Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
жазушы – оқушы, сөйлеуші – тыңдаушы, продуциент – реципиент, адресант – 
адресат. Сөйлеу қатысымындағы коммуникация адресант пен адресат деп 
бөлінсе, мәтін коммуникациясы автор мен оқырман арасында болады. Өйткені 
адресант пен адресат сөйлеу коммуникациясы арқылы ауызша қарым-
қатынасқа түссе, жазбаша формасы – мәтін арқылы автор мен оқырман 
арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді» [70].
Коммуникацияның ауызша және жазбаша түрлерін зерттеген Р. Якобсон 
көпшілікке коммуникацияның қызметтік моделін ұсынады. Ол бойынша: 
«Адресант – Хабарлама /мәтін/ 

Адресат» тізбегін қамтитын контекст 
референттік қызмет атқарады. Мұнда Адресант арқылы – эмотивтік функция, 
Хабарлама /көркем мәтін/ арқылы – поэтикалық функция, ал Адресат арқылы 
конативтік функция жүзеге асырылады. Байланыс орнату үшін жұмсалатын 
Хабарлама фатикалық қызмет атқарса, сонымен байланысты Код 
метакоммуникативтік функцияны орындайды екен.
Ғалым коммуникация қызметін былайша түсіндіреді:
1) адресант (addresser) – ақпарат жіберуші субьект;
2) адресат (addressee) – ақпаратты қабылдаушы субьект;
3) ақпарат (сообщение) – адресатқа жіберілген мәлімет;
4) мәтін (context). Адресат бұл мәтінді дұрыс қабылдауы керек; 
5) код (code). Код адресатқа да, адресантқа да түсінікті болуы керек; 
6) байланыс (contact) – адресат пен адресант арасында физикалық немесе 
психологиялық байланыс болуы керек [70]. 


48 
Ғалымның бұл жіктемесі бүгінде тілдің прагматикалық ерекшеліктерін 
танытуда аса маңызды болып табылады. Олай дейтініміз, кез келген 
коммуникация кезінде оны айтушы, қабылдаушы, айтушы мен қабылдаушы 
арасындағы мәтін, сол коммуникацияны жасаудағы мақсат болады. Ал 
айтушының сол мақсатты жүзеге асыру амалдары оның мәениетіне, білімі мен 
танымына байланысты.
Коммуникацияның айтушысы мен тыңдаушысы сөз арқылы ақпарат 
алмасқандықтан, бұл вербалды қарым-қатынас деп аталады. Вербалды қарым-
қатынас тіл арқылы, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Бұл ұғымға қарама-қарсы 
ұғым – вербалды емес қарым-қатынас. Вербалды емес қарым-қатынас - «дене 
тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Вербалды емес қарым-
қатынас құралына – ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық 
дистанция жатады. Ғалымдар вербалды емес қарым-қатынастың бірнеше 
белгілерін ажыратып көрсетеді. «Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді 
айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз 
«қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін 
сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер 
сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі. 
Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді 
ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол 
айқайлайды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. 
Сонымен қатар вербалды емес әрекеттер арқылы адамдардың біз жайлы не 
ойлайтынын түсінуге болады» [71]. 
Бүгінгі тіл ғылымында ғалымдар көбіне көп вербалды қарым-қатынасты 
зерттеу нысаны етеді. Оның басты себебі вербалды қатынастың негізгі бірлігі – 
тіл.
Қазіргі заманауи қоғамдағы мұндай белсенді коммуникативтік үдерістің 
прагматикалық айқын көрінісі – жан-жақты дамыған медиакеңістік. Қазақ 
баспасөзінің медиа-мәтіндері арқылы адресат пен адресант қос тағанын арнайы 
зерттеген ғалымдардың бірі – Қ. Есенова. Ол газет мәтінін адресанттың 
прагматикалық ұстанымын жеткізуші күрделі прагматикалық бірлікке теңесе
ал адресатты қоғамдық қарым-қатынастағы әлеуметтің мінез-құлқын реттеуге 
қатысатын социум мүшесі ретінде қарастырады [72]. Ал Ф. Жақсыбаева «Газет 
мәтінінің прагматикалық функциясы» деген тақырыпта кандидаттық 
диссертация қорғаған. Б. Момынова «Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы)» 
атты еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қызметіне, 
ағартушылық-танымдық қызметіне және қоғам мүшелерінің дүниетанымына 
әсер ету функциясы қызметтеріне тоқталады. Бұл мәселе де бүгінгі 
антропоөзектік парадигманың аясында зерттеле бастаған мәселе. Себебі газет-
журнал ақпаратты жеткізіп, жұртшылыққа үгіт-насихат тарататын құрал. Соған 
сәйкес оның мазмұны мен қызметі ұлттық танымнан алыстамағаны жөн. 
Қандай да бір ақпарат газет бетіне түскенде оның ар жағында ұлт мәселесі 
тұруы керек. Бүгінде сәнге айналған түрлі варваризмдер, сленгтер мен 
жаргондар, Ж. Жақыповтың сөзімен айтсақ, қоқыс сөздер газет бетінен орын 
алмауы тиіс. Халық арасында «газет – өмір айнасы» деп бекер айтылмаған. Ә. 


49 
Бөкейханның «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі. Екінші: газет – 
жұртқа қызмет ететін нәрсе. Үшінші: газет – халыққа білім таратушы. 
Төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы» деген сөздері газеттің, жалпы 
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін нақтылай түскендей. Осы төрт 
мәселе БАҚ саласындағы адамдардың санасында өмір сүрсе, бүгінгі тілден 
алыстап кеткен, яғни жазбаша сөйлеу түгілі ауызша сөйлеудің бірліктерін 
оңды-солды 
қолданып 
жүрген 
журналисттердің 
тілдік 
нормадан 
ауытқушылықтары біршама ретке келтірер еді. 
Сөйлеу үдерісінің зерттелу нысандарының түрлі сипатта болуына 
байланысты Г. Матвеева, И. Самарина, Л. Селиверстова сынды ғалымдар 
қазіргі прагмалингвистиканың екі түрлі: функционалды және жасырын 
бағытын бөліп көрсеткен [73, 51 б]. 
Прагмалингвистикасы саласы адамның комммуникативтік іс-әрекетінің 
ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) болып келетін екі формасын 
қарастырады. Дискурс теориясы мен мәтін теориясы прагмалингвистикалық 
зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды. Дискурс 

сөйлесу арқылы берілетін 
ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым болса, мәтін 

бұл жалпы (бір) 
тақырып төңірігіндегі біріккен, ақпаратты сабақтастықта және тұтастықта 
жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Дискурс та, мәтін де 
коммуникацияның негізгі категориялары болғандықтан, прагмалингвистика 
мен тілдік коммуникация өзара тығыз байланысты. 
Қорыта айтқанда, көркем мәтіндегі коммуникативтік қызметті зерттеу 
арқылы шығармадағы адресант пен адресаттың аялық және тілдік білімі, 
ұлттық мәдениеті, тәрбиесі, өскен ортасынан ақпарат алуға болады. Бұл сала 
көркем шығарма оқиғалар желісінен ғана тұрмайтының, онда тілдік 
категориялардың түрлі қатынастары, яғни адресант пен адресат арасындағы 
тілдік қатынастың, кейіпкерлердің ұлттық мәдениетінің, автор мен кейіпкерлер 
байланысының болатынын түсіндіреді [67, 338 б.].
Ал көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін зерделеу барысында міндетті 
түрде оның дискурстық сипаты көрініс табады. Яғни адам қандай да бір 
әрекетті жүзеге асыру үшін өзіндік мақсатты көздейді. Сол сияқты айтарман да 
сөйлеу кезінде тілдік бірлікті бір мақсатқа негіздеп, белгілі бір уәжге жүгініп 
қолданады. Демек, айтарман қолданған бірліктердің белгілі мағынасы, қызметі 
болады. Ал жоғарыда көрсетілген кестедегі функционалды және жасырын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет