9. Мәтіннен кілт сөздерді анықтап, жазыңыз. АҚАУ, к р и с т а л д ы қ т о р л а р д а ғ ы (латынша «дефектус – кемшілік, ақау») – кристалдық торлардың идеал периодты атомдық құрылымнан кез келген ауытқуы. Ақаулар атомдық масштабтағы немесе макроскоптық өлшемдегі ақаулар бола алады. Ақаулар жылулық, механикалық және электрлік әсерлер ықпалымен кристалдану үрдісінде, сондай-ақ нейтрондармен, электрондармен, рентгендік сәулемен, ультракүлгін сәулемен сәулелендірілген кездері пайда болады. Қарапайым нүктелік ақау – атомы жоқ кристалдық тордың бос орны – вакансия (латынның «ваканс – бос орын» деген сөзінен қалыптасқан атау) болып табылады. Кристалдың өсуі кезіндегі пластикалық деформация үрдісінде кристалдарда дислокация (латынның «ығысу» деген сөзінен қалыптасқан) деп аталатын сызықтық ақаудың пайда болуы ықтимал. Ақауларды кристалдарда ішкі механикалық кернеулер тудыратын серпімді ауытқыған құрылымдар тудырады. Ақаулар жұту спектрлеріне және люминесценцияға, кристалдардағы жарықтың
шашырауына әсерін тигізеді. Ақаулар электрөткізгіштікті, жылуөткізгіштікті, магниттік және сегнетэлектрлік қасиеттерді өзгертеді.
10. Мәтінді парафраза немесе перифразаны қолданып кішігірім конспект немесе тезис түрінде жазыңыз. Аморфты күй – қатты заттардың изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Бұл ерекшелік аморфты күйдегі заттардың қатаң периодтылығының болмауына байланысты туған. Кристалдарға қатаң периодтылық тән. Аморфты күйдегі заттардағы көрші бөлшектердің орналасуларында [жақын (таяу) реттілік деп аталған] сәйкестіктер бар. Арақашықтық алшақтағанда бұл сәйкестік кемитін болады, бірнеше тұрақты тор қашықтығындай аралықта әлгі сәйкестік мүлдем жойылады. Жақын
реттілік сұйықтарға да тән, бірақ та тұтқырлықтың артуына байланысты
көршілес бөлшектердің орындарының ауысу қарқындылығы бәсеңдейтін болады. Сондықтан да аморфты күйдегі қатты денені тұтқырлық коэффициенті
жоғары, өте салқындатылған сұйық ретінде қарастыруға болады. Кейде
«аморфтық күй» ұғымын сұйыққа да жалпылауға болады. Кристалдық күй
термодинамикалық төменгі температураларда тұрақты болады. Бірақ та кристалдану үрдісіне молекулалардың «реттілікке келіп» үлгеруіне ұзақ уақыт қажет
болуы мүмкін. Төменгі температураларда осы уақыт өте ұзақ болатындықтан,
кристалдану күйі іс жүзінде іске асырылмайды. Сондықтан аморфты күй
қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады. Мысалы, кристалл
кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда аморфты кварцты әйнек пайда болады. Бірақ та өте тез салқындату көп жағдайда кристалданудың
пайда болуына жеткіліксіз болады екен. Осының нәтижесінде көптеген заттарды
аморфты күйде алу мүмкін болмайды. Солай бола тұрса да магниттік реттілігі
бар бірқатар металдар-жартылайөткізгіштер алынған. Табиғатта аморфты күйдегі
заттар кристалдық күйдегі заттардан аз кездеседі. Опал, обсидиан, янтарь,
шайыр (смола), битум және полимерлер аморфты күйде бола алады. Аморфты
полимерлердің құрылымы жақын (таяу) реттілікпен сипатталады.