83-бап. Қоғамның біріктірілуі 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарт негізінде және өткізу актісіне сәйкес қосылатын қоғамның бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттерін басқа қоғамға бере отырып, қызметін тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. Қосылу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс. Өткізу актісіне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органының басшылары және бас бухгалтерлері қол қоюға тиіс.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлеріне осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына пропорционалды түрде орналастыру (өткізу) арқылы қосылатын қоғамның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейін көрсетілген акциялар жойылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасы біріктірілетін қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады. Біріктіру жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады. Еншілес ұйымының орналастырылған акцияларының жүз пайызы тиесілі негізгі ұйым акционерлерінің (жалғыз акционері) жалпы жиналысы жарғылық капиталын ұлғайтпай өзіне еншілес ұйымды біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы. 3. Біріктірілетін қоғамның директорлар кеңесi біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру туралы, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады. Біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды біріктіру нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi. 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Қосылу туралы шешім қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өздерінің барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Өздерінің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы ақпарат кредиторларды өткізу актісімен таныстыру уақыты, орны және тәртібі көрсетіле отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 6-тармақен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Банктерді біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде осы баптың біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасына және біріктірілу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (сату) бағасына қатысты осы баптың ережелері (оның ішінде біріктірілетін қоғамның акцияларын сатып алу жөніндегі ережелер) еншілес ұйымның орналастырылған акцияларының жүз пайызын иеленетін негізгі ұйымға еншілес ұйымды біріктіру кезінде қолданылмайды. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)