Академиялық жазылым дегеніміз


Өзге авторлардың пікірін қолдану



бет20/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Өзге авторлардың пікірін қолдану. Біріншіден, мұндай пікір сенімді дереккөздерден алынады. Ол тақырыпқа тікелей қатысты болуы қажет және төл сөз ретінде беріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Сондай-ақ төл сөзден кейін оның мағынасына тоқтала кеткен дұрыс. Бұл оқырманның өзге автор сөзінің қолданылу мақсаты мен мағынасын түсінуіне мүмкіндік береді. Мысалы:
Билл Гейтс: «Мен қашанда қиын жұмыстарды жасатуға жалқау адамдарды таңдаймын, себебі олар орындаудың жеңіл жолын табады», – деген қызық пікір айтады. Бұл пікір жалқау адамдардың жұмыс жасауы мен тапсырманы орындауда ерекше қабілеттері бар екенін білдіреді. Сондықтан жалқаулық қасиетін жаман ретінде қабылдамай, қиын жұмыстарды тиімді шеше білу жолдарын таба білу қабілеті ретінде қарастыра білген дұрыс сияқты.
Сұрақ қою. Бұл оқырманның тақырыпқа қатысты қандай да бір жайт жөнінде ойландыру немесе есіне түсіру үшін қойылады. Бірақ қайылған сұрақтан кейін автор оған өзі жауап береді. Мысалы:
Домбыра аспабында орындалатын ұлттық күйлерді тыңдадыңыз ба? Әр кез домбырамен тартылған күйді естіген сайын тұла бойым шымырлап, ерекше бір күйге енемін және әрі қарай тыңдай бергім келеді.
Статистикалық мәлімет беру. Статистикалық мәлімет ақпараттық мәндегі жазба жұмыстарда жиі қолданылады. Мұндай мәліметтерді қолдану нақты сандар арқылы тақырыптың маңыздылығын айқындай түсуге мүмкіндік береді. Дегенмен қолданылған мәліметтер түсіндіруді қажет етеді. Мысалы:
Алматы қаласы әкімшілігінің ресми сайтында «2013 жылғы ЖОО-ларын бітірген түлектердің 60 пайызы жұмыспен қамтылған» делінген. Түлектердің жартысынан астамның жұмыс табатындығы дұрыс болғанымен, қалған қырық пайыз жас маманның жұмыссыздар қатарын толықтыра түсуі көңіл көншітпейтіні анық.
Өз басынан өткен оқиға жөнінде қысқаша баяндау. Оқырманның назарын аудару үшін өз тәжірибесін немесе басынан өткен оқиға туралы жазуына болады. Бұл әңгімелеу түрінде баяндалады, бірақ ол тақырыпқа тікелей байланысты болуы тиіс және тым көлемді болып кетпеуі керек. Мысалы:
Жоғары сыныпта сабақ арасындағы үзілісті сыныптастарым өз қалауынша өткізетін. Яғни бірі ұялы телефонмен ойнаса, бірі әңгімелескенді жақсы көретін. Тек бір сыныптасым ғана, мектепте оқытылмаса да, өз бетімен неміс тілін үйреніп жүретін және үзіліс кезінде еш нәрсеге назарын аудармай, жаңа сөздер жаттап отыратын. Мектеп бітірген соң бірнеше жылдан кейін әлгі сыныптасымның Германияда тегін оқу грантын жеңіп алғанын білдім. Оның жетістігінің құпиясы бос уақытты тиімді жұмсай алу – үлкен жетістікке жетудің алғышарты.
Кіріспенің соңында жұмыстың негізгі тұжырымы мен қорытындысы және жалпы жұмыстың құрылымы жөнінде қысқаша мәлімет беріледі. Эссенің құрылымы туралы мәлімет беру оқырман үшін тақырыпқа қатысты ақпаратты тез табуына және оқылым үдерісін жеңілдетуге ықпал етеді. Жақсы жазылған кіріспе тың жайтты көтеріп, қызығушылықты арттырады, тақырыптан тыс жайтты қозғамай, тек зерттеу сұрағын талқылауға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет