында тиімді шаралар
қабылдау үшін мектептегі білім берудің үздік жүйелерін – мәдени
және әлеуметтік мәселелерге қарамастан не біріктіретінін және
оларда оқушылардың нәтижелерін үнемі жақсарту үшін қандай ме-
ханизмдер қолданылатынын түсініп алу аса маңызды. Салыстыр-
малы халықаралық зерттеулер оқушылардың білім жетістігінің
нәтижелері бойынша мектепте білім беру жүйесінің тиімділігін
анықтайды және білім берудің мықты және әлсіз жақтары туралы,
оларды жақсартуға әсер ететін факторлар мен жағдайлар туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Халықаралық және ішкі зерттеулерді талдау Қазақстанда соңғы
жылдары білім беру сапасының төмендегенін көрсетеді:
1) Қазақстан 2006–2013 жылдары Ғаламдық бәсекеге
қабілеттілік индексі бойынша жалпы рейтингті 6 көрсеткішке
жақсартты, бірақ осы уақыт ішінде «Денсаулық және бастауыш
білім» көрсеткіштері 11 пунктке төмендеді (2006 ж. – 86-орын,
2013 ж. – 97-орын);
34
2) Халықаралық оқушылар біліктілігі мен бағаларының PISA
бағдарламасының нәтижелері бойынша 15 жастағы қазақстандық
оқушылар оқырман сауаттылығы бойынша 2009 жылы 59-орын ие-
ленсе, ал 2012 жылы 63-орын иеленді, математикалық сауаттылық
бойынша – 53-шы және 49-шы орындарды, ал жаратылыстану-
ғылыми сауаттылық бойынша 58-ші және 52-ші орындарды
иеленді. Бұл нәтижелер ЭЫДҰ елдері бойынша орташа нәтижеден
айтарлықтай төмен болып шықты;
3) TIMSS зерттеулері нәтижелері бойынша 2007 жылы 4-сы-
нып оқушылары математика бойынша 5-ші орын иеленді, ал жа-
ратылыстану бойынша 11-ші орын иеленді, ал 2011 жылы 4-сы-
нып оқушылары сәйкесінше 27-ші және 32-ші орын иеленді, яғни
көрсеткіштер 22 және 21 жайғасымға нашарлаған. 2011 жылы
8-сынып оқушылары сәйкесінше 17-ші және 20-шы орындарды
иеленді, яғни 2007 жылы 4-сыныпта оқығанда 5-ші және 11-ші
орындар алған балалар өз көрсеткіштерін сәйкесінше 12 және 9
жайғасымға төмендеткен;
4) білім беру сапасының ішкі көрсеткіші ҰБТ болып табы-
лады. 2012 жылы мектепті 125576 адам бітірді. Түлектердің
барлығының 1%-ға жуығы олимпиададағы жақсы көрсеткіштері
немесе басқа да жетістіктері үшін ҰБТ-дан босатылды. ҰБТ-ға
түлектердің 25%-ы қатысқан жоқ, түлектердің 75%-ы ҰБТ тапсыр-
ды, олардың ішінде 36,8%-ы шектік деңгейден өте алмады, бұл
бүкіл мектеп түлектерінің 27,6%-ын құрады. Сонымен, бүкіл мек-
теп түлектерінің 52%-ы ҰБТ тапсырмады және шектік деңгейден
өте алмады. 2013 жылы бұл көрсеткіш – 51%-ды, ал 2014 жылы
47,3%-ды құрады. Бұдан шығатын қорытынды, мектеп түлекте-
рінің жартысына жуығы қанағаттанарлықтан төмен білім деңгейін
көрсетті.
Білім берудегі жоғары жетістіктер мемлекеттік қаржылан-
дыру көлемімен емес, білім беру стратегиясының болуымен және
стратегиялық мақсаттарға жетуге арналған білім беру моделі
құрылуымен анықталады.
Білім беру жүйесі күрделі кешенді жүйе болып табылады. Оның
сапасын арттыру үшін оның нақты жай-күйі мен кезең-кезеңімен
жүзеге асырылатын өзара байланысты кешенді шараларды
анықтап алу қажет.
Әлемнің жетекші елдері білім беру жүйелерінің дамуын талдау
негізінде жалпы орта білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз
етуге әсер ететін факторлар анықталды. Ол факторлар:
35
– білім беру стандарттарының халықаралық талаптарға
сәйкестігі;
– оқу әдебиеттері сапасын арттыру;
– педагог кадрларды дайындау және олардың кәсіби біліктілігі
сапасын арттыру;
– білім беру сапасын бағалаудың шынайылығы;
– жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі және зияткерлік
дамуының тиімділігі;
– білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулердің тиімділігі мен
нәтижелілігі;
– білім беру сапасын арттыру үшін жүйелі шараларды жүзеге
асыруды басқару жүйесінің тиімділігі.
Қазақстанда білім беру сапасын артыру үшін барлық осы жеті
фактор бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс.
4 БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1 Бағдарлама мақсаты:
Жалпы орта білім беру сапасын арттыру, жоғары білімдік
әлеуеті бар бәсекеге қабілетті және рухани бай жеке тұлғаны
дайындауды қамтамасыз ету.
4.2 Бағдарлама міндеттері:
– Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру,
негізгі білім беру, гуманитарлық, жаратылыстану-математика-
лық және технологиялық бағыттар бойынша және халықаралық
талаптарға жауап беретін оқытудың дуалдық жүйесі бойынша
жалпы орта білім берудің жаңа стандарттарын әзірлеу;
– оқу әдебиеттері сапасын арттыру;
– педагог кадрлар мәртебесін және олардың кәсіби біліктілік
деңгейін арттыру;
– ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту;
– жеке тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеу және зияткер-
лік дамыту жолдарын анықтау;
– қаржыландыру көлемін ұлғайту, білім беру саласындағы
ғылыми-зерттеулер тиімділігі мен нәтижелілігін көтеру;
– білім беру сапасын артыру үшін жүйелі шараларды жүзеге
асыруды басқарудың тиімді жүйесін құру.
36
5 БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН
МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР
Бағдарлама
төмендегі
бағыттар
бойынша
жүзеге
асырылады:
– Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру, негізгі
білім беру, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және
технологиялық бағыттар бойынша және халықаралық талаптарға
жауап беретін оқытудың дуалдық жүйесі бойынша жалпы орта
білім берудің жаңа стандарттарын әзірлеу;
– оқу әдебиеті сапасын жақсарту;
– педагог кадрлар мәртебесін және олардың кәсіби біліктілігі
деңгейін көтеру;
– ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту;
– жеке тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеу және зияткер-
лік дамыту жолдарын анықтау;
– қаржыландыру көлемін ұлғайту, білім беру саласындағы
ғылыми-зерттеулер тиімділігі мен нәтижелілігін көтеру;
– білім беру сапасын артыру бойынша жүйелі шараларды
жүзеге асыруды басқарудың тиімді жүйесін құру бағыттарында
жүзеге асырылатын болады.
5.1 Жалпы орта білім берудің жаңа стандарттарын әзірлеу
Мақсаты:
12 жылдық оқытудың жаңа мазмұнын әзірлеу және енгізу
Міндеттері:
• білім берудің әр сатысының мақсаттары, міндеттері және
құндылықтарын анықтау;
• балаларды ерте жасынан игеруі міндетті күрделі пәндермен
жүктеуге жол бермеу, бұл балалардың психофизиологиялық және
ақыл-ой дамуына теріс әсер етеді, сондай-ақ олардың білім алуға
деген ынтасын шектейді;
• жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен зияткер-
лік дамуын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйренуге көп уақыт
бөлу;
• бірінші сыныпта тек ана тілін оқыту;
• біліктілік қалыптастыра отырып, нәтижеге бағытталған білім
беру парадигмасын жүзеге асыру;
37
• оқушыларды белсенді танымдық қызметке, ұлттық ба-
сымдылықтарды, ұлттық мәдениетті, құндылықтар мен бағдар-
ларды сақтауға бағыттау;
• функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте
оқыту стандарттарын жаңарту;
• мектептің жоғары сатысында ағылшын тілінде оқытуға
кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру.
Мақсаттық индикатор:
– Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру, орта
білім беру, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және
технологиялық бағыттар бойынша оқытудың жоғары сатысында
академиялық білім беру және дуалдық жүйесі бойынша кәсіптік
білім беру стандарттары әзірленді;
– білім берудің барлық сатыларында оқытылатын барлық
пәндер бойынша оқу бағдарламалары әзірленді.
12 жылдық оқытудың жаңа мазмұнын енгізу
Кеңестік мемлекеттен мұрагерлікке алған білім беру мазмұны
жеке тұлғаны дамытуға емес, білім, білік және дағдыларды
(ББД-ды) игеруге бағытталған болатын. Тәуелсіздік жылдары
орта білім беру мазмұны айтарлықтай өзгерген жоқ.
Бастауыш мектепте игеруі міндетті күрделі пәндерді көп
көлемде оқыту балалардың психофизиологиялық және ақыл-ой
дамуына аса теріс әсер етеді, сондай-ақ олардың сапалы білім
алуға деген ынтасын шектеді.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы орта білім беру жүйесі:
1) оқу пәндерінің тым көптігі;
2) білім беру мазмұнының тұтастық пен жүйеліліктен айрылуы;
3) оқу жүктемесі көлемінің үлкендігі;
4) білім беру сапасының төмендеуі тәрізді көрсеткіштермен си-
патталады.
Оқушылардың біліктілігін қалыптастыра отырып, нәтижеге
бағытталған оқыту парадигмасына көшуді жүзеге асыру қажет.
Бастауыш білім беру мазмұны – жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және оқыту бағыттары
бойынша базалық білім алуға, орта білім беру мазмұны – барлық
пәндер бойынша белгілі бір деңгейдегі аяқталған білім алуға,
жоғары сатыдағы білім мазмұны – гуманитарлық, жаратылыс-
тану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша
тереңдетілген академиялық білім немесе оқытудың дуалдық
жүйесі бойынша түрлі мамандықтар алуға бағытталуы тиіс.
38
5.2 Оқу әдебиеті сапасын жақсарту
Мақсаты:
Оқу әдебиеті сапасын жақсарту және жаңартпашыл оқу-әдіс-
темелік кешен (ЖОӘК) жасау.
Міндеттері:
• қолданыстағы оқулықтар мен ОӘК-і жаңа стандарттар талап-
тарына сәйкес өңдеу;
• қолданыстағы оқулықтар, ОӘК және электрондық оқулықтар
негізінде негізгі пәндер бойынша мультимедиялық құралдар және
ОӘК бар оқулықтардан тұратын желілік ЖОӘК дайындау;
• оқу әдебиеті мен ЖОӘК жасаудың теориялық және прак-
тикалық негіздерін зерделеу;
• барлық оқыту сыныптарына арнап негігі пәндер бойынша
желілік ЖОӘК дайындау үшін құзыретті авторлық ұжымдар құру;
• оқулықтар мен ОӘК-ді сараптамадан өткізу үшін теориялық
және практикалық критерийлер жүйесін әзірлеу;
• оқу әдебиетін сапасын анықтау үшін сарапшылар дайындау;
• оқу әдебиеті сапасы мониторингін жүргізу;
• авторлардың, сарапшылардың және баспалардың оқу әде-
биетін жасау бойынша жауапкершіліктерін анықтау;
• ЖОӘК барлық модульдері арасындағы байланысты жүзеге
асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |