Қалалық МƏдениет



жүктеу 5.76 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата31.01.2017
өлшемі5.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

Қазақ халқының тарихи құндылықтары

Сонау ежелгі түріктер дəуірінен бері қазақ халқының тарихында өзінің даналығымен 

танымал болған тұлғалардың орны ерекше болды. 

Дана адам – көрген-түйгені мол, əр нəрсенің қыр-сырын жақсы білетін жан. Міне, 

осындай адамдар өмірден түйгенін болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру мақсатында 

өз туындыларын жазған. Бұл еңбектер мəңгілік құндылығын жоймады. Ғасырдан 

ғасырға сақталып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бұл шығармалар мақал-мəтелдер 

мен шешендік сөз өнерін, əдет-ғұрыпты зерттеп білу үшін аса құнды еңбектер болып 

табылады.

«Қорқыт ата кітабы»

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде − «Китаб-и дəдем Коркут ғали лисан таифа 

оғузан») – оғыз-қыпшақ дəуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы 

белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен жəне Ватиканда осы 12 нұсқаның 6-уы сақталған. 

Бұл тарихи-əдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дəуірінде жырланып, ХV ғасырда 

Кавказ жерінде хатқа түсірілген. Қазақ тілінде Ə.Қоңыратбаевтың аударуымен 1986 

жылы тұңғыш рет жарық көрді. 

«Қорқыт ата кітабының» ішінде 12 түрлі жыр бар. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. 

Қорқыттың нақты өмір сүрген уақыты белгісіз. Бір зерттеуде VII – VIII ғасырлар, 

екіншісінде X – XI ғасырлар аралығында өмір сүрген деген пікірлер кездеседі. Ол – 

оғыз елінің ақылшысы, данагөйі, жырауы. Қорқыттың есімі көптеген түркі тайпаларына 

ортақ. 


Əдеби əрі тарихи мұра болып табылатын «Қорқыт ата кітабында» қазақ эпосына 

тəн көркемдік бейнелер сақталған. Қазақ тарихы мен мəдениетіне қатысты деректер де 

мол. Сондай-ақ, оғыз тайпаларының шығу тегі, салт-дəстүрі, қоныс орны туралы жəне 

т.б. мəліметтер кездеседі. 



«Құтты білік»

 «Құтты білік» («Құтадғу біліг», «Бақытқа бастаушы білім») − түркі ғұламасы Жүсіп 

Баласағұн жазған дастан. 

Ж.Баласағұн ХІ ғасырда Жетісу өңірінде өмір сүрген. Ол бұл шығарманы қазіргі 

жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастаны Қарахан мемлекетінің негізін 

салушы «хандардың ханы» – Сатұқ Боғра ханға (915 – 955) арналған. 



349

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

«Диуани лұғат ат-Түрк»

«Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») – түркі тілінде жазылған туынды. 

Авторы – XI ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы Махмұт Қашқари. Сөздікті бүкіл түркі 

халықтарының тілтану энциклопедиясы деуге болады. Кітапта орта ғасырлардағы түркі 

ру-тайпаларына ортақ 6 мыңнан астам түркі сөздері қамтылған.

«Диуани лұғат ат-Түріктің» автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. 

Көшірілген бір нұсқасы Стамбұлдың Фатех кітапханасынан табылған. Бұдан кейін ол 

бірнеше тілге аударылып басылып шықты. Қазақ ғалымы А.Егеубай «Диуани лұғат 

ат-Түркті» қазақ тіліне тұңғыш рет «Түркі сөздігі» деген атпен 1997 – 98 жылдары 

жариялады. Кітап үш томнан тұрады.

«Түркі сөздігінде» 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақал-мəтел, жүздеген қанатты 

сөздер мен көркем теңеулер бар. Сонымен қатар, «Диуани лұғат ат-Түркте» ежелгі 

түркілердің наным-сенімінен туған тұрмыс-салт жырлары, əсіресе, төрт-түлік мал 

туралы өлеңдер, бата, тілек, бесік жыры, жар-жар, сыңсу, т.б. жиі ұшырайды.

«Түркі тілдерінің сөздігі» алғаш рет түркі халықтарының картасы берілген еңбек. 

«Диуани лұғат ат-Түрк» – бүкіл əлемдегі түркі тілдес халықтардың бəріне бірдей 

ортақ асыл қазына.

Кітаптың бізге жеткен үш нұсқасы бар. Наманган қаласынан табылған бірінші нұсқа 

ХІІ ғасырда араб əрпімен қағазға түсірілген. Екіншісі – XIV ғасырда Египетте араб 

əрпімен, үшіншісі – XV ғасырда Герат қаласында көне ұйғыр жазуымен көшірілген. 

Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктерді жинақтай 

отырып, «Құтты білік» дастанының толық мəтінін жасап шығарды. 

Дастан 85 тараудан тұрады. Шығарманың желісі, негізінен, шығарманың бас 

қаһармандарының өзара əңгімелерінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған 

хаттарынан құралған. Бұл туынды – қазақ халқының құрамын қалыптастырған ру-

тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, салт-дəстүрін, 

өнерін, тілін зерттеу үшін бағалы да таптырмас шығармалардың бірі.


350

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

«Диуани Хикмет»

«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») – Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) 

жыр еткен əдеби шығармасы. 

Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған 

ғұлама, əулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жылы) 

ежелгі Исфиджаб қаласында дүниеге келген. 1166 жылы Иасы (Түркістан) қаласында 

қайтыс болған. 

«Диуани Хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Сақталған көшірмелерінің ішіндегі 

ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб əрпімен жазылған. Бертін келе «Диуани 

Хикмет» Қазан (1887 – 1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902 – 11) баспаларынан жарық 

көрді. 

Ақын өз кітабын Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде 



дүниеге əкелген. Бұл араб тілінде жазылған Құран Кəрім мен түрлі хадистерді жергілікті 

түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар осы кітап арқылы 

түркі халықтары сопылық ағыммен кеңінен танысты. «Диуани Хикмет» – əрбір адамды 

имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін шығарма. 



Абайдың қара сөздері

«Абайдың қара сөздері» – қазақтың ұлы ақыны 

Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пəлса-

палық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) 

тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан 

шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да 

қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұс-

қасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, 

на сихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 

жəне 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша 

жарияла 

нып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі 

алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» 

журналында жарық көрді. Кейіннен «Абайдың 

қара сөздері» орыс, қытай, француз, т.б. көптеген 

шет ел тілдеріне аударылды.

 «Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз 

дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. 

Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді 

еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады. 



351

ДАЛАЛЫҚ ТАРИХНАМА

Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі тұстары қара сөзінде түсіндірілген. Бұл Абайдың 

бірсыпыра өлеңдерін, алдымен, қара сөздеріндегі кейбір ойларды ұғынып барып 

қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінің 

мағынасына жету үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің де айтар 

ойлары бір. Тек бірінде ой поэзия тілімен жеткізілсе, бірінде проза тілінде айтылған. 

Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мəселелеріне 

арналған өсиет, толғау деуге болады.

“Қара сөздердің” тақырыбы біреу-ақ, ол – адам болмысы. Ал «Қара сөздердегі» əрбір 

сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.

Шығарма тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мəселелерді айтумен ғана 

шектелмеген. Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мəселелерге талдау 

жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері – əлемдік өркениетте өзіндік орны бар 

қайталанбас мəдени мұралардың бірі.



▲ «Авеста» – ең көне кітаптардың бірі

352 ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

ҚАЗАҚ ƏЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ

Əліпбилік жазу – дүние жүзі мəдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл 

мəдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады. 

Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымнан жүген сағалдырығына 

тағылған бұғы (марал) пішіндес етіп ойылған жазуы бар сүйек тұмар табылды. 1970 

жылы Іле өңіріндегі Есік қаласының іргесінен сақ дəуіріне жататын үлкен қорымнан 

жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша шықты. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына 

26 таңба түсірілген. Бұл таңбалар көне түркі руна (сына) таңбаларына ұқсас. Аталған 

ескерткіштер 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың əліпбилік жазуды білгендігін 

жəне оны кең пайдаланғандығын көрсетеді. Сонымен, көне түркі əліпбиі Оңтүстік Сібір 

мен Жетісу жерінде ерте дəуірде, яғни біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың 

орта кезінде қалыптасты деуге болады. 

Кеңес Одағы тұсында “төңкеріске дейінгі қазақ халқының сауаттылығы 2% ғана 

еді” деген жалған мəлімет таратылып келді. Ондағысы тек орысша сауаты барлар ғана 

есептелді, ал Қазақстандағы мың жылдан астам тарихы бар араб əліпбиін қолданып 

жүрген халықтың сауаттылығы көпе-көрнеу қаперге ілінбеді. Бұл Кеңес өкіметінің 

солақай саясатының қазаққа жасаған қиянатының бірі еді. Қазақ елі кітап басып 

шығармаса да, сауатты ел болған. Ертегідегі кейіпкерлер, қиссалардағы қыз бен жігіт 

бір-бірімен хат арқылы хабарласады. Сауатсыз елдің ертегі-қиссаларында мұндай 

болмайтыны сөзсіз.



КӨНЕ ТҮРКІ ƏЛІПБИІ НЕМЕСЕ 

ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі əліпбиі немесе Орхон-Енисей 

жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге 

дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан, 

Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабынан, Орта Азия мен 

Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауынан кездесті. Бұл жазуларды 

алғаш табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» деп атап кеткен. 

Сонымен бірге Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, оларды «руна жазуы» 

(сына) деп атау да қалыптасты. 

1893 жылы Орхон-Енисей таңбаларының мағыналарын анықтаған дат ғалымы 

профессор Вильгельм Томсен еді. 1894 жылы академик В.В. Радлов көне түркі тілінде 

жазылған Күлтегін ескерткішіндегі жазудың тұңғыш аудармасын жасады. 

Көне түркі əліпбиінің құрамында 35 əріп бар. Жазу оңнан солға қарай оқылады.

Көне түркі тіліндегі жазулардың тастарға ғана емес, үй жиһаздарына, түрлі 

бұйымдарға да ойып жазылғандығы кейінгі уақытта айқындала түсті. Мəселен, Талас 


353

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

алқабынан ағаш таяқшаға, төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына 

бедерленген, Іле бойынан жартастарға, жүзікке бедерленген ойма жазулар табылды. 

1948 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, 1987 жылы бауға тағылған мөрдің 

табанына ойылған сына жазу белгілі болды. Жайық өңірінен анықталған қола айнадағы 

сына жазу 1986 жылы жарияланды. Мұның бəрі Қазақстан аумағында орта ғасырларда 

əліпбилік жазудың кең таралғанын көрсетеді.

АРАБ ƏЛІПБИІ ЖƏНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

Ислам мəдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб əліпбиін 

пайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб əліпбиін 

пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб əліпбиі арқылы біздің 

заманымызға жетті. Мысалы, «Гулистан би-т-Турки» (Сайф Сараи), «Диуани лұғат-

ат-Түрк» (Махмұд Қашқари), «Құтадғу біліг» (Жүсіп Баласағұн), «Һибат-ул-хақаиқ» 

(Ахмет Иүгінеки), т.б. шығармалар. Алайда араб əліпбиінің өзіндік қиындықтары 

болды. 1912 жылы А.Байтұрсынов араб əліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш 

өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың 

өзіне тəн дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Байтұрсынов емлесі қазақ 

жазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі 

бетбұрыс жасады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға 

дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру 

жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған 

емле қолданыстан шығарылды. Шығыс Түркістандағы (ҚХР) Шыңжаң автономиялы 

ауданындағы қазақтар А.Байтұрсынов əліпбиін қазіргі кезге дейін қолданып келеді. 



354 ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

Кирилл əліпбиі (кириллица) – славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған əліпби. 

Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян 

елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян əліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 

əрпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 əріп қосып, 43 əріптен 

тұратын əліпби құрастырады. Ресейге кириллица Х ғасырда енген. Кейін орыс əліпбиі-

нен кириллицаның 12 əрпі шығарылып, екі жаңа əріп (й, е) қосылған. 

1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті əліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен 

КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде 

қазақ жазуы да кирилл əліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді. Орыс 

тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып 

(қ-к, ғ-г, о-ө, ң-н), қазіргі қазақ əліпбиі қабылданды. Бұл əліпбидің қазақ тіліне тəн 

ерекшеліктердің бəрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ 

жазуын латын əліпбиіне көшіру мəселесі көбірек көтерілуде.



КИРИЛЛ ƏЛІПБИІ

ЛАТЫН ƏЛІПБИІ

Латын əліпбиі – əлемде кең таралған əліпби. Б.з.б. VIІ ғасырда Римде пайда болып, 

б.з. І ғасырында қалыптасқан. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай жазылып, 

бағыты əрдайым алмасып отырған. Б.з.б. ІV ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай 

жазылатын болды. Алғаш латын əліпбиі 20 əріптен тұрған, қазір онда 25 əріп бар. 

1929 жылы қоғамдағы саяси-əлеуметтік өзгерістер салдарынан КСРО құрамындағы 

түркі халықтары латын əліпбиіне көшірілді. X. Досмұхамедов латын əліпбиіне қарсы 

болса да, мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын əліпбиін жасады. 

Бұл латын əліпбиі Қазақстанда 1940 жылға дейін пайдаланылды. 


355

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің 

өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, 

құлаш, шақырым деп атаған.

Халық арасында, əсіресе, ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», 

«сүт пісірім», «əрі-беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», 

«батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл», т.б. қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері 

– халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған 

бірліктер. 

Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда 

қандай дəрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерерлік жайт, қазіргі сантиметр, 

метр, шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін 

өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан əлдеқайда қысқа не ұзын 

болуы мүмкін.



ҚАШЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Шақырым – ұзындық өлшемі. Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда, сондай-ақ 

бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған. Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер 

жердегі қашықтық алынған. Бұл нақтылы бір мəнге ие болмаған. Басқа халықтар 

арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі. Шақырым Араб елдерінде 

пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6 км), сондай-ақ Ресейде қолданыл-

ған верста (1,0668 км) тектес өлшемдер қатарына жатады. Шақырым қазіргі кезде мың 

метрді (1 км) құрайды.



Құрық бойы – халықтық 

өлшем. Бұл өлшем құрықтың 

ұзындығындай ғана жер 

дегенді, яғни шамамен 4 – 5 

метрді білдіреді.

Шідер бойы – жылқының 

алдыңғы оң аяғы мен артқы 

сол аяғының арасы.

Тұсау бойы – 

жылқының алдыңғы 

екі аяғының арасы.

Қадам – адамның адымымен өлшенетін ұзындық; 

құрылыс, суару жұмыстарында, спорт ойындарында, 

əскери жаттығуларда, т.б. қолданылған ұзындық 

өлшемі. Көптеген мəліметтерге қарағанда, бір қадам 

шамамен 60 – 70 см-ге тең. 

Аршын – шамамен 90 

– 100 сантиметрге дейінгі 

ұзындық өлшемі.


356

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ 

Кез – байырғы ұзындық өлшемі. Парсы тілінен аударғанда шынтақтың ұзындығы 

дегенді білдіреді. Ол 62 см-ге тең. Бұл өлшем бірлігі əр елде, əр заманда түрліше өлшенді, 

50 см-ден 95 см-ге дейін болуы да мүмкін. Кез өлшеуіші метрлік жүйе енгенге дейінгі 

Ресейде қолданылып келген аршынға тең. Орталық Азия мен Қазақстанда, негізінен, 

сауда-саттық жұмысында қолданылған. «Кездеме» атауы да осы «кез» ұғымынан 

шыққан. 

Орталық Азияда «кез» өлшем бірлігінің үш түрі болды: 1) қолдың ұзындығымен 

өлшенетін кез  созылған қолдың бармағының ұшынан иыққа дейінгі аралықты қамтиды. 

Оның бармақтың ұшынан кеуденің ортасына дейін немесе иыққа дейін өлшенетін 

түрлері бар. Оны қазақша «сай кез» деп атайды; 2) елімен өлшенетін кез, яғни бір кез 

24 еліге тең; 3) тұтаммен өлшенетін кез. ХІХ ғасырда Түркістан аймағында кез өлшемі 

68,58 – 88,9 см аралығында болды.

Құлаш  – ұзындықты білдіретін өлшем бірлігі. Иық деңгейінде кере созылған екі 

қолдың ұшының арасын құлаш деген. Ол 165 – 175 см-ге тең.



Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі. 

Қарыс 19 см-ге шамалас.



Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың аралығымен өлшенетін өлшем. Сүйем 18 см-

ге шамалас.



Қарыс сүйем – бармақ пен ортан қолдың аралығы. Қарыс сүйем 20 см-ге шамалас.

Сынық сүйем – бас бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың аралығымен өлшенетін өлшем. 

Сынық сүйем – бір сүйемнің төрттен үш бөлігі, яғни шамамен 14 см.



Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы (қысқандағы) көлемге шамалас, 4 – 5 еліге тең 

ұзындық өлшемі. Шамамен 8 – 9 см. Келте немесе қып-қысқа нəрсені бір тұтам деген.



Елі  – саусақтың ені. Шамамен 2 – 2,5 см. Қазақ халқы еліні жылқы малдарының 

соғымға сойылғандағы қабырғаға жинаған майының қалыңдығын өлшеуде кең 

қолданған. 

Түстік жер – ат жүрісімен, шамамен, 4 – 5 сағаттық жер. 


357

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ 

Сəскелік жер – сəскеге дейін жететін жер. Көрші ауылдардың екі арасы біріне-бірі 

жақын болса, жақсы атқа сəскелік жер болады. 



Күндік жер – ат жүрісімен, шамамен, 8 – 10 сағаттық жер. 

Айлық жер – ат жүрісімен, шамамен, 28 – 30 күндік жер. 

Қозыкөш жер – 14 – 15 шақырымдай болатын аралық, яғни көш кезінде қозылар 

ілесе алатындай жерге дейін жетіп, аялдама жасаған. 



Күзгі көшжер – 25 – 26 шақырым жер. 

Орта көш жер – 90 шақырым болатын аралық.

УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІ

Қас пен көздің арасы – халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша 

деген мағынаны білдіреді.



Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша 

кететін уақыт, шамамен 0,7 – 1 сек аралығы.



Сүт пісірім – халықтық өлшем. Ширек сағат шамасы. Шамамен 15 минут.

358

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ 

БИЕ САУЫМДАЙ УАҚЫТ – биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы 

мезгіл.


Сəске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез.

Сəске түс – шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, 

мысалы, қазықтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез.



Ұлы сəске – тал түске жақындаған мезгіл.

Түн ортасы – түнгі сағат 12. 

Түн жарым – түнгі сағат 3.

Кешқұрым –күн батқан кез.

Тал түс – күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазықтың көлеңкесі оның дəл түбіне 

түсуі. 


Бозала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. 

Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. 

Таң сəрі – Шолпан жұлдызының туған мезгілі. 

Қарға адым – қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең. 

Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. 

Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, 

ол 74 минутқа тең келеді.



359

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ 

САЛМАҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Қадақ – Шығыс елдерінде көп 

қолданылған салмақ өлшемі. Қадақ ес-

кі 


лік 

тегі жазбаларда жиі ұшырасады. 

Еуропада кең тараған фунт өлшеміне 

сəй кес келеді. Ол 200 грамға тең. Кейбір 

мə ліметтер бойынша, қадақтың мына-

дай түрлері болған: Дешті Жұма қала-

сын да – 317 г, Қаратегін қаласында – 634 

г, Қаттақорған қаласында – 409,512 г.

Пұт – салмағы 16 

килограмға тең ауырлық 

өлшемі. 1 пұт – 40 қадақ.

Батпан – салмақ өлшемі. 

Бір батпанда 200 – 300 

грамм ауырлық бар. ХІХ 

ғасырларда Ташкент, Шымкент 

қалаларында бір батпан 10,5 

пұт, яғни 171,99 кг, Əулиеатада 

12 пұтқа тең келген, яғни – 

196,56 кг-ды құрайды.

Мысқал – 25 грамға 

тең салмақ өлшемі (бір 

қадақта 96 мысқал бар).

Қолтық – кісі қолын 

бүгіп бүйіріне жеткізгенде 

қолтығының астына 

сыятындай көлем.

Шымшым – ұсақ затты 

бас бармақ пен сұқ 

саусақтың арасына қысып 

ұстағандағы сыйымдылық 

өлшемі.

Шөкім – бес саусақтың 



шөкіміне іліккен заттың 

өлшемі.


Уыс – қолдың алақанын 

қобылай ұстағандағы 

сыйымдылық өлшемі.

Қос уыс – қос қолдың 

алақанын біріктіре 

қобылай ұстағандағы 

сыйымдылық өлшемі.

ТЕРЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІ

Кісі бойы, белуар (белбуар), тізе, тобық.

Мал тұрқымен өлшенетін өлшемдер: ат құлағы, ат сауыры, ат бауыры, аттың тізесі, 

ат шашасы, ат тұяғы.

Сол сияқты қазақ ұғымында арқан бойы, найза бойы, құрық бойы, қамшы сабы, таяқ 

тастам, қарға адым, ат шаптырым, иек асты, т.с.с. өлшем бірліктері кездеседі.



360

КҮНТІЗБЕ 

Мұсылмандық жыл санау жүйесі

Қазақтың көне жазба əдебиеттерінде, жазба шежірелерінде жыл есебі һижра (һижра 

– араб күнтізбесі) бойынша беріліп отырған. Ислам дінін ұстанған халықтардың 

кейбірінде һижра бойынша жыл санау дəстүрі кең тараған. 

Исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылған. Ислам діні 

шыққаннан бері арабтар қолданатын жыл санау жүйесі – «Тарих əл-һижра» деп аталады. 

«Һижра» – «ауып бару, қоныс аудару» деген мағынаны береді. Қазіргі араб күнтізбесі 

һижрадан, яғни Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан Мединеге қоныс аударған 

күнінен басталып есептеледі. Бұл – 622 жылғы шілде айының 16-сына қараған түні. 

Һижра есебін Мұхаммед өлгеннен кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн əл-

Хаттаб (634 – 644) жасаған. 

Мұсылман немесе араб күнтізбесіндегі жылдың басы жылжып отырады. Һижраның 

Күн қозғалысына қатысы жоқ. Һижра, негізінен, Ай өзгерістеріне байланысты 

жасалған күнтізбе болып табылады. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық жəне 

шөлді болғандықтан, олар күндіз демалып, түнгі салқында Айдың жарығымен жұмыс 

жасайтын болған. Араб күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет