іс әрекет қажет емес.
окситоцинмен босануды белсендіру.
акушерлік қысқыштар.
нәресте вакуум-экстракциясы.
кесар тілігі.
28 жасар алғаш босанушы әйел мерзіміне жеткен жүктілікпен ретті толғақ басталуымен және қағанақ суының кеткеніне 30 мин өткенде келіп түсті. Берілген жүктілігі бірінші. Анамнезінен: соңғы 2 жыл ішінде қанайналым жетіспеушілігі III дәрежесі бар. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Нәресте жүрек соғысы анық, ретті 140 рет соққы минутына.Босануды жүргізудің ең дұрыс тактикасы:-...
аурусыздандыру фонында босануды табиғи жолмен босандыру.
табиғи жолмен босандыруды белсендіру.
табиғи жолмен босандыру кезінде анестезиолог және кордиологтың қатысуы.
кесар тілігі операциясы арқылы босануды шешу.
босанудың II кезеңінде акушерлік қысқыш салу.
Жүктілік кезінде темір жетіспеушілік анемия диагнозы қалай қойылады:-...
жүкті әйелдің шағымдарына орай.
лабораторлық зерттеу қорытындылары.
жүрек-қантамыр бұзылыстарының көрінісі.
трофикалық бұзылыстардың болуы.
нәрестенің құрсақішілік дамуының бұзылыстары.
23 жасар алғаш босанушы мерзіміне жеткен жүктілікпен босануда 8 сағат. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жамбас өлшемдері қалыпты. Нәресте болжам салмағы 3400,0 гр. Толғағы әр 3 мин сайын,40 сек,орташа күшпен. Нәресте жүрек соғысы анық, ретті 140 рет соққы мин. Қынаптық тексеруде жатыр мойны тегістелгені және ашылуы 3 см анықталды,нәресте қабы бүтін,кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Ең нысаналы жүргізу тактикасы қандай?-...
окситоцинмен босануды белсендіру.
простагландинмен босануды белсендіру.
іс әрекет қажет емес.
акушерлік қысқыштар.
кесар тілігі.
Мерзімінен асқан жүктіліктің клиникалық белгілеріне жатпайды:-...
Іш айналымынң және жатыр түбі биіктігінің азаюы.
жүкті әйелдің дене салмағының азаюы.
ұрықтың қозғалысының төмендеуі.
ұрықтың қозғалысының жиілеуі.
жүрек тондары сипатының өзгеруі.
Босанудан кейінгі эндометрит еміне кірмейді:-...
жатырдың кілегей қабатын қыру.
антибактериальды терапия.
дезинтоксикациялық терапия.
иммуномодуляторларды қолдану.
жатыр қуысын антисептикалық ерітінділерімен шаю.
Төмендегі симптомдардың қайсысы босанудан кейінгі серозды маститтің белгісіне жатпайды:-...
дене қызуының 38-39 С.
сүт безінің зақымдалған аймақтағы ауырсынуы.
сүт безіндегі тығыздалған аймақтағы терінің қызаруы.
сүт безінің ұлғаюы.
сүт безіндегі тығыздалған аймақтың пальпация кезінде ауырсынбауы.
Ана өлімінің көрсеткіші келесі әдіспен есептеледі:-...
жүкті, босанатын, жүктілік үзілгеннен кейін 42 күн ішіндегі өлген әйелдер саны/тірі туылған балалармен босану саны х 100000.
босану кезіндегі өлген әйелдер саны/босану саны х 100000.
өлген жүкті әйелдер саны/босану саны х 100000.
жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі 2 апта ішінде өлген әйелдер саны /тірі және өлі туылған босану саны х 100000.
жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі, жүктілікті үзгеннен кейін 2 апта ішінде өлген әйелдер саны / тірі туылған балалармен босану саны х 100000.
Менструалды циклдың 1-ші күнінен 12-15 күндері аяғына дейін аталатын аналық бездік цикл фазасы:-...
регенерация.
пролиферация.
Секреция
сары дене.
фолликулинді.
Доминантты фолликулдің диаметрі тең:-...
5 мм.
10 мм.
15 мм.
25 мм.
20 мм.
Жүктіліктің қай аптасында плацентаның дамуы аяқталады:-...
10-11 апта.
13- 14 апта.
19-20 апта.
21- 23 апта.
15- 16 апта.
Мерзімі жеткен жүктілікте болатын қалыпты қағанақ суының мөлшері қандай:-...
500-1500мл.
300-400 мл.
500-600 мл.
100-500 мл.
1600-2000 мл.
Акушер-гинекологтың қарауына бір апта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында ауыр қызамықпен жатып шыққан жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Бұл ауру эмбрионның дамуына қандай әсерін тигізуі мүмкін?-...
эмбрионға зиянды әсері жоқ.
ақаулардың даму мүмкіндігі төмен.
нәрестенің өліміне әкелуі мүмкін.
нәрестенің өліміне әкелуі төмен.
нәрестенің даму ақауларына әкелуі ықтимал.
Алғаш жүкті әйел күніне бір қорап темекі тартатынын хабарлады. Жүктіліктің 32 аптасында келесі көрсеткіштерді анықтау үшін УДЗ тағайындалды:-...
қағанақ суының көлемі.
нәрестенің даму ақаулары.
қозғалу белсенділігі.
плацентаның қалыңдығы.
нәресте өлшемдері.
Жүктіліктің 36 аптасында жатыр түбінің биіктігі:-...
кіндік пен қасағаның ортасына.
кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің ортасына.
семсер тәрізді өсіндіден 2 саусаққа төмен.
семсер тәрізді өсіндіден 3 саусаққа төмен.
семсер тәрізді өсіндіге дейін жетеді.
Нәресте жүрек үндерінің аускультациясы жүктіліктің мына мерзімінде мүмкін болады:-...
22 апта.
16 апта.
25 апта.
23 апта.
20 апта.
Жүкті әйелдің іш айналымы өлшенеді:
семсер тәрізді өсінді деңгейінде.
кіндіктен 2 саусақ төмен.
кіндіктен 3 саусақ жоғары.
іштің ең шығыңқы жерінде.
кіндік деңгейінде.
Жүктіліктің нақты белгісіне жатады:
етеккірдің кідіруі.
іш көлемінің өсуі.
жүрек айну, құсу.
уыздың пайда болуы.
жатырдың ішінде ұрықтың болуы.
Науқастың жүктілігі 16 апталығында плазмадағы альфа-фетопротеин деңгейі қалыпынан 2,8 рет көбейді. Осы патология келесі ауруға тән емес:-...
Дауна синдромы.
анэнцефалия.
12 елі ішектің атрезиясы.
омфалоцеле.
егіз.
Акушер-гинекологқа бір апта бұрын жұқпалы ауру стационарынан шыққан әйел келді. Қызамықпен ауырып шыққан. Әйел жүкті, мерзімі 9-10 апталық. Сіздің тактикаңыз:-...
жүктілікті жалғастыруға болады.
гормонотерапияны жалғастырып диспансерлік тіркеуде болу қажет.
витаминотерапии жүргізілу қажет.
ұрықта ақаулық байқалса жүктілікті үзу қажет.
жүктілікті үзу қажет.
Әйелдер кеңесіне 28 жасар жүкті әйел келді. Шағымдары: ішінің төменгі жағы, белінің ауруы. Жүктілік 15-16 апталық. Анамнезінде: 1 босану, 3 аборт. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны 2,5 см, сыртқы еренуі ашық, цервикалды канал жабык. Жатыр көлемі гестацияға сәйкес, жыныс жолдарынан шырышты бөлінділер, орташа мөлшерде. Тактика? -...
жатыр мойнына тігіс салу.
бюллетень беріп, күнгі стационардатоколитикалық терапия жүргізу.
жүктілікті сақтап қалу үшін гормондық терапия тағайындау.
жүктілікті сақтап қалу үшін антибиотик терапия тағайындау.
жұмысқа уақытша жарамсыз қағазын беріп, физикалық және психикалық демалыс тағайындау. Келесі тексеруге бір аптадан кейін келу керек.
26 жасар жүкті әйел әйелдер кеңесінде диспансерлік тіркеуде тұр. Шағымы жоқ. Анамнезінде – 1 аборт, 2 өзіндік түсік 21 и 25 апталығында. Қынаптық зерттеу жүргізгенде жатыр көлемі 17 апталық жүктілікке сай. Жатыр мойны 1,5 см, жұмсарған, цервикалды канал 1 саусақты жібереді. Тактика:
амбулаторлық бақылау.
седативті және спазмолитиктік терапия.
токолитиктермен бір курс емдеу жүргізу.
бюллетень беріп, көбіне жату керек деген пікір беріп 1 аптадан кейін қайта тексеру.
стационарға жатқызу.
Әйелдер кеңесіне диспансерлік тіркелуге жүктіліктің 22-23 аптасындағы әйел келді. Зерттеуде диастолалық қысымның екі рет 140-90-140-90 мм.с.б. дейін 4 сағат интервалымен көтерілді. Протеинурия 0,03 г\л. Емдеу тактикасы:
антигипертензиялық препараттарды тағайындау.
стационар жаткызу.
магнезиалық ем жургизу.
мониторинг жургізу.
инфузионды терапия жургизу.
Науқас 17 жасар. Әйелдер кеңесіне үш аптадан бері етеккірінің болмауына, бірнеше күннен бері жүрегінің айнуына, сүт безінің қатайюына шағымданып келді. Айнамен қарағанда қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды. Бөлінділер шырышты, аз мөлшерде. Бимануалды зерттегенде: жатыр мөлшері біраз үлкейген, ауру сезімсіз, мойындырық аймағында жұмсарған. Қосалқылары өзгеріссіз, күмбездері бос. Нақты диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісін жүргізесіз?-...
ХГ-ға қан.
жүктіліке тест.
2 аптадан кейін қайта тексері.
МРТ.
УДЗ.
Перзентхананың қабылдау бөліміне ретті толғақпен босанушы әйел келіп түсті. Зерттеуді бастаймыз:-...
іштің пальпациясынан.
іштің аускультациясынан.
жамбасты өлшеуден.
аяқтарындағы ісінулерді анықтаудан.
жүйелер және мүшелерді зерттеуден.
Қайталап жүкті болушы 25 жаста, Әйелдер кеңесі дәрігерінің жолдамасымен жүктілер патологиясы бөлімшесіне жүктіліктің 37 аптасында түсті. Анамнезі бойынша: 2 жүктілік, 1 жүктілігі-жүктіліктің 35 аптасында ауыр преэклампсия бойынша мерзімінен ерте индуцирленген жүктілік болған, нәресте тірі. Қабылдауда шағым жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 140\90 мм сб, пульс 82 рет минутына. Жатыры жүктілік мерзіміне сай ұлғайған. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, ұрықтың төмен орналасқан бқлігі басымен, ұрықтың жүрек соғысы анық ырғақты 140 рет минутына. Қынаптық қарауда жатыр мойны 8 балға сәйкес келеді. ЖЗА бойынша белок 1,0 г\тәулігіне, ЖҚА бойынша Гемоглабин-100 г\л, БХА қалыпты. Ары қандай тактика жүргізіледі:-...
Жатыр мойнын простогландиндермен дайындау
Мониторды жалғастыру, күнделікті КТГ, 38 аптада босануды индуцирлеу
Жоспарлы кесір тілігі
Жедел кесір тілігі
Амниотомия, босануды окситоцинмен индуцирлеу
Алғаш босанушы 33 жаста босану үйіне ретті толғақпен түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120\80 мм сб, пульс 82 рет минутына. Жатыры жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, ұрықтың орналасуы ұзына бойы, ұрықтың төмен орналасқан бөлігі басымен, ұрықтың жүрек соғысы анық ырғақты 136 рет минутына.Түскен кезде қынаптық қарауда: жатыр ернеуінің ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін, басы жамбас кіреберісінде орналасқан. Босану партограмма бойынша жүргізіліп жатыр. 2 сағаттан кейін жасыл түсті қағанақ суы кетуде, толғақ 10 минутта 5 реттен арасы 45 секунд. Қайталап қынаптық қарауда: Жатыр ернеуінің ашылуы-6 см. КТГ жасалынды. Дәрігер тактикасы қандай:-...
500 мл 15 минут сайын изотониялық ерітінді қосу
Перидуральды анестезия
Ылғалды оттегі
Ұрық жағдайын жиі бақылау
Жедел кесір тілігі
Науқас 29 жаста отбасын жоспарлау бөліміне келді. Анамнезі бойынша: Жүктілік-2; мерзімінде босану-2; соңғы босану 3 ай бұрын. Бала емізеді. Соңғы босанудан кейін еттеккір жоқ. Кеңес алып инъекционды контрацепция медроксипрогестерон таңдады. Инъекцияны қашан бастау керек?-...
Босанғаннан кейін 6 айдан кейін
Босанғаннан кейін 12 айдан кейін
5 цикл еттеккір реттелгеннен кейін
Емізуді тоқтатқанда
Барлық уақытта егер жүктілік болмаса
Босану бөлмесіне 38 жастағы әйел жүктіліктің 38 аптасы 5 ретті толғақпен түсті. Қабылдау бөлімінде өздігінен қағанақ қабы жарылды. Қағанақ суы кетті. Босанушы кеудедегі ауырсынуға, ентігуге, қорқу сезіміне, дене температурасының 38,8 С, ЖСЖ 101 рет минутына, АҚҚ 90\60 мм сб. Сіздің болжам диагнозыныз қандай?-...
Жүктіліктің 38 аптасы 5 күн.Көпсулылық.Хорионамнионит
Жүктіліктің 38 аптасы 5 күн.Көпсулылық.Акушерлік сепсис
Жүктіліктің 38 аптасы 5 күн.Көпсулылық
Жүктіліктің 38 аптасы 5 күн.Миокард инфарктысы
Жүктіліктің 38 аптасы 5 күн.Көпсулылық.Қағанақ суы эмболиясы
Алғаш босанушы 23 жаста перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39 аптасында бастың шүйде аймағындағы, маңдайындағы, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, көру қабілетінің төмендеуіне шағымдарымен жедел жәрдеммен түсті. Бірнеше күннен бері - бас ауруы, өзін нашар сезіну. Жүктіліктің 38 аптасында соңғы консультацияда қан қысымының 135/95 - 140/95 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, аяқтың ісігі байқалды. Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Қарап тексергенде аяқтарының және іштің алдыңғы қабырғасының ісінуі. Жалпы зәр анализінде белок анықталды – 3 г/л. Қан қысымы 180/100 мм рт.ст. Сыртқы акушерлік тексеру кезінде ұрықтың жамбаспен орналысуы анықтлады, толғақ 4-5 минут сайын, ұрықтың жүрек соғысы сол жақта кіндік үстінде, минутына 140 рет. Қынаптық тексеру кезінде, жатыр мойны ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, сол аяғы сол жақта және алдыңғы жағынан пальпацияланады. Қасағаның артқы артқы беті мен сегізкөз ойығы бос. Қынаптық тексеру кезінде бірінші құрысу ұстамасы пайда болды, 3-4 минутқа созылған, есін жоғалтқан. Диагноз қойыңыз?-...
Жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанудың ІІ кезеңі. Эклампсия.
Жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанудың ІІ кезеңі. Эпилепсия ұстамасы.
Жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Босанудың ІІ кезеңі. Эклампсия.
Жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. Эпилепсия ұстамасы.
Жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанудың І кезеңі. Преэклампсия ауыр дәрежесі.
Қайталап босанушы 29 жаста, жүктілік мерзімі 38-39 апта босануда 3 сағат. Жағдайы қанағаттанарлық, гемодинамикасы тұрақты, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, қан жоғалту 150 мл. Ұрықтың басы кіші жамбастың кіреберісіне орналасады. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі 140-150 соққы/мин. Дайын операциялық бөлме жағдайында қынаптық тексеру жүргізілді: жатыр мойны тегістелген, жиектері жұқа, мойнының ашылуы 6-7 см.Қағанақ қабы бүтін. Басы кіші жамбас кіреберісіне орналасан, плацентаның төменгі шеті оң және алдыңғы жағынан пальпацияланады. Бөлінуі қанды, қалыпты. Босануды жүргізу жоспары қандай?-...
Лапаротомия. Шұғыл кесарь тілігі хаттамасы
Амнитомия. шұғыл кесарь тілігі
Амниотомия. Эпизиотомия. Босануды консервативті басқару
Перинеотомия. Жоспарланған кесарь тілігі
Амниотомия. Қан тоқтаса – консервативті, қан кету жалғасса – кесарь тілігі
Жүкті әйел Л., 29 жаста. Жалпы зәр анализінде ақуыз-0,99 г / л. АД-170/100 мм сын. бағ. Босану қызметі басталғаннан бері 8 сағат өтті. Қағанақ қабы бүтін. Бас жамбас қуысының кең бөлігінде орналасқан. Жатыр мойнының ашылуы толық. Кенеттен әйел бозарып, құсу және іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болды. Пульс-минутына 100 рет. Жатыр сол жақ бұрышының шығуына байланысты асимметриялық пішінді, жатырдың пальпациясы ауырсынулы. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықталған, минутына 90 рет, аритмиялық. Сыртқы қан кету жоқ. Болжам диагноз?-...
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
Эклампсия
Жатырдың жарылуы
Ұрықтың гипоксиясы
Жылдам босану
Жүктіліктің 35 аптасы 3 күн. 30 минут бұрын қағанақ суының кетуі болды. Жағдайы қанағаттанарлық. Артериалды қан қысымы 110/70, пульс-78. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 рет минутына. Жатыр нормотонус. Артқы күмбезді айнамен қарау кезінде ақшыл қағанақ суы анықталады. Ең ықтимал диагноз қандай?-...
Жүктілік 35 апта 3 күн. Қағанақ қабының босануға дейін жарылуы. Босанудың І кезеңі
Жүктілік 35 апта 3 күн. Жалған толғақ. Мерзімінен бұрын босануға дейін қағанақ қабының жарылуы
Жүктілік 35 апта 3 күн. Босанудың І кезеңі. Мерзімінен бұрын босануға дейін қағанақ қабының жарылуы
Жүктілік 35 апта 3 күн. Жалған толғақ. Қағанақ қабының босануға дейін жарылуы
Жүктілік 35 апта 3 күн. Мерзімінен бұрын босануға дейін қағанақ қабының жарылуы
Қайталап босанушы 30 жастағы әйел мерзімі жеткен жүктілікте әйелдер кеңесінің дәрігерінің қабылдауына кенеттен іштің ауыруы және жыныс жолдарынан қан кету туралы шағыммен келді, қан кету көлемі шамамен 250,0 мл және жалғасуда. Сонымен бірге жалпы әлсіздік, ентігу пайда болған. Жағдайы орташа ауыр, қан қысымы 90/60 мм сын. бағ. ст., импульс 96 соққы/минут. Жатыр гипертонияда, оң жақ түтік бұрышында ауырады. Ұрықтың жүрек соғысы тыңдалмайды. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы осы жағдайдағы ең қолайлы бірінші әрекет болып табылады:
ұрықтың КТГ жасау
кіші жамбас ультрадыбыстық зерттеуі
айнамен тексеру
вагинальды тексеру
жедел жәрдем бригадасын шақыру
Достарыңызбен бөлісу: |