Қалалық МƏдениет



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата31.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3083
1   2   3   4   5   6   7

ТАРИХИ ҒАЖАЙЫПТАР

Бесшатыр ескерткіші

Бесшатыр – Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан сақ 

дəуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Б.з.б. VI – V ғасырларға жататын бұл қорымның 

құрамында 31 оба бар.

Археологтар молаларды қазған кезде тастармен қаланған ұзын қоршауларды тапты. 

Тақташа тəрізді тастардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр жəне басқа да жануарлардың 

суреттері бейнеленген. Қоршаудың кейбір тас тақташаларына адамның көзіне ұқсас 

түрлі таңбалар түсірілген. Бұл қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ ерекше 

салтанат жəне діни салт-жоралғылар өткізетін жер болғанын да көрсетеді.

Үлкен обаларға сақтардың рубасылары мен əскери көсемдері, орташа обаларда 

əскербасылар мен атақты жауынгерлер, ал кіші обаларда қатардағы жауынгерлер мен 

қарапайым адамдар жерленген. Бұған айғақ – сол арадан табылған жебе ұштары, қысқа 

ақинақ, қанжарлар, ағаштан жасалған қалқан қалдықтары мен темір айыл.

Сақ дəуіріндегі сəндік бұйымның бірі – сырғалар əдемілігімен көз тартады. Бұл əсем 

сырғалар моншақтармен безендіріліп, сыммен иіліп жасалған.

салтанатпен безендірілген киімдері 

көгілдір ақық моншақтармен, жұқа 

алтын əшекейлермен сəнделген. 

Қастарына небір əсем тұрмыстық 

заттар қойылып, 13 мініс сəйгүлігі 

жерленген. Ең ғажабы, ұзақ 

сақталатын арнайы өңдеуден 

өткізіліп, мəңгілік тоңның астына 

қойылғандықтан, жылқылардың 

сүйегі мен жүні ғана емес, етіне 

дейін сақталған. Жылқылардың 

алдыңғы төртеуіне таутекенің 

мүйі зі қондырылған тері бетперде 

ки гі зілген. 

Бетперденің 

біреуі 

тері ден жасалған ирек мүйізі бар, 



имек құс тұмсықты болып келген. 

Оған ағаштан ойылған мифо 

ло-

гия  лық грифон мүсіні қондырылған. Қорымдағы ер-тұрман мен ат əбзелдері де өзінің 



көнелігімен көз тартады. Бұйымдарға салынған ою-өрнектер, əшекейлер сол дəуірде 

өмір кешкен бабалардың жоғары дəрежедегі шеберлікке жеткен өнер болмысын 

танытады. Қазір Алтай тауынан табылған бұл ескерткіштер зерттелу үстінде.


314

ЖАЗБА ЖƏДІГЕРЛЕР

ТҮРКIЛЕРДІҢ КӨНЕ ЖАЗБАЛАРЫ

Бағзы замандарда түркілер өз əліпбиін ойлап тапты. Ондағы əріптер қар бетіндегі 

құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай 

жазу «сына жазуы» (немесе ешкiм сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, 

руна сөзі гот тiлiнен аударғанда «құпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. 

Ертеде қағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс 

ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Əсіресе, осы тас 

тақталардағы жазбалар бəрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон жəне Енисей өзендердің 

маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей 

ескерткіштері деп атайды.

Бірінші мыңжылдықтың орта тұсында осы өзендердің аңғар-атыраптарында ежелгі 

мемлекеттер – Түрік қағанаттары өмір сүрген, оларды көсемдер – қағандар билеп тұрған. 

VІ – ІХ ғасырларда Түрік қағанаттары өмір сүрген кезеңде таңбаланған сына жазулы 

жазбалар – көне түркі əдебиетінің əлемге белгілі ең байырғы мəнді шығармалары.

Тасқа қашалған дастандар түркілердің аса ірі əскербасылары мен билеушілері – 

Күлтегін мен Білге қағанның өмірі мен күресі жайында, данагөй Тоныкөк жайында 

баян етеді.

Барлығы бізге белгілі үш жазба бар. Дұрысында, «Кіші жазуды» Білге қағанның 

өзі айтып жаздырған сыңайлы, ал оны тасқа қашаған – ғұлама бəдізші Иоллығ тегін. 

«Үлкен жазуды» да Білге қағанның өзі айтып таңбалатып, інісі Күлтегін батырға 

арнаған. Үшінші жазба – Тоныкөк дананың өзі шығарған жыры.

Орхон-Енисей жазбалары ХVІІІ ғасырда табылып, оны зерттеу, оқу сол кездерде 

басталды. Көне түркілердің руна жазуын (қазақ таңбаларына өте ұқсас) ең алғаш рет 

1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқыды.



Бұғұт тас мүсiнi

Бұғұт тас мүсiнi шамамен VI ғасырдың 20-80 жылдары 

ең алғашқы атақты қағандардың бiрi Таспардың құрметiне 

қойылған. Ол көптеген жерлердi өзіне бағындырған 

ақылды да батыл билеушi болған. Ескерткiштiң жоғарғы 

жағында түркiлердiң тотемдiк белгілері – аналық қасқыр 

мен ұл бала суретi ойып салынған. Аңыз бойынша, аналық 

қасқыр баланы өз сүтiмен емiзіп, түркi тайпасына өмiр 

сыйлаған. 

Бұғұт жазуы – соғды тiлiндегi түркi ескерткiштерiнiң ең 

ежелгiсi. Таста түркілер мен ирандықтардың мəдени жəне 

сауда-саттық байланыстары жайлы деректер жазылған.



315

ЖАЗБА ЖƏДІГЕРЛЕР

Тоныкөк ескерткiші

Ақылгөй Тоныкөктің құрметiне қойылған тас тақта өзінің 

бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. 

Бұл ескерткiш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан 

табылған. Қазiргi кезде ол Моңғол Республикасының 

астанасы – Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде 

орналасқан.

Түркi қағандарының ұлы кеңесшiсi болған Тоныкөк ірі 

билiкке иеленген. Маңызды мемлекеттiк iстердi шешіп, үл-

кен жауынгерлiк жорықтарды басқарған. Көне жазбаларда 

Тоныкөктің қытай бiлiмiн алып, шығыс дипломатиясы -

ның қыр-сырын жете меңгергенi жайлы айтылады. 

Көшпелi өмiрді аса құрметтейтін Тоныкөк түркi хал-

қына жəне оның билеушiлерiне сенімді де адал қызмет 

еткен. Бүкіл көшпелi тайпалардың бiрiгуiн қуаттап, түркi 

мемлекетiн нығайтуға бар күш-жiгерiн салған. 725 жылы 

қаған ордасына барған қытай мəмілегері Юань Чженьнiң 

пiкiрiнше, Тоныкөк əміршінің зор ықыласына ие қажырлы 

да тəжiрибелi қарт болған. Ол ұлы қаған ордасының төрінен орын алған.

Тоныкөк ұзақ өмiр сүрген. Оның гранитке қашалып жазылған қолжазбалары арқылы 

біз ата-бабаларымыздың тарихын білеміз.

Күлтегiн ескерткіші 

Күлтегiн ескерткiші 1889 жылы орыс археологиялық 

экспедициясының басшылығымен Көкшiн-Орхон 

өзенiнiң оң жағалауынан Кiшi-Цайдам деген жерден 

табылған. Бұл ескерткіш Түрiк империясының тарихы 

жайлы əңгімелейді.

Ескерткiш Бiлге қағанның кiшi iнiсi, оның серiгi, қайсар 

жауынгер жəне қолбасшы Күлтегiн ханзадаға арналған. 

Дат ғалымы Вильгельм Томсен ескерткіштегі жазудың 

кілтін тауып, оқып шыққан.

Автор түркi халқын бiрлiк пен ерлiкке шақырады. Шы-

ғыс түркiлердiң Тан династиясының езгiсiнен азат етіліп, 

жеңiске жеткенi жəне қағандардың ерлігі мен Күлтегiн-

нiң жауынгерлік жорықтары жырланады. Ескерткiштің 

Ескерткiш 732 жылы салынып, 

қазiр ашық аспан астында тұр.


316

ЖАЗБА ЖƏДІГЕРЛЕР

жоғарғы жағына айдаһар бейнесі ойып жасалған. 

Мəтiн тек түркi руналық жазуымен ғана емес, 

қытайдың иероглифтерiмен де таңбаланған. 

Өйткенi Күлтегiн ханзада аяқ астынан қайтыс 

болған кезде Бiлге қаған Қытайдан шеберлердi 

арнайы шақыртқан. Даңқты жауынгердiң өлімін 

жоқтауға көршi мемлекеттерден көптеген адамдар 

келген.

Білге қаған ескерткіші

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен 

мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік 

қағандығының атақты ханы Білге қағанға ар-

налған. Арам ойлы жақын адамдары зұлым дық 

жасап, оны у берiп өлтiрген. Қағанның құрметi-

не 735 жылы Орхон өзенiнiң жанына Кiшi-

Цайдам деген жердегi тау шатқалына тас мүсін 

орнатылған. Ескерткiштегi жазу ежелгi түркi 

жəне қытай тiлдерiнде ойылып жасалынған.

Бұл деректерде Білге қағанның ерлігі жəне 

түркі халықтарының даңқты жеңістері жайлы 

баяндалған. Мəтiнде тайпалар арасындағы қақ-

тығыстар мен жауынгерлердің шайқастары 

суреттелген. Ескерткіш о баста тасбақа жо-

нына қойылып, күншығысқа қаратылған. Ол 

құлпытастан, тасбақа, тас мүсін, арыстан бейнелі 

мүсін жəне балбал тастардан тұрған. Қазіргі кезде 

ескерткiш қағандарды еске алатын граниттен 

жасалған адамдар мен аңдардың мүсiнiнен 

тұратын кешенге орнатылған.


317

ЖАЗБА ЖƏДІГЕРЛЕР

Талас жазуы

Талас жазулары – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы 

өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған көне 

түркі ескерткіштері. Олар, негізінен, V – VІІІ ғасырлар 

аралығына жатады. Көбінесе, қойтастарға, жартастарға, 

бұйымдарға жазылған. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы 

Талас ескерткіштерінің саны шамамен 30-ға жетеді. 

1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген 

жерден төрт қырлы ағаш таяқшаға ойылып жазылған 

көне түрік жазуы табылды.

Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшініші тас 

ескерткіштер деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Бұл 

тарихи тұрғыдан Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері 

дəуіріне қатысты делінеді.



Елетмiш Бiлге қаған ескерткiшi

Могон Шине Усудан шыққан Елетмiш Бiлге қаған 

ескерткiшi Яглакар əулетінен шыққан ең атақты 

ұйғыр қағанына арналған. Ол 1909 жылы Г. Рамстед 

басқарған фин экспедициясы жұмыстарының ар-

қа 


сында табылып, əлемнiң көптеген тiлдерiне 

аударылған.

Жазбаның мазмұнында түркiлер мен ұйғырлардың 

бүкiл Орта Азияға үстемдiк жүргiзбекшi болған 

шайқастары баяндалған. Елетмiш Бiлге қағанның 

тоғыз-оғыз тайпасын бiрiктiруi үлкен ерлiк болды. 

Онда ұйғыр əскерлерiнiң қытай көтерiлiсшiлерiн 

басып тастағаны жəне сол үшiн қытай императоры 

оларды бағалы сыйлықтармен марапаттағаны сурет-

теледі.


Iшкi қақтығыстар Ұйғыр қағандығының басты оқиғасына айналған едi. Оған рубасы 

Яглакар қағанның билігін бекітіп тағайындау себеп болды. 749 жылы қаған əскерi Тай 

Бiлге-тұтұқтың басшылығымен 747 жылы басталған оғыздардың көтерiлiсiн басты. Ал 

754 – 755 жылдары байарку, чик, қырғыздар күйреді.

Елетмiш Бiлге қаған ескерткiшi – ең атақты ежелгi ұйғыр руналық жазбаларының 

туындысы.



318

ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАР

Таңбалы тастар (петроглиф латынның «петро» – тас, гректің «глиф» – жазу сөздерінен 

шыққан, яғни тастағы жазулар дегенді білдіреді) – таулы жердегi жартастарға, үңгiр 

қабырғаларына немесе жеке бiр тастың бетіне қашап салынған, таңбаланған суреттер 

мен белгiлер. 

Əр өңірдегі мұндай өнер туындылары шамамен б.з.б. 35-мыңжылдықтан – б.з. ХІХ 

ғасырына дейін өмір сүрген адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен əдет-

ғұрпынан хабар береді. Тастағы таңбалар, негізінен, адамдарға қажетті шаруашылық 

түрлерін (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Тастағы 

таңбалар қызыл охра бояумен немесе тастың бетіне қашап, шекіп салу тəсілдерімен 

түсірілген. Суреттерде сəйкестік сақталмаған. Түз тағыларының кішкентай суреттерінің 

жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған.

Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі. 

Солардың ішінде жан-жақты зерттелгендері: Таңбалы, Арпаөзен, Баянжүрек, Ақбауыр, 

Қапшағай, Қаратау, т.б.

«Таңбалы таста» тұнған сыр

Алматы қаласынан 70 шақырым 

жерде орналасқан Қопа бекетінің күн-

шы ғысында «Таңбалы тас» деген жер 

бар. «Таңбалы тас» бірнеше жыл 

ға-


лардан, өзектерден тұрады. Жан-жа-

ғында сайлар, ішінде күнге əбден 

күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың 

беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, 

шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері 

сол тасқа қашалып салынған. Қолдары-

на ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш 

асынған, кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте əдемі 

бейнеленген. Олар – VI – VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Қар кетіп, 

табиғат оянған кезде ежелгі адамдар Күнге табынған. Басы Күн кейіптес құдайлардың 

кескіндері соны білдіреді. Оларды айнала билеп жүргендер – көне заман бишілері. 

Сондай-ақ Таутекеге садақ кезеніп тұрған садақшылар, бір топ киіктерді қуып келе 

жатқан аңшылар жəне басқа да толып жатқан сюжеттер мен композициялар берілген.

Археологтар «Таңбалы тасты» зерттеген кезде бұл жер тас дəуірінің өзінде ертедегі 

адамдардың табынатын «қасиетті жері» екені анықталды.

Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт 

мың жыл өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер 

келетін мекенге айналған.



319

ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАР

Арпаөзен таңбалы тастары

Арпаөзен таңбалы тастары – қола дəуірінен сақталған (біздің заманымыздан 

бұрынғы ІІ – І мыңжылдық) ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Оңтүстік 

Қазақстан облысы Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км 

жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Мұндағы суреттердің 

жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз жəне түйе жегілген жауынгерлік қос 

аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің əдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен 

қоса, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады.



Баянжүрек суреттері

Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан 

шығысқа қарай 25 км жерде, Жетісу Алатауы сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған 

жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің 

арасында қола дəуіріне (б.з.б. 4-ші мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың 

басы) жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сəуле көмкерген екі ғажайып 

бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ жəне ғұн-сармат кезеңіне жататын 

көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты 

сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түркі дəуірін сипаттайды.

Ақбауыр үңгірі

Ақбауыр үңгірі – қола дəуі рі-

нен сақталған ескерткіш. Су рет ті 

үңгір Шығыс Қазақстан облы сы-

ның Ұлан ауданындағы Бестерек 

ауылынан солтүстікке қарай 3 км 

жерде, Ақбауыр тауының етегі-

нен табылған. 

Ақбауыр үңгірі таудың етегі-

нен 5 – 6 метр биіктікте орналас-

қан. Оның алдындағы алаңда діни 

жиындар, құрбандық шалу, т.б. рəсімдер өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең 

түсті охрамен біздің заманымыздан бұрынғы 3-ші мыңжылдықтың басында салынған 

суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке, т.б. суреттері бедерленген. 

Олардың айналасында əр түрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар 

жəне адамдар, үш-төрт күркенің суреттері бейнеленген. Бұл суреттер – жердің құнарлы 

болуын, мал-жанның өсіп-өрбуін тілеуді білдіреді. 


320

ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАР

Қапшағай таңбалы тасы

Қапшағай таңбалы тасы – Алматы қаласынан солтүстікке қарай 100 км жердегi Iле 

арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Біздің заманымыздан бұрынғы 

ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. 

Жарқабақтағы бiрiне-бiрi жалғасқан, бiрiнiң үстiн бiрi баса орналасқан тастардың 18-

інде жазулар бар. Олардың негiзгi бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен 

ежелгі түркi əлiпбиiмен жазылған моңғол тiлiндегі жазулар. Ежелгі түркi жазбалары 

əлi аударылып оқылған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткiшiнiң ең белгiлiсi – Үш 

Бұрхан (Будда) суретi. Ежелгi дəуiрлерде сақ тайпалары будда дiнiнде болып, Күн, 

Жер, Соғыс құдайларына табынған. Бұрхан суреттерiнiң астына ежелгі моңғол тiлiнде, 

мысалы, «Ман-Да Буддаға сыйынамын» деген дұға бар. Бұл жазуларға кейiннен моңғол, 

жоңғар шапқыншылықтары кезiнде жаңа мəтiндер қосылған. 



Қаратау шимайлы тастары

Қаратау шимайлы тастары – Қаратау аймағындағы қола дəуірі мен орта ғасыр 

(шамамен б.з.б. 4-ші мыңжылдық – б.з. ХІХ ғасыры) аралығында тастарға қашалған 

суреттер. Мұндай тастар Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, 

Қысан, Жыңғылшақ, Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай, т.б. шатқалдары мен 

сайларында көптеп ұшырасады. Жалпы суреттер саны – бірнеше мың. Олар тік, қия 

жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. 

Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен 

күштің символын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі 

басты орын алған. Қола дəуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де 

кеңінен таралған. Олардың бəрі бір мəнерде, арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, 

арбаның екі жағына қойылған тəрізді етіп салынған. Арбаларға жегілген аттар, түйелер 

сирек ұшырасады. Осы бейнелерден Қаратауды мекендеген көшпелі тайпалар аң мен 

хайуанаттарды ерекше қадір тұтып əрі киелі деп, Құдайдай пір санағандығын аңғаруға 

болады. 


321

ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАР

Тамғалы шимай тастар

Тамғалы (Таңбалы) шимайлы тастары – Шу-Iле тауларының оңтүстік-шығыс 

бөлігіндегі Тамғалы шатқалындағы жартас суреттері. Алматы қаласынан солтүстік-

батысқа қарай 170 км жерде, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарабастау 

ауылының маңында орналасқан. Мұнда қола жəне ерте темiр дəуiрлерi, орта ғасырлар 

мен жаңа заманғы қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары жəне петроглифтер 

тəрiздi барлығы 100-ге жуық ескерткiш орындары бар. Шағын аумаққа шоғырланған 

ескерткiштер осы өңірдi мекендеген ежелгі тайпалардың 3 мың жылдық тарихын 

қамтиды. Кешеннiң негiзгi өзегi – шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер. 

Қазіргі кезде мыңнан аса петроглифтер зерттелді. Олар қола дəуірінен түркілер 

дəуіріне дейінгі екі мың жылдан аса уақыт бойы салынып отырған.

Таңбалы шимайлы тастары күн шапақты бетперде киген адамдар кескінінің 

көптiгiмен ерекшеленедi. Бұл суреттер алыстан көрiнуi үшiн жартастардың ұшар биiгiне 

қашалған. Қола дəуiрiнiң суреттерiнде жаяу жəне салт атты садақшылар бейнеленiп, 

аңшылық дəстүрi көрiнiс тапқан. Ерте темiр дəуiрiнiң петроглифтері тобында əр түрлi 

қозғалыста, кейде аяқтарының ұшымен тұрған, кейде аяқтары бүгiлген бейнедегi 

маралдар, қабандар жəне тауешкiлер салынған. Ежелгі түркi кезеңiнiң тас суреттерi 

бұрынғы петроглифтердiң үстiне қашалған. Ортағасырлық суреттерде, негiзінен, салт 

атпен шауып бара жатқан дала сарбазы жиі кездеседі. 

Қойбағар таңбалы тасы

Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа 

қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент 

облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының 

оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз 

деңгейінен 700 м биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп 

бөлігі қойтастарға салынған. 

Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы 

суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар мен 

жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, 

бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі 

жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1 – 2 м- 

ге жетеді. 

Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. 

Қойбағардан көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Қойбағардың 

түйеге жегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді. 

ң

ңіз


өп

ағы 


дар мен 

кіге аңшылығы, 

ттердің кейбіреуі көлемі 

й

і і



1 2

322

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН 

ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

ƏЙГІЛІ АРАБ, ТҮРІК САЯХАТШЫЛАРЫ 

Тамим ибн Бахр

IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі 

Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат 

жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс жəне Орталық 

Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. 

Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан 

белгілі Тараз қаласынан кимек қағанының ордасына 

дейінгі жолды суреттейді. Бұл жол кең-байтақ жазық 

дала мен алуан шөптер жамылған жəне сарқырап 

аққан сулар кездесетін өңірлер арқылы өткен. Араб 

саяхатшысының айтуынша, кимектердің жайылымдары 

мен өңделген жерлері болған. Қаған сəйгүлік мінген 

20 мың əскер ұстаған. Əскери орданың қасында 

кимектердің ауылдары орын тепкен. Тамим ибн Бахр 

Тараздан Ертіс бойындағы Кимек қағандығына 80 күн 

жүрген.


Əбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Баттута

Əбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Баттута (ХІV ғасыр) – араб саяхатшысы, Танжер 

(Мағриб) қаласында туылған. 1325 – 53 жылдар аралығында 30 жылға жуық саяхат 

жасайды. Өзінің сапарлары жайында «Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары 

мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту» («Тухфат əн-

нузар фи ғараиб əл-əмсар уə аджаиб əл-асфар») атты кітабында 

баяндайды. 

Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинополь-

ге соғып, одан Алтын Ордаға қайтып оралып, Сарайда-

ғы хан ордасында болады. Еділден өтіп Үстіртке, одан 

Хо резм, Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте 

Қа зақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекен-

де 

ген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылы-



ғы, тұр мысы, мəдениеті жайында өте бағалы дерек 

келтірілген.



323

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН 

ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Саллам əт-Тарджуман

Саллам əт-Тарджуман – араб саяхатшысы. Ол 

IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен 

жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад қаласының 

маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен 

өтіп, Еділге (Волга) келген. Біраз уақыт 

өткен соң Каспий маңындағы жазық даланың 

солтүстігіндегі көшпенді башқұрт еліне де 

жетеді. Батыс Қазақстан арқылы азкиш түркі 

тайпасының қаған ордасы орналасқан Орталық 

Қазақстанның жазық даласына келеді. Саллам 

əт-Тарджуман азкиштер мен түркештердің 

тұрмысын, мəдениеті мен шаруашылығын көркем 

суреттейді. Саяхатшы Тараз, Барсхан қалаларын 

аралап көріп, Жетісу арқылы кері қайтқан.

Ибн Фадлан

X ғасырдың басында Батыс Қазақстан жерімен 

араб саяхатшысы ибн Фадлан жүріп өткен. Ол 

Бағдадтан шығып, Еділ өзені жағалауынан Бұлғар 

хандығына жол салды. Бұл жол Үстірт арқылы Жем, 

Жайық өзендерінің бойымен өтіп, Поволжьеге 

əкелді. Одан əрі Еділ бойымен жалғасты. 

Ибн Фадлан түркі тілдес оғыз тайпаларының, 

печенег жəне башқұрттардың этнографиясы, 

рухани мəдениеті мен тыныс-тіршілігі жайлы 

бағалы да таптырмас деректер жинады. Осы 

еңбектері арқылы біз X ғасыр басындағы түркі 

тайпаларының тарихымен біршама таныстық. 

Ибн Фадлан оғыздарды бай көшпенді малшылар 

ретінде сипаттайды. Олардың кейбіреулерінде 

100 мың қойы, енді біреулерінде 10 мың жылқысы болған. Оғыздар бабалар аруағына, 

Тəңірге табынған. Үйленер алдында қалың малға түйе, жылқы жəне ұсақ малдар төлеген 

деп баяндайды.

Түрік мергендерінің ат үстінде шауып бара жатып ұшқан қазды атып түсіруі араб 

саяхатшысын ерекше таң қалдырған.



324


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет