Аксиология философиясы және этика


Онтология- болмыс туралы ілім



бет20/31
Дата31.03.2022
өлшемі137,46 Kb.
#29470
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Аксиология философиясы ж не этика

Онтология- болмыс туралы ілім

Онтология-болмыс мәселесін зерттейтін философияның бөлімі. Онтос сөзін алғаш рет антикалық ойшыл, Парменид қолданған. Грек тілінен аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді. Яғни, онтология – бар дүниенің негіздері туралы ілім немесе болмыс туралы ілім. Онтология жалпы негіздерді, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын зерттейді.

Онтологияның қарастыратын екі мәселесі: болмыс мәселесі және болмыс пен сананың арақатынасы мәселесі.

Философияның қалыптасуы болмыс мәселесін зерттеуден басталды. Онтология тақырыбы антикалық философияда қалыптасады. Антикалық философияның пайда болғанынан бастап бар шынайы болмыс, бар нәрсенің барлығының болмысы бар ,шын мәнінде тіршілік ететіндігі жайында ойланған.

Болмыстың мәні мен оның шынайылығы туралы ойлау антикалық философияда қалыптасады.

Болмыс мәселесін зерттейтін философияның орталық бөлімінің бірі онтология деп аталады, ал болмыс мәселесі – философиядағы басты мәселелердің бірі.

Ежелгі үнді, ежелгі қытай, Антикалық философия ойшылдарын бірінші кезекте онтология қызықтырды, болмыстың мәнін түсінуге тырысты, содан кейін философия өз пәнін кеңейтті және гносеологияны (таным туралы ілім), логиканы, өзге де философиялық мәселелерді қамтыды.

Философия тарихындағы болмысты түсіну:

болмысты табиғат болмысы ретінде түсіну. Табиғат санаға бағынышты емес.

Болмыс – Физика (натурфилософия) болмысы (грек physis-табиғат), Физис (табиғат). Бұл табиғи құбылыс. Мысалы: философиялық мектеп: антикалық натурфилософия (Милет мектебі). Болмыстың негізі-табиғат элементтері (от, су, ауа, жер, эфир) деп қарастырған. Қайта өрлеу дәуірінің натурфилософиясы-болмыстың негізі табиғат элементтері-күш, зат, энергия.

Табиғат пен табиғат құбылыстары объективті түрде бар және санаға тәуелді емес.

- Болмысты заттар болмысы ретінде түсіну (Платон). Мұндай болмыс санаға байланысты болады.

Заттар болмысы: Болмыс мәні заттар ретінде түсініледі – Платон идеясы, Аристотельдің архэ, төрт себебі.

Ойлау заттар мен екінші табиғат жасайды. Мысалы тастан – жол, үй, мүсін және т. б. жасалынады.

Платон философиясындағы Идея: әр нәрседе болады, әрі материалдық емес, жойылмайды.

Егер тіршілік, болмыс ойлаудан пайда болса, онда ол қайдан шығады? Бұған былай жауап беруге болады: тәжірибе. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл әрдайым олай бола бермейді. Содан кейін өте көп болжам пайда болды. Жоғарғы тіршілік-бұл болмыстан жоғары, болмысқа байланысты емес және болмысты туындатады.

Болмысты Құдай немесе Теос болмысы ретінде түсіну (грек theos – Құдай).

Теос: өте маңызды (игілік идеясы, Құдай идеясы). Құдай-трансценденттік сәт. Құдай-алғашқы қозғаушы.

Болмысты түсіну әр деңгейде руханилықтың болуымен байланысты.

Бұрын тарих арқылы түсінетін . Енді-заманауи көзқарастарға байланысты түсінеміз.

Қазіргі философия болмыс туралы не біледі?

«Болмыс» философиялық категориясының мазмұны қандай?

Оны ашу үшін бірқатар ережелерді бөліп көрсетуге болады:

1. Қоршаған әлем, заттар, құбылыстар шынымен бар; ол (қоршаған әлем) бар;

2. Болмыстың күрделі, алуан түрлі, көп деңгейлі құрылымы бар;

3. Қоршаған әлем дамиды, ішкі себебі бар, қозғалыс көзі;

4. Барлық құбылыстар себеппен негізделген. Детерминизм.

5. Материя мен рух-біртұтас, бірақ қарама-қарсы мәндер бар; материя мен рух бар. Материалдық және руханилық өзара байланысты.

Кеңістік пен уақыт онтологияның фундаментальды категориялары. Материя уақыт пен кеңістікте орналасқан. Философтар уақыт пен кеңістікте материяның орналасуы жөнінде екі негізгі тәсіл ұсынылды: субстанциалды; реляциялық.

Бірінші-субстанциялық тәсілдің жақтаушылары (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті бөлек субстанция деп есептегенмен қатар жеке ақиқат деп санады, ал материя мен кеңістік пен уақыт арасындағы қарым-қатынас субстанция аралық жүйе ретінде қарастырылды.

Екінші-реляциялық тәсілдің жақтаушылары (лат. Relatio-қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) - уақыт пен кеңістікті материалдық объектілердің өзара әрекеттесуімен түзілетін қарым-қатынас ретінде қабылдады.

Қазіргі уақытта ғылым жетістіктерін ескере отырып, реляциялық теория сенімді әрі тиімді болып көрінеді. Бұл тәсіл бойынша:

Уақыт-материалдық объектілердің өмір сүру ұзақтығын және осы объектілердің даму процесіндегі өзгерістер (жай-күйін ауыстыру) дәйектілігін көрсететін материя болмысының нысаны болып табылады;

Кеңістік-материя болмысының нысаны, ол оның ұзындығын, құрылымын, элементтердің материалдық объектілердің өзара әрекеттесуін сипаттайды.

Уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысқан. Кеңістікте болып жатқан жағдай, уақытта да болады, ал уақыт ішінде болып жатқан жағдай, кеңістікте де қайталанады.

ХХ ғасырдың ортасында ашылған А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы:

1.Реляциялық теорияның дұрыстығын растады. Яғни уақыт пен кеңістікті материя ішіндегі қарым-қатынас ретінде түсіндірді;

2.Уақыт пен кеңістікті мәңгі, өзгермейтін шамалар ретінде қарастырған бұрынғы көзқарастарды өзгертті.

Күрделі физика-математикалық есептеулердің көмегімен Эйнштейн, егер қандай да бір объект жарық жылдамдығынан асатын жылдамдықпен қозғалатын болса, онда осы объектінің ішінде уақыт пен кеңістік өзгереді,кеңістік (материалдық объектілер) азаяды, ал уақыт баяулайды, деп дәлелдеді.

Осылайша, кеңістік және уақыт салыстырмалы түрде қабылданады. Олар материалдық денелердің өзара іс-қимыл байланысына қарай салыстырмалы болады.

Кеңістік, уақыт, қозғалыс әрқашан бар болатын, материяның атрибуттары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет