Академиялық жазылым дегеніміз


Дипломдық жоба жұмысының құрылымдық элементтеріне



бет40/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Дипломдық жоба жұмысының құрылымдық элементтеріне
мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титулдық бет;
- дипломдық жоба жұмысының ( орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Дипломдық жобаның көлемі баспа мәтінінің 25 - 30 бетін құрайды.
Дипломдық жоба жұмысының кіріспе бөлімде жобаның өзектілігін және оның жаңалығын негіздеу қажет. Негізгі, практикалық бөлімде жобада жасалған өнімдер көрсетіледі. Пайдаланған әдебиеттер кем дегенде 15 дереккөзді қамтиды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіндегі сілтемелер бойынша құрылады. Диплом жоба араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді. Тізім абзац шегінісімен басып шығарылады. Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер дереккөздер тізімінде реттік нөмірмен көрсетілуі және дипломдық жобаның мәтінінде олардың аталу ретімен төртбұрышты жақшада берілуі керек. Бір дереккөзге бірнеше рет сілтеме жасағанда, дереккөздің реттік нөміріне қосымша төртбұрышты жақшада сәйкес бет көрсетіледі (мысалы, [1, 15 б.]).
Қосымшада фотосуреттер, және т.б. әртүрлі материалдарды қамтылуы мүмкін. Қосымшалар дипломдық жобаның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында, дипломдық жобаның мәтінінде оларға сілтемелер ретімен орналастырылуы керек. Әрбір «Қосымша» парақтың оң жақ бұрышында көрсетілген жаңа беттен басталуы керек, араб цифрларымен үздіксіз тәртіпте нөмірленеді және жеке жолға бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылатын тақырыбы болуы керек.
Дипломдық жоба стандартты А4 парақтарында толтырылып, тігілген болуы керек, бір интервалмен, қаріп стилі - «Times New Roman», шрифт өлшемі 14. Мәтінді бет-бет жазғанда келесі жиектер сақталуы керек: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм. Кіріспе, жобаның негізгі бөлімінің бөлімдері, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталады.
Дипломдық жоба жұмысының тақырыбын таңдау.
Дипломдық жоба жұмысының негізі – жоба тақырыбы болып табылады. Тақырып арқылы бұл жұмыс қандай ғылыми саланы қамтитындығы, автор нені зерттеп отырғандығы туралы жұмыстың негізгі бағдары алдын ала белгілі болады. Дипломдық жоба жұмысының тақырыбы теориялық және эмприкалық зерттеулерге негізделеді. Теориялық зерттеулер түрлі дерек көздерде берілген мәліметтерді, деректерді, материалдарды зерттеу, жинақтау бойынша жұмыстарға бағытталса, эмприкалық зерттеулер өзіндік жеке зертеулер, бақылау мен экспериментке жүгінеді.
Дипломдық жоба жұмысының тақырыбын таңдау екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:

  1. Диплом жоба тақырыптары тізімінен таңдап алу арқылы. Бұл тізім кафедрада бекітіліп, студентке таңдауға ұсынылады;

  2. Студент өзін қызықтыратын тақырыпты таңдап, ғылыми жетекшінің келісімімен, кафедрада бекітеді.

Дипломдық жоба жұмысының тақырыбы төмендегідей критерийлерге сай болуы қажет:

  • Нақтылық. Бұл параметр дипломдық жоба жұмысының мақсаты мен маңыздылығын көрсетеді: не зерттелуде, неліктен, қалай зерттелуде және т.б.

  • Тақырыптың шұбалыңқы емес, қысқа болуы. Тақырып түсінікті және қарапайым болуы керек. Тақырып жай сөйлемдер арқылы жасалып, 1-2 кәсіби негізгі сөздерді қамтуы қажет, дегенмен, кәсіби терминдерді көп қосу оқырманға тақырыптың түсініктілігін қиындатады бірнеше кілт сөздерді қосу міндетті болып табылады. Орташа алғанда, тақырып жай сөйлемдерге біріктірілген 7-10 сөзден құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет