Ал кокаин кокаинның


Алкалоидтарды анықтау, бөлу əдістері



бет2/7
Дата03.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#47207
1   2   3   4   5   6   7
Алкалоидтарды анықтау, бөлу əдістері.

Алкалоидтар өсімдіктің құрамында тұздар ретінде болады. Олар медици-налық препараттардың барлық фармакологиялық топтарында бар, мысалы: көпке танымал жүрек – қан тамырларына арналған заттар (резерпин), спазмо-литтік заттар (кофеин), ұйықтатқыш жəне наркотикалық препараттар (кокаин, морфин), ісікке қарсы препараттар (колхамин, винкристин, винбластин).




Алкалоидтардың сандық сараптауы үш негізгі сатыдан тұрады:
а) алкалоидтарды шикізаттан экстракциялау;
б) қоспа заттардан / шайыр (смола), пигменттер, майлар, пектин заттар, т.б./ алкалоидтарды тазалау;
в) алынған жəне тазартылған алкалоидтарды анықтау.

Алкалоидтардың кейбіреулерінің құрамында күкірт болады. Көптеген оттек бар алкалоидтар қатты кристалды заттар, сирек жағдайда аморфты, иісі жоқ. Ал берберин алкалоидының түсі сары, сангвинарин – қызғылт-сары. Кейбір оттек жоқ алкалоидтар ұшқыш сұйықтар, сумен айдалады, күшті жаман иісі болады (конин, никотин, пахикарпин).


Алкалоидтарға сапалық реакция жүргізу үшін шикізатты 5%-ды сірке қыш-қылымен немесе хлорсутекті қышқылмен (1:10 қатынаста, 5 минут) қайнатып экстракт алып, соған сапалық сараптау жүргізеді. Бұл сараптаулар алкалоидтар-дың ең аз мөлшерімен де жүреді.

Алкалоидтардың көпшілігі галогеналкилдермен, əсіресе йодты метилмен əрекеттесіп, кристалдық қосып алу өнімдерін құрады.


Арнайы реакциялар үшін концентрлі күкірт жəне азот қышқылын, сонымен қатар құрамында формалин бар күкірт қышқылын (Марке реактиві), аммоний молибдатын (Фреде реактиві) пайдаланады. Соңғы кездері алкалоидтардың құ-рылысын сараптау үшін: хроматографиялық, УК-, ИҚ-, ЯМР-спектрлерін қолданады.
Жалпы алкалоидтық реактивтер







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет