Академия педагогических наук


Ғалымдар  зерттеген  жүйелердің  барлығының,  жетілудің



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата10.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#1577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ғалымдар  зерттеген  жүйелердің  барлығының,  жетілудің 
белгілі  бір  кезеңінде  атқарған  істерінде  көп  айырмашылық 
болмаған, бірақ олар бұл істерді қалай атқарғанында – аса көп 
айырмашылық  болған.  Сондықтан,  әлемдік  тәжірибені  ескере 
отырып,  отандық  білім  беру  жүйесінің  нақты  жай-күйін  бағалай 
отырып,  білім  беру  сапасын  арттыруға  бағытталған  шаралар 
кластерін  және  оларды  атқарудың  тиімді  жолдарын  анықтау 
қажет.
Әлемнің  жетекші  елдерінің  білім  беру  жүйелері  көшбасшы-
лары технологиялар әлеуетін оқыту үдерісі үшін пайдалану туралы 
мәселені талқылай келіп:
1) білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологиялар-
ды (АКТ) қолдану оқыту сапасын арттыру үшін жаңа перспектива-
ларды ашады;
2)  АКТ  білім  беру  жүйесіне  енгізу  үшін  жабдықтар  мен 
бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  сатып  алумен,  байланыс  ар-
наларды  ұйымдастыру  мен  техникалық  қызмет  көрсетумен  бай-
ланысты  дәстүрлі  техникалық  мәселелерді  шешу  жеткіліксіз, 

14
мектептердің біліктілігі жоғары және білікті ұстаздары мен басшы-
ларын дайындамайынша, бұл міндет орындалмайды;
3)  оқушылар  табыстылығын  анықтаушы  маңызды  фактор           
оқыту сапасы болып табылады;
4) мұғалімдердің бірлескен жұмысы, тәжірибе алмасу, бірлесіп 
зерттеу  жүргізу,  оқу  жоспарларын  әзірлеу  және  жақсы  оқыту 
дегеннің  не  екені  туралы  жалпы  ұғымды  түсіну  үшін  көбірек 
мүмкіндіктер беріп, кеңістік құру қажет деген қорытындыға келді. 
Талқылау негізінде:
1) білім беру сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдер сапасы-
нан жоғары болуы мүмкін еместігі;
2)  оқыту  нәтижелерін  жақсартудың  бірден-бір  әдісі  оқытуды 
жақсарту болып табылатындығы; 
3)  барлық  оқушылар  білімінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз               
ету әр балаға сапалы оқытуды жеткізбейінше мүмкін еместігі;
4) мұғалім мамандығы жоғары мәртебе алған кезде, анағұрлым 
дарынды  адамдар  мұғалім  болатыны,  бұл  осы  мамандық 
мәртебесінің одан әрі артуына алып келетіні дәлелденді.
3. Қазақстан Республикасындағы орта білім беру сапасын 
арттырудың жалпы ұстанымдары
3.1  Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  беру  сапасын 
арттырудың негізгі принциптері
Алға қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін орта білім беру са-
пасын арттырудың негізгі принциптері:
1) жалпы орта білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізілетін 
жұмыстардың бірізділігі мен кезеңділігін;
2)  білім  беру  сапасын  арттыру  жауапкершілігін  мемлекет, 
білім  басқармалары,  ғылыми  мекемелер,  оқу  орындары  мен 
педагогикалық қоғамдастық арасында бөлудің теңгерімділігін;
3)  мұғалімдер  мен  оқушылар  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғауды;
4) білім беру сапасын арттыру үдерісі ашықтығын;
5) білім берудің жаңа мазмұнына ауысу жүйелілігі және олар-
ды үдерістің барлық қатысушыларымен өзара байланыста жүзеге 
асыру болып табылады.

15
3.2.  Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  беру  сапасын 
арттыру бағыттары 
I  Халықаралық  талаптарға  жауап  беретін  12  жылдық  білім 
берудің жаңа стандарттары мен оқу әдебиетін әзірлеу
Білім берудің бастауыш, орта және жоғары деңгейлерінің жаңа 
стандарттарын әзірлеу қажет. Сонымен қатар:
1)  әр  білім  беру  деңгейі  мақсаттарын,  міндеттерін  және 
құндылықтарын анықтау;
2)  балалардың  ерте  жасынан  игеруі  қажетті  күрделі  пәндер-
мен  жүктеудің  алдын  алу,  себебі  бұл  балалардың  психофизио-
логиялық және ақыл-ой дамуына аса теріс әсер етеді, сондай-ақ 
олардың білім алуға деген ынтасын шектейді;
3)  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  қасиеттері  мен  зият-
керлік  дамуын  қалыптастыратын  пәндерді  оқып-үйренуге  көп 
уақыт бөлу;
4) бірінші сыныпта тек ана тілін оқыту;
5) біліктілік қалыптастыра отырып нәтижеге бағытталған білім 
беру парадигмасын жүзеге асыру;
6)  оқушыларды  белсенді  танымдық  қызметке,  ұлттық  басым-
дылықтарды, ұлттық мәдениетті, құндылықтар мен бағдарларды 
сақтауға бағыттау қажет.
II Жаңа оқу әдебиетімен қамтамасыз ету
Оқу әдебиеті тиімділігін арттыру үшін:
1) қолданыстағы оқулықтар мен ОӘК-і жаңа стандарттар талап-
тарына сәйкес өңдеу;
2) қолданыстағы оқулықтар, ОӘК және электрондық оқулықтар 
негізінде негізгі пәндер бойынша мультимедиялық құралдар және 
ОӘК бар оқулықтардан тұратын бірыңғай желілік жаңартпашылық 
оқу-әдістемелік кешендер (ЖОӘК)әзірлеу;
3) барлық оқыту сыныптарына арналған бір-бір пән бойынша 
желілік ЖОӘК әзірлеу үшін бірыңғай авторлық ұжым ұйымдастыру;
4) желілік ЖОӘК әзірлеудің бірыңғай тұжырымдамасын жасау;
5)  ЖОӘК  барлық  модульдері  арасындағы  байланысты  жүзеге 
асыру қажет.
ЖОӘК әзірлеу кезінде:
1)  материалдардың  практикалық,  біліктілік  дайындаушы  ба-
ғыттылығын  арттыруды,  түрлі  шығармашылық  міндеттердің 
үлестік салмағын арттыруды;
2) оқу үдерісін модульдік ұйымдастыруды;
3) интерактивтік оқыту технологиясын жүзеге асыруды;

16
4) түрлі оқу жағдаяттарының болуын;
5) оқушыларды түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйрету, 
ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды;
6) тақырыптың дайындылығы мен күрделілігі деңгейіне тәуелді 
түрде танымның дербес траекториясын құрауды;
7) ойлау қызметінің дамуына әсер ететін түрлі оқыту және тек-
серу тапсырмаларының болуын;
8)  алдыңғы  сыныпта  оқытылғандармен  де,  сондай-ақ  осы 
оқулық негізінде келесі сыныпта оқытылатындармен де байланыс 
пен ішкі бірлікті қамтамасыз етуді;
9)  мультимедиялық  құралдарды,  әдістемелік  құралдарды, 
жұмыс  дәптерлерін  және  т.б.  әзірлеу  кезінде  сабақтастықты 
сақтауды қарастыру қажет.
Сапалы желілік ЖОӘК әзірлеу үшін:
1)  әлемдік  іс-тәжірибені  ескере  отырып,  ЖОӘК  әзірлеудің 
теориялық негіздерін әзірлеу;
2) авторлар ұжымдарын оқытуды ұйымдастыру;
3) оқулықтар мен ОӘК теориялық және практикалық сарапта-
масы критерийлері жүйесін әзірлеу;
4) оқу әдебиетін әзірлеу бойынша сарапшылар дайындау;
5)  авторлардың,  сарапшылардың  және  баспалардың  оқу 
әдебиетін жасау бойынша жауапкершіліктерін анықтау қажет.
III  Педагог  кадрлардың  мәртебесі  және  олардың  кәсіби 
біліктілігінің деңгейі 
Қазақстандағы  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  арттыру  бой-
ынша жұмыс үш бағытта жүргізілуі қажет: 
1) педагог кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру;
2) мұғалім кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру;
3) тәлімгерлер институтын жаңа деңгейде жандандыру. 
Педагог кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру үшін:
1)  педагог  кадрларды  дайындауды  жүзеге  асыратын  барлық 
оқу орындарына аттестация және аккредитация жүргізуді; 
2) әлемдік тәжірибені ескере отырып, мұғалімдерді дайындау 
тұжырымдамасын әзірлеуді;
3)  нақты  мамандық  бойынша  кадрлар  мен  оқу-әдістемелік 
әдебиетті дайындау бойынша жауапты оқу орындарын анықтауды;
4) әрбір оқу орны жанынан болашақ мұғалімдерді бірінші курс-
тан практикалық дайындауды күшейтетін және жаңа оқыту техно-
логияларын бейімдеуге арналған эксперименттік алаң құруды;

17
5)  педагогикалық  колледждер  бакалаврлар  дайындауға  кө-
шуін жүзеге асыру қажет.
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін:
1)  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  дайындау  үшін 
лайықты талапкерлерді іріктеу жүйесін жасау;
2) жоғары оқу орны мен колледжде студенттерді дайындау са-
пасын жақсарту;
3)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  мұғалім  лауазымына  үміткер-
лерді іріктеу жүйесін жасау;
4) мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тиімді және сан алуан 
жүйелерін енгізу;
5) мұғалімнің педагогикалық қызметі сапасын бағалау жүйесін 
құру;
6)  мұғалім  еңбегін  қолдау  және  ынталандырудың  мемлекет-         
тік жүйесін құру;
7)  мұғалімдердің  еңбекақысын  оқушыларының  оқудағы  же-
тістіктері сапасына қарай арттыру қажет. 
Облыстар мен Астана, Алматы қалалары білім басқармаларына 
мұғалім кадрлар сапасын арттыру үшін:
1) тәлімгерлер көмегімен, сондай-ақ білім берудің жаңа стан-
дарттары бойынша өтпелі сынаптарда жұмыс жасау үшін «Өрлеу»-
де  біліктілігін  арттыру  курсынан  өткізе  отырып,  мұғалімдердің 
біліктілігін  кезең-кезеңмен  озыңқы  арттыруды  қарастыратын  ар-
найы бағдарламалар әзірлеу;
2)  мектеп  педагогикалық  ұжымдарының  жеке  алғандағы  мұ-
ғалімнің  өткізетін  сабақтарының  сапасы  үшін  жауапкершілігін 
күшейту;
3) мұғалімнің біліктілік деңгейін оқушылар алған білім сапасын 
анықтау көмегімен анықтау;
4) оқыту сапасын арттыру үшін жұмыс жасап жүрген біліктілігі 
жоғары мұғалімдер мен әдіскерлер тәжірибесін пайдалану;
5) мектептерде жас мұғалімдердің өткізетін сабақтары сапасын 
арттыру үшін олармен жұмыс істеуіне тура келетін коучерлер ин-
ститутын ұйымдастыру; 
6)  жұмыс  нәтижелері  нашар  мұғалімдерді  ынталандыруды 
жоғарылатуға арналған құралдар әзірлеу;
7)  әрбір  мұғалімге  көңіл  бөліп,  өткізетін  сабақтарының  сапа-
сын  жақсарту  үшін  оларды  сынамастан,  кемсітпестен,  бірақ  аса 
қамқорлықпен барынша қолдау және көмек көрсету; 

18
8)  барлық  мектептердің,  оның  ішінде  ШКМ-нің  барлық  сы-
ныптарында барлық пәндер бойынша сапалы сабақ бере алатын 
мұғалімдер ғана жұмыс істеуіне қол жеткізу; 
9) өткізілетін сабақтар сапасын арттыру үшін мұғалім жұмысын 
бағыттау  және  жеңілдету  мақсатында  бірыңғай  сабақ  жоспар-    
лары мен оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
10) мұғалім еңбекақысы мөлшерін оқушылардың білім сапасы-
на сәйкес келтіру қажет.
Мектептер, оның ішінде ШКМ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі 
мен құзыреттілігін арттыру үшін «Өрлеу»:
1) осы Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге 
асыру үшін өз қызметін қайта қарастыруы;
2) білім берудің жаңа стандарттары бойынша өтпелі сынаптар-
да  жұмыс  жасау  үшін  олардың  кәсіби  біліктілігі  деңгейін  ескере 
отырып, мұғалімдердің біліктілігін кезең-кезеңмен озыңқы артты-
руды жүзеге асыруы;
3)  мектептерде  жұмыс  жасайтын  білікті  мұғалімдердің,  әдіс-
керлердің тізімін алу және олардың біліктілігін коучер деңгейіне 
дейін көтеруі;
4)  арнайы  курстар  әзірлеу  және  коучерлерді  мектеп  мұға-
лімдерімен жұмыс жасау үшін дайындауды қамтамасыз етуі қажет.
IV Білім беру сапасы мониторингі жүйесін дамыту
Білім  беру  сапасы  мониторингінің  қазіргі  заманғы  жүйесін             
құру үшін:
1)  тестілерді  жобалау,  модельдеу  және  құрастырудың  ди-
дактикалық теориясын әзірлеу;
2)  Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау  орталығы 
қызметін жетілдіру;
3)  объективті  бағалау  саласының,  оны  сүйемелдеудің  сәйкес 
технологияларымен  бірге,  ғылыми  негізделген  саясатын  дайын-
дау;
4)  стандарт  мақсаттары,  міндеттері  және  негізгі  пәндер  бо-
йынша  күтілетін  нәтижелер  негізінде  барлық  мектептерде  әр 
оқушының  оқудағы  жетістіктері  туралы  шынайы  баға  алу  үшін 
тестілік бақылау жүйесін әзірлеу;
5)  мектеп  директорлары  қызметінің  тиімділігін  бағалау  жү-
йесін құру;
6)  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  және  колледждері 
студенттерінің білімі сапасын бағалау жүйесін әзірлеу қажет.

19
Білім беру сапасы мониторингі:
1) оқушылардың оқытудың түрлі кезеңдеріндегі және әр түрлі 
пәндер  бойынша  оқу  жетістіктері  туралы  жан-жақты  ақпарат  
алуға;
2) оқушылардың білім сапасын қадағалауға;
3)  артта  қалушылар  дәрежесіне  өту  қаупі  бар  нақты  оқушы-
ларды қолдауға бағытталған шаралар қабылдауға; 
4)  әлсіз  аймақтарды  анықтауға  және  мектептерді  өз  жұ-
мыстарының нәтижесі үшін жауапты етуге;
5)  білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша  озат  іс-тәжірибені 
анықтауға және таратуға;
6)  барлық  мектептерде  оқытудың  тұрақты  түрдегі  жоғары 
деңгейін  қамтамасыз  етуге  және  барлық  пәндер  бойынша  білім 
беру  сапасын  арттыруға  бағытталған  қажетті  шаралар  жүйесін 
әзірлеуге;
7)  мектеп  директорларының  кәсіби  біліктілігін  анықтау  үшін         
аттестация өткізуге;
8)  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  үшін  қажетті  шараларды 
анықтауға мүмкіндік береді.
V  Жеке  тұлғаны  рухани-адамгершілік  тәрбиелеу  және 
зияткерлік тұрғыда дамыту жолдары
Білім беру саласындағы көшбасшы елдер ұрпақтардың рухани 
мұрасын сақтай және көбейте алатын, ұлттық басымдылықтарды 
анықтай  алатын,  шығармашыл  және  рухани  бай  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. 
Қазақстанда  рухани-адамгершілік  тәрбие  беруге  жеткілікті 
көңіл  бөлінбей  отыр.  Соңғы  жылдары  оқушылардың  ресми 
білімдік  жетістіктеріне  –  емтихан  тапсырулары  мен  жақсы  баға 
алғандарына ерекше ден қойылатын болды.
Жеке тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеу және зияткерлік 
тұрғыда дамытуды нығайту үшін:
1) пәндердің стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу 
кезінде  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  зияткерлік 
қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін компоненттерді енгізу;
2)  мектептегі  оқу  әдебиетінде  рухани-адамгершілік  құнды-
лықтарды,  патриоттық  қасиеттерді  қалыптастыруға  және  шы-
ғармашыл,  ой  қабілеті  зор,  рухани  бай  жеке  тұлғаны  дамытуға 
бағытталған материалдар болуы;

20
3) бастауыш білім берудің оқу жоспарында рухани-адамгерші-
лік  құндылықтар  мен  оқушылардың  физикалық  қасиеттерін 
қалыптастыратын пәндерді оқып-үйретуге оқу жүктемесінің 50%-
ға жуығын бөлу;
4)  оқушылардың  тәрбиелілігінің  негізгі  кезеңдері  мен 
көрсеткіштерінің  жүзеге  асырылуы  стандарттар  мен  оқу 
бағдарламаларында көрсетілген күтілетін нәтижелерде көрсетілуі;
5) тәрбиелеу үдерісі тиімділігін және жеке тұлғаның тәрбиелілік 
деңгейін бағалау критерийлерін әзірлеу қажет.
«Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асырушы  азаматтарды 
тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл идеяны жүзеге асыру 
үшін жас ұрпақ бойында: 
1) ата-анасын сыйлау, Отанын сүю, мәдениет пен тарихты білу 
және дамыту;
2) ел бірлігін, толеранттықты және халықтар достығын сақтау;
3) рухани байлық, еңбексүйгіштік, денсаулықты және қоршаған 
ортаны сақтау;
4)  қазақ  және  шетел  тілдерін  игеру,  сапалы  білім  алу  құнды-
лықтарын қалыптастыру керек.
VI Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулер
Білім  беру  саласындағы  проблемаларды  зерттеу  үшін  іргелі 
және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жүргізіледі.
Білім беру сапасын арттыру үшін:
1)  басым  біліктілік  көзқарасты  жеке  басқа  бағдарланған 
парадигмаға  ауысуды  жүзеге  асыратын  жалпы  орта  білім  беру 
стандарттарын әзірлеу;
2) педагог кадрлар мәртебесін және олардың кәсіби біліктілік 
деңгейін арттыру;
3)  жаңартпашылық  оқу-әдістемелік  кешендерді  (ЖОӘК) 
әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздерін жасау;
4) білім беру сапасын бағалау жүйесін жасау;
5)  рухани-адамгершілік  тәрбие  әдістерін  және  жеке  тұлғаны 
зияткерлік тұрғыдан дамыту жолдарын жетілдіру;
6)  білім  беруді  басқарудың  тиімді  жүйесін  әзірлеу  тәрізді 
бағыттарда зерттеулер жүргізу қажет.
Осы  және басқа  да  проблемаларды  зерттеу  негізінде  оларды 
шешу  және  енгізу  бойынша  ғылыми  негізделген  ұсыныстар 
дайындалуы тиіс. Сонымен қатар Тұжырымдаманы табысты жүзеге 
асыру  үшін  ғылыми-зерттеу  және  эксперименттік  жұмыстар, 

21
олардың нәтижелері нақты практикалық қызметтерде дер кезінде 
пайдаланылуы үшін, озыңқы режімде жүргізілуі тиіс.
VII Білім беруді басқару жүйесінің тиімділігі
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, әлемнің жетекші елдерінің 
білім  беру  жүйесіндегі  реформа  он  жыл  бойына  бір  рет  жүзеге 
асырылады.  Білім  беруді  басқару  жүйесінің  тиімділігі,  жекелей 
алғандағы  мектеп  басшылығымен  қоса  алғанда,  уәкілетті 
орган  басшылығынан  бастап  білім  беру  жүйесін  басқарудағы 
сабақтастықты қамтамасыз етуге тәуелді.
  Білім  беру  жүйесіндегі  нақты  жағдайды  қарастыра  отырып, 
әр  ел  нақты  жағдайда  тиімді  басқару  үшін  уәкілетті  органдарды 
анықтайды.  30  жыл  бойына  Сингапур  мектеп  жүйесі  тұрақты 
жақсару  жолымен  жүрді,  себебі  ол  белгілі  бір  даму  кезеңінде 
білім  беру  сапасын  оны  жүзеге  асыру  барысында  жақсартудың 
анағұрлым тиімді жолдарын анықтай білді. 
Мектеп  директоры  білім  сапасын  қамтамасыз  етудегі  негізгі 
тұлға болып табылады. Білім беру саласындағы жүлдегер елдерде 
мектеп  директоры  болып  тәжірибелі  оқу  ісі  меңгерушілері 
тағайындалады,  ал  оқу  ісі  меңгерушісі  болып  үздік  әдіскер 
сайланады, ал мектептің тек үздік мұғалімдері ғана әдіскер бола 
алады.
Білім  беруді  басқарудың  отандық  жүйесінің  тиімділігін  арт-
тыру үшін:
1)  білім  беру  жүйесін  басқаруды  жетілдіру,  басқарудағы 
сабақтастықты  және  көшбасшылардың  бір-біріне  тәжірибе  мен 
жауапкершілікті табыстауын қамтамасыз ету;
2)  мектеп  директоры  етіп  мектептегі  жұмыстың  үлкен  тә-
жірибесіне  ие  және  жоғары  кәсіби  деңгейлі,  дайындалған 
адамдарды тағайындау;
3)  жаңадан  тағайындалған  директорлар  анағұрлым  тәжіри-          
белі  директорлармен  жұптасып  еңбек  етуі  үшін  мектеп  дирек-
торлары тәлімгерлігін ұйымдастыру қажет.
Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  беру  сапасын 
арттыру  үшін  ғалымдар  мен  мұғалімдердің  үлкен  ұжымының, 
ғылыми  ұйымдар  мен  білім  беру  мекемелерінің,  оқулықтар 
авторлары  мен  баспалардың,  педагогикалық  ұжымдар  мен 
қоғамдастықтардың  бар  күш-қуатын  жұмылдыра  отырып,  олар-
дың нәтижелі жұмыс жасауларын қамтамасыз ету қажет. 

22
Кешенді бағдарламаны іске асырудың қиындығы мен ерекше 
маңыздылығын  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және  ғылым  минстрлігі  құрамынан  осы  істі  атқаруға  және 
көрсетілген  нәтижелерге  қол  жеткізуге  құзыреті  жететін  жеке 
атқарушы орган (департамент) – «Жалпы орта білім беру сапасын 
арттырудың  2015–2029 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы 
департаментін» (ҚР ОБСАБД) құру қажет.
4. Тұжырымдаманың жүзеге асырылу кезеңдері 
Тұжырымдаманы  14  жылда  екі  кезеңмен  жүзеге  асыру 
жоспарланған.
I  кезеңде  (2015–2017  жылдары)  жаңа  стандарттар  мен  оқу 
бағдарламалары  дайындалатын  болады,  сондай-ақ  1-ші  және 
2-ші сыныптардың білім берудің 12 жылдық жаңа стандарттарына 
сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін кешенді дайындық жұмыстары 
жүргізілетін болады.
Бұл кезеңде келесі негізгі жұмыстар жүзеге асырылады:
1)  жалпы  орта  білім  беру  үшін  жаңа  стандарттар  мен  оқу 
бағдарламаларын әзірлеу;
2) 1-ші және 2-ші сыныптар үшін барлық пәндер бойынша оқу-
әдістемелік материалдар мен сабақ жоспарларын әзірлеу; 
3)  1-ші  сыныпқа  арналған  оқу  әдебиеті  мен  ОӘК  өңдеу  және 
дайындау; 
4) 2-ші сыныптарға арналған оқу әдебиеті мен ОӘК өңдеу; 
5)  1-ші  сыныпта  біліктілігі  жоғары  мұғалімдердің  немесе 
біліктілікті  арттыру  курсынан  өткен  мұғалімдердің  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз ету;
6) коучерлер (әдіскерлер) институтын құру; 
7) бастауыш білім беру сапасы мониторингі жүйесін әзірлеу;
8) жүргізілетін ҒЗЖ тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру; 
9)  атқарушы  орган  –  «Жалпы  орта  білім  беру  сапасын  арт-
тырудың  2015–2029  жылдарға  арналған  кешенді  бағдарламасы 
департаментін» құру. 
II кезеңде (2017–2029 жылдары) жыл сайын 1–12 сыныптарда 
білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша  кешенді  жұмыстар  жүр-
гізілетін болады: 
2017–2018 оқу жылы – 1-сынып
2018–2019 оқу жылы – 2-сынып
2019–2020 оқу жылы – 3-сынып

23
2020–2021 оқу жылы – 4-сынып
2021–2022 оқу жылы – 5-сынып
2022–2023 оқу жылы – 6-сынып
2023–2024 оқу жылы – 7-сынып
2024–2025 оқу жылы – 8-сынып
2025–2026 оқу жылы – 9-сынып
2026–2027 оқу жылы – 10-сынып
2027–2028 оқу жылы – 11-сынып
2028–2029 оқу жылы – 12-сынып
2027–2029 оқу жылының соңында: 
1) 12 жылдық мектепте дуалдық оқудың жаңа стандарттарын 
әзірлеу; 
2)  педагогикалық  мамандықтарға  дайындалған  талапкерлер 
қабылдауды жүзеге асыру;
3)  педагог  кадрлар  дайындығын  жүзеге  асыратын  оқу  орын-
дарында аттестация мен аккредитация өткізу;
4)  оқушылардың  оқытылатын  негізгі  пәндер  бойынша  білі-           
мінің  сапасы  туралы  шынайы  баға  алу  және  оны  арттыруға 
бағытталған әрекетті шараларды іске асыру;
5)  барлық  ауыспалы  сыныптарда  біліктілігі  жоғары  мұғалім-
дерді немесе біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдерді 
жұмысқа тарту;
6)  мұғалімдер  өткізетін  сабақтар  сапасын  арттыру  үшін 
коучерлер институты қызметін жетілдіру;
7) негізгі пәндер бойынша желілік ЖОӘК әзірлеу және енгізу; 
8) мектеп директорларының кәсіби біліктілігін арттыру;
9)  мұғалімдер  еңбекақысын  оқушылардың  білімі  сапасына 
тәуелді түрде арттыру;
10) жеке тұлғаның рухани-адамгершілік, патриоттық қасиетте-
рін және зияткерлік деңгейін арттыру;
11)  қаржыландыру  көлемін  ұлғайту,  білім  беру  саласындағы 
ғылыми-зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;
12)  жалпы  орта  білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша  жүйелі 
шараларды жүзеге асыруды басқарудың тиімді жүйесін құру;
13)  қазақстандық  оқушылардың  білім  беру  сапасын  анық-
тайтын  халықаралық  зерттеулер:  PISA,  TIMSS  және  т.б.  бойынша 
жоғары жетістікке қол жеткізу.

24
5. Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 
Тұжырымдаманы жүзеге асыру:
1)  халықаралық  талаптарға  жауап  беретін  жаңа  білім  беру 
стандарттары мен оқу бағдарламаларын енгізуге;
2)  қолданыстағы  оқулықтар,  электрондық  оқулықтар  және 
ОӘК  жаңа  стандарттар  талаптарына  сәйкес  өңдеу  және  олардың 
негізінде  негізгі  пәндер  бойынша  желілік  жаңартпашылық  оқу-
әдістемелік кешендер (ЖОӘК) әзірлеуге; 
3)  педагог  кадрлар  мәртебесін  және  олардың  кәсіби  біліктілігі 
деңгейін арттыруға;
4) білім беру сапасын шынайы бағалау жүйесін құруға;
5)  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  және 
зияткерлік дамуының тиімділігін арттыруға;
6)  қаржыландыру  көлемін  ұлғайтуға,  білім  беру  саласындағы 
ғылыми-зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға;
7)  білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша  жүйелі  шараларды 
жүзеге асыруды басқарудың тиімді жүйесін құруға; 
8)  білім  беру  сапасын  анықтайтын  халықаралық  зерттеулер: 
PISA, TIMSS және т.б. бойынша жоғары нәтижелерге жетуге;
9)  ішкі  зерттеулер  негізінде  білім  беру  сапасы  жоғары  нәти-
желеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет