Академиялық жазу


Ұзын сәйлемді біренше бөліктерге бөліңіз



бет28/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Ұзын сәйлемді біренше бөліктерге бөліңіз

Лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген және бастауыш сыныпта оқып сауат ашқан атақты ағылшын физигі Майкл Фарадей (1781 – 1867) әрі қарай оқуын жалғастыруға отбасының қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап түптеуші болып жұмыс істей жүріп өз бетінше білім алған.


Атақты ағылшын физигі Майкл Фарадей (1781-1867) 1781 жылы Лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген Ол бастауыш сыныпта оқып, сауат ашқан. Әрі қарай оқуын жалғастыруға отбасының қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап түптеуші болып жұмыс істей жүріп өз бетінше білім алған.



5. Ұзын сәйлемді біренше бөліктерге бөліңіз
Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын дәлелдеген, калий және натрийді металл күйінде бөліп алған, екі мұз кесегін біріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған және жер астында көмір қазушы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды (кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп аталып кеткен) ойлап тапқан ғалым. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан бастау алған.


Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын дәлелдеген. Калий және натрийді металл күйінде бөліп алған. Сонымен қатар екі мұз кесегін біріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған. Ол жер астында көмір қазушы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды ойлап тапқан ғалым. Кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп аталып кеткен. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан бастау алған.



6. Дәйексөзді дұрыс рәсімдеңіз.
Атақты физик Альберт Эйнштейн: - Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды, - деген болатын.


Атақты физик Альберт Эйнштейн: «Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды»,- деген болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет