Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы



бет62/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бөлініп шығу туралы шешім қабылдаған күннен кейін екі ай мерзімде өздерінің барлық кредиторларына бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
86-бап. Қоғамды қайта құру
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткізу актiсiне сәйкес оған ауысады.
Қоғам «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.
Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталының мөлшері қайта ұйымдастырылатын қоғам өткізу актісіне сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
4. Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні орталық депозитарий жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.
87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары
1. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
2. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
3. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
88-бап. Қоғамды тарату
1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.
Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
4. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
4) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қалған мүлік ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы, осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып барлық акция иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге жататын ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
2. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет